Фармакология негіздері


Гексенал – тиопенталға ұқсас, бірақ наркотикалық және бұлшық етті босаңсытатын әсері әлсіз. Метагекситал-



бет42/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80
Гексеналтиопенталға ұқсас, бірақ наркотикалық және бұлшық етті босаңсытатын әсері әлсіз.
Метагекситал- тиопенталға қарағанда белсенділігі жоғары, біраұ әсері (7-10мин.)қысқа.
Propanididum- пропанидид (Б) : 5% 10 мл еріт амп. Шығарылып, к/т баяу енгізіледі. Препараттың әсерә өте қысқа, наркоз 20- 40 секундтан соң қозу кезеңінсіз басталып, хирургиялық кезеңі 3-5 мин созылады, есі 2-3мин. Соң қалпына келіп, әсері 20-30 мин. Соң толыұ жойылады. Алғашқы және қысқа уақыттын наркоз үшін (биопсияға ұлпа алу үшін буын шыққанда орнына салу үшін, тігілген жіпті алу үшін, тісті жұлу үшін және т.б.) қолданылды. Тыныс алудың тежелуі, тахикардия, ықылықтау, бұлшық еттің тартылуы,терлеу, көк тамыр жолында гиперемия және анафилатикалық шоқ байқалуы мүмкін.
Natrii oxybutiratum- натрий оксибутираты (Б) : 20 % 10 мл еріт. амп. – к/т, б/е; 5 % сиропты – ішке белгіленеді. Наркотикалық белсенділігі өте төмен, анальгетикалық әсері әлсіз, күре тамырға енгізгенде наркоз 30-40 мин. соң басталып, 2-4 сағ. созылады. Улылығы төмен. Аз мөлшерде ұйықтататын жіне тыныштандыратын, ал көп мөлшерде наркотикалық және тырысуға қарсы, қанқа бұлшық еттерін босаңсытатын әсер көрсетеді. Ми ісігінде және басқа да гипоксиялық жағдайларда қолданылып, оттегі жеткіліксіздігіне ұлпалардың тұрақтылығын жоғарылататын антигипоксиялық әсері бар. Анестезиологияда негізінен алғашқы немесе базисті наркоз үшін қолданылады.
Ketamini hydrochloridum – кетамин гидрохлориді (А) : 5% 10 мл еріт. амп. шығарлып к/т, б/е енгізіледі. Кетамин «диссоциативті» жалпы анестезияны шақырады, ол ассоциативті аймақ пен қыртыс астында таламустың түзілуін тежейді, яғни мидың афференті сезімталдығын таңдамалы бұзады. Кетаминнің анальгезиялық және біртіндеп естің жойылуына алып келетін жеңіл ұйықтататын әсері бар. Көк тамырға енгізгенде әсері 1-2 мин. басталып, 10-15 мин. созылады, ал бұлшық етке енгізгенде әсері 3-6 мин. басталып, 10-15 мин созылады. Қанқа бұлшық еттері босаңсымайды, жұтқыншық пен көмекей рефлекстері сақталған. Кетамин тахикардия, АҚ – ң жоғарлауын тудырады, саливацины (сілекей ағуы) төмендету үшін атропин енгізіледі. Наркоздан кейінгі кезеңде галлюцинация , психомоторлы қозу, дезориентация (транквилизаторлармен басады) байқалады. Кетамин өкпенің өзінше дем алуының (желденуін) сақталуын талап ететін, қысқа уақытты хирургиялық операциялар мен ем шараларда алғашқы наркоз үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет