Абстиненциясиндромы - тиылу, ұстану, тежелу дегенді білдіреді. Қабылдап жүрген дәріні доғарғанда болатын ағзадағы ауытқулар (шайды ішіп жүріп, ішпей қойса біраз уақыт бас ауруы мүмкін). Доғару синдромы мен психикалық тәуелділік арасындағы ағымды өзгерістер: жайсыздық, физикалық- соматикалық бұзылыстар, өмірге керекті негізгі қызметтің бұзылуы.
Идиосинкразия – ағзаның кейбір дәрілерге, тағамдарға ерекше сезімталдығы, реакциясы.
Полипрагмазия- емделушіге бірнеше дәріні бірмезетте тағайындау.
Доғару синдромы– ұзақ уақыт қабылдап жүрген дәріні кенеттен доғарғанда (наркотикалық дәрілер, кейбір гипотензивті дәрілер) болатын өзгеріс. Мысалы: гипотензивті дәрі Клофелинді қабылдап жүріп, кенеттен доғарғанда -гипертониялық криз немесе гормондарды беруді кенеттен доғарғанда ішкі бездердің қызметінің бұзылуы болады.
Дәрілерді қиыстырып(біріктіріп) қабылдағандағы әсерлер:
Синергизм – бір дәрі екінші дәрінің әсерін күшейтуі
Антагонизм – бір дәрі екінші дәрінің әсерін әлсіретуі (морфинге антагонист налорфин)
Антидотизм -химиялық немесе физико –химиялық әсермен дәрінің әсерінің жойылуы немесе бейтараптануы
Дәрілік терапия түрлері Этиотропты терапия - аурудың себептерін жоюға бағытталған ем.
Патогенетикалық терапия - аурудың өршімей, асқынбай тұруына бағытталған ем. Мысалы: АГ ауруында қан қысымын төмендететін дәрілерді үнемі пайдалану.
Симптоматикалық терапия - аурудың жеке белгісін жоюға бағытталған ем. Мысалы: ауырсыну болса оныңң себебін анықтамай ауырсынуды басатын дәріні пайдалану.
Орын басу терапиясы - ағзада биологиялық белсенді заттардың (гормонды, ферментті дәрілерді, дәрумендерді) жетіспеушілігінде орнына қолданылатын ем.
Профилактикалық терапия - аурудың алдын – алу үшін қолданылатын ем. Мысалы: сары сулар, вакциналарды, т.б. қолдану.
Консервативті ем – операциясыз, дәрілік ем.