Қателер мен қалдықтарды зерттеудің графикалық процедуралары. Қалдықтар графиктерінің негізгі түрлері. Модельді тексеру мақсатында қалдықтарды зерттеу процедуралары графикалық сипатқа ие, ол модель мен объекттің сәйкестік дәрежесін тек мөлшерлік емес сапалы да (мазмұнды) талдау жасауға мүмкіндік береді.
Қалдықтар графиктерінің негізгі түрлері:
жалпы; мысалы, таралу гистограммасы;
уақытқа немесе тәжірибенің нөміріне тәуелді, егер олардың тізбектілігі белгілі болса;
болжамдалатын мәндеріне тәуелді;
кіріс факторларға тәуелді;
берілген нақтылы есеп үшін мақсатқа сай болатын графиктің кез-келген түрі.
Көрсетілген график түрлерінің кейбіреулерін нақтылау қарастырайық.
Таралу гистограммасы. Таралу гистограммасы келесідей құрылады. Айнымалының, біздің жағдайда модель қатесінің, бүкіл өзгеру диапазоны абсциссалар өсіне түсірілетін бірдей интервалдар (әдетте 10-15) қатарына бөлінеді, ал ординаттар өсінде қателердің осы интервалдардың әрқайсысына түсу жиілігі (жағдайлар саны) белгіленеді. Мысалы, 12.1,а суретте бейнеленген гистограмма симметриялы сипатқа ие және біздің жорамалдардың дұрыс болмауы туралы пікір жасауға ешқандай негіз бермейді.
Гистограмманың симметриялы емес сипаты немесе екінші “өркештің” бар болуы (сурет 12.1,б), модельде кейбір кездейсоқ емес құрамдасы ескерілмегендігі туралы куәландыруы мүмкін және модель қателігін тереңдеу талдау керек.
Уақыттық тізбектіліктің графигі. Қалдық қатенің уақытқа немесе жоғарыда аталған басқа факторларға тәуелділігінің бірнеше ерекше жағдайлары болуы мүмкін. Оларды алдымен мысалы 12.2,а суретте келтірілген уақыттық тәуелділік үшін
(б) жағдайда уақыт эффекті қатеге әсер тигізбейді және модельді одан ары дамытутың мақсатқа сай болатыны туралы шешім қабылдау үшін ешқандай негіз бермейді.
(в) жағдайда дисперсия тұрақты емес, ал уақыт барысымен өседі, ол өлшенген ең кіші квадраттар әдісін пайдалану қажеттілігін қоздырады.
(г) жағдайда уақыттан сызықты мүшені модельге қосқан мақсатқа сай.
(д) жағдайда модельге уақыттан сызықты және квадратты мүшелері кірістірілуі тиіс.
Сурет 12.1 - Таралу гистограммалары
Сурет 12.2 – Қалдық қате таралуының ерекше жағдайлары
Сонымен қатар, қарастырылған жағдайлардың әртүрлі терулері орын алуы мүмкін.
Қалдықтардың -ге тәуелділік графигі 12.3 суретте келтірілген.
Сурет 12.3 – Шығыстың болжамдалған мәндеріне қалдықтардың тәуелділігі
Деректердің көбісінің көлденең жолаққа түскені біздің жорамалдар, бәлкім, дұрыс екендігін куәландырады. Жорамалдар ақталмаған жағдайлар үшін графиктер жоғарыда қарастырылғандарға (сурет 12.2,в,г,д) ұқсас түрге ие болуы мүмкін.
(в) жағдайда дисперсия жорамалға қарамастан тұрақты емес және -ке тәуелді, ол өлшенген ең кіші квадраттар әдісін пайдалану және бақылауларды түрлендіру қажеттілігіне әкеледі. (г) жағдайда алынған теңдеуден (модельден) ауытқулар жүйелі сипатқа ие, ол модельде еркін мүше аңғармай қалдырып кеткендігін куәландыруы мүмкін. (д) жағдай – модель адекватты емес, модельге квадраттық мүшелерді және өзара әрекеттесулерді енгізу қажет.
Тәуелсіз айнымалылардың әрқайсысы бойынша қалдықтардың графиктері ұқсама түрде құрылады және талдау жасалады. Мұнда (г) жағдай есептеулерде жіберілген қателердің немесе ден сызықты мүшені негізсіз шығарып тастау салдары болуы мүмкін, ал (д) жағдай – модельге ден квадратты мүшені енгізу қажеттілігі туралы куәландыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |