Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет71/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер (1)

Ғылымдағы формализм.
И. Лакатос өз назарын ғылыми формализімге көңіл бөлген. Бұл мәселе «Доказательство и опровержение» деген кітабында тоқталады. Математика философиясының мектебін Лакатос «формализм» мектебі деп атады.
Формализм, Лакатостың айтуынша, математика тарихынан математика философиясын ажыратады. Формализм математика статусын теріске шығарады. Лакатос Канттың сөздерін қайталайды: математика тарихы философияны басқаруынан айырылған, көрсоқырлықпен жасалған.
«Формализм» – дейді Лакатос, - логикалық позитивті философияның берік қамалы.
Лакатостың айтуынша тірі математика үшін альтернативті машина рационализмі керексіз. Формальді емес математиканың зерттеушісі шығармашылықты математикаға бай логиканы ұсынады, бірақ формалистикалық философияға мойындата алмады.
Бірақ, ол математика тарихы мен математикалық жаңалық логикасы, филогенез және математикалық ойлар онтогенезі формализімнен сынаусыз және толығымен бастартып дами алмайды, деп мойындады.
Математикалық формализмнің түп тамыры тереңде жатыр. Ол математиканың догматикалық философияның ұзын шынжырының соңғы звеноларын ұсынады. Екі мың жылдан бері догматиктер мен скептиктер арасында талас болып келеді. Догматиктердің айтуынша, адам интелектуалымен сезімінің күші немесе тек бір сезім, біздер шындыққа жетеміз және біз оған жеттік. Скептиктер, біздер шындыққа жете алмаймыз, немесе әрең жетіуіміз мүмкін, немесе жеткенімізді білмеуіміз мүмкін. Бұл таласта математиктер догматизімнің бір бекінісі болып тұрады. Скептиктердің көптеген бөліктері сананың теориясының догматикалық бекінісінің беріктігіне көз жұмды. И. Лакатос - бұған көз салу бекершілік деген.
Революциялық және революция аралық кезеңдегі ғалымның іс әрекеті.
Революциялық және революция аралық кезеңдегі ғалымның іс әрекеті сұрағында Лакатос кумуллятивті кезең деген түсінікті айтады, революция кезінде теориялар толық біткен формада болады.
Куннан Лакатостың айырмашылығы – революция кезінде пайда болған ғылыми-зерттеу бағдарламасы толығымен аяқталған және толық хатталған болып табылады. Лакатостың айтуынша ғылыми зерттеудің үздіксіздігі революциялықтан кейін кезеңінде зерттеу бағдарламасының басталуында әлі анық болмайды, болашақта айқын емес суреттеледі.
Бағдарлама келесі зерттеулердің жобасы іспетті. Ғылыми-зерттеу бағдарламасынын жетілдірген сайын ол дами береді. Озық даму белгілі бір «қаныққан пункте» аяқталады, одан кейін регресс, яғни кері кеті басталады. Бағдарламаның жағымды эвристикасы шешілетін мәселені анықтайды, сонымен бірге аномалияны болжайды және оларды анықталған шешімге айналдырады. Егер Куннда аномалия парадигмаға сырттай қатысты болса, Лакатостың концепциясында аномалия бағдарламамен болжанады және ғылыми-зерттеудің ішкі іс-әрекеті болып табылады.
Дамыған деген зерттеу бағдарламалардың өзі өзіндік мысалдарын біртіндеп ғанан жеткізе алады. Теоретиктің жұмысы ұзақ зерттеу бағдарламасымен анықталады, сол бағдарламаның мүмкін болатын және болжамдарын айтады.
Бағдарламаның дамуы мен жетілдіру революциядан кейінгі кезеңде ғылыми дамудың ең негізгі, керекті шарттары болып табылады.
Лакатостың ойынша, революция аралық кезеңде ғалымның іс-әрекеті шығармашылық сипат алған. Дәлелдеу барысында революцияның сәлде болса маңызды болуында білімнің тұрақтануы, бұл білім трансформационалданады, өйткені дейді Лакатос адам ешқашан өзі дәлелдеймін дегенін дәлелдемейді. Сонымен бірге логикалық дәлелдің мақсаты, сенімге жету емес, сенімсіздікті болып табылмайды.
Кунның айтуынша, барлық жаңа және анықталған жаңа парадигмалар, келесі басауыртар мәселерді шешу кезінде парадигмаға деген сенімді бекітеді, оған ғылыми қоғамның барлық мүшелері іс-әректі бекітілген.
Лакатоста зерттеу бағдарламасының сыншыл алғашқы вариантының дәлелдердің процедурасы оған сенуге емес, күдіктенуге әкеледі, жаңадан қайта жасауға, жетілдіруге, оның жабық тұрған мүмкіндіктерін ашуға тырысады. Өз кітабында Лакатос білімнің өсуі дәлелдемелер мен бас тарту арқылы қандай жағдайда жүзеге асады, нәтижесінде шыққан пікір таластар өзгереді және алғашқы айтылған дәлелдер дәлелденбейді, - деп сараптайды.
Лакатоста Кунға қарағанда революциялық ғылыми-зерттеу іс-әрекетті революция аралық кезеңде ғалымның тікелей қарама-қарсы әрекеті болып табылмайды, бұл біріншіден ғылыми революцияның түсінігімен байланысты.
Өйткені революция барысында жаңа ғылыми-зерттеу бағдарламасы тек алғашқы жобасығана жасалады, ал оның толығымен жасалған жұмысы барлық революциядан кейінгі кезеңге бөлінеді.
Имре Лакатос өз ғасырының дара бір тұлғасы. В.Н. Порустың сөзіне келсек, Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарламасы философия тарихы мен методологиясындағы орны ерекше. Рационализм оның рухани идеалы болды, ол осы идеалына «рыцарь» ретінде қызмет етті. Лакатос өзіне сенбеген, күдікпен қарағандарды интеллектуалды бәсекеге шақырды, дәйекті сөздермен қорғана білді. Лакатос Европа философиясы тарихында ерекше орын алды».
Көптеген адамдардың жүзеге асыра алмайтынды ол жүзеге асырды - философия туралы өз сөзін айтты, өйткені жылдар бойы жоғалмай, жылдар өткен сайын айқындала түсті.
Лакатос ғылыми-зерттеу бағдарламасында Ньютон, Эйнштейн, Декарт теорияларын мысал етті. Өз ұстазы Поппердің іліміне сүйенді, тарихпен ұштастырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет