1. Ғылым әлеуметтік-мәдени феномен ретінде. 2. Ғылым дәстүрлі мен техногендік қоғамдарда.
Дәріс мақсаты: Ғылым мәдениеттің феномені ретінде қалыптасуына тоқтау. Ғылыми танымның өзгешелігін анықтау. Ғылым және философия, ғылым және өнер, ғылым және қарапайым таным салыстырмалы түрде ерекшеліктеріне тоқтау. Өркениеттік дамудың дәстүрлік және техногендік типтері және олардың негізгі құндылықтарың анықтау. Ғылымдық рационалдықтың құндылығың көрсету.
Негізгі терминдер: ғылым, мәдениет, өркениет, дәстүрлі қоғам, техногендік қоғам, техника, технология, рух туралы ғылымдар, мәдениет туралы ғылымдар.
Өзекті ұғымдар: Ғылым – әр-түрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нәтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі: пәнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дәлел, эмпириялық және теориялық дәлел, логикалық дәлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін кұрастыра және жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады.
Мәдениет – құндылық, процессуалдық, пәнділік пен нәтиже түрінде анықталған адамзаттың (әлеуметтік) іс-әрекеті; өндіріс қарулары мен құралдарынан, ғимараттар, әлеуметтік институттар мен саяси мекемелерден бастап тіл, өнер, дін жүйелері мен ғылыми шығармалары, адамгершілік және құқық нормаларына дейін адамның бүкіл материалдық және рухани мақсатты қызметін қамтиды.
Өркениет – қоғамды табиғаттан ерекшелендіретін категория; өркениеттің бастауында қоғамды өзіндік негізі және ішкі заңдылықтары арқылы дамытатын деңгейі жатыр.
«Өркениеттілікті» біз қоғамның «жасамды» технологиялар арқылы қызметі мен дамуы деп түсінсек, сондай да рационалды жоспарлауға, қоғамдандыруға, қызметтерінің нәтижелерін өзі анықтауға негіздейтін «өркениеттіліктің» мақсаттылығы мен кооперациялығы және еркіндік сәттері дейміз. Өркениет қоғамның табиғат патшалығынан ыктимал түрінде автонономды және рационалды жүйе ретінде бөліну жағдайда.
Өркениет пен мәдениеттің бағыттырын ажырата білу қажет. Өркениет – құралды болса /нан, күш/, мәдениет – гуманды /адамгершілік пен ақылдың биіктігі/. Өркениетті - былжырақтық, ал мәдениетті – дүниеқорлық бұзады. Мәдениет – даңққа, өркениет – батырлыққа шақырады. Мәдениет талап етеді, ал өркениет борышын атқарады. Мәдениет рухани маңыздылығымен ұстемді, ал өркениет – материалдылығымен бағындырады. Мәдениет тұтқасы – рухтың мұқияты болса, өркениеттің тұтқасы – ұйымдастыру болады.