Фармакология негіздері


Phthorothanum-фторотан (Б)



бет40/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80
Phthorothanum-фторотан (Б) : 50 мл флаконда – жағымды иісі бар жанбайтын ұшқыш сұйықтық, жарылмайды, эфирден белсенділігі 3 есе жоғары, наркотикалық әсерінің кеңдігі үлкен, наркоз жеңіл басқалылып, жедел наокотикалық әсер көрсетеді (3-5мин.соң), эфирге қарағанда қозу кезеңі мүлдем жоқ, оянуы мен наркоздан кейінгі ұйқы қысқа. Фторотан шырышты қабықшаны тітіркендірмейді, бездердің секрециясын тежейді және едәуір миорелаксациялық әсері бар. Бірақ фторотанның анальгетикалық белсенділігі әлсіз, кезбе жүйкесі тонусының жоғарылауына байланысты тыныс алудың тежелуіне, гипотонияға, брадикардияға алып келеді (алдын алу үшін атропин енгізіледі), жүректің катехоламинге сезімталдығын жоғарылатады, сол себептен АҚ-ы жоғарлату үшін адреналин мен норадреналинді енгізуге болмайды (аритмия, тіпті қарынша жыпылықтауын (фибриляциясын) тудыруы мүмкін), АҚ-н жоғарылату үшін мезатон қолданылады. Фторотанды бауырдың органикалық зақымдалуында қолдануға болмайды. Фторотан миометрия тонусын төмендетіп, босанғаннан кейінгі жатырдан қан кетуді күшейтеді.
Метоксифлуран- фторотан мен эфирге қарағанда белсенділігі жоғары, бірақ қозу кезеңі ұзақ. Жанама әсері фторотанға ұқсас, бірақ миометрияның релаксациясын шақырмайды. Айқын анальгетикалық белсенділігі бар.
Трихлорэтилен- наркотикалық әсері жағынан метоксифлураминге ұқсас, бірақ әсері тез басталып, тез аяқталады (2-3 минуттан соң), күшті анальгетикалық әсері бар.
Энфлураин, изофлуран, десфлуран- құрамында фторы бар анестетиктер. Әсері фторотанға ұқсас, миорелаксациясы айқын байқалған, барлық жанама әсерлері аз байқалады.
Флороксен- наркозға енуі және шығуын тез, бірақ қанқа бұлшық еттерінің босаңсуы жеткіліксіз, тұтанғыш препарат.
Хлороформ- қазіргі таңда қолданылмайды, еріткіш және экстрагент ретінде пайдаланады.
Хлорэтил- улы, наркоз үшін қолданылмайды, қайнау температурасы төмен (12*С), криотерапия үшін жергілікті қолданылады- теріге енгізгенде салқындату мен сезімталдықтың төмендеуін тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет