Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп



бет30/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
Химиялық құрамы. Гүлдеп тұрған шөбінде 0,8-1,2% эфир майы табылған. Негізгі компоненттерге тимол (40% дейін) карвакрол, n-цимол, бұдан басқа монотерпендер; линалоол, γтерпинен, терпенеол (4%)DL-пинен, L-борнеол, сонымен қатар сесквитерпен кариофиллен бар. Шөбінде урсол және олеанол қышқылдары мен фенол қосылыстары (флавоноидтар, кофеин, хлорген хин қышқылы) бар.

   Қолданылуы. Шөбінен алынатын сұйық экстрактысы бронхитте және көк жөтелде қақарық түсіретін дәрмек ретінде пайдаланатын (Пертуссин» препараттарының құрамына кіреді. Эфир майы түрлі ысқылауға пайдаланатын линименттер құрамына енген. Эфир майы тимол алу үшін қолданылады. Бірақ соңғы кездері тимолды м-крезолды синтездеу арқылы алады. Тимолды ауыз қуысының, таңдай мен жұтқыншақтың кілегей қабаттарын дезинфекциялау үшін, тіс тәжірибесінде кариозды қуыстарды дезинфекциялау және дентинді анесезия парфюмерияда тіс пасталары мен шаюға арналған дәрмектер дайындау үшін пайдаланады.

        Жатаған жебіршөп шөбі – трава чебреца – Herba Serpylli

    Жатаған жебіршөп – Тимьян ползучий (чабрец) – Thymus serpllum L. 

    Тауқалақайлар тұқымдасы – семейство яснотковые -  Lamuaceae

    Сипаттамасы. Биіктігі 15 см көпжылдық бұталы өсімдік. Сабағы жерге төселіп жатады да одан шыққан  ар жоғары тік өседі. Жапырағы ұсаақ сопақша пішіндес, сағақтары қысқа, жапырақ бездері эфир майына толы болады. Гүлі ұсақ, бұлыңғыр-ақшыл көк түсті. Маусым-шілде айларында гүлдейді.



Таралуы. ТМЛ-ның Еуропалық бөлігінде, Сібірде, Кавказда таралған. Қазақстанда 27 түрі кездеседі. Батыс Қазақстанның құмды жерлерінде өседі. Ашық құмды жерлерде, бұталар  арасында, құрғақ қарағайлы ормандарда, тасты баурайларда өседі.

    Дәрілік шикізаты. Жапырақтары, гүлдері және жіңішке бұталарынан тұратын бастырылған шөбі (Herba Serpylli). Жапырақтары қысқа сағақты жұмыртқа тәрізді, эллипс немесе қияқты пішінді, жиектері тегіс, кәдімгі жебір шөптен ерекшелігі жапырақ жиектері ішке қарай қайырылған. Жапырақ ұзындығы 15 мм, ені 7 мм кәдімгі жебір шөбіне қарағанда ірілеу. Гүлдерінің ұзындығы 3-4 мм, жеке немесе бірнешеден гүл шоғарын құрайды. Гүлдері екі ерінді, салбыраңқы қоңырқай-қызыл гүл тостағаншаларынан және екі ерінді көк-күлгін түсті гүл тәжінен тұрады.

   Химиялық құрамы. Шөбінде эфир мафнантимол, карвакрол, n-цимол, пинен, γ-терпинен, α-тепинол, борнеол және монциклд сесквитерпен цингиберин кездеседі. Шикізатында бұдан басқа иілік заттар, минералды тұздар, ащы заттар, қышқылдардан урсол қышқылы бар.

    Қолданылуы. Медицинада қайнатпасы мен сұйық экстрактысымен жоғары тыныс алу жолдарының катарактында, ронхитте, жөтелде қолданады. Халық медицинасында жатаған жебір шөптің тұнбасын жүйке дерттері мен бел дертінде, іш пен ішек дерттерінде, буын дерттерінде ішеді. Сонымен қатар, жебір шөптің препараттары несеп жүргізетін, іріңді жараларға қарсы әсер көрсетеді. Өсімдіктен алынған қайнатпаның, экстракт пен тұндырманың ағзаны нығайтатын, әсіресе ой еңбегінен шаршау мен ұйқысыздықта тыныштандыратын әсері бар. Зат алмасу бұзылуына байланысты дерттерде және ревматизмкезінде қабылданады. Шөбінен дайындалған ұнтағын талма кезінде иіскетеді.     





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет