Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі


XIXғ.аяғы- XXғ.басында орыс шаруаларын Ресейден Қ-ға қоныс аудару



бет77/158
Дата20.12.2023
өлшемі491,12 Kb.
#141286
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   158
Байланысты:
тарих

83.XIXғ.аяғы- XXғ.басында орыс шаруаларын Ресейден Қ-ға қоныс аудару.ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясында таптық күрес шиеленісе түсті. Патша үкіметі осы таптық күресті шешу мақсатында қазақтардан көптеген жаңа жерлерді тартып алып, оған Ресейден орыс шаруаларын жаппай қоныс аудара бастады. Ресейден қоныс аударған шару-р салықтан, әскерден босатылды. Оларға алғашқы кезде ақшалай жәрдем берді. Бұл Қ-ға қоныс аударған орыс шаруалары Ресей империясының Қ-ды отарлауының тірегі б/ы.Орыс шаруаларын Қ-ға қоныс аудару, әсіресе Столыпинның аграрлық саясаты кезінде кең өрістеді. Бір ғана 1906 жылдан 1907 жылға дейінгі аралықта қазақтардан 17 миллион десятина құнарлы жер тартып алынды. Қазақ-ды құмды, шөлейт жерлерге ығыстырып тастады. Бұл қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына алып келді.Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қ.ға көбінесе Р/ден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан баст. жағдай түбегейлі өзгерді. Рес. шару-н қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мем-к тұрғыда қолға алынды.Мұның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1861 жылы Р-де шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуел/тен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды н/е ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қ. мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қаб/ы. Екіншіден, Р. империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет