Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет29/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер (1)

Ғылым этосы: интеллектуалдық және әлеуметтік жауапкершіліктер туралы мәселе; моральдық және адамгершілік тұрғысында тандау жасау; шешім қабылдауда тұлғалық аспект; ғылыми қоғамда адамгершілік климатты тудыру.
Ғылым қоғамдық процесстердің әлеуметтік меңгеру факторы. Осының бәрі білім беру, тәрбие жүйелері арқылы қалыптасады.
Біліммен тек 6-8 % адамдар айналысады; 20 ғ. аяғында әлемде ғалымдардың саны 5 млн. астам болады; 15 мын ғылыми пәндер қалыптасқан; қазір ғылыми интеграция мен пәнаралық тенденциялар үстемді.
2. Мәдениетті жабық, автономды, тек өзін менгеретін жүйе деп айтуға болмайды, себебі, оның дамуы ішкі және сыртқы, мәдениеттану себептермен негізделеді: экономика, мораль, өнер, құқық, саясат арқылы. Мәдениет пен ғылым аралығындығы қатынас туралы тақырып жалпы және шексіз, оның көп бөлшекті жағы да бар: ғылым табиғи және әлеуметтік өмірдің заңдылықтарын шығарғанда, оларды меңгеретін қажетті негізіне айналады, сөйтіп, қоғамның қажеттіліктеріне әсер етіп, адамзатқа өмірлік стратегияны тандау, мәдени даму жолын іздеуге көмектеседі. Ғылымның осы фунциясын атқару қызметі мүмкін тек негізгі бір себеп арқылы – ғылым мәдениеттін ең жетілген бөлігі болған сон, әлі бәріне жетпеген түрлермен байланысты.
Мәдениеттің ғылымға әсерін дәлелдейтін бір факт бар, әрбір мәдениет ғылымды жаратпайды, мысалы, майя мәдениеті. Ғылымның пайда болуына мәдениеттану негіздер қалыптасқанда қана, мәдениет адамзаттың басқа іс-әрекеттерінің нәтижелерімен қоса /мораль, өнер, дін, техника, экономика т.б./ өзіндік ойлау стильді, дүние бейнесін, танымның стандарттары мен дүниені түсіндіруге ықпал етеді. Мәдениет әр-қашанда ғылымнан объектілердің адекватты /шындық, ақиқат / түрін, деңгейін талап етеді.
Осы нәтижесінде ғылым өзіне деген мәдениеттің әсерін сезеді, қоғамда қалыптасқан мәдени дәстүрге, құндылықтарға, нормаларға арқа сүйейді. Мәдениет ғылымға тікелей емес, астарлы түрде де әсер ету мүмкін.
Мәдениет пен ғылым арасындағы қатынастын механизмі рельефтік түрде техногендік /батыс/ және дәстүрлі /шығыс/ өркениеттерді салыстырғанда айқын.
Батыс өркениеті – бірінші түрде, техногенді өркениет, өзінің бастамасын ежелгі антика кезенінде тауып 17-18 ғғ. Еуропада толық қалыптасып, содан Солтүстік Америкаға, Австралия мен Японияға көшті. Осы өркениет үшін табиғаттын байлығы мен күшін меңгеру сипатты: сыртқы әлем адамның ғылыми-техникалық қызметінің аренасы, табиғатты жаулау мен өзгертуі, құбылыстарды тануда дискурсивтік, логикалық-математикалық подходка негізгі акцент жасау.
Батыс мәдениетінің профессионалдық және басқа сфераларына «жетістік» этикасы сипат, «Мен» және «Мен-еместі» нақты ажырату, тұлғаның индивидуалдылығына, уникалдылығына, қайталанбатындығына акцент жасау. Адам биоәлеуметтік жан, экономикалық және техникалық прогресс арқылы хайуандықтан қазіргі постиндустриалдық денгейге дейін бірізгілік қозғалыс жасады.
Осының бәрі батыс ғылымының принциптарына, оның бағыттары мен ұстанымдарына әсер еткен: ақиқатқа жету түрінде жаналық пен біртуманың құндылығы, техника мен технологияның ғылыми идеяның материализациясы ретінде даму, қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары мәнгі өзгерісті деген идея, жойылмайтын жаңа фактілер мен ескі заңдылықтар арасындағы қайшылықтар, сол себепте жаңа теориялардын қажеттілігі – осылардын бәрі батыс ғылымның қазіргі негізгі нормалары.
Жалпы ғылым адамдары үшін, тек техногендік қоғамның адамдары ғана үшін емес шығармашылық пен индивидуалдылықтың идеалы, иілмелі динамикалық ойлауда сипатты, өзінің ғылыми және қарапайым сананың рефлексиялығы мен бағытында ашық. Батыстын ғылыми ойлауының классикалық түрі бірізгілік, бірсызықты, бинарлық логикамен негізделген, яғни қайшылықты және оның шешімінің бар екенің мойындамау деген.
Түбінде, батыс ғылымының даму тенденциялары оны постнеклассикалық деңгейіне әкелді; яғни, дүниенің ізгіліксіз бейнесіне. Мысалы, плазмадағы ізгіліксіз толқындар, сұйықтық пен газдағы турбуленттік, үлкен ұжымдардың мінез-құлықтары т.б.
Сөйтіп, батыс мәдениетінің ғылымының дамуы қоғамдақ сананың келесі типтерінің бір-бірін ауыстыруы, кезеңдерге бөлінеді: магиялық, этникалық, полистік, діндік, ғылыми, қалыптаса кележатқан, постғылыми. Жаһандау мәселелерге қарамастан техногендік мәдениеттің болашағы ғылыми-техникалық жаналықтармен байланысты.
Шығыс мәдениетінің дамуы – ол үнді-буддалық /б.д.д. 7-6 ғғ./, арабо-исламдық /7 ғ. б.д./, қытай-конфуцийшылдық /6 ғ. б.д.д./ дүниегекөзқарастар. Келесіде осы мәдениеттерге тәрізді қоғамдар дәстүрлі қоғамдар деп аталады.
Ежелгі шығыс көзқарастары бойынша әлем түсінігіне келсек, табиғаты біртұтас, тірі, бір-бірімен байланысты, өзі арқылы жетілген организм, адам соның бір бөлігі деген түсінікке негізделген; будда көзқарасында дүние бір түрлі, оны құрастыратындардын бәрі бір деңгейде, әр зат, құбылыс басқа зат пен құбылысқа тәуелді, өзінің жағдайымен байланысты. Сөйтіп, табиғатты өзгертпей сақтау қажет; мысалы, қытайда жетілген дао /табиғат синонимы/, алғашқыда болған, енді жетілмеген келешегі мен қазіргі жағдайында бар.
Батыстан тыс, өзгеше ғылымның идеалы қалыптасқан. Шығыс көзқарасында әлем – ғарыш, ал адам соның бөлігі. Шығыс мәдениетінде де табиғат пен мінез-құлықтарды меңгеру мақсат қойылады. Шығыста адамның бостандыққа жолы – жаңа жолды іздеу емес, ол бар болмыстан бет бұру.
Өмір принціпінің бірі - әрекетсіздік /у-вей/, дегеніміз іс-әрекетті жоққа келтіру емес, табиғи жолды бұзбау, адамның органдарының арасындағы және табиғатпен үйлесім ырғағы. Табиғи процесстердің жағдайын адам өзінің дүрыс емес істерімен бұзады. Сөйтіп, қытай философиясының бағыттарымен мектептері жалпы және ортақ рухани негізден – Дао мәденитін тамыр қылып алады, өзі ол ғарыштың гармониялық құрылысы мен өмір мәнің, инь және ян ырғағымен сақталады. Олардың ырғағы мен байланысы табиғат пен Ғарыштын, Әлемнің қозғалыс себебінің өзгерісі.
Сөйтіп, шығыс ойлауында дәстүр мен нақты қалыптасқан үлгілерге мән беріп, жана білімге ешқандай құңдылық бермейді. Шығыс ғылымы нақтылықтан абстракциялануға тырыспайды, құбылыс пен, фактілермен жалпы заңдылық арасында шекара жасамайды. Батыс ғылымында ақиқатты тану ол жалпылықты білу, ал Шығыста нақты мен жалпының арасындағы тендік пен үлесімділікті қажет етеді. Солай, танымның субъектісі мен объектісін қарама-қарсы қою жоқ. Практикалық ғылым қалыптасқан Шығыста әлеммен бір болмысты болуды қалайды. Шығыс пен Батыс мәдениеттері өздерінің айырмашылықтарына қарамай бір-бірімен сұхбатқа тырысады. Осы жағдай ғылымға да қатысты. Осыған дәлел ғарыш, табиғи, әлуметтік процесстер туралы түсініктерінің нәтижелері. Шығыста ойлаудын ерекшелігі бірізгіліксіздік, ол жетілгендік пен сұхбаттылықтын көрсеткіші және шығармашылық хаостын аланынын себебі деген ой. Осы тұжырымға қазіргі ғылым өзінің классикалық емес және постнеклассикалық кезеңдерінде жетті. Мысалы, үнді философиясындағы адам организімінің түпкі мүмкіндіктері туралы білімдер қазіргі медицина мен биологияда жаңа түрде қарастырылып жатыр. Осы батыс рационализімі мен шығыс данышпандығының интеграциясы. 20 ғ. шығыс психомәдениеттерінің /даосизм, буддизм, дзен-буддизм/ медиативтік тәжірибелерін батыс ғылымы пайдаланады /интуитивтік әдісті құбылысты тануда қолданады/. Сөйтіп, үнді физик Б. Бозе, пакистан физигі А. Салам деген жаңа аттар туылды.
Қорыта айтқанда, 20 ғ. сонында – 21 ғ. басында адамзат өмірді сақтау стратегиясын тандауында шығыстың дәстүрлі нәтижелерімен, техногендік өркениеттің төнірегінде пайда болған құндылықпен, көзқарас мағыналарымен келісім түріне жетті. Батыс пен Шығыс арасындағы сұхбат конструктивті және шексіз, солай, адамзат жаһандау мәселерінде шеше алу мүмкін дейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет