Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов


Голоса Сибири: литературный альманах



Pdf көрінісі
бет21/32
Дата22.12.2016
өлшемі3,95 Mb.
#48
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32

 

Голоса Сибири: литературный альманах. 

– Выпуск восьмой 

/ сос. М. Кушникова, В. Тогулев. 

– Кемерово: Кузбассвузиздат, 2008. – С. 557-571.

352

КіРіСПе СөЗ

(Абай поэзиясының табиғаты туралы тезистер)

Бүгінгі  біздің  конференциямыз  –  абайтану  тарихы  үшін 

айтулы  оқиға.  1909  жылы  Абай  шығармаларының  жеке  кітап 

болып  баспадан  шыққаны  –  ұлы  ақын  мұрасын  танып-білуде, 

зерттеуде,  насихаттауда  үлкен  рөл  атқарды.  Содан  бері  Абай 

шығармалары  жеке  том  болып,  бірде  академиялық  түрде,  бірде 

ғылыми-көпшілік  түрде  1916,  1922,  1933,  1939–1940,  1945,  1954, 

1957,  1961,  1977,  1995  жылдары  он  рет  жарық  көрген  екен.  Әр 

басылым  сайын  ақын  мұрасы  толықтырылып,  жинақтарға 

енгізілген шығармаларға тиісті дәрежеде түсінік беріліп, ілкі ба-

сылымдармен  салыстырылып  отырған.  олардың  біреуі  жақсы, 

біреуі  нашар  деп  бағалау  дұрыс  болмас  еді,  әрқайсысының  өз 

орны бар. дей тұрғанмен, 1933 және 1957 жылғы басылымдарды 

Мұхтар Әуезов жүзеге асырғанына айрықша мән беруіміз керек, 

өйткені бүкіл өмірін Абайды зерттеуге, оны ғылыми еңбектерінде 

де, көркем шығармашылығында да насихаттауға арнаған Мұхаң 

ұлы  ақынның  әр  сөзіне  үңіле  қараған,  жан-жақты  зерттеген. 

оның  үстіне  Мұхтар  Әуезов  бала  кезінен  Абай  поэзиясымен 

сусындаған, хатты сол арқылы таныған. демек, Абай дүниесі – 

Мұхаңның рухани әлемі.

Ал, 1909 жылғы жинаққа келсек, оның жарыққа шығу тарихы 

белгілі. осы 100 жылдықты пайдаланып, біздің Институт сол 1909 

жылғы кітапты сол күйінде, факсимиле шартымен қайтадан жа-

риялап отыр. Ғылымның талабы бойынша араб әрпімен басылған 

мәтіндер  еш  өзгертілмей  кириллицаға  аударылды.  Әр  өлең  1995 

жылғы соңғы академиялық басылыммен салыстырылып, ондағы 

өзгерістер  әр  бетте  көрсетіліп  отырды.  Енді  мамандар  да,  жай 

оқырмандар да Абай шығармаларының алғашқы басылымын сол 

күйінде оқып, кейінгі басылымдардағы түзетулердің мәнісін ұғуға 

мүмкіндік  алады.  Мұның  өзі  абайтануды  дамыта  түсуге  ықпал 

етеді  деп  ойлаймыз.  1909  жылғы  жинақты  оқып  отырып,  Абай 

поэзиясын тағы бір шолып шығу мүмкіндігіне ие болдық. Соның 

арқасында  Абайды  басқа  бір  қырынан  тануға,  яғни  поэзиялық 

тұлға ретінде түсінуге болатынын байқадық. Абайды көбінесе де-

мократ, гуманист, ойшыл деп әлеуметтік-философиялық жағынан 

бағалап  келсек,  енді  оны  ақын  ретінде,  оның  поэзиясының 

құдыреті  неде  деген  тұрғыда  қарастыру  қажеттігі  туды.  осы 



353

ойдың алғашқы көріністерін тезис формасында назарларыңызға 

ұсынуды жөн көрдім.

Құрметті әріптестер! Абай шығармашылығының ең басты си-

паты қандай десек, ол – жаңашылдық, шыншылдық, сыншылдық 

және  сыршылдық.  Бұл  қасиеттердің  жекелеген  түрі  бұрынғы 

әдебиетте де болған, айталық, шыншылдық, ол терең түрде бол-

маса  да,  жыраулар  мен  ақындар  поэзиясында  болды,  бірақ  ол 

басқа  формада,  яғни  болмысты  көбінесе  сырттай  сипаттау,  яки 

болмаса  өткенмен  салыстырма  түрінде  болатын,  сол  себепті 

онда  кейде  утопия  да  ұшырасатын.  Ал,  Абайдың  шыншылдығы 

басқа деңгейде, ол жалаң емес, жаңағы аталған жаңашылдықпен, 

сыншылдықпен, сыршылдықпен біртұтас байланыста, бұлар бір-

бірінен нәр алып, біріне-бірі әсер етіп тұрады, сөйтіп ажырамас 

көркемдік  жүйе  құрайды.  Солай  болса  да  бәрінің  түбірі,  табан 

тірер  тұғыры,  негізі  әрі  тірегі  –  жаңашылдық.  оның  бірнеше 

себебі бар: экономикалық, әлеуметтік, тарихи, мәдени.

Бәріміз  жақсы  білеміз  –  Абайдың  шығармашылық  апогейі 

–  ХІХ  ғасырдың  соңғы  он  бес  жылына  тұспа-тұс  келді.  Бұл 

кезең  –  Ресейге  толық  бодан  болған  қазақ  еліне  қайшылығы 

мол  жаңалықтар,  өзгерістер  әкелген  дәуір  болатын.  Ресейдің 

ішкі  администрациялық  жүйесі  еніп,  халықтың  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан өмір салтын, қоғамдық құрылымын, әдет-ғұрпын бұза 

бастады, елдің ішкі тіршілігі, адамдардың өзара қатынасы, – бәрі 

басқаша сипат алды. Мұның бәрі, сөз жоқ, дәстүрлі мәдениет пен 

әдебиетке жаңа эстетикалық міндет пен мақсат жүктеді. Ежелден 

келе жатқан халық әдебиеті мен ақындар поэзиясы жаңа үрдісті 

толықтай қабылдай алмады, әрі оны толыққанды, өзгерген ұғымға 

сай етіп бейнелей алмады. Өмір жаңа әдісті, жаңа стильді, жаңа 

түрді, жаңа тақырыптарды талап етті, ал мұның өзі, түптеп келген-

де, жаңа әдебиетті туғызды. Бұл тарихи миссия Абайға бұйырды. 

ол қазақ қоғамы үшін тарихи қажеттілікті жақсы түсінді де осы 

миссияны орындауды, бар ауыртпалығымен, қиындығымен бірге, 

мойнына  алды.  Сөйтіп,  Абай  жаңа  әдебиеттің  негізін  қалады, 

жаңа  тақырыптарды  ашты,  оларды  тиісті  дәрежеде  суреттеу 

үшін  жаңа  әдісті,  жаңа  стильді,  жаңа  өлең  өрнектерін  тапты. 

Мұның бәрі ұлы ақынды үнемі ізденістерге итермеледі, жаңашыл 

болуға  мәжбүрледі.  Әрине,  бұл  жолда  ол  өзінің  уыз  сусыны  – 

халық  поэзиясынан  –  ақын,  жыраулардан  және  Шығыс  пен 

Батыс  классиктерінен  үлгі  алды,  алғанын  түгелімен  диірменше 



354

қайта үгіп, жаңаша шығарды. Жаратушы дарытқан ұлы таланты 

бұл  істе  Абайды  мүлде  басқа,  жаңа  бағытқа  сілтеді,  оның  бүкіл 

шығармашылығына жаңашылдық қасиет сыйлады.

осы  жаңашылдық  өз  тарапынан  шыншылдықты  қажет 

етті.  Өз  заманының  болмысын,  күллі  тыныс-тіршілігін  барлық 

қайшылығымен,  қуанышымен,  күйзелісімен  түгелдей  терең 

де  жан-жақты  бейнелеуді  ақын  өзінің  басты  міндеті  деп 

білді.  Өмірде  болып  жатқан  өзгерістерді  Абай  екіұдай  түрде 

қабылдады. Бір жағынан, келіп жатқан жаңалықтардың ұтымды, 

позитивті  жақтарын  мақұл  көрсе,  екінші  жағынан,  зиянды, 

негативті  жақтарын  қабылдамай,  сынға  алды.  Сол  тұстағы 

қазақ  қауымының  тіршілігі  мен  сана-сезімінде  орын  алған 

қайшылықтарды,  жағымсыз  жайттарды  ащы  шындықпен, 

қанын  шығара  көрсетті.  Ресей  отарлауының  кесірінен  болып 

жатқан қазақ арасындағы жосықсыз мінездер мен іс-әрекеттер, 

сондай-ақ  отаршылдардың  озбырлықтары  мен  аярлығы  қазақ 

қоғамын  шірітуге  айналғанын  ашына,  күйзеле  айтты.  Бұған  бір 

жағы  қазақтың  өз  ішіндегі  алауыздығы  мен  берекесіздігі  кінәлі 

екенін көріп, соның шындығын жаны қинала ашып, жалаңаштап 

көрсетті.  Қазақ  жұртының  айығуы  қиын  дертке  ұшырағанын, 

қазақ өмірінің барлық саласы басқа арнаға түскенін, адамдардың 

пиғылы өзгергенін дәл Абайдай ашық түрде бар шындықты жай-

ып салған ақын ХІХ ғасырда болған жоқ.

Абайдың  осы  шыншылдығы  сыншылыққа  ұласты.  Өзі 

көріп  жүрген  күллі  жамандықты,  куә  болған  заңсыздықтарды, 

озбырлықты,  ел  ішіндегі  екіжүзділікті,  арамдықты,  тағы 

басқаларды ол шыншылдықпен суреттеп қана қоймай, ащы сынға 

алды, аямай түйреді. Қазақты дәл Абайдай ешкім сынаған емес. 

Бұдан ол қазақ халқын жек көрді деген ой тумауға тиіс. Керісінше, 

ақын  өз  халқын  жанындай  сүйді,  қауымның  кемшіліктерін 

сынау  арқылы  халқын  жетілдіргісі  келді,  ширатқысы  келді, 

сондықтан  да  ол  жаңа  өмірге  сай  болуға,  білімге,  рухани  өсуге, 

азаматкерлікке  (гражданственность)  шақырды.  Жеке  адамның 

да,  жалпы  қауымның  да  кемшілігін  сынауды  Абай  –  қазақ 

қоғамын  түзетудің  құралы,  амалы  деп  білді.  Жеке  адам  арқылы 

бүкіл  жұртқа  ортақ  келеңсіздіктерді  жою,  сөйтіп  қазақты  жаңа 

сапаға көтеріп, өз жағдайы үшін, әділет үшін күресе алатын, отар-

шылдармен тең сөйлесіп, керек болса тойтарыс беруге жарайтын 

азаматты  қалыптастыру  –  Абай  үшін  үлкен  арман,  зор  мақсат 



355

болды.  Міне,  Абай  сыншылдығының  детерминдік  мәні  осында 

жатқан тәрізді.

Абай  поэзиясын  ерекшелендіріп  тұратын  тағы  бір  қасиеті 

–  сыршылдық.  оған  дейінгі  поэзияда  адамның  ішкі  дүниесіне, 

жан сезіміне тереңдей бойлап, түкпіріне үңіліп, әр сәттегі көңіл-

күйін  сипаттап,  өзінің  де,  өзгенің  де  басында  болатын  алуан 

түрлі психологиялық жағдайды суреттеу болған емес. Автордың 

және лирикалық кейіпкердің жан сырын, көңілдегі ойын, жүрек 

лүпілін, ғашықтық сезімін, күйінішін, ренішін дәл басып, айқара 

ашып суреттеу – қазақ поэзиясына сыршылдықтың ең нәзік әрі 

ойлы түрін енгізу болды. Ақынның сезімге толы өлеңдерін оқыған 

шақта  адамның  көкірегінде  жатқан  шерді  де,  көңілдегі  ойды 

да,  ешкімге  жария  етпейтін  құпия  сырды  да  өзіңнің  басыңнан 

кешіргендей  боласың.  осы  шығармалардан  адамның  жан  раха-

ты  неде  екенін,  жан  сұлулығы  мен  тән  сұлулығы  біртұтас  болу 

керектігін көресің, ойға қаласың және ұғынасың.

Абай шығармаларын оқып қана қоймай, оны түсініп, түйсініп 

ойлансақ,  ұлы  ақынның  тағылымы  қандай,  одан  әрбір  ұрпақ, 

соның  ішінде  біз  де  нені  ұлағат  етуіміз  керек,  нені  үйреніп, 

бойымызға сіңіруіміз қажет деген мәселе – өте актуальді екенін 

айтуымыз керек. Меніңше, Абайдың бізге қалдырған өсиеті – ең 

алдымен адамды, сол арқылы қоғамды түзету, жетілдіру сияқты. 

ол үшін не істеу керектігін Абайдан табамыз. олар:

1. Үнемі іздену, жаңалыққа ұмтылу, өмір талабына сай болу, 

яғни жетіле түсу, өсу;

2. Үнемі өзіңе сын көзбен қарау, кемшілігіңді көре білу, соны 

түзетуге тырысу;

3.  Қандай  ащы  болса  да,  шындықты  айта  білу,  яғни 

азаматкерлік (гражданственность) таныту;

4.  Адамды,  табиғатты  аялау.  Басқа  жанды  бағалай  білу,  оны 

түсіне білу, оның сезімін, ой-өрісін ұғу, қастерлеу;

5.  Қоғамға  пайдалы  болу,  оның  лайықты  мүшесі  болу  және 

оны жетілдіруге жұмыс істеу.

Құрметті  әріптестер!  Абай  поэзиясын  қайта  бір  оқып 

шыққанда  туған  ойлар  –  осы  болды.  Бұл  жерде  мен  тезис 

түрінде  айтқан  тұжырымдар  –  ақынға  бұрынғыдай  саяси-

әлеуметтік,  идеологиялық  тұрғыдан  емес,  оның  поэзиясының 

табиғаты, ерекшелігі қандай деген шартқа негізделген көзқарас. 


356

Мен  Абайдың  гуманизмі,  ағартушылығы,  демократтығы  де-

ген  мәселелерге  барғам  жоқ,  себебі  менің  ойлағаным  –  Абай 

тағылымы мен дәстүрін қалай түсінеміз деген проблема еді.

Қадірлі  қауым!  Абайдың  асыл  өлеңдерінің  топталып,  жеке 

жинақ  болып  жарыққа  шыққанының  100  жылдық  құрметіне 

арналған  конференцияны  ашық  деп  жариялауға  рұхсат 

етіңіздер.



Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы: 

Респ. ғыл. теор. конф. материалдары. 

– Алматы: Кие, 2009. – Б. 3-6.

357

ПРИВЕТСТВИЕ УЧАСТНИКАМ И ОРГАНИЗАТОРАМ

В современной мировой ситуации в ракурсе осмысления но-

вых общественных ценностей значительно возрастает роль ли-

тературы и культуры. В наступившем тысячелетии государства 

мирового сообщества осознали важность и приоритетность ду-

ховных ценностей как основы устойчивого развития общества. 

В России высшими судьями всегда были писатели. Казахстан из-

древле оказался вовлеченным в мировой культурный процесс. 

ХIХ век принес в казахскую степь проникновение русской куль-

туры. Творения мировой классики стали знакомы казахскому 

читателю через русский язык. В последние годы в республике по 

инициативе нашего Президента успешно реализуется уникаль-

ный и широкомасштабный проект Государственная программа 

«Культурное наследие».

Каждая культура, вступая во взаимодействие с другой, обо-

гащает ее и существенно раздвигает горизонты познания дей-

ствительности. Расширение культурных контактов, восприятие 

литературы и искусства не только как национального явления, но 

и как органической части мировой культуры, их интернациона-

лизация приобретают все более широкий характер в рамках при-

ближающегося 2010 года, объявленного ООН Международным 

годом сближения культур. Диалог культур и литератур способ-

ствует установлению в мире климата межнационального уваже-

ния и толерантности. 



Диалог культур и литератур. 

Межрегиональная культурно-просветительская акция 

(Кемерово, 23-25 марта 2009 г.). 

– Кемерово: Кузбассвузиздат, 2009. – С.22-23.

 


358

ЭНЦиКЛОПеДия БеТТеРіНеН

Дию (парсы тілінде «дию» – жын, пері) – мифтік кейіпкер. 

денелі,  күшті,  сиқырлы  жан  иесі  түрінде  бейнеленеді.  Иесінің 

(бақсының, т.б.) қалауынша таңғажайып істер істейді-мыс. дию, 

көбінесе, ертегілердің кейіпкерлері түрінде жиі кездеседі. Қазақ 

халқының  қиял-ғажайып  ертегілерінде  дию  кейде  дәу  деп  ата-

лады.


«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы: «Қазақ 

энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. Т.3. 256-б.

ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жан-

ры  –  халық  прозасының  дамыған,  көркемделген  түрі,  яғни 

фольклорлық көркем проза. оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат 

ұсынумен  бірге  эстетикалық  ләззат  беру.  Ертегінің  атқаратын 

қызметі  кең:  ол  әрі  тәрбиелік,  әрі  көркем-эстетикалық  рөл 

атқарады. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі қызметтен 

шығады. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті 

барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. демек ертегі 

шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп 

дәлелдеуге  тырыспайды.  Ертегі  жанрының  пайда  болып, 

қалыптасу тарихы өте ұзақ. оның түп-төркіні – алғашқы қауымда 

туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырым-

дар  мен  аңыздар.  Өзінің  қалыптасу  барысында  ертегі  осы 

жанрлардың  көптеген  белгілерін  бойына  сіңірген.  Бұл 

жанрлардың  кейбірі  өз  бітімін  мүлде  жоғалтып,  толық  ертегіге 

айналған. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу 

процесі  бірнеше  кезеңнен  өткен.  Миф  –  алғашқы  рулық 

қауымның  қасиетті  деп  саналған  құпия  әңгімесі  мен  шежіресі. 

оны  ол  кезде  әркімге  және  әр  жерде  айта  бермеген.  Мифте 

қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайын-

да, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаһармандар 

туралы,  олардың  іс-әрекеттері  жөнінде  фантастикалық  түрде 

баяндалған.  Алайда  ол  заманда  осының  бәрі  ақиқат  деп 

кабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам са-

насы  мен  мүмкіндігі  жетілген  сайын  миф  өзгеріске  ұшырап, 

бірте-бірте  « қасиетті»  сипатынан  айырылған,  құпия  болудан 



359

қалған.  осының  нәтижесінде  мифке  сенушілік  те  әлсіреген, 

ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті 

мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның 

салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан 

айырылған.  Мифтің  себеп-салдарлық  белгісі  жоғалған.  Бірте-

бірте  мифтің  бұрынғы  масштабы  тарылып,  әңгіме  жеке  бір 

адамның  тағдырын  баяндайтын  жағдайға  келеді.  Сөйтіп,  миф 

хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры 

– алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әнгімелері мен 

хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған 

әңгімелер  бірте-бірте  ел  арасына  тараған  сайын  қоспалармен 

толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. осындай 

аңшы  мергендер  жайындағы  әңгімелер  қазақ  ертегілерінің 

құрамында  аз  емес.  Әрине,  олар  біздің  ертегіде  сол  ежелгі 

замандағы  күйінде  емес,  көркем  фольклорға  айналған  формада 

көрінеді.  Алғашқы  қауымда  мифтік  ұғымдар  туғызған  небір 

ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ,

 

жалғыз көзді дәу, албасты, жал-



мауыз  кемпір,  т.  б.)  бұрынғы  аңшылар  әңгімесіне  кірігіп,  хикая 

туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айнала-

ды. оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің 

ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол 

себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайыла-

ды. Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдыр-

ған. Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы 

кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға 

сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, 

сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Ал, көркем фольклор-

лық жанр болып қалыптасқан классикалық ертегіде қиял мақсатты 

түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айна-

лады  және  біршама  өзінше  дамып  отырады.  Ертегідегі  ғажайып 

қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын 

саналы  түрде  басқаша  етіп  көрсетеді,  өйткені  бұл  жанрда 

ғажайыптың  көркем  бейнелеуіш  құрал  ретінде  қолданылады. 

Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің 

өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барын-

ша  әсірелеуге,  ғажайыпты  етуге  күш  салады.  Сонымен.  бірге 

ертегідегі  оқиғалар  мен  іс-әрекеттердің  қаншалықты  әсерлі  бо-

луы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ, тыңдаушыға да, ертегінің ай-

тылу жағдайына да байланысты. Ертегіде қиял мен ғажайып әрі 



360

идеялық  та  мақсатта  қолданылады,  себебі  классикалық  ертегі 

адамның рухани азығы болуымен қатар идеологиялық та қызмет 

атқарған.  Ертегінің  көркем  баяндалуында  сюжеттен  де  гөрі 

композицияның  рөлі  артығырақ,  ертегінің  композициясы  бас 

қаһарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп ол белгілі бір схе-

ма бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық 

және көркемдік тұтастық береді. осы тұтастық бұл жанрға басқа 

да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың 

бірлігі  әрі  тұрақтылығы,  уақыттың  тұйық  болуы,  көркем 

шарттылықтың  міндеттілігі,  ауызекі  сөйлеу  тіліне  сәйкестігі, 

тұрақты  тіркестердің  колданылуы,  т.т.  Ертегінің  поэтикасы  мен 

компо

зициясы


  көркем  әрі  жүйелі.  Композициясы  бірнеше 

бөлшектен  тұрады:  бастама  –  эпикалық  баяндау  –  аяқтау.  Ба-

стама, әдетте өлең, немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің 

ата-анасы,  оның  дүниеге  келуі  туралы  айтып,  тыңдаушыларды 

бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаһарманның 

өсуін,  үйлену  тарихын,  оның  бастан  кешкендерін  әңгімелейді. 

Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып, немесе ойлағанын іске асы-

рып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау көбінесе 

тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жан-

ры  әр  дәуірдің,  әр  қоғамның  болмысы  мен  түсініктерінің,  на-

нымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалған біздің заманымызға 

жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол 

шақтағы  әдеттер  мен  нанымдар,  салт-дәстүрлер,  тұрмыс  кейпі 

көбірек  көрініс  тапқан.  Қазақ  ертегілері  жанрлық  әрі  сюжеттік 

құрамы  жағынан  әр  алуан.  ол  іштей  бірнеше  жанрға  бөлінеді: 

жануарлар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, батырлық 

ертегілер,  хикаялық  ертегілер,  сатиралық  ертегілер.  Сюжеттері 

тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ 

сюжетке  құрылған  ертегілер  де  бар.  олардың  көбі  тарихи-

типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетикалық, 

яғни  туыс  халықтарға  ортақ  болып  табылады,  кейбірі  тарихи-

мәдени  байланыс  нәтижесінде  қазақ  жұртына  тараған.  Сол 

себебті  қазақ  ертегілерінде  таза  ұлттық  та,  халықаралық  та, 

көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. Қазақ ертегілерінің жи-

налуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғасырдың 2-жартысында ба-

сталды.  Алғашқы  жүз  жылда,  негізінен,  Қазақстанға  Ресейден 

келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-

ғұрпы  туралы  деректер  жинап,  солардың  қатарында  фольклор 



361

жайында  жалпылама  мәліметтер  жариялап  жүрді.  Ертегілердің 

көбірек жиналып, жарық көрген тұсы – 19 ғасырдың 2-жартысы. 

Бұл  кезенде  қазақ  ертегілерін  ғылыми  мақсатта  жариялаған 

жинақтар  да  болды.  Әсіресе,  в.  Радлов,  И.Березин,  Ы.  Алтынса-

рин, я. лютш, Г. Потанин, М. Миропиев, А.васильев, А. Алекто-

ров,  Ә.  диваев  жинақтарында  ертегілердің  көптеген  мәтіндері 

жарық  көріп,  олар  туралы  азды-көпті  ғылыми  пікір  айтылды. 

Аталған  жинаушы  жариялаушылардың  ғалымдық  деңгейі, 

ғылыми  түсінігі  әр  түрлі  болғандықтан  ертегі  мәтіндері  әр  түрлі 

көзқарас  тұрғысынан  бағаланды.  Соған  қарамастан  біраз  ертегі 

жарық  көрді,  ғылыми  айналымға  енді.  Соның  арқасында  қазақ 

ертегілері Потаниннің, Радловтың, в. Стасовтың, А. веселовский-

лердің  кең  масштабты  ғылыми  зерттеулеріне  ілікті.  Бұл  шақта 

ертегілерді  қазақ  оқығандары  да,  ақындары  да  жинастырып, 

«дала  уалаятының  газетінде»  жекелеген  мәтіндерді  жарыққа 

шығарды. Әсіресе, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ертегілерді арнайы 

түрде жариялап отырды. Ш. уәлиханов бастаған зерттеу ісін Ал-

тынсарин,  Абай  Құнанбаев,  Ә.  Бөкейхановтар  жалғастырды. 

Ертегілерді ғылыми әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, 

зерттеу  жұмысы  20  ғасырда  кең  жолға  қойылды.  Бұл  ғасырдың 

40–50-жылдарына  дейін  ертегілер,  көбінесе,  оқу-ағарату  мәсе-

лесі  тұрғысынан  жарияланып,  оқулықтарда,  жекелеген  мақала 

мен  кітаптарда  арнайы  қарастырылды.  осы  тұста  А.  Байтұрсы-

новтың,  Х.  досмұхамедовтің,  М.  Әуезовтің,  С.  Сейфуллиннің 

оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С. Мұқановтың, Б. Кен-

жебаевтың, Е. Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклорта-

нуы, ертегі жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады. Бірақ 

аталған  авторлар  ертегіні  түсінуде,  талдауда  әркелкі  түсінік 

көрсетті.  Әсіресе,  ертегіні  таза  таптық  тұрғыдан  бағалау  етек 

алып,  оның  көптеген  нұсқалары  талдаудан  тыс  қалды,  тіпті 

мәтіндерге  редакциялық  түзетулер  де  енгізілді.  осы  үрдіс  ХХ 

ғасырдың  60-жылдарына  дейін  жалғасып,  жарық  көрген 

мәтіндерге  таптық  сипат  берілді,  ал  зерттеу  еңбектер  тұрпайы 

социологиялық  бағытта  болды.  1960  жылдан  бастап  ертегілер 

жанрын  зерттеу  ғылыми  негізге  түсті.  Бұл  салада  Әуезов  пен 

Ысмайловтың,  в.  Сидельниковтың,  М.  Ғабдуллиннің  еңбектері 

айрықша  болды.  олар  ертегілердің  қазақша  үш,  орысша  үш  то-

мын  жариялап,  бұл  жанр  туралы  жаңаша  ой  толғап,  көлемді 

мақалалар  жазды  және  мәтіндерге  түсініктер  берді.  Ертегілер 



362

1960  ж.  басылып  шыққан  «Қазақ  әдебиетінің  тарихына»  жеке 

бөлім болып енді (авторы – Әуезов). Ертегі жанрына Ғабдуллиннің 

жоғары  оқу  орнына  арналған  оқулығында  н.  Смирнованың 

кітабында, орыс тілінде жарық көрген «История казахской лите-

ратуры» атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тарау-

лар  берілді  (авторы  –  Е.  Костюхин)  ертегіні  сала-салаға  бөліп, 

тереңдете типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға 

алынды. С. Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е. тұрсы-

новтың тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған моногра-

фиялары 1972–73 ж. баспадан шықты. 1979 ж. хайуанаттар тура-

лы  ертегілердің  тұңғыш  академиялық  басылымы  жарық  көрді. 

Ертегі жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде «Қазақтың халық 

прозасы» атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 ж. Қазақстан ҒА-ның 

Ш.  уәлиханов  атындағы  сыйлық  берілді  (авторы  –  С.  Қасқа-

басов).  Қазақ  ертегітануы  ұлттық  фольклор  туралы  ғылымы-

мыздың үлкен де маңызды бір саласына айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет