“Ғылым” баспасы Нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата22.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#103026
түріБиография
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
АДАМ ӨЛТІРМЕК БОЛЫП...
1943 жылдың ақпанында біздің үйдің басына бір 
үлкен қырсық келіп қонды. Ол кезде Жидедегі жартысы 
құлап қалған соқпа тамда – бұрынғы ескі клубта 
тұратынбыз. Мал қамайтын жеріміз болмағандықтан, 
қыста басқарманың рұқсатын алып, жалғыз сиырымызды 
колхоздың қорасына апарып байлап жүрдік. Өзіміз Сукра 
деп атап кеткен сол сиырға қарап, бәріміз жан бағып 
отырмыз. Оны мен ешқашан ұмыта алмаймын. Бұл 
сиырды соғыс басталардың алдында, құнажын кезінде 
туысқандарымыз бізге еншілеп берген. Ол болмаса, 
шиеттей төрт бала қазір шырқырап аш отыратын еді.
Қашан жаз болар екен деп шыдамсыздана күтіп 
жүрміз. Бұйыртса, біздің Сукра жазғасалым бұзаулайды. 
Күні бойы колхоздың мал қорасының жанынан шықпай, 
бар үмітімізді артып отырған жалғыз сиырымызды оттан-
судан, жем-шөптен тарықтырмай, қоңсыларымыздың 
азын-аулақ артылып қалған ас-ауқатын, қалған-құтқан 
кебегін сұрап беріп жүрміз. Құдай қаласа, жаз шыға 
ағарған ішіп, уыз жеп, қаймаққа тоятын шығармыз 
деп қиялдап қоямыз. Сол бір күндері таң бозынан 
оянып, қыстың қақаған суығында колхоз қорасындағы 
сиырымызды қарап келуге баратын кездерім әлі күнге 
шейін есімнен шықпайды. Қораға жұрттың бәрінен 
бұрын келемін. Бұл мезгілде басқа малшылар ұйықтап 
жатады.
Бір күні әдеттегідей таң қараңғысында барсам, 
сиырымыз жоқ. Күндегі орны бос тұр. Байлаған жібіміз 
кіреберісте шұбатылып жатыр. Қораға кіретін есіктің 
жарымы сынық болғанымен, күндіз-түні аузында құлып 
тұрушы еді. Кейде сиырлар босанып кетсе де сыртқа 


62
Шыңғыс Айтматов
шыға алмай, қораның бір бұрышында тұратын. Мен 
алғашында осылай ойладым. Жібінен босанып, бір 
бұрышқа барып тұрған болар дедім. Бірақ қораны қанша 
рет сүзіп қарасам да, сиырды таба алмадым. Сосын бір 
бұрышта үюлі тұрған сабанның арасына кіріп алып 
ұйықтап жатқан қарауылға қарай жүгірдім. Сиырдың 
қайда екенін ол да білмеді.
– Бәлкім, босанып кетіп, далаға шыққан шығар, – деп 
болжалдап бірдеңені айтып жатыр.
Оның жауабын естіген соң менің ішім тұздай ашыды. 
Сиыр көрініп қалар-ау деген жердің бәрін жүгіріп жүріп 
аралап шықтым. Күндегі мал жайылатын, су ішетін 
жерлерді, қыр-дөңестердің бірін қалдырмай кезіп кеттім. 
Таң атпай жалғыз сиыр қайда қаңғырып кетуі мүмкін?..
Басымызға зор бәлекет үйірілгенін түсіндім. Сиырдың 
қолды болғаны анық еді. Енді мұны апама айтпақ болып 
үйге қарай жүгірдім. Дәл осы мезгілде біздің отбасымыз 
үшін жарық дүние қараңғы түнекке айналғандай болды. 
Сиырдың ұрланғанына шүбә жоқ. Мұндай суық хабарды 
естіген соң үйдегілердің үрейі ұшып, енді не істерін 
білмей жылап жіберді. Шынын айтқанда, бұл оқиға біздің 
күніміздің батып, өміріміздің аяқталғанын сездіргендей 
шоң трагедия еді.
Енді бірінен бірі кіші, бірінен бірі арық, ілмиген төрт 
баланың, аурушаң шешемнің, күйеуінен айырылып, 
бізді пана тұтып келіп отырған Гүлша апамның күні не 
болмақ?
Күйеулері соғысқа кеткен көрші әйелдер топ-топ 
болып келіп, бізге қосылып улап-шулап жылай бастады. 
Олар да біздің даусымызды құдай еститін шығар 
дегендей ұрыларды қарғап-сілеп, айқайлап жатыр. Осы 
оқиға есіме түссе қазір де сол кездегі ащы дауыстар 


63
Балалық шақ
қайта естілгендей тамағыма өксік тығылып, тынысым 
тарылып кетеді. Үйдегі балалардың үлкені болғандықтан 
өзімнен кішілерге қамқорлық жасап, оларды әр түрлі 
жаманшылықтан 
қорғап, 
қанаттыға 
қақтырмай, 
тұмсықтыға шоқыттырмай өсіру менің міндетім емес пе. 
Сөйтіп, оларға қарап тұрып маған мынандай бір ой келді 
– ұрыны қайткен күнде де іздеп тауып, өлтіруім керек...
Міне, енді осы оймен тракторшы Темірбектікіне қарай 
келе жатырмын. (Таластағы туысқандарымыздан 90-шы 
жылдары оның қайтыс болғанын естідім.) Ол екеуміз бірге 
жұмыс істейтінбіз. Өткен күздегі жер жырту науқанында 
да мен оған жәрдемші болып, жанында бірге жүргенмін. 
Ол кезде Темірбек бір ауылдың жалғыз тракторшысы. 
Сондықтан трактор да, тракторшы да өте қадірлі. Өйткені 
бүкіл айылдың маңдайына басқан жалғыз темір тұлпары 
емес пе. Сүдігердің соңына жеткенде трактордың 
радиаторындағы су қайнап шыға келеді. Оны ауыстырып 
құю менің міндетім. Ал суды алыстан тасимыз. 
Жұмысым өте ауыр. Темірбек екеумізге жер жырту сеніп 
тапсырылғандықтан және осының арқасында нан тауып 
жеп отырғандықтан жанымызды аямай, бар күшімізді 
салып істейміз. Оның үстіне Темірбекті соғыстан арнайы 
броньмен алып қалған. Өйткені егіс далаларына боразда 
салатын жалғыз трактор тоқтап қалмауы керек қой.
Ашуым қозып, жыным қайнап, өшімді қалай 
қайтарарымды білмей Темірбектікіне келдім. Есіктен 
кірген бойда мылтығын сұраймын. Сөйтіп, өзімше ұрыны 
жазалауға талап қылмақпын...
Мен оның аңшылық мылтығы бар екенін білетінмін. 
Кей кездері басқа айылдың жерін жыртып жатқанымызда 
май таусылып, босқа отырып қалатын кездеріміз болып 


64
Шыңғыс Айтматов
тұрады, міне, сонда жаңағы мылтықты суырып алып, әр 
нәрсені бір атып ермек қылатынбыз.
Үйіне кіріп барсам, ол төсек тартып жатыр екен. Қызуы 
көтеріліп, денесі күйіп-жанып барады.Сиырымызды 
ұрлатқанымызды ол да естіпті.
Менің неге келгенімді бірден түсініп:
– Ал, ала бер! Әне, тамның бұғатында ілулі тұр. 
Оқшантайы жанында. Бүйтіп ауырып жатып қалмасам, 
өзім-ақ ол сүмелектерді тауып алып, атып тастар ем! – 
деп тісін шықырлатты.
Оқшантайды иығыма асып, қолыма мылтық алып 
шықтым. Кеудемде кек қайнап жатыр. Өш алу, қиянат 
атаулыға қарсылық, жек көру сезімі тұла бойымды 
кернеп алған, одан басқа түк ой жоқ. Қалай болғанда 
да ұрыларды тауып, аяусыз жазалаймын деген ниетпен 
жападан-жалғыз белгісіз бір бағытқа қарай бет алдым.
Ұрылар сиырды жетектеп алысқа ұзай қоймас деген 
ой көңіліме сенім ұялатып, үміт отын тұтандырып келеді. 
Қайткенде де сиыр дегенің ат сияқты жылдам жүре 
алмайды ғой. Сондықтан да олар күндіз елдің көзіне 
түсіп қалудан қауіптеніп, тасалау бір жерде қараңғы 
түсуін күтіп жасырынып жатуы мүмкін деген оймен 
қойнау-қойнауды тегіс аралап қарап шықтым. Мұндайда 
адамның басына не келіп, не кетпейді десеңізші, әлгі 
ұрылар бәлкім, сиырды сойып, енді бір жерде ұйықтап 
жатқан жоқ па деген күдік те қылаң береді. Оған қоса біз 
сиырын ұрлаған үйдің бас көтерер еркегі жоқ деп, қаннен 
қаперсіз жүрген болуы да мүмкін-ау деп ойласам, қаным 
басыма шауып, ашу-ызам қайнап кетеді.
Қолымда мылтық, ұрыларды көрген жерде шетінен 
пытырлатып ата беремін деп алға қарай екпіндеп келемін. 


65
Балалық шақ
Иә, иә, мен оларға көрсетемін! Бірін қалдырмай атып, 
баудай түсіремін...
Жапан түзді, тау-тастың қуыс-қуысын түк қалдырмай 
тінтіп шықтым. Ақыры басым айналып, есімнен адасып 
қай жаққа барарымды білмей, арлы-берлі бостан-босқа 
жүре бердім. Ішімдегі кек сыртыма от боп шапшып, күн 
қанша суық болса да тоңғаным жоқ. Тамағым құрғаған 
кезде шөлімді басу үшін сықырлаған аппақ қардан 
уыстап алып, аузыма саламын. Інім екеуміз кезек-
кезек ауыстырып киетін жалғыз етігімізді де бұл жолы 
аямадым. Алды-артыма қарамай қалың қарды омбылап 
кешіп келемін.
Бір кезде етігімнің табаны сөгіліп, қыстың келте күні 
ұясына жақындай бастағанын білемін. Маған ешкім 
кезікпеді. Айналада ел жоқ, мынау дүниеде соқа басым 
сопайып жалғыз қалғандай күй кештім. Маң дала жым-
жырт. Төңіректе бір-біріне жалғасып, шетсіз-шексіз 
ұзаққа созылған жансыз таулар мен қу медиен дала жатыр 
бозарып. Жақын жерде ұры да, сиыр да жоқ. Иә, иә... із 
де, дыбыс та, алыстан қарайып көрінген қара ноқат та – 
ештеңе де жоқ...
Енді маған ұрылар сиырды алып, бұл жаққа емес, 
ылдиға – Жамбылға қарай кеткен болар деген ой келді. Ол 
жаққа барған соң сиырды сойып, етін сатады ғой. Бұл ой 
мені шұғыл сергітті. Сірә, мынау жағдайдың шындығы 
да осы болар. Көп ойланып тұрмай, үлкен шаһарды бетке 
алып кете бардым. Түні бойы аялдамай жүріп отырсам, 
таң ата Жамбылға жетемін. Мен енді, неден болса да 
тайынбаймын...
Кеудем шерге толып, тәуекелге бел будым да, үлкен 
шаһарға қарай баратын тау етегіндегі күре жолға түстім. 
Жолда келе жатып шаһарға барған соң не істейтінімді 


66
Шыңғыс Айтматов
ойладым. Әрине, базарды аралап, ол жердегі дүкендерді 
тінтіп қарап, жаңа сойылған сиырдың терісін тауып 
аламын. Тіпті, теріні таба алмаған күннің өзінде ұрының 
кім екенін көзінен танып, біліп қоямын. Ал олар мені 
танымайды. Сөйтіп, қасапшының арт жағынан шыға 
келемін де, ұрыларды жайратып саламын.
Қолымдағы мылтықты қатты қыса ұстап, бір деммен 
тоқтамай алға қарай адымдап келемін... 
Күре жолдың үстінде міне осындай түпсіз-терең 
қиялға шомып кеткендіктен бе, алдыңғы жақтан көрінген 
бір есек мінген қарияны байқамай да қалыппын.
Оның басында түсі оңып кеткен ескі малақайы бар екен. 
Өзі бір кембағал, бейшара, кәріп кісі сияқты. Төрт аяғы 
жерге тиер-тимес боп тымпыңдап келе жатқан есектің 
үстіндегі қария ақ сақалы желбіреп бірте-бірте маған 
қарай жақындай берді. Көптен бері кісі аяғы баспаған 
бір ескі мазардан шыққан сияқты. Бір кезде екеуміздің 
жолымыз түйісті. Әдеттегідей сәлем беруді де мен бұл 
жолы ұмытыппын. Ашуға бой алдырғандықтан болар, 
мұндай ерсі қылығыма өзім де мән бермедім. Жанынан 
өтіп кетіп бара жатқанымда әлгі қария маған бұрылып:
– Тоқтай тұршы, балам! Біреуді өлтіргелі бара 
жатырсың ба?! – деді.
– Иә, – дедім мен оның бұл сұрағына қабағымды түйіп 
жауап қатып, – иә, өлтіремін!
Енді екеуміз де бір-бірімізге тіке қарадық. Сол кезде 
мен оның жүзінен адамды өзіне қарай тартып тұратын 
жып-жылы мейірім шуағын байқап, өзіме соншалықты 
бір сеніммен қарап тұрған жанның ашаң жүзін көрдім. 
Ол басын иіп сәлемдескендей болып:
– Олай болса, асықпа! Менің сөзімді тыңдап, біраз 
аялда. Оны не үшін өлтіремін деп бара жатырсың, балам? 
– деді жайбарақат тіл қатып.


67
Балалық шақ
– Туайын деп тұрған буаз сиырымыз бар еді, соны 
ұрлап кетті. Өзіміз төрт ағайындымыз, ең үлкені менмін. 
Шешем мен нағашы әжем аурушаң...
– Е, солай ма еді? Жаман болған екен, сұмдық жаман 
болған екен! Бірақ сен мені тыңда! Кек деген жаман нәрсе. 
Қарғыс атқыр ұры болса да сен оны өлтіруді ойлама!
Үндемедім. Бақырып жылап жіберейін деп, өзімді 
өзім әрең тежедім.
– Сені де түсінемін, балам, – деп сөзін жалғады қария, 
- мұндай жағдай менің де жаныма батып, қандай күйге 
түскеніңді сезіп тұрмын. Мына мендей үлкен қарияның 
сөзін ұқ! Өлтірме! Ондай нәрсені ойыңа да алма! Үйіңе 
қайт! Бұл жалғанда ондай нәмарттыққа барған адамдар 
өз жазасын алады. Бұл сөзіме күмәнданба, балам. Оның 
жазасы өзіменен бірге жүреді, бірге жатып, бірге тұрады. 
Бірақ сен бүгін үйіңе қайтып, бұдан былай оларды 
өлтіремін деп ойламайтын болсаң ғана ақыр-аяғында 
бақытты боласың. Бақыт сені өзі іздеп тауып келеді. Сен 
мені жөнсіз сөйлеп отыр деп ойлама. Бір кездері менің 
бұл сөзімді есіңе алып, турасын айтқанымды түсінесің. 
Үйіңе қайт, қарағым! Шешеңе де осы сөзді айта бар. Мен 
де жолымнан қалмайын. Саған біреу қандай жамандық 
қылса да, сен оны өлтіремін деп ешқашан да ойлаушы 
болма! – деді.
Бұдан кейін мен артқа бұрылдым. Қария болса, сол 
баяғысынша өзінің жолымен ұзап бара жатты...
Қарқ еткен қарға, қалбаң етіп ұшқан құзғын көрінбеген 
иен далада шаршап, көңілім босап, баяғыдан бергі 
үміт-қиялымның бәрі тас-талқан болып, амалсыздан 
мылтығымды қайтадан мойныма ілдім. Енді оның маған 
керегі болмай қалды.


68
Шыңғыс Айтматов
Күн болса қызарып, аппақ қар басқан маң даланың 
бір қиырына алаулап батып бара жатты. Енді не істерімді 
білмей, бойымдағы барлық ашу-ызамды ақтарып, өкіріп 
жылап жібердім. Денем қалтырап-дірілдеп барады. Ап-
ащы жас бетімді жуып, өзімді өзім билей алмай, теңселіп 
келемін. Етігімнің табаны айырылып, сүйретіліп қалған. 
Қарсы алдымда лапылдап от жанып жатқандай боп 
көрінеді, мен соған қарай тіп-тіке келе жатқандаймын... 
Ұрыны атып өлтіріп, өшімді қайтару үшін алып 
шыққан ауыр мылтық иығымда салаңдап келеді...


69
Балалық шақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет