Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі


Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы



бет92/158
Дата20.12.2023
өлшемі491,12 Kb.
#141286
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   158
Байланысты:
тарих

99. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы. Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен аз. Соғ. арасында ешбір дәл шекара болған емес. Кеңес үкіметінің белсенді әрекеттеріне қарамастан, Қ/да аз. Соғ.ң ошақтары өте тез п.б: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың басшылығымен ақ гвардия әскерлері Орынбордагы Кеңес күштерін шегіндіріп, билікті басып алды. Сол айда Жетісуда казак әскерлері кеңесінің "әскери үкіметі" және революцияға қарсы ошақ Оралда да құрылды. Құрылған облыстық әскери үкімет көп ұзамай жергілікті кеңесті таратты, өкіметті басып алды. Сөйтіп, Верныйда және Орал қалаларында ақгвардия диктатурасы орнатылды. Бұл үш "әскери үкімет" Қазақстанда кеңес өкіметіне қарсы қозғалыстың басты күші болып табылды. Олар ақгвардиялык офицерлерге, ауыл-село шаруаларына сүйенді және меньшевиктер мен "Алаш" партиясының жетекшілерінен қолдау тапты. Аз. сог.ң бастапқы кезеңінде алашордашылар ақтармен одактасып, қызылдарға карсы соғсты. 1918 ж. шілде мен тамызында Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков пен әскери бөлім меңгерушісі капитан Қ. Тоқтамысов Самар мен Омбыда Комуч пен Сібір уақытша үкіметгері әскери ведомстволары өкілдерімен кездесіп, Алаш орданың қарулы күштерін құру жөнінде келіссөздер жүргізді 1918 ж. жазында азамат соғысы өршіп, кең етек алды. Ақ гвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне орай ең басты пәрмеңді күш - Сібір мен Оралда шоғырланган Чехословакия корпусының офицерлері булік шыгаруына байланысты әскери қақтығыстар күшейе түсті. Бұл корпус революцияға дейін Австро-венгрияның түтқын соддаттарынан - чехтар мен словактар қатарынан құрылган еді. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен қоян-қолтық бірлесіп, Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басыл алды.1920 ж. 29 наурызында ең соңғы майдан Солтүстік Жетісу майданы жойылып, Кеңес үкіметі кайтадан қалпына келтірілді.
Сонымен, 1920 жылы азамат соғысы аяқталып, онда кызылдар ақтарды талқандап, жеңіске жетті. Азамат соғысы жылдарындағы кызылдардың жеңісінің себептері: біріншіден, Кеңес өкіметіне қарсы күштер ұйымдасып, бірлесіп қимыл жасай алмады; екіншіден, ақ гвардияшылар өкіметі орнаган жерлерде буқара халыққа карсы бағытталган шаралар жүзеге асырылып, оған керісінше Кеңес өкіметі тарапынан ұлттардьң өзін-өзі билеу кұқығының сөз жүзінде болса да мойындалуы; үшіншіден, Кеңес өкіметінің орта шаруалармен одақ кұруы және 1919 жылы шілдеде Казревком кұрылганда қазактардьң жерге мұқтаждығын өтеу жөнінде сөз болып, Қазақстанға қоныс аударуды тоқтату мәселесі койылды. Түбірлі революцияық сипатта болмағанмен бұл шаралар большевиктерге азамат согысы кезінде ақтар мен қызылдар арасында ауытқыған қазақтардың көмегіне сүйенуге жағдай жасады; төртіншіден, 1919 ж көктемінен бастап, А Байтұрсынов бастаған алашордашылар қызылдар жағына шыкты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет