Фармакология негіздері



бет39/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   80
Байланысты:
Фармакология негіздері (2)

Қиыстырылған наркоз: ингаляциялық емес наркоз бен (базис-наркоз немесе алғашқы наркоз – қозу кезеңін болдырмау үшін) ингаляциялық наркоздың (жеңіл басқарылады) бірігуі. Аралас және қиыстырылған наркоз өте концетрациясында препараттардың бірігуінің әсерінен жалпы тиімді анестезияны қамтамасыз етеді.
Үдемелі (потенцирленген) наркоз- бір – бірінің әсерін күшейтіп және ұзартатын наркотикалық, анальгетикалық және тыныштандыратын препараттармен қолданылатын қиыстырылған наркоз.
Нейролептоанальгезия – нейролептиктермен (дроперидол және т.б.) наркотикалық анальгетиктерді (френтанил және т.б.) біріктіріп берілетін, есі сақтала отырып, жасанды жансыздандыратын жалпы анестезияның ерекше әдісі. Бұл әдіс өз еркімен, қиыстырылған анестезия және премедикация үшін қолданылады.
Науқасты наркозға дайындар алдында, психологиялық- эмоциональды кернеуін төмендету үшін, наркозға енуін жеңілдету үшін премедикация жүргізіледі: наркотикалық анальгетиктердің, антигистаминді дәрілердің, М- холиноблокаторлардың, сондай-ақ нейролептиктердің және транквилизаторлардың ішінен біреуін белгілеу қажет.
Премедикацияға қолданылатын дәрілер: бупивикаин, фентанил, атропин, сибазон.
Наркозға арналған дәрілер (жалпы анестектиктер)
Ингаляциялық наркозға арналған дәрілер
Aether pro narcosi –наркозға арналған эфир (Б) : 100-150 мл флаконда.Эфир- түссіз, мөлдір, өзіне тән иісі бар түссіз сұйықтық. Қайнау температурасы + 34-34 *С. Оттегі, ауа және азот тотығымен қауіпті жарылғыш қоспа түзіп, жеңіл тұтанады. Эфирдің наркотикалық кеңдігі үлкен және наркотикалық белсенділігі жоғарғы. Эфирлі наркоз қауіпсіз, жеңіл басқарылады, едәуір терең, қанқа бұлшық еттерін жақсы босаңсуына алып келеді және күшті анальгетикалық әсері бар. Алайда эфирде қозу кезеңі мен оянуы ұзақ және еаркоздан кейінгі депрессия баяу өтеді, ал шарышты қабықшаларға тітіркендіргіш әсеріне байланысты жөтел, құсу, рефлекторлы брадикардия және тыныс алудың тоқталуына алып келеді(алдын алу үшін атропин енгізіледі), үлкен мөлшерінде гипергликемияға және жүрек аритмиясына, наркоздан кейінгі кезеңде пневмония мен бронхитке алып келуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет