Ғылым министірлігі



бет7/12
Дата29.11.2023
өлшемі237,27 Kb.
#131270
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Олигополия шешім қабылдау кезінде өздерінің бәсекелестері- нің мүмкін болатын іс-қимылдарын есепке алатын, бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынаста әрекет ететін фирмалардың саны шектеулі және санаулы болып табылатын жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның бір типі.

Олигополия нарығы моделінің түрлері:

  1. Табиғи олигополия – ұзақ мерзімдік ең төменгі орташа шығындармен барлық нарыққа өнімнің белгілі бір түрін бірнеше фирмалардың сатуымен ерекшеленетін олигополияның бір түрі.

  2. Таза (стандартталған) олигополия – біртекті (стандартты) өнімді (мысалы, металл, шикі мұнай, т.б.) өндіруді жоспарлаған бірнеше ірі фирмалардың нарықта әрекет етуін сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.

  3. Ерекшеленген (дифференциацияланған) олигополия – нарыққа әртүрлі (ерекшеленген) өнімдерді (мысалы, автомобиль, тұрмыстық техника, т.б.) бірнеше ірі фирмалардың шығарып сатуын сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.

Олигополия нарығының негізгі ерекшеліктері:

  1. Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес;

  2. Олигополиялық фирмалардың нарықтық үлестері көп болады, сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады;

  3. Осындай әрбір фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған болады;

  4. Олигополиялық нарықтың басты сипаты – фирмалар бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Баға мен өнім көлемін анықтағанда әрбір фирма өзінің бәсекелестерінің ықтимал реакциясын ескеруге мәжбүр болады;

  5. Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер қойылады.

Жалпы өзара байланыстың салдары:
1)сұранысты бағалау қиындығы;
2)шекті түсімді анықтауға болмайды;
3)тепе-теңдік баға (P*) мен тепе-теңдік сату көлемін (Q*) анықтау мүмкіндігі жоқ.
Нарық іс-әрекетінің осындай белгісіздігінен олигополия үлгісінің көптігі туындайды, олар кооперативтік және кооперативтік емес іс- әрекет модельдеріне бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет