Абстрактылықтан нақтылыққа көшу – ғылыми теориялар құрастырудың логикалық жалғастығын реттейтін жалпы әдіс. Ғалымдар көбіне оның барлық бөлшектері мен мүмкіншіліктерін аңғармай, стихиялы түрде қолданылады. Бұл әдісті философиялық талдау және пайымдау оның қолданысын неғұрлым адекватты етуге ықпал етеді.
Ғаламның қалыптасуының ең маңызды сәттерін бөліп, тарихи сипаттамасын жоғарғы деңгейде ұйымдастыруға жағдай жасады. Мұнан шығатын қорытынды - зерттеудің тарихи және логикалық әдістерді, неокантшыл философтар Риккерт пен Виндельбанд және шыншыл рационализмнің көсемі Поппер айтқандай, бірін – бірі теріске шығармайды, керісінше бірін – бірі толықтырады.
Ғылыми әдістердің типологиясы. Әдіс - дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшін таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әрекеттер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты - шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. Тағы бір көңіл бөлетін жәйт, зерттеуші ғылыми танымның әдістерін өз қалауы бойынша, қалай болса солай белгілей салмайды. Әдістер зерттелмек болып отырған объектіге тән ерекшеліктер мен заңдылықтар негізінде таңдап алынады. Бүл тұрғыдан алғанда әдістер объективті сипатта болады, сөйте тұра олар адамның рухани қызметінің нәтижесі болып табылады жэне де ол тек адам санасында өмір сүреді. Сондықтан да әдіс объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігін қүрайды.
Ғылыми танымның эдістері өте көпәрі сан салалы, себебі танып-білудің объектісі болып табылатын материалдық жэне рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлык әдістерін шартты түрде үш топқа белуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2) жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласында пайдаланылғанымен, таным процесінін барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар накты қүбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады. Мәселен, математикалық индукция әдісі - математикада, қоспалардың ыстыққа төзімділігін анықтау әдісі - металлургияда, радиоактивті бөліну әдісі - ғарышты зерттеулерде пайдаланылады.
Материалистік диалектика бүкіл әлемді, дүниені біртұтас қарастырып, табиғаттың, қоғамның, адам ақыл ойының дамуындағы ен жалпыламалық заңдылықтарды зерттейтін бірден-бір ғылым болғандықтан, ғылыми танымның ең жалпылама әдісі рөлін атқарады.