Гносеология. Гносеология немесе таным теориясы– қоршаған дүниені, субъект пен объект арасындағы байланысты, шындықты, ақиқатты дұрыс әрі айқын тануды мақсат ететін философияның бөлімі.
Таным теориясы адамның әлемге деген танымдық көзқарасын, оның орнын және жалпылық негіздерін насихаттайды.
Таным теориясы философияның өзіндік бір бөлімі ретінде қарастырылыуымен бірге, теориялық – танымдық көзқарас әрқашанда басқа да философиялық көзқарастармен қатар, яғни тұрмыс табиғаты, этикалық және эстетикалық бөлімдерді қарастырды.
Таным теориясы тарихы, негізінен, білім дегеніміз не? (Платонның «Теэ-тет» диалогы) деген сұрақтан бастау алған, «таным теориясы» атты терминнің өзі кеш пайда болады.
Философия тарихында, танымдық теорияның негізгі проблемасы (мәселесі) ең маңызды орын алды. Таным теориясында философияның негізгі бағыттары махизм, кантшылдық.
Танымды зерттеудің арнайы – ғылыми әдістерінің (математикалық логика, семиотика, ақпарат теориясы, психология және т.б.) қарқынды дамуы, кейбір позитивистердің және позитивті ойлаушылардың пікірінше, таным теориясын философия ғылымы ретінде қарастырады.
Арнайы ғылыми зерттеу философиялық проблемалардың теориялық танымын түсіндіре алмайды. Керісінше, ол теориялық танымға жаңа мәселелер мен аспектілерді алып келеді. Таным теориясы өз дамуында жаңа ғылымдардың философиялық әдістемелік негізіне сүйеніп дамыды.
Қорыта айытқанда, қолданатын құрал /тәсіл/ және әдіс деген екі ұғымдар бір-бірімен тығыз байланысты.
Тәсіл – материалды әлде илеалды объект, оның танылатын объектпен бағыттық байланысының нәтижесі, мәселенің шешім негізін құрастырады. Сөйтіп, бұл ұғым заттық объектермен ассоцияланады және объектілердің орнын басатын /репрезентация/ және жиналған білімді концептуалдау /жүйелі түрге келтіру/ көрнекі елестер болып табылады.
Таным іс-әрекетің меңгеретін негізгі формасына әдіс жатады. Ғылыми әдіс – зерттеушінің таным процесстерінің, операциялары мен процедураларының мазмұндық тұрғыда регламенттеуге арналған алдын-ала жазба бұйырықтардың жұйесі.