Жасанды (заңды немесе құқықтық) тосқауылдар– институционалдық жолмен құрылатын, мысалы, үкімет іс- әрекеттерінің салдарынан (патенттер, лицензиялар немесе монополисттің әділетсіз іс-әрекеттері) туындайды.
Таза монополия– бұл жетілген бәсекеге қарама-қарсы болып табылатын нарықтық құрылымның ең шеткі түрі. Тағы бір айта кететін жайт, монополист-фирмалар өз өнімінің бағасына бақылау жүргізе алғандықтан, оларды «баға іздеушілер» немесе «жетілмеген бәсекелес фирма» деп те атайды. Яғни монополист жетілген бәсекелес фирмаға («баға қабылдаушыларға») қарағанда өз пайдасын максималды дәрежеге жеткізе алатын тиімді баға деңгейін іздейді және соны саналы түрде тағайындайды. Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның мынадай түрлері болады: Жабық (жасанды) монополия– бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған монополияның бір түрі.
Табиғи (мемлекеттік) монополия– белгілі бір өнімнің көлемін бір фирманың өндіруі және оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен гөрі арзанға түсетін өндіріс саласы.