Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп


Зығыр тұқымдары – семена льна – Semina Lini



бет13/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Зығыр тұқымдары – семена льна – Semina Lini

    Кәдімгі зығыр – Лен быкновенный – Linum usitissimum L 

    Зығыр тұқымдасы – семейство ьновые – Linaceae

    Сипаттамасы. Жұқа сабақты біржылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары көптеген, кезекті орналасқан, жіңішке қандауыр, отырмалы, алауыз қатпармен қапталған. Гүлдері шашыраңқы гүл шоғырын құрайды. Гүл тәжі көгілдір түсті, күңгірт түсті жолақтар бар 5 күлтешеден тұратын бос күлтешелі гүл тәжіне жатады. Жемісі – домалақ шар тәрізді 10 тұқымды. 

    Таралуы. Көптеген елдерде әдени түрде субтропикадан солтүс тіккеңістікке дейін таралған талшықты (лен-долгунец) немесе майлы ттүрі (лен-кудряш) өсіріеді. Ресейде зығыр өсірумен ерте кезден айналысқан, әсіресе, Псков, Новгород, Ярослав, Вологда облыстары.

    Дәрілік шикізаты. Тұқымдарының (Semina Lini) ұзындығы 3-5 мм, жұмыртқа тәрізді, бір шеті үшкірлеу екінші жағы домалақтанып келген. Түсі қоңырқай-сарғыш, үстіңгі беті алтыр, тегіс. Дәмі майлы-шырышты, иісі жоқ. Тұқымының көп қабатты қабығы диагностикалық зерттеу қызығушылығын тудырады. Оның ең сыртқы шырышты қабаты эпидермистің өте ірі түссіз жасушаларынан тұрады. Тұқымын суға салғаннан осы жасушалардың ішіндегілері суда ериді, бұдан соң эпидермистің сыртқы қабаты ісініп, қысымды көтере алмай жарылады да шырыыш ағып кетеді.

    Химиялық құрамы. Тұқымдарында шырыш 5-12%, майлар 30-48%, ақуыз заттар 18-33%. Шырыштар гидролизінде галактоза, галатурн қышқылы, кислоза, арабиоза және рамноза түзіледі.

    Қолданылуы. Mucilago seminis Lini күйінде ішектің тітіркенуінде тұтқыр зат ретінде қоданылады. Зығыр күнжарасының ұнтағы (Farina Lini) сырттай жұмсартқыш ретінде булап басады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет