Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі


XIV-XV ғғ. Моғолстан құрамындағы оңтүстік-шығыс Қазақстан



бет39/158
Дата20.12.2023
өлшемі491,12 Kb.
#141286
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   158
Байланысты:
тарих

35. XIV-XV ғғ. Моғолстан құрамындағы оңтүстік-шығыс Қазақстан. 1456 ж. Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайп.н бастап шығ Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне, Моғолстан жеріне таман қоныс аударуы қазақ ханд-ң құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығ бөлігі – Оңт. Шығ. Қ. мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылды. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында құрылған.Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. +Моғолстан шекарасы Мұхаммед Хайдардың "Тарих-и-Рашиди" атты кітабында былай баяндалады: "Қазір Моғолстан деп аталатын жер аумағының ені мен ұзындығы 7-8 айға созылатын жолды көрсетеді. Моғол.ң шығ шеті қалмақтар жеріне кіріп жатыр, ол өзіне Барс көл, Еміл, Ертісті қосып алады. Солт/нде Көкше теңізбен (Балқаш көлі), Бом және Қараталмен, батысында Түркістан және Ташкентпен, оңтүстігінде Ферғана, Қашқар, Ақсу, Шалыс және Турфанмен шектеседі". Яғни сол кездегі Моғ-ға қазіргі Оңтүстік-шығыс және Оңт.Қ. жер аумағы кірген. Одан әрі қарай Хайдар былай жалғастырады: "Моғолстанда үлкен өзендер көп, үлкендігі Джейхунға (Әмудария) ұқсайды. Олардың ішінде Іле, Еміл, Ертіс, Шұйлық және Нарын бар. Бұл өзендер Сырдариядан кем түспейді. Бұл өзендердің көп бөлігі Көкше теңіз (Балқаш) көліне құяды, ол Моғолстан мен Өзбек ұлысының ортасын да бөліп тұрады". Бұл мем. Шағатай ұлысының бір бөлігі еді, ал екінші бөлгінде Мауереннахр өмір сүріп жатты.Моғ. ортағасырлық авторлардың тарихи деректерінде мем. өзінің құрылу кезеңдеріне қарай "моғол" атты этникалық-саяси бір тұтастыққа енудің ұзақ араласу және сіңісу процесінен өткен жергілікті түрік және түріктенген моңғол тайпң мемлекеттік-саяси бірлестігі болып көрінеді. Оған кіретін тайпалар: дулаттар, албандар, суандар, қаңлылар, керейлер, арғындар, барластар т.б. Моғолстан ордасының орныққан орталығы Алмалық қаласы 1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет