Ғылым министірлігі


Ашық (кездейсоқ) монополия



бет5/12
Дата29.11.2023
өлшемі237,27 Kb.
#131270
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жұмағали Ақбота микроэкономика срс

Ашық (кездейсоқ) монополия – берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы (заңдық шектеулер көмегімен) қорғанышы жоқ болатын жағдай.

Таза монополияның тауарына деген сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады, сондықтан фирма өнім шығару көлемін бақылай отырып, бағаға ықпалын тигізе алады. Егер сатушы өз тауарының өндіріс көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.
Кейбір жағдайларда таза монополия бағалық дискриминация саясатын жүргізе алады, яғни сатып алушылардың әртүрлі тобына сапасы да, шығындар деңгейі де бірдей тауарларды әртүрлі бағамен сата алады.
Бағалық дискриминация – монополист-фирманың сапалары бірдей болып табылатын берілген тауар немесе қызмет бірлігінің көлемін берілген шығындар деңгейінде әртүрлі бағалар бойынша әртүрлі тұтынушыларға сатуын немесе сата алуын сипаттайтын монополиялық тәжірибе.
Бағалық дискриминацияны іске асырудың шарттары:

  1. Тұтынушының монополиядан сатып алған тауарын қайтадан сатып жіберуге мүмкіндігінің болмауы.

  2. Қарастырып отырған тауарды тұтынатын сатып алушыларды сатып алу қабілетіне қарай түрлі топтарға бөлу мүмкіндігінің болуы.

Монополиялық билік – бұл фирманың нарықта сатылатын тауарының санын өзгерту арқылы өзінің тауарының бағасына ықпал ету қабілеті.
 
Жетілген бәсеке жағдайында баға шекті шығындар шамасына тең және осы жағдайда Лернер индексі 0-ге тең болады. Баға шекті шығындардан асып кеткен жағдайда индекс нөл мен бірдің аралығын- да (0 < L < 1) орналасқан оң мәнге ие болады. Индекс 1-ге жақындаған сайын фирма монополиялық биліктің үлкен көлеміне жақындайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет