Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі


Түркістандағы ұлттық-мемлекеттік межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі



бет97/158
Дата20.12.2023
өлшемі491,12 Kb.
#141286
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   158
Байланысты:
тарих

105. Түркістандағы ұлттық-мемлекеттік межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі. 1921 жы­лы уез­дер мен гу­бер­ни­ялар­да Кеңес­тер съезі бо­лып өтті. Көпте­ген қыз­меткер­/ жаңа эко­номи­калық са­ясат­тың мәнін түсінбеді, бұрынғысын­ша «әске­ри ком­му­низм» әдіс/імен жұмыс жа­сады. Кеңес­терді құрып, нығай­ту жұмы­сы мақсат­ты түрде жүргізілді. Оған бел­се­не қатысқан қазақ АКСР Ор­та­лық Атқару Ко­митетінің тұңғыш төрағасы С. Мен­де­шев, орын­ба­сары Ә. Жан­келдин, Ішкі істер ха­лық ко­мис­са­ры Ә. Әй­ти­ев және басқа/ы Кеңес­тердің жұмы­сын жан­данды­руға еле­улі еңбек сіңірді. ҚАКСР Ор­та­лық Атқару Ко­митетінің тұңғыш қызыл ке­ру­ені 1922 жы­лы Ә. Жан­келдиннің басқару­ымен ел ара­лауға шықты. 9 ма­мыр­дан 12 ма­усымға дейін ке­ру­ен Орын­бор мен Се­мей ара­лығын­дағы 26 бо­лыс­тың 37 ауылын­да, сон­дай-ақ Екібастұз бен Спасск за­уытын­да бол­ды. Ке­ру­ен Кеңес­/дің іс қағаз­да­рын қазақ тілінде жүргізуді жолға қой­ды. 1922 жы­лы 30 жел­тоқсан­да Мәске­уде өткен Кеңес­тердің Бүкіло­дақтық бірінші съезі Кеңес­/дің Со­ци­алистік Рес­п-р Одағы құрылғанын жа­ри­яла­ды. Басқа да ав­то­номи­ялық Кеңес рес­публи­кала­ры сияқты Қазақ АКСР-да Кеңестік Ре­сей Фе­дера­ци­ясы құра­мын­да Одаққа кірді. Ор­та Азия Кеңес рес­публи­кала­рын ұлттық-мем­ле­кеттік жағынан 1924 ж. жүргізілген ме­желеу рес­публи­ка өміріндегі маңыз­ды оқиға еді. Ұлттық жер­/дің ме­желеуі нәти­жесінде Түркістан АКСР-інің құра­мын­дағы бұрынғы Жетісу және Сыр­да­рия об­л-ң жер­/і Қазақ АКСР-іне қарай­тын бол­ды. Со­ның нәти­жесінде Қазақстан жері 700 мың шақырымға, ал халқы – 1 млн. 468 724 адамға өсіп 5 230 мыңға жетті. Тұрғын­да­ры негізінен орыс­тар бо­лып та­была­тын Орын­бор гу­бер­ни­ясы Қазақстан­нан бөлінді. Рес­п-ң ас­та­насы Қызы­лор­даға (Ақмешіт) көшті. 1925 жы­лы сәуірде Қызы­лор­да­да рес­публи­ка кеңес­/інің бесінші съезі өтті. Ол «Ауылға, қыс­таққа және де­рев­няға бет бұрайық» де­ген ұран негізінде жұмыс істеп, ша­ру­а/ды жер­ге ор­на­лас­ты­ру жұмыс­/ының ке­лелі жос­па­ры, су­лан­ды­ру құры­лысын да­мыту, мем­ле­кеттік және ко­опе­ративтік са­уда­ның рөлін одан әрі нығай­ту, өндірістік серіктік/ді қол­дау мәсе­ле/ін талқыла­ды. Съезд ха­лықтың байырғы та­рихи ата­уы қал­пы­на келтіріліп – қазақ халқы, ал рес­публи­каны – Қазақ АКСР-і деп атау ту­ралы қаулы қабыл­да­ды.1925 жы­лы ақпан­да жаңа қазақ жер­/інің бірігуіне бай­ла­ныс­ты Қазақстан об­лыстық пар­тия ко­митеті өлкелік бо­лып қай­та құрыл­ды. Рес­публи­ка құрылған кез­де не­бары үш-ақ га­зет шықса, 1925 жы­лы «Еңбекші Қазақстан», «На­род­ное хо­зяй­ство Ка­захс­та­на», «Со­ветс­кая степь», «Қызыл Қазақстан» т. б. 13 га­зет пен 5 жур­нал шықты. Кәсіпо­дақтар­дың са­ны өсті. 1925 жы­лы қаңтар­дан қыркүйек­ке дейін кәсіпо­дақтарға мүше бо­лып 20 мыңға жуық жұмыс­шы мен қыз­метші, со­ның ішінде 6 мыңнан ас­там қазақ еңбекшісі өтті. Қазақ әйел­дері қоғам­дық-са­яси жұмысқа бел­се­не ара­лас­ты. 1925 жы­лы қала­дағы және ауыл мен се­лодағы еңбекші әйел­дердің 6,6 мыңы жергілікті кеңес­терге мүше бо­лып сай­лан­ды.Қазақстан­да жаңадан әкімшілік-тер-ға бөлу іске асы­рыл­ды. Осы уақытқа дейін бо­лып кел­ген ал­ты гу­бер­ния, екі ок­руг, отыз екі уезд және 400 бо­лыс­тықтар­дың ор­ны­на 13 об­лыс және 193 аудан құрыл­ды.1929 жы­лы әкімшілік-тер-қ қай­та құру негізінен аяқта­лу­ымен және Түркістан-Сібір темір жо­лының құры­лысы­ның бітуімен бай­ла­ныс­ты Қазақстан Ав­то­номи­ялық Со­веттік Рес­публи­касы­ның ор­та­лығы Қызы­лор­да­дан Ал­ма­ты қала­сына көшірілді. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР-і қүрамына біріктірілуі. Қазақстандағы отаршылдық саясаттың ауыр мұрасы — өлкенің жекелеген әкімшілік-аумактық бөліктердің арасында бөлшектеніп кетуі еді. Қазақ АКСР-інің құрылуы қазақтар мекендеген барлық жерлерді біріктіру проблемасын қойды. 1921 жылы Қазақстанның Бат. мен Солт. және Бат. Сібірде шекаралық мәжелеу болып өтті. Орталық Азияны ұлттық-аумақтық жағынан межелеу мен қазақ жерлерін біріктіруді шешу жөнінде ірлкен дайындық жұмыс/ы жургізілді. Түркістанның кұрамына кірген Жетісу  мен Сырдария обл-н Қазақстанға қосу жөніндегі идея Азамат соғысы кезеңінде- ақ пайда болған-ды. Осы облыс/дағы қазақтар солтүстік облыс/мен бірігіп, бір республиканың құрамында болу тілегін білдірді. Бұл ұлттық республика/дың күшеюіне мүдделі болмаған орталық өкімет орын/-ң жоспарларына сай келді. 1924 жылы 16 қыркуйекте Туркістан. OAK- нің Төтенше сессиясы Орта Азия республ-н ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу жөнінде қаулы қабылдады. Межелеудің нәтижесінде Қазақ АКСР-іне бұрынғы Түркістан, Хорезм жәнеХиуа  республ-ң 1,5 млн-дай адам тұратын 40% аумағы берілді. Қазақстан аумағы 1920 жылғы. 2 млн шаршы шақырымнан 1925 жылы 2,8 млн шаршы шақырымға дейін артты. Қазақ АКСР іне оңтустік аумақтарды қосқан соң оның халқы 1920 жылғы 4,8 млн-нан 1925 жылы 6,5 млн адамға дейін өсті. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеудің нәтижесінде қазақ жерлерін біртұтас кеңестік қазақ мемлекетіне біріктіру аяқталды. Осыған орай Қазақстанның халық саны ұлғайып, аумағы кеңейді, зкономикалық күш-қуаты артты. Қазақ халқының аумактық жағынан бірігуі казак/дың одан әрі біртұтас ұлт болып қалыптасуында, Қазақстан экономикасы мен мәдениетін дамытуда, республиканың ұлттық саясатында маңызды рөл атқарды. Барлық қазақ жер/-ң бір республиканың құрамына бірігуі қазақ халқының тарихындағы айтулы кезең, сол уақыттағы қиыншылық/ға қарамастан қазақ мемлекеттілігінің құрылуындағы өте маңызды қадам болды. Нәтижесінде Қазақ АКСР-інің аумағы едәуір дерлік ұлғайды. 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақ/ Қазақстанның барлық халқының 61,3%-ын құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет