Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет81/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   122
Эмпирия мен теорияның қатынасы. Осы мәселенің дұрыс шешімі екі пікірдің қайшылықсыз бірігуінде жатыр:

  1. ғылымда эмпириялық пен теориялық білімнің арасында сапалық айырмашылық бар;

  2. сол байланысты мойындау және оның механизімін түсіндіру.

  3. осы мәселені шешу үшін екі ұғымға назар аударайық. Эмпириялық білім дегеніміз эмпириялық объектілер туралы көп-түрлі пікірлер. Ал теориялық білім дегеніміз идеалдық объектілер туралы логикалық тұрғыдан құрастырылған көп-түрлі пікірлердің жиынтығы. Эмпириялық білімнің мазмұны объективті реалдылықтың мазмұны болса, теориялық білімнің мазмұның идеалды объектілер туралы бағдарламалар өздерінің конструктивті түрінле.

Теориялық әлем өзінің шығу кезеңінен бастап объективтік статусқа ие болады және дамуға ықпал. Эмпириялық білімді меңгеретін сананың негізгі факторларына бақылау мен эксперимент жатады. Ал теориялық білімді меңгеретін фкторларға интеллектуалдық интуиция мен логика. Сананың теориялық білімнің мазмұның меңгеру күші эмпириялық білімді меңгеру күшіне қарағанда үстемді. Осыған себеп – теориялық білім сананың өзінің ішкі өнімі; ал эмпириялық білімнің мазмұны жартылай санадан, жартылай материалдық реалдыққа байланысты.
Қорыта айтқанда, теориялық пен эмпириялық білімдерде әртүрлі онтология: ойлау, идеалды конструктар / «таза мәндер»/, ал эмпириялық білімде – принципиалды бақылауға негізделген дүние. Теориялық әлемде бәрі анықталып, қайшысыз, рационалды ойлаудың пәндәк бірлігі болу қажет. Ал эмпириялық әлемде болу, яғни, көп жағдайда бақылаудан өтіп қайталанатын пәндік заттар. Олардың арасында логикалық көпір мүмкін емес; методологиялық тұрғыдан қате эмпириялық тәжірибеден теория шығады деп тұжырымдау. Ғылыми теориялар эмпириялық білімнен логикалық тұрғыдан шықпайды; олар жоғары түрде конструкцияландырылады /түсіну, түсіндіру, болжау/. Яғни, олар ақылдың шығармашылық қызметі арқылы жасалады. Ғылыми теориялардан эмпириялық тексерілген салдарды шығаруға болады деген де методологиялық тұрғыдан дұрыс емес. Ғылыми теориялардан тек теориялық салдар логикалық жолмен шығады, ал логикадан тыс жағы кейбір эмпириялық пікірлермен идентификацияландырылады.
Интерпретативті пікірлер кентавр түріне ие, себебі, теориялық пен эмпириялықты қамтиды.
Қорыта айытқанда, теория тәжірибе арқылы өзіндік түрде емес, қосылған эмпириялық интерпретациямен бірге, сол себепте, тәжірибенің деректерімен келісім, әлде, қайшылық, нақты түрде теорияны дәлелдемеді де, жоққа келтірмейді де. Салдары: теорияның ақиқаттылығы тәжірибемен салыстыру арқылы шешілмейді. Олардың шешімі қосымша құралдарды сұраныс етеді жалпы – метатеориялық – ғылыми танымның шарттары мен негіздерін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет