Фармакология негіздері


Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер



бет37/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80
Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер.

  1. Анальгетиктер

  2. Наркозға арналған дәрілер

  3. Этил спирті

  4. Психотропты дәрілер

  5. Аналептиктер

  6. Ұйыктататын дәрілер

  7. Тырысуда қолданылатын (эпилепсияға қарсы) дәрілер

  8. Паркинсонизмге қарсы дәрілер



Анальгетиктер
Топтары: наркотикалық (есірткілі) және бейнаркотикалық.
Наркотикалық анальгетиктер: морфин, промедол, омнопон, фентанил, бупренорфин, просидол. Әсері: орталық жүйке жүйесіне ауырсынудың өтуін тежейді. Кез келген ауырсынуды басады. Оларға үйреншіктік, дәріге тәуелділік, нашақорлық пайда болады.
Морфин ауырсыну орталығын, тыныс алу және жөтел орталығын тежейді. Құсу орталығын қоздырып, бронхоспазм тудырады. Тыныс алу, құсу, жөтел орталықтары сопақша мида орналасқан. Шокта, жарақаттанғанда, обырда (рак), миокард инфарктісінде, операциядан кейін ауырсынулырды басуға қоланылады.
Қарсы көрсеткіші: 3жасқа дейінгі балаларға, бала емізетін аналарға, егде-кәрі кісілерге қолдануға болмайды.
Морфинмен уланғанда белсендірілген көмір суспензиясымен асқазан шаю, антогонисті налорфин (0,5%-1мл немесе налоксон(0,04%-1мл) бұлшықетке немесе көктамырға егіледі. Атропин және аналептиктер (камфора, кордиамин) қолданылады. Оттегін беріп, дене жылытып, тіл қысқыш қолданады.
Бейнаркотикалық анальгетиктер: Аспирин, анальгин, парацетамол, кеторол, кетонал, трамадол, диклофенак, индометацин, бутадион.
Әсері: қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын, қызу түсіретін.
Тек парацетамол қабынуға қарсы әсер етпейді.
Трамадол дәрісі наркотикалық және бейнаркотикалық заттардың қосылысынан тұрады. Бұйрық бойынша Трамадал наркотикалық дәрілер тізіміне енгізілмегендіктен күшті әсерлі дәрілерге жатады.
Наркомания дегеніміз әлеуметтік мәселе.
Наркомандардың пневмония ауруына шалдығу қаупі бар.
Наркозға арналған дәрілер
Наркоз (грек. narcosis- мелшею, есеңгіреу)- ағзаның өмірлік маңызды қызметтері ( тыныс алу мен қан айналым жүйесі) сақтала отырып, естің жойылып, қанқа бұлшық еттерінің тонусының төмендеуімен, рефлекторлы реакциялар мен барлық сезімталдық төмендеуімен, ООЖ-де нейронаралық қозудың берілуі әлсіреуімен жүретін жағдай. Афферентті импульстердің берілуінің бұзылуы, қыртысты- қыртыс асты аралықтардың, аралық мидың, жұлынның қызметтерінің өзгеруі және т.б. Наркоз хирургиялық операцияларда қолданылады. Науқастарды наркоз жағдайына енгізу, хирургиялық операциялардан кейін наркоздан шығуы ағзаны қалпына келтіру ауруханалар мен клиникаларда арнайы анестезиология және реабилитация бөлімдерінде жүргізіледі.
Наркозға арналған дәрілердің химиялық құрылысы әртүрлі және наркоздың пайда болу механизмін түсіндіретін бірыңғай теориясы жоқ. Сондай-ақ, барлық наркозға арналған дәрілер ОЖЖ-гі қозудың нейрондарға және нейрон аралық берілуін тежейді.
Наркоздың келесі сатылары бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет