Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Дәстүрлі қоғам /индустриалды қоғамға дейін, примитивті /қарапайым/ қоғам/ -



бет27/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   122
Дәстүрлі қоғам /индустриалды қоғамға дейін, примитивті /қарапайым/ қоғам/ - өзінің мағынасында дәстүрлі әлеуметтану мен мәдениеттануда адамзаттың индустриалды даму кезенге дейін даму сатысын мағыналық тұрғыда қамтитын ұғым. Бәріне ортақ дәстүрлі қоғам туралы теория жоқ. Ол туралы түсінік негізінде қазіргі әлеуметтік-мәдени модельге ассиметриялы түсінік болады; яғни, оны индустриалды өндіріспен айналыспайтын халықтардың өмірінің реалдық фактілерін генерализациялау деген түсінік. Д.қ. экономикасына жаратынды өндіріс тәрізді. Заттық қатынас мүлдем жоқ, әлде азғантай әлеуметтік элитаның жіктік қажеттілігін қанағаттандыруға арналған. Әлеуметтік қатынастын құрылысының негізгі принципі қоғамның қатаң иерархиялық стратификациясы болып табылады, сондай ақ, ол эндогамдық касталардан тұрады. Негізгі әлеуметтік қатынастарды құрастыратын түрі - жабық, бәрінен ақшақталған әлде жабық қауым. Осы жағдаймен мінез-қылықтың дәстүрлі нормаларын қатал түрде ұстану түбінде тұлғаның индивидуалды белсенділігі мен құндылығын жояды. Осының салдары: әлеуметтік жинақтың мүмкіндігін жоққа шығарады; саяси билік бір каста, клан әлде жан ұяның қолында жұмылады; жазбаша өнердің жоқтығы, әлде ол нақты жоғары шинеуніктер мен абыздардын артықшылығы. Сонымен қатар, жазу көбінесе қарапайым тілдермен емес, ерекше жоғары тілдермен дамиды /орта ғасыр Еуропада - латын тілі, Тайяу Шығыста - араб тілі, Арғы Шығыста – қытай тілі/. Сөйтіп мәдениетті ұрпақтарға трансляциялау /жеткізу/ вербальды, фольклор түрінде болған; негізгі әлеуметтік институт – жан ұя. Ұлт туралы қазіргі теорияларда д.қ. деген ұғым кездеспейді, оның орнына «аграрлы» әлде «аграрлы жазбаша қоғам» деген ұғымдар кең қолданылады /Э. Гелнер, Б. Андерсон, К. Дойч/.
Техногендік қоғам /батыс өркениеті/- XV-XVII ғғ. Еуропа аймағында пайда болған техногендік қоғамдар. Оның даму жылдамдығы өте жоғары. Негізгі қабылданған ережелерді жаңа түрде құрастыру мен жаңаландыру қабілеті жоғары және осы бәрі оның дамуының ішкі негізі болады. Негізгі құндылықтарға инновация мен жаналық жатады. Техногендік қоғамның бейнесі – Гиннес рекордтары туралы кітап. Техногендік қоғамның мәдениет матрицасы үш кезеңен өтеді: индустриалдыға дейін, индустриалды, постиндустриалды. Негізгі қасиеті – техника мен технологияның дамуы. Техногедік қоғамның өмілік уақыты – 300 жыл. Өзінің ішкі мәнінде ол агрессивті және мәдениеттің сакраменталды дәстүрін жояды. Дамудың техногендік типі – табиғи қоршаған ортаның тез өзгеруі және адамдардың қоғамдық қатысының трансформациясы. Сыртқы әлем адамның қызмет аренасына айналады. Адам – орталық, активті іс-әрекетті жан, ол өзінің іс-әрекетің сыртқа бағыттайды. Жалпы мәдени қатынастар «күш» категориясы арқылы анықталынады - өндірістік күш, білім күші, интеллектуалды күш.
Техника – адамға қажетті фунциялар мен операцияларды атқаратын жүйелердің элементтерінің аралығындағы қатынастарды түсіндіретін заңдар мен қасиеттер туралы ғылыми білімдермен негізделген көп-түрлі материалды объектілер мен жүйелер. Техниканы басқаша ғылымның «темір» түрде іске асуы дейді.
Технология – адаммен келесіде пайдалынатын қажетті және пайдалы қасиеттері бар, өнімдерді жарататын материалдық процесстер мен операциялардың дәйектілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет