106. 1924 жылғы ұлттық-территориялық межелеуден кейін ҚазАКСР-ның құрамына қандай қазақ жерлері кірді. Қазақ жерінің қазақ АКСР-інің қарамағына бірігуі. Қазақ халқы-ң байырғы жерін бір респ-ға бірітіру мақ-да Қырғыз (қазақ) әскери – революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ респ-ң шекарасын белгілеумен айналысты. Аумақ мәселесі дау тудырды. Отаршылдық психология санасын меңзегендер Қ-ға Ақмола Орал, Семей обл-ң қосылуына қарсы шықты. Енді біреулер, керісінше, қазақ жерін ғана емес, сон қат респ құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнауыл уезін, Алтай өлкесін және т.б. қосып, араластырып жіберу арқ ұлттық респ-ң болашағын бұлыңғырландыруды көздеді. Орынборды Қ-тан құрамына енгізудің маңызы зор болды. ҚазАКСР-ң тұңғыш астанасы болған Орынбор(1920-1924) оның қалыптасуы мен дамуында елеулі рөл атқарды. РК(б)П ОК мен Бүкілресейлік ОК Қостанай уезі еңбекшілер-ң өтінішін қолдады. Қостанай аймағын Қ-тан құрамына қосу қажет екенін Кеңес үк-і атына жолдаған жазбасында А.Байтұрсынұлы мен М.Сералин жан-жақты дәлелдеп берді. Бат Сібірге еніп, бұрыннан қазақ жері болып келген Ақмола ж/е Семей обл-ры Қ-тан құрамына қосылды. Қазақ АКСР құрамында Семей (павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездері) Ақмола (Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері мен Омбы уезінің бір бөлігі), Торғай (Қостанай Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездері), Орал (Орал, Ілбішін, Темір және Атырау уездері), облыстары сондай – ақ Маңғыстау уезі, Закаспий облысы Красноводск уезінің 4 және 5–адай болыстар болытары, Астрахан губерниясы-ң бір бөлігі (Каспий теңізі-ң солт-шығ жағалауы), Бөкей ордасы және теңіз жағасындағы округтерге жапсарлас жатқан болыстар енді. 1921 жылы Ақмола және Семей обл-ы Сібір ревкомы қарамағынан Қазақ АКСР-іне берілді. Сол жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің декретімен Жайық және Ертіс өзендері бойындағы бұрын казак-р иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды. Орта Азияны ұлттық-мемлкеттік жағынан межелеу барысында Кеңестік Шығыста ұлт респ-ры құрылып, қазақ жер-ң біртұтас Қазақ респ-сы болып қалыптасуы аяқталды. Соның нәт-де Сырдария обл-ң Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзышөл уездері-ң бір бөлігі, Самарқан облысы, Жизақ обл-ң бірнеше болысы, Жетісу обл-ң алматы, Жаркент, Лепсі, қапал уездері, Пішпек уезі-ң бір бөлігі Қ-ға қарады. Респ аумағы 1/3-ге кеңейіп. 2,7 млн шаршы шақырымға жетті, халқы 1 млн 468 мың адамға көбейіп, жалпы саны 5 млн 230 мың адам болды. Қазақтар бүкіл респ халқы-ң 61,3% - ын құрады. 1925ж өткен Кеңестер-ң бүкілқазақстандық V съезі «Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін қырғыздар алдағы уақыттарда қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылданды. Осы жылғы бүкілодақтық Орталық атқару комитетінің қаулысымен Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і деп аталатын болды.