Фармакология негіздері



бет19/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80
Стерилизация- микробтарды ұрықтарымен физикалық-химиялық әдістермен жою шарасы.
Дезинсекция - жұқпалы ауруларды тасымалдайтын жәндіктерді (бит, сірке, т.б) жою шарасы. Бұл заттар дезинсекцидті заттар деп аталады.
Дератизация - кеміргіштерді (тышқан, қосаяқ, егеуқұйрық, т.б.) жою шарасы .
Антисептик - жарадағы, денедегі пайда болған микробтарды жоятын заттар.
Дезинфекциялық зат (дезинфектант) - қоршаған ортадағы микрорганизмдерді жоюға қолданылатын заттар. Бұл заттар концентрациясына байланысты антисептикалық немесе дезинфекциялық әсер көрсетеді. Мысалы, сутегі асқын тотығының 3%-ы антисептикалық және дезинфекциялық зат ретінде, ал 6-27-33% дезинфекциялық зат ретінде қолданылады. 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі жараларды өңдеуге және аспаптарды, бөлмені дезинфекциялауға қолданылады, ал 6% дезинфекцияға және стерилизацияға қолданылады. 27% Н2О2 концентрациясы төмен 3%- 6% ерітінділерді дайындауға қолданылады.
Хлораминнің 0,5%-ы антисептик ретінде қол жууға, жара өңдеуге қолданылса, 1%- тек дезинфекцияға, 3%- 5% қауіпті инфекциялардың дезинфекциясына қолданылады.
Дезинфекциялық заттар ағзаға улы әсер беретіндіктен оларды қолданғанда сақтық шараларын ескеру керек. (хл ұнтағы, формалин, фенол, 27% Н2О2)
Антибактериальды табиғи препараттар: бактериостатикалық және бактериоцидті әсер көрсетеді. Тұнба, тұндырма, қайнатпа, таблетка, шырын түрінде қолданылады.
Calendula-Қырмызыгүл препараттары: тұнба, тұндырма түрінде.
Chamomilla Түймедақ препараттары: ромазулан, тұнба, тұндырма.
Eucalyptus - Эвкалипт препараттары: хлорофиллипт, эвкалипт майы, тұндырма. Пертуссин, Ингалипт, Эвкамон дәрілерінің құрамына кіреді.
Salvia - Жалбыз (шалфей) препараттары: Сальвин, тұнба, тұндырма.
Calanchoe- Каланхоэ шырын, жағылма түрінде қолданылады.
Hypericum- Шайқурай (зверобой) тұнба, тұндырма түрінде қолданылады.
Allium sativum- Сарымсақ пен Allium cepa- пияз тұнба түрінде және Аллилчеп - пияздан алынған препарат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет