Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов


Аймұхамет Мансұров. – Алматы: Дәуір, 2002. 95–98-бб



Pdf көрінісі
бет24/32
Дата22.12.2016
өлшемі3,95 Mb.
#48
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32

Аймұхамет Мансұров. – Алматы: Дәуір, 2002. 95–98-бб.

389

АКАДеМиК АХМеТОв

Бұл  1966  жылдың  ақпаны  еді.  Алматыда  жапалақтап  қар 

қалың  жауып  тұрды.  Бірақ  соған  қарамастан  адамдар  екіден-

үштен  Қазақтың  Абай  атындағы  педагогикалық  институтына, 

Ғылыми  кеңестің  мәжілісіне  келе  жатыр.  Мұнда  профессор 

Қажым  Жұмалиевтің  талантты  шәкірттерінің  бірі  –  Сейфулла 

Құспанов «Проблемы перевода поэзии Абая» атты кандидаттық 

диссертация қорғамақшы. Біздер де, Академияның аспиранттары 

мен ғылыми қызметкерлері, мәжіліске келіп, залдың орта тұсына 

орналастық. Әне-міне дегенше қорғау басталып та кетті. Сәлден 

соң Ғылыми кеңестің төрағасы, профессор Серғали Еспембетұлы 

толыбеков:

– Слово предоставляется первому официальному оппонен-

ту, доктору филологических наук, профессору Заки Ахметову, – 

деді.

Мінбеге  жарқ-жұрқ  еткен  көзілдірігі  бар,  қап-қара  қою, 



бұйра шашты, әдемі, тіпті сұлу десе де болады, жап-жас қараторы 

жігіт  шықты  да,  қағазға  жазып  алған  пікірін  орыс  тілінде  мәне-

ріне  келтіре  оқи  жөнелді.  Жұрт  тына  қалды.  оның  себебі  де 

бар еді. осыдан дәл бір жыл бұрын, 1965 жылдың ақпан айында 

академияның Біріккен ғылыми кеңесінде Зәки Ахметов «Казах-

ское  стихосложение»  кітабы  бойынша  докторлық  диссертация 

қорғап,  37  жасында  ғылым  докторы  деген  дәрежеге  ие  болған  

еді.  Зәкеңмен  сол  жолы  танысып,  содан  бері  үзбей  жұмыс  ба-

бымен  де,  іссапар  жолымен  де,  отбасымен  де  тығыз  арала-

сып  жүрдік.  Алғаш  рет  «амандық  –  ағадан»  деп,  үйіне  апарып, 

қонақ  етті,  әңгімелестік.  Содан  былай  ағалы-інілі,  ұстаз-шәкірт 

ретінде болдық. Зәки аға өзі туралы сирек айтатын. Әңгімесінің 

көбі  –  ғылым,  мәдениет,  әдебиет,  Абай,  Мұхтар  болушы  еді. 

Өзінің  құрбы-құрдастары  туралы  да  өте  жақсы  лебіз  айтып 

жүретін.  олар  да  Зәкеңді  қадірлеп,  қастерлеуші  еді,  оған  еш 

қызғаныш көрсеткен емес. 1975 жылы көктемде Зәки Академияға 

корреспондент-мүше  болып  сайланды.  Өзімен  сайлауға  бірге 

түскен  Зейнолла  Қабдолов  Зәкең  өткенде  бірге  қуанып,  Зәки 

ағаның  үйіне  барғанда:  «Зәкидің  өтуі  –  орынды  әрі  заңды.  ол 

ғылымға  бәрімізден  бұрын  келді.  Мен  шын  жүректен  қуанып 

тұрмын!»  –  деген  еді.  осындай  ойды  кейін  Серік  Қирабаев  та 

айтты.  Өзінің  75  жасқа  толған  мерейтойында  Серағаң  ғылымға 



390

өзі қатарлы бір топ жігіттің бір мезгілде келгенін айта келіп, Зәки 

Ахметовті ерекше атап өтті. «Зәки бізден бұрын ғылым кандида-

ты болды, – деді ол кісі. – Менің Спандияр туралы кандидаттық 

диссертацияма Мұхтар Әуезов – 1-ші, Зәки 2-ші оппонент бол-

ған.  Жалпы,  Зәкидің  ленинградта  алған  ғылыми  мектебі  –  өте 

мықты фундамент болды. ол ғалым ретінде өзін ерте танытты». 

1976  жылы  жазда  Зәки  Ахметов  академиядағы  Қоғамдық 

ғылымдар  бөлімшесінің  академик-секретары  болып  сайлан-

ды.  Жұмысқа  құлшына  кірісіп  кетті.  Сол  жылғы  қыркүйекте 

Алматыда  бүкілодақтық  II  түркологиялық  конференция  өтті. 

Бұл  1926  жылы  Бакуде  болған  I  түркологиялық  съезден  кейін 

өткен  жалпытүркілік  жиын  еді.  (ол  съезге  Ахмет  Байтұрсынов 

қатысқан  болатын).  Алғашында  Мәскеуге  «II  түркологиялық 

съезд»  өткізу  туралы  ұсыныс  жасалған-ды.  Бірақ,  Кремль 

біздерге  «съезд»  дегенді  қимай,  конференция  деңгейіне  түсіріп 

жіберді. (ол кезде жыл сайын Халықаралық славистер съезі өтіп 

тұратын). Соған қарамастан конференция съезд деңгейінде өтті. 

осы  істің  басы-қасында  Зәкең  болып,  қыруар  жұмыс  атқарды. 

Конференцияға  300-ден  аса  шетелдік  және  Ресей  ғалымдары, 

сондай-ақ  басқа  республикалардың  оқымыстылары  келді. 

түркологтардың I съезіне қатысқан Сумбатзадеден (Баку) бастап, 

әлемге  мәшһүр  түркологтар  дерфер  (Германия),  ярринг  (Шве-

ция),  текин  (түркия),  Циртаутас  (Америка),  Кононов,  Баска-

ков,  ломидзе,  овчаренко,  Короглы  (Мәскеу),  Шералиев  (Баку), 

Азимов  (Ашхабад),  т.б.  көптеген  мамандар  ғылыми  баяндама 

жасады.  Келген  адамдардың  бәрі  де  Зәки  Ахметовтің  біліміне, 

эрудициясына  риза  болып,  таң  қалысты  әрі  оны  талантты,  ше-

бер  ұйымдастырушы  деп  бағалап  кетті.  Шынында  да,  Зәки  аға 

орасан  білімді,  эрудициясы  мол,  әдебиеттануды  терең  меңгеріп 

қана  қоймай,  қоғамдық  ғылымдардың  әр  саласына  жетік  ғалым 

болатын. Әсіресе, Шығыс пен Батыс мәдениетін ұштастыра зерт-

теп, адамзат өркениетінің заңдылықтарын жақсы білуші еді. Өз 

еңбектерінде  осы  қасиеттерін  барынша  айқын  көрсете  білетін. 

оның  осы  ерекшелігін,  білгірлігін  КСРо  әдебиеттанушылары 

толық мойындайтын, жоғары бағалайтын. Мұны мен бірнеше рет 

көрдім. 

1982 


жылы 

ақпанда 


Рымғали 

нұрғалиев 

екеуміз 

Мәскеу  түбіндегі  жазушылардың  «Малеевка»  деп  аталатын 

шығармашылық  үйінде  әрі  демалып,  әрі  жұмыс  істеп  жаттық. 


391

Әр  республикадан,  Мәскеуден,  ленинградтан  келген  ақындар 

мен  жазушылар,  сыншылар  мен  ғалымдар,  әсіресе,  Мұстай 

Кәрім,  Кирей  Мерген,  Александр  овчаренко,  Юрий  Корякин, 

новиков,  николаевтар  –  бәріміз  күнде  жүздесіп,  ара-арасында 

бір-бірімізді  қонаққа  шақырып  жүрдік.  Казақтың  дәмін  татсын 

деп  алып  барған  қазы-қартамызды  дастарханға  қойып,  біз  де 

оларды  қонақ  еттік.  Қызу  әңгіме  жүріп  жатыр.  тақырыбымыз 

–  әдебиет,  өнер,  мәдениет,  ғылым  мен  саясат.  Бір  кезде  КСРо 

Ғылым  академиясының  құрамындағы  Әлем  әдебиеті  институ-

тында  Горькийді  зерттейтін  бөлімнің  меңгерушісі,  профессор 

Александр овчаренко орнынан тұрып, бәрімізді өзіне қаратты да 

былай деді: «у нас в Союзе очень мало исследователей лермонто-

ва. Их можно сосчитать по пальцам. один из крупных лермонто-

ведов страны – Заки Ахметов. Передлагаю тост за его здоровье. 

Казахи могут им гордиться!». отырған жұрт шу етіп, қолдап кетті. 

Рымғали екеуіміздің көңіліміз өсіп, қатты қуандық. Қуанбағанда 

ше?  овчаренко  –  дүние  жүзіне  белгілі  ғалым.  ол  жылына  екі 

рет  Америкаға  барып,  орыс  әдебиеті  бойынша  лекция  оқиды. 

М.  Горький  шығармаларының  академиялық  толық  басылымын 

басқарады. осындай кісінің аузынан өңкей ығай мен сығайдың 

алдында әлгіндей бағаны естігенде, көңілің қалай өспейді?!

КСРо-ның қай республикасына барсам да, әдебиет пен ғылым 

мәселесі  сөз  болса,  әріптестер  міндетті  түрде  Зәки  Ахметовті 

сұрайтын еді, оның еңбектері мен өзі туралы әңгімелеп кететін. 

Мәскеуде,  ленинградта,  Киевте,  Кишиневте,  ташкентте,  Аша-

хабадта,  Фрунзеде,  якутскіде  Зәки  ағамен  бірге  халықаралық, 

бүкілодақтық  конференцияға  қатыстым.  Сонда  әдебиеттанушы 

ғана емес, тарихшы, өнертанушы, тілші ғалымдардың Зәкеңе де-

ген ықыласы мен құрметі айрықша екенін талай рет көрдім.

МГу-де 1989 жылы 2 маусым күні мен докторлық диссерта-

ция қорғайтын болдым. Бірінші оппонентім – академик Зәки Ах-

метов, екінші оппонентім – профессорлар Халық Короглы (МГу-

ден),  Сергей  Азбелев,  (лГу-ден).  олар  бәрі  уақытында  келді. 

Бірақ Ғылыми кеңестің мүшелері –түгел емес. Сағат екі болды. 

Үш  кісі  әлі  жоқ.  Бұл  кезең  –  қайта  құрудың  үдеп  тұрған  шағы 

болатын.  Андрей  Сахаров  бастаған  демократтар  күн  ара  луж-

никиде 100 мың кісі жинап, митинг өткізеді. оның үстіне КСРо 

халық депутаттарының съезі жүріп жатқан. тікелей телетрансля-

ция  елді  теледидарға  байлаған.  Әлгі  үш  кісі  соның  қайсысында 



392

екені белгісіз, әлі жоқ. Сағат 14-тен 15 минут кетті. Мен қауіптене 

бастадым.  Зәкең  маған  қарап  күліп  қояды.  Кеңестің  төрағасы 

василий  Иванович  Кулешов  сағатына  қарады  да:  «Кворума  нет. 

Может  быть  защиту  отложим?!»  –  деді  орынбасары  владимир 

Прокопьевич  Аникинге  бұрылып.  Содан  соң  в.  Кулешов  басын 

көтеріп,  залға  көз  тастады.  Абырой  болғанда  –  Зәкеңді  көре 

қалғаны! Көре сап, в. Аникинге: «ой, здесь Заки Ахметович сидит. 

неудобно  перед  ним.  давайте  начнем.  остальные  члены  подой-

дут!» – деді де, Ғылыми кеңестің мәжілісін ашық деп жариялап 

жіберді. Ал, в. Кулешов деген кісі жанды менсінбейтін, тәкаппар 

адам-тын,  МГу-де  орыс  әдебиеті  кафедрасын  меңгеретін  және 

КСРо  ЖАК-ында  сараптау  комиссиясының  төрағасы  болатын. 

ол  –  классикалық  орыс  әдебиетінің  тарихына,  орыс  әдеби  сы-

нына арналған іргелі зерттеулердің авторы, бүкіл одаққа беделді 

профессор  еді.  Міне,  соның  өзі  Зәки  ағаны  мойындап,  құрмет 

тұтатынын ашық көрсетті.

Шынын  айту  керек,  Кеңес  өкіметі  кезінде  Мәскеу  мен  ле-

нинград оқымыстыларына өзіңді таныту, мойындату – өте қиын 

іс  болатын.  Ал  Зәки  ағаны  жоғарыдағы  атақты  ғалымдардың 

жоғары  бағалауына,  сөз  жоқ,  ол  кісінің  өте  жоғары  теориялық 

дайындығы,  энциклопедиялық  білімі,  логикасының  күштілігі, 

зерттеулерінің іргелі сипаты негіз болды деп ойлаймын.

Зәкең  үлкен  ғылымға  бірден  өзін  танытып  енді.  Сонау  1951 

жылы  ленинград  университетінде  қорғаған  «лермонтов  и 

Абай»  атты  кандидаттық  диссертациясының  өзі  сонылығымен 

әрі  тереңдігімен  әдебиеттанушы  ғалымдарды  елең  еткізді.  Екі 

ұлы  ақынның  рухани  жақындығы,  шығармашылық  үндестігі 

олардың  жекелеген  туындыларын  салыстыра  зерттеу  арқылы 

бұлтартпастай дәлелденіп, Абай аудармалары –түпнұсқалардың 

қайталауы  емес,  өнерлік  сайыс  болып  шыққаны,  бірақ  соған 

қарамастан, лермонтов ойлары мен сезімдері терең түсініліп, да-

мытыла түскені нақты талдаулар негізінде айқындалды. осының 

өзі-ақ  ғылымға  үлкен  талант  келгенін  көрсетіп  еді.  Құдай  бер-

ген  зор  дарын,  ата-анасынан  дарыған  қабілет  ленинград  тәрізді 

өте құнарлы ортаға түсіп, өз жемісін берді. дүние жүзіне мәлім 

түрколог  Сергей  Ефимович  Малов  пен  әлемге  әйгілі  виктор 

Максимович  Жирмунскийдің  аспирантурасында  оқыған  Зәкең 

таза  академиялық  сипаттағы  оқымысты  болып  калыптасты.  Сол 

себепті  ол  1950  жылдары  етек  алған  «ұлтшылдықпен  күресу» 



393

науқанына араласпай, әсіре солақайлыққа, тұрпайы социологияға 

ұрынбай,  өзін  таза  ғалым  ретінде  ұстай  білді.  осы  қасиетін  ол 

ғылыми еңбекте де сақтай алды. Әдебиеттану да басқа қоғамдық 

ғылымдар  сияқты,  идеологиялық  сипаттағы  ғылым,  сондықтан 

ресми  идеологиядан,  саясаттан  тыс  қалмауға  тиіс  деген  қағида 

орнаған қоғамда Зәки Ахметов өзінің ең басты еңбегін әдебиеттің 

партиялығы немесе совет әдебиетіндегі социалистік реализм әдісі 

сияқты сол шақта аса өтімді тақырыпқа арнамай, саясат пен иде-

ологиядан мүлде алшақ жатқан қазақ өлеңінің құрылымы деген 

таза теориялық мәселеге арнады. Сөйтіп, 1950 жыддардың орта-

сынан  бастап  қазақ  поэзиясындағы  ұйқас,  ырғақ,  буын,  бунақ, 

шумақ  проблемаларымен  шұғылданып,  көптеген  мақала  жазған 

Зәкең 1964 жылы «Казахское стихосложение» атты іргелі моно-

графиясын жариялады. Кезінде бұл еңбек өте жоғары бағаланды. 

оның құндылығы жөнінде в. Жирмунский, Қ. Жұмалиев, И. Сте-

блева, М. Сильченко, н. Смирнова секілді ғалымдар бүкілодақтық, 

республикалық  басылымдарда  мақала  жариялады.  ол  кітапқа 

көптеген зерттеушілер арқа сүйеді, оны теориялық еңбек ретінде 

пайдаланды.  Мәселен,  поэзия  теориясының  білгірі,  академик  

в. Жирмунский өзінің түркілер поэзиясы туралы зерттеулерінде 

Зәки  Ахметовтің  аталмыш  кітабына  көп  сүйенеді  және  ондағы 

Зәкең  ашқан  қазақ  поэзиясындағы  клаузула  мен  элизия 

құбылыстарына  айрықша  мән  береді  де,  оның  жалпы  поэзияға 

тән заңдылық екенін айтады:

«Здесь  достаточно  отметить  ...  докторскую  диссертацию  и 

ряд статей З.А. Ахметова о казахском стихе, заслуживающих осо-

бого  внимания  как  по  своему  теоретическому  уровню,  так  и  по 

богатству и новизне конкретной информации и анализа... З. Ах-

метов своевременно напомнил о дополнительном фонетическом 

признаке силлабической системы, который был выдвинут вале-

рием Брюсовым с учетом указанных особенностей итальянского 

языка  и  стиха...  Согласно  наблюдению  т.  Ковальского,  которое 

подтвердил и обосновал З. Ахметов на материале казахского ко-

роткого  (7-8  сложного)  народно-эпического  стиха  (жыр),  посто-

янный  характер  в  таком  стихе  имеет  трехсложная  клаузулаЗ.

Ахметов систематизировал ряд случаев видимой неравносложно-

сти, объясняемых фонетически факультативной элизией слабых 

(сверхкратких) слогов и явлением зияния...»

1

 



1

 в.М. Жирмунский. о некоторых проблемах теории тюркского народного 

стиха // тюркологический сборник. М., 1970. С. 29, 32, 33, 35 и сл.


394

Жалпы,  Зәки  Ахметовтің  айтылмыш  еңбегінде  қазақ 

әдебиеті  теориясының  поэзияға  қатысты  ең  іргелі  проблемала-

ры  зерттелген.  Атап  айтқанда,  қазақ  өлеңінің  құрылысы,  халық 

поэзиясындағы  ән  мен  өлең  түрлері,  қазақ  өлеңі  құрылымын 

дамытудағы Абайдың рөлі, қазіргі өлең мен өлең құрылымындағы 

жаңашылдық...

Зәкең поэзия теориясын, өлеңтану (стиховедение) мәселелерін 

өмір бойы зерттеді, әр кезде оның әр түрлі аспектісін қарастырып 

отырды. тіпті бертінгі кездің өзінде қайта-қайта поэзия теория-

сына көңіл бөліп, 1994–1995 жылдары қазақтың «жыр» өлшемін 

түрік  өлеңімен  және  «Манастың»  өлеңдік  құрылымымен  салы-

стырмалы түрде зерттеп шықты. Сондай-ақ 2002 жылы «основы 

теории  казахского  стиха»  атты  монография  жариялады.  Мұнда 

ғалым қазақ өлеңін басқа қырынан қарастырды. Мәселен, қазақ 

поэзиясындағы өлең құрылымының жүйесі, тармақтың ырғаққа 

бөлінуі, силлабиканың ырғақтық әрі буындық негізі сияқты бұрын 

жеткілікті  деңгейде  зерттелмеген  проблемалар  өз  шешімін  тап-

ты. Зәкеңнің ең соңғы еңбегі де поэзияға арналған. ол «Поэзия 

шыңы – даналық» деген атаумен Зәки аға дүниеден көшкеннен 

кейін, жақында жарыққа шықты.

Академик  Зәки  Ахметовті  одақ  көлеміне  мәшһүр  етіп, 

мойындатқан – тек теориялық еңбектері ғана емес. Аса көрнекті 

ғалым  деген  атаққа  ие  қылған  сондай-ақ  оның  әдебиет  тарихы, 

әдеби байланыс, текстология мен аударма жөніндегі зерттеулері 

екені сөзсіз. Әсіресе, оның Мәскеу мен ленинградта жариялаған 

еңбектері,  соның  ішінде  «тургеневский  сборник»,  «лермонтов-

ская  энциклопедия»,  «История  всемирной  литературы»,  «Исто-

рия  советской  многонациональной  литературы»,  «Краткая  ли-

тературная  энциклопедия»,  «народы  мира»  деген  өте  беделді, 

маңызды  әрі  қомақты  басылымдарда  шыққан  мақалалары  мен 

очерктері,  эсселері  Зәки  Ахметовті  Совет  одағындағы  ең  көр-

некті әдебиеттанушы ғалымдардың алдыңғы қатарына шығарды. 

Сөз  жоқ,  ол  кісінің  КСРо  көлеміндегі  ғалымдар  арасында  өте 

беделді  болуының  тағы  бір  себебі  –  орыстың  классикалық 

әдебиетін, Пушкинді, лермонтовты, тургеневті жетік біліп қана 

қоймай,  оларды  Ресей  ғылымының  деңгейінде  зерттегенінде  де 

еді.  ол  қазақ  әдебиеті  тарихындағы  Шоқан,  Абай,  Шәңгерей, 

Мұхтар,  Ғабит  сияқты  ұлы  классиктерді  де  сол  биіктік  талабы-

нан  зерделей  алды.  Бұл  да  оның  ғалымдық  тұлғасын  сипаттады. 



395

Зәки  аға  еңбектерінің  ағылшын,  армян,  белорус,  молдаван,  та-

тар, түрік тілдерінде жарық көруі де, сондай-ақ оның қазақ пен 

орыс  тілдерінде  бірдей  төгілте  жазып,  сөйлеп,  ойын  мүлтіксіз 

жеткізе  білуі  де  –  ол  кісінің  кең  масштабты,  жан-жақты  білімі 

бар оқымысты екенін де жақсы айғақтады.

Зәкеңнің  тұла  бойы  тұнған  әдемілік  еді,  жаны  да,  тәні  де, 

іші  де,  сырты  да  сұлу  болатын.  нағыз  эстет  еді.  Скрипкада  та-

маша  ойнайтын.  Елу  жасқа  келгенінде  Өмірзақ  Айтбаев,  Меке-

рия  Атымов,  Қабиболла  Сыдиықов  төртеуіміз  құттықтай  үйіне 

бардық.  Өте  қонақжайлылықпен  қарсы  алды,  небір  қызықты 

әңгіме  айтып,  ақжарқын,  ашық  күлкісін  бәрімізге  сыйлап,  та-

маша  отырды.  Бір  кезде  скрипкасын  алып,  құлағының  бұрауын 

келтіре бастады. Біз елең ете қалдық, аң-таңбыз әрі дән ризамыз. 

Маған домбыраны, Өмірзаққа мандолинаны алып келді. Біз құлақ 

күйін келтірдік. Содан соң Зәкең қазақ әңдерін бірінен соң бірін 

ойнап кетті. Біз де қосылып кеттік. Халық әндері, Біржан, Ақан, 

Жаяу Мұса, Ахмет Жұбанов шығармалары орындалды. Өмірзақ 

ән  салды,  бәріміз  айтамыз.  Ара-арасында  Зәкең  аяғымен  ырғақ 

тактісін, темпін күшейтіп қояды. Сәлден соң бізге ұлдары Мұрат 

пен Мұхтар аккордеон мен гитарды алып қосылды. Зайыбы Зия 

апамыз күліп, рахаттанып отыр. Өте жақсы бір кеш өткіздік.

Бірде  Мәскеудің  Чистопрудный  бульварында  қыдырып, 

Пушкиннің  190  жылдығына  арналған  іс-шараларды  қызықтап 

жүрдік.  Әңгіме  тақырыбымыз  әр  алуан.  Бір  сәтте  «Зәке,  скрип-

каны  кайдан  үйрендіңіз?»  –  деп  сұрадым.  «ой,  ол  бір  қызық 

жағдай,  –  деп  Зәкең  біраз  естелік  айтты.  –  Мен  Алтайдың 

оңтүстік  батысындағы  Айыртау  деген  сілеміне  орналасқан  ау-

ылда туған екем. Қиыншылық болған соң ата-анам лениногорға 

көшіп  барыпты.  Мектепте  сонда  оқыдым.  Әкем  ісмер  кісі  еді. 

Етік  тігетін.  Көрші  үйде  бір  ауып  келген  еврей  ме,  білмеймін, 

зиялы  адам  болды.  Содан,  әкем  келіскен  екен,  музыка  сабағын 

ала бастадым, бірте-бірте скрипка тартып, нота бойынша ойнай-

тын  болдым,  ресми  түрде  музыкалық  оқу  орнында  оқығам  жоқ. 

Әкем  көп  сөйлемейтін,  мінезі  салмақты,  іске  тыңғылықты  адам 

болатын. Ал анам ақжарқын, көпшіл, әзілқой, ашық, мінезді еді, 

ән де салатын. Сол бала кезден скрипка тартам, студент кезімде 

де, аспирантурада оқығанда да тастағам жоқ. Қазір уақыт та жоқ, 

қол да бұрынғыдай жүрмейді», – деп аяқтай бергенде: «Зәке, Зия 

апаймен  қалай  таныстыңыз?»  –  деп  сұрап  қалдым.  –  Өй,  оны 



396

кейін  тағы  бір  реті  келгенде  айтармын!»  –  деп,  әңгімені  басқа 

жаққа бұрып жіберді.

Бір бойында ғылым, әдебиет, өнер тоғысқан Зәки Ахметов не 

нәрсенің болса да әдемі болуын қалайтын. ол әдебиетті – өнер, 

өлеңді – эстетика деп түсінетін. Поэзияны өте жақсы білумен ка-

тар аса бір зеректікпен танитын, қызғана қорғайтын. 1975 жылы 

Академияға бір жігіт Абайдың «Қансонарда» өлеңінің варианты 

деп  бір  текст  алып  келді.  Екінші  жолы  «таудан  ,  түлкі  табылар 

аңдығанға» болып келеді екен. осыны оқи сала Зәкең: «таудан» 

емес «тастан». Абай «таудан» деп айтпаған, айтуы да мүмкін емес. 

Өйткені ақынның айтпағы – түлкінің қолға оңай түспейтіні. тау-

дан түлкі аңду – еш қиын емес. Ал тастан аңду, тастың арасынан 

табу – қиын, әрі поэзия үшін бұл өте ұтымды!» – деп, қайырып 

тастады. 

Абай  шығармаларына  Зәки  аға  өте  сақтықпен  қарайтын. 

Ұлы Мұхтар Әуезовпен бірге 1957 жылы Абай шығармаларының 

екі  томдық  жинағын  баспаға  даярлап,  шығарғаны  белгілі.  Сон-

да  Мұхаңның  әр  сөзге  қаншалықты  мән  бергенін,  қандай 

мұқият текстологиялық жұмыс жүргізгенін өз көзімен көргенін, 

Мұхаңның: «Абай өлеңін көбейтеміз деп, көбіктендіріп алмайық, 

Сақ  болыңдар  деген»  сөзін  жиі  айтатын.  Мұхтар  Әуезов 

сияқты  Абай  поэзиясын  түгел  жатқа  білетін  Зәкең  ұлы  ақын 

шығармаларын  6  рет  жинақ  етіп  құрастырып,  ғылыми  түрде 

жарыққа  шығарыпты.  осының  өзі  оны,  үлкен  текстолог  маман 

ретінде толық мінездесе керек.

Зәки  Ахметов  –  ішкі  мәдениеті  өте  жоғары,  мейлінше 

кішіпейіл, жаны таза азамат еді. Көрініп қалуға, жақсы көрінуге 

ұмтылмайтын. (Содан да болар, бірде бір орден алмапты). Кісінің 

қас-қабағына,  көңіл-күйіне  үлкен  мән  беріп,  жағдайын  түсінуге 

тырысатын. Жақсылық істеуге даяр тұратын, адамдарға өзі секілді 

қарап, үлкен сенім артатын. Кейде сенгіштігі өзіне зиян әкеп жат-

са да, сабырлық танытып, ұстамдық көрсетуші еді. Алайда, 23 жа-

сында ғылым кандидаты, 37 жасында ғылым докторы болған, Со-

вет одағына атағы тараған талантты ғалым Зәки Ахметовтің өмір 

жолы  ылғи  да  шуақты  болған  жоқ,  1986  жылғы  Желтоқсанның 

ызғары – оған да тиді. Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-

президенті  әрі  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  депутаты  болып 

тұрған  кезінде  Г.  Колбиннің  қаһарына  ілігіп,  нақақтан-нақақ 

жапа  шекті.  Қызметтен  алынды,  депутаттық  мандатын  тапсыр-



397

тып, өкілеттігін тоқтаттырды. ол аз болғандай, 1987 жылы жазда 

Зәкеңнің партиялық мәселесін қаратты. Институттың партия жи-

налысына салып, оған қатаң сөгіс жариялап, есеп карточкасына 

жазу  талап  етілді.  Бір  жақсысы  –  Институттың  партия  ұйымы 

оған барған жоқ. Рас, партия жиналысы өте қызу әрі ауыр өтті. 

Қатаң сөгіс беруге мен қарсы шықтым. осы тұста Борис Ерзако-

вич, Зейнолла Серікқалиев, ләйла Әуезова Зәкеңнің кінәсі жоғын 

дәлелдеп, принциптілік көрсетті.

Әділетсіздікке тап болған Зәки аға, әрине, іштей қынжылды, 

бірақ мойыған жоқ. ол өзін нағыз ғалым, шынайы интеллигент, 

үлкен  жүректі  азамат  ретінде  көрсетті,  ешкімді  кіналаған  жоқ, 

ғайбат  сөзге  бармады.  Өзінің  сүйікті  ісі  –  әдебиетті  зерттеуге 

түгелімен берілді, содан, өзіне жұбаныш тапты. талантына қоса 

орасан еңбексүйгіштігі арқасында тағы төрт монография жазып, 

ондаған мақала жариялады. нәтижесінде 1995 жылы Мемлекеттік 

сыйлыққа ие болды.

Зәки аға – шын мәнінде творчество адамы еді. Үнемі ізденіс 

үстінде, ойда жүретін. Жұмыстан шаршаған кезде далаға шығып, 

ылғи 1-2 сағат таза ауада жүреді. (Жалпы, өзі жаяу жүргенді жақсы 

көретін).  Сол  әдеті  бойынша  17  желтоқсан  күні  Астанада  басы-

лып  жатқан  кітабының  гранкаларын  оқып  отырып,  кешкі  сағат 

17-лерде  таза  ауа  жұтуға  асығыс  киініп,  далаға  шығып  кетіпті. 

Содан  үйге  оралған  жоқ.  Көзді  ашып-жұмғанша,  апақ-сапақта 

ғайып  болды.  Қалай?  неге?  түсініксіз...  Қайда  кетті?  Жұмбақ... 

Әлде  өзі  айтып  жүретін  Мұзтауға  қыран  боп,  самғап  кетті  ме? 

Әлде  көк  аспанға  ұшып,  жұлдызға  айналып  кетті  ме?..  Әйтеуір, 

бәрімізді  өкіндіріп,  өзегімізді  өртеп  кетті...  Өкіндіретіні  –  Зәки 

Ахметовтін адами да, ғылыми да әлеуеті мол еді. Атқарамын деп 

жүрген  жоспарлаған  жұмысы  да  көп-ті.  Соңғы  жылдары  өте 

жемісті еңбек етіп, бірінен соң бір кітап шығарып, мақалалар жа-

зып жүрді. Көптеген ғылыми конференцияларда баяндама жаса-

ды. Былтыр жазда дулат Бабатайұлының шығармашылығы, оның 

әдебиет тарихында алатын орны туралы өте салиқалы баяндама 

жасап,  Семей  елін  риза  еткен  болатын.  дулаттың,  Шәкәрімнің, 

Сұлтанмахмұттың ғылыми жинақтарын даярлауға басшылық, етіп 

жүрді.  Әсіресе,  биыл  тойланатын  Махамбеттің  200  жылдығына 

орай  ақынның  4  томдығына  шұғыл  кірісіп,  үлкен  іс  атқарып 

жүрген-ді. осының бәрін аяқтай алмай кеткеніне өкіндік.


398

Өзегімізді  өртегені  –  Зәкидей  абзал,  жүзінен  нұр  тамған, 

жаны  таза  азаматтың  күтпеген  жерден  мерт  болуы.  ондай  

адамның  өмірі  бұлай  киылмауға  тиіс  еді.  Амал  не,  тағдыры  со-

лай  болды.  Көңілге  медеу  болатыны  ғалымның  өте  құнды 

ғылыми  мұрасы  қалды,  көптеген  шәкірттері  бар,  солар  оның 

ісін  жалғастырады  деген  сенім  бар.  Ал  оның  еңбектері  еліне, 

халқына, отанына әлі де ұзақ уақыт қызмет етіп, пайдалы бола-

тыны күмәнсіз. Ендеше, оның есімі ұмытылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет