Ферменттер тіршілік негізі


Ферменттердің практикалық маңызы



бет8/8
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#111842
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8

Ферменттердің практикалық маңызы

Иммобилденген ферменттер

  • Иммобилденген (лат.immobilis - қозғалмайтын) ферменттер – қатты таянышқа (полимерге, целлюлозаға,әйнекке) бекітілген ферменттер.
  • Ондай ферменттер ерімейтін материалмен ковалентті байланысады.
  • Иммобилденген ферменттер кең көлемде амин қышқылы, витамин, қант, антибиотиктер және дәрі- дәрмектер сияқты аса тапшы азық-түліктің және жем-шөптік заттар өндірісінде қолданылады.

Тұңғыш рет 1910 жылы А.Гэррод зат алмасу ферменттермен және тұқым қуалайтын аурулардың арасындағы байланысты анықтады.

  • Тұңғыш рет 1910 жылы А.Гэррод зат алмасу ферменттермен және тұқым қуалайтын аурулардың арасындағы байланысты анықтады.
  • Медицинада ферменттер емдеу мақсатында қолданылады:
  • амилазалар. асқазан, ішек-қарын ауруларын емдеуде;
  • протеазалар- іріңдеген жараны емдеуде;
  • стрептокиназа-тромбоздар емдеуіне қолданылады.
  • химотрипсин (гидролаза) iрiңдi жарақаттар, көздiң қасаң қабығының ойылымдары және қатты күйiктердiң емдеуiнде тиiмдi.
  • iрi қараның асқазан асты бездерінен алатын трипсин ферменті трахеиттер және бронхит сияқты тыныс жолдарының iсiп қызару ауруларында қолданады
  • Липаза гематомалар және тыртықтардың тарауында маңызды. Оның көмегімен жараланған буындардың қозғалғыштығы жақсарады.
  • пепсин ас қорыту аурулары (гастрит) кезінде қолданылады.
  • Ұйқы безі (панкреатин) ферментi ас қорытудың жақсарту мақсаты-мен бауырдың әр түрлi ауруларында қолданады.

Микроорганиздермен ашу тамақ, алкоголь, түрлі сусындар өндірісінде немесе консервілеуде қолданылады. Барлық ашу үдерісі пируваттың түзілуімен анаэробты ортада өтеді.

  • Микроорганиздермен ашу тамақ, алкоголь, түрлі сусындар өндірісінде немесе консервілеуде қолданылады. Барлық ашу үдерісі пируваттың түзілуімен анаэробты ортада өтеді.
  • Амилаза нан, сыра өндірісінде крахмалды ыдырату кезінде;
  • Протеазалар: пепсин дайын ботқалар, трипсин балалар тағамдары, бактериалды протеаза ақуызды гидролизаттар дайындауда;
  • Глюкозооксидаза глюкозаны немесе оттегіні бөліп шығару кезінде; Каталаза сутегі пероксидін кетіру үшін;
  • Целлюлаза мен пектиназа жемістер шырындарын тазарту үшін қолданылады.

Жеңіл өнеркәсіпте:

  • Текстиль: амилаза жіптердегі крахмалды кетіру, бактериалды протеазалар қой терісі бөліктерінен жүнді бөліп алуда;
  • Былғары өнерәсібінде: жүн мен теріні зақымдамай жүнді бөліп алу (бактериалды протетазалар)
  • Резина дайныдау: латексті губкалы резинаға алмасуына қажетті оттегіні (сутегі проксидінен) алу үшін каталазалар қолданылады.
  • Фотография жасауда фицин ферменті қолданылған пленкадан желатинді кетіріп, күмісті бөліп алу ушін керек.
  • Ферменттік компоненттері бар жуу ұнтақтарын жасауда бактериалды протеазалар пайдаланылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет