Жалбызтікен тамырлары -Корни алтея – Redices Althaeae
Дәрілік жалбызтікен - Алтей лекарственный – Althaea officinalis L.
Армиян жалбызтікені – Алтей армиянский - Redices Althaea Ten.
Құлқайыырлар тұқыымдасы – семейстао мальвовые – Malvaceae
Сипаттамысы. Екі түрі де қысқа көп басты тік орналасқан тамырсабақтарымен тамырлары тармақты: бас тамырдың жоғары жағы ағаштанған, ббүйір тамырлары – ірі, сөлді, ашық-сары түсті, қалыңдығы 1,5,2 см, ұзындығы 50 см. Сабақтары бірнеше, биіктігі 1-1,5 м. Жапырақтарының шеті бүтін, езекті орналасқан, ұзынсағақты, масатты тәрізді түктелген; төменгі жапырақтары жүрекше-жұыртқа тәрізді, 3 салалы; жоғарылығы – үшбұрышты-жұмыртқаша аздап3 алалы; армияндық жылбызтікеннің жапырақтары терең 5 салаланған, салаларының ұшы үшкірлеу шеттері өткір тісті. Гүлдері жоғары жапырақтарының қойныныда, сабақ ұштарында орналасқан. Олар масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды; гүл тостағаншалары қос абатты ішкілері 5 күлтелі, сыртқалары 9-12 бөліктен тұрады; үл тәжі күңгір-алқызыл, 5-бөліктен тұрады; аталығы күлгін көптеген түтікше жіптерімен бірігіп өскен аналығының түйіні жоғары жағында. Жемісі – схизокарпий (бөлекті қорапша); гүл табанымен біріккен бірнеше мерикарпиден тұрады, олар жеміс піскенде үзіліп шашылып қалады.
Таралуы. Дәрілік жалбызтікен ТМД-ның еуропалық бөліктерінде, Украинада, Белоруссияның оңтүстік аудандарында, Солтүстік Кавказда, Поволжьде өседі. Кейде Шығыс және Батыс Сібірде кездеседі. Армян албызтікені дағыстанда, Арменияда және Грузияда өседі. Краснодар өлкесі мен Украинада мәдени түрге енгіізілген.
Дәрілік шикізаты. Тамырларын (Radices Althaeae) көктемде (наурыз-маусым) және күзде жинайды. Тамырларын қазып аалған соң топырағын қағып тастап тез арада шырыштанып кетпес үшін жуып алады. Жуылған тамырларды 10-20 см етіп кеседі де, оны тоз қабатынан тазартады. Қалың тамырларын ұзындығы бойынша кесіп, кептіргіштерде тез арада кептіру керек кептіргіштің температурасы 45-600 С болуы керек. Тамырлары майыстырғанда майыспай тез сынып кететін болса, онда тамырларын құрғақ деп санауға боладв. Кепкен тамырлары сыртқы және ішкі беті ақшыл немесе сарғыш түсті (дәрілік жалбызтікен) емесе сұр түсті (армян жалбызтікені) сындарғанда шаңданады (крахмал), суға салғана шырыштанады. Дәмі тәтті, шырышты.
Химиялық құрамы. Тамырларында пентозан және гексозандар қосылысынан тұратын шырыштың 10% - нан тұрады; осы шамада пектинді заттар, крахмал 37 %6 сахарозалар 10%-ға дейін, майлы майлар 1,5-2,%-ға дейін болады.
Қолданылуы. Ұнтақ, тұнба, шырын күйінде қабынуға қарсы тұтқыр, қақырыққа қарсы және іш өтуде, қатаң гастритте, энтероколитте қолданылады. Қабынуға қарсы және асқазан ішек жолдарының нерв ұштарын басқа тітіркендіргіштерден сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |