Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп


Кәдімгі анис жемістері – плоды анис быкновенного – Fructus Anisi



бет27/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57
Кәдімгі анис жемістері – плоды анис быкновенного – Fructus Anisi  

    Vulgaris

    Кәдімгі анис – Анис обыкновенный – Anisum vuigare Gaertn.

    Балдыркөктер тұқымдасы – семейство сельдерейные -  Apiaceae

     Сипаттамысы. Биіктігі 60 см біржылдық шөптесін өсімдік. Төменгі тамыржапырақтары домалақ, ірі тісті, ортаңғылары үш салалы, жоғарылары 3 ұзынша қияқты бөліктерден тұрады. Гүл шоғыры күрделі шатырлар. Гүлдері ұсақ. Жемісі – салбыраңқы жеміс.

Таралуы. ТМД-ның Еуропалық бөлігінде, Кавказда, Орта Азияда, Оңтүстік Еуропада, Жерорта теңізінде, Америкада өседі. Қазақстанда  мәдени түрде өседі.

    Дәрілік шикізаты. Шикізатын күнзенің шикізаты сияқты жинайды. Жемістері (Fructus Anisi vulgaris) жұмыртқа немесе кері алмұрт тәрізді ұзындығы 3-5 мм, ені 2-3 мм, жеміс аяқтары бетін жатыңқы қысқа түктер басқан, онда ұзына бойына ақ жіп тәрізді қабырғалар орналаласқан. Жемісі сарғыш-сұр түсті, қзіне тән хош иісі бар, дәмі тәтті-татымды. Эфир майының мөлшері ресми шикізатты 1,5%-дан төмен болмауы керек, ылғалдылығы 12%- дан доғары болмауы керек.

    Химиялық құрамы. Жемістерінде 1,2-3% дейін эфир майы бар. Олардың негізгі компоненттері анетол (80-90%), метилхавикол (10%) табылған. Бұдан басқа майында анисты альдеги, анискетон мен  анис қышқылы табылған.

    Қолданылуы. Ғылыми медицинада анистің препараттарын іштің қатуында, басқа да асқазан ішек жолдарының жұмысының нашарлауында, гастритте, метеоризмде қолдануға кеңес береді. Анис жемістері асқорытуды қоздыратын асқазан жинақтарының құрамында кездеседі. Халық медицинасында анисті лактацияны реттейтін, әр түрлі тұздықтарға қосу үшін қолданады.

    Фенхель жемістері – плоды фенхеля – Fructus Foeniculi

     Кәдімгі фенхель – Фенхель обыкновенный -  Foeniculum vulgare Mill.

    Балдыркөктер тұқымдасы – семейство сельдерейные -  Apiaceae

    Сипаттамысы. Биіктігі 1 метрге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы көкшіл-сұр, жоғарғы жағы бұтақтанған, ұсақ сызықты. Жапырағы көп ойықты бөлікке бөлінген, үшбұрыш жұмыртқа пішінді. Шатырында 20-25 гүлден, гүлі сары, жемісі көкшіл-сұр, жылтыр. Шілдеде гүлдеп тамызда жемістенеді.

    Таралуы. Қазақстанда мәдени түрде өсіріледі. Ашық, күн жақсы түсетін жерге қажет. Құрғақшылық кезінде  суару керек. (суармалы дақыл).

     Дәрілік шшикізаты. Жемістері (Fructus Foeniculi)бір мезгілде піспейді, шеткі бүйір шатырларында жемістері ортаңғы шатырларындағы жемістерінен 10-20 күн кеш піседі. Шикізаттың шығынын болдырмау мақсатында ортаңғы шатырларындағы  жемістері піскеннен кезде арнайы қайта жабдықталған комбайндармен жинайды. Бункерден шыққан жемістерін тез арада жабық қырмандарға дәнді толық кептіру және тазалау үшін жеткізеді. Басқа шатыршагүлділердің жемістеріне қарағанда фенхель жемістері ірі, ұзын, цилиндр тәріздес, аздап иілген, ұзындығы 4-10 мм, ені 2-4 мм. Олар екі жартылай жемістерге оңай бөлінеді, жеміс сыртындағы 5 ұзына бойына сыртқа шығып тұратын қабырғаларының үшеуі дөңес жағында және екеуі шетінде орналасқан. Жартылай жемістерінің көлденең кесіндісінен эфир майы бар 6 каналардан көрінеді, олардың төтеуі дөңес жағында, екеуі тегіс жағында орналасқан. Жемістерінің түсі сұрғылт – жасыл түсті, иісі мен дәмі анистің иісі мен дәміне ұқсас.Жемістерінің ластану деңгейі мен ылғалдану дәрежесіне қарай фенхель екі класқа бөлінеді. Медициналық мақсатта 1 кластық фенхельды ппайдаланады оның ылғалдылығы 14% - дан аспайды, ластану қоспанысың мөлшері 1%- дан аспауы керек, эфир майының қоспасы 2%-дан аспауы керек. Эфир майының жемістегі мөлшері 3%-дан аспауы керек. Эфир майы су буымен айдау және одан әрі оны ректификациялау арқылы алынады. Майы түссіз, 3-100С қатаяды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет