Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Философия мен ғылымның қатынасы туралы трансценденталдық концепция



бет32/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер (1)

Философия мен ғылымның қатынасы туралы трансценденталдық концепция – тарихи тұрғыдан алғашқы, антика кезеңінен бастап біздің ғасырға дейін ұзақ эволюциядан өткен, 19 ғ. бірінші жартысына дейін мәдиниетте үстемді орын алған, философияның /метафизика, натурфилософия/ нақты ғылымдарға қарағанда гносеологиялық пен әлеуметтік-гуманитарлық үстемділігін дәлелдеп тұжырымдаған концепция. Осы концепцияның мағынасы келесі формула түрлерімен көрсетіледі: «Философия – ғылымның ғылымы» әлде «Философия – ғылымдардың патшасы». Тәжірибе тұргысында нақты ғылымдарға болмыс пен танымды философиялық схемалар арқылы түсіндіру, түбінде 19 ғ. ортасында ғылымның дамуын тоқтатуға әкелді. Осы концепцияны ұсынғандар: Аристотель, Фома Аквинский, Спиноза, Гегель, Шеллинг, диалектикалық материализімнің ортодоксалдық өкілдері т.б. Қазіргі кезеңде де осы концепцияның ұстанушылары философиялық білімнің жоғары деңгейі мен жалпы мәдени қажеттілігін қолдайды /Тейяр де Шарден т.б./
Философия мен ғылымның қатынасы туралы позитивистік концепция – 19 ғ. 30-шы ж. /О.Конт, Г. Спенсер, Дж.Ст. Милль/ шыққан, келесі де философия мен ғалымдар ортасында кең таралған концепция. Ол нақты-ғылыми танымды дәстүрлі философияға қарағанда үстемділігін жариялайды. Философия позитивистері айтуынша өтірік білім, спекулятивті, оймен тану теорияландыру, қазіргі ғылым үшін пайдасы жоқ, себебі, ол тек өтірік білім вирусымен «жұқтырады». Табиғат, қоғам мен танымды ғылыми әдістермен зерттеу үшін философияға ғылыми әдістерді қолдану қажет /бақылауды, жалпылау мен заңдылықтардың математикалық дәлелдемесін/. «Ғылым өзі үшін философия» /О.Конт/, «Физика метафизикадан байқа!» /И. Ньютон/ - позитивистік концепцияның формулалары. Бірақ, позитивистердің ғылыми философияны құрастыру мақсаты – дүниенің ғылыми бейнесі /Г. Спенсер/, ғылым методологиясы /Дж. Ст. Милль/, ғылыми қызметтің психологиясы /Э. Мах/, ғылыми тілдің логикалық-математикалық талдауы – М. Шлик, Б. Рассел, Р. Карнап, ғылыми білім даму туралы теория – К. Поппер және ғылымның лингистикалық талдауы сәтсіздікке әкелді. Ғылым принципиалды түрде метафизикалық философиялық ережелерден бос емес, себебі, адамның санасының қызметінің тұтастығымен және оның барлық когнитивтік құрылыстырының ішкі байланысымен негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет