79.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары. 1861ж Орынбор губернаторы қызметін уақытша атқарған генерал А.П.Безак Катениннің саяси бағытын жалғастырып, әскери министр Милютинді Орта Азия хандықтарына қатысты әскери шараны қолдау қажеттігіне сендірді. А.П.Безак Сырд өзені бойымен Ресей шекарасын құрудағы өзінің ұсынысын дәлелдеп, әскери қимыл/дың Орынбор мен Сібір линиясын тез арада қосуға бағытталуын айтты. А.П.Безак тек Түркістанды басып алумен шектелмей, Орынбор мен Сібір линиясын қосатын жер Ташкентті де басып алуды ұсынады. Бұл тапсырма/ды жүзеге асыруды ол Ресей үшін бірнеше пайдамен байланыстырды . Ресейдің Оңт Қаз-ы экспансиясы және де Ақмешітті, Түркістанды, Әулие-Атаны, Шымкентті қорғаушы/ды талқандауы ерекше қатыгезділікпен жүргізілді. Шымкент алынғаннан кейін орыс үкіметінде Орта Азияға қатысты әскери және саяси шара/ бойынша қарама-қайшылық күшейді. Континенттегі халықаралық жағдайдың шиелінісуін ескеріп, А.М.Горчаков Орт Шығ-ы Ресейдің бірдей саяси бағытын жүргізу қажеттігіне сенді. 1864 ж қарашада Сыртқы істер министрлікпен бірігіп патшаға ортаазиялық аймақтағы қимылдардың нақты бағдарламасы көрсетілген, арнайы баяндаманы дайындады. Орт Азиядағы орыс үкіметінің экспансиялық саясатын ақтап, екі министрлік те оның сипатын Ресейге бағынышты территориядағы көшпенді/дің шапқыншылық/ынан елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «қорғаныс» бағытында көрсетті. Сол уақыттағы баяндамада төмендегі жайт сенімді айтылған: басып алынған аймақта Ресей позициясын күшейту қажеттілігі, алдағы шапқыншылық/дан бас тарту, Орта Азиялық билеушілермен адал қатынасты сақтауға және о/ға орыс/ жағынан «ықпалдастықты» күшейту. 1864ж 21 қарашада екі министрліктің жоспарын патша мақұлдап, Орта Азиялық мәселе бойынша үкіметтік бағдарлама маңызға ие болды. Алайда ақырында Орынбор мен Омбыда жергілікті әкімшілік орган/ әскери топ/ Петербург кабинетінің «үнсіз келісуімен бірнеше рет бұл бағдарламадан бас тартып отырды». Ташкенттің болашақтағы құқықтық мәртебесі жөнінде көпке созылмаған пікір сайыс/дан кейін 1866ж жазда ІІ Александр оны Ресей құрамына қосу туралы ереже шығарды. Бір жылдан соң 1867ж шілде айында қайта құрылған Жетісу мен Сырд облыс/ы кірген орталығы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығын құру туралы заң жариялайды. Оңт Қаз-а Ресейдің мем-к әкімшілік жүйесінің тарауы мен оны үлкен этникалық империя құрамына қосуға дайындалды. Содан бері Қаз-н Ресейдің отарлық шебіне айналды