Ғылымикөзқарас - өзінің құрылымында нақты ғылымдарға негізделетін, әсіресе олардың мазмұны философиялық онтология шеңберінде жалпылау мен интерпретация жасауға кең қолдаланылады. Ғылым өзі қазіргі түсінігі бойынша, яғни әр-түрлі объектер мен реалды құбылыстарды тәжірибелік /эксперимент/ және теориялық /математикалық/ тұрғыдан зерттеу; оның бүгінгіі жағдайда көзқарасқа қатысы жоқ: 1. ғылым адамның дүниеге қатынасын емес объективтік реалдылықты зерттейді; 2. әр дүниегекөзқарастын түрі сананың құндылық түрі болып табылады, ал ғылымға келсек, ол – оның когнитивтік сферасын іске асырады, яғни өзгеше объектілер туралы нақты білім шығару. Ғылыми көзқарас үшін тарихи, әлеуметтік және мінез-құлық зерттейітін ғылымдардын білімдердін нәтижесін қолдану маңыздылылау, себебі бүкіл сферадағы адамның дүниеге қатынасының реалды түрлері мен механизімдері соларда аккумуляцияландырылады /жиналады/.
Ғылымның философиялық негіздері– ғылымда когнитивтік реалды, адамзат қызметі, өзгеше әлеуметтік институт ретінде әлде ғылыми теорияларды, ғылыми бағдарламалар мен ғылыми бағыттарды дәлелдеу үшін ғалымдармен қолданылынатын философияның көп түрлі онтологиялық, гносеологиялық, методологиялық, логикалық, аксиологиялық ұғымдары мен ережелері.
Ғылымның философиялық мәселелері– философиялық және тұтас, нақты ғылымдар мен ғылыми теориялардын негіздеріне қатысты мәселе; логикалық-математикалық, табиғаттану, инженерлік-техникалық, әлеуметтік пен гуманитарлық ғылыми пәндердің фундаменталды теорияларының мағынасына философиялық талдау беру мәселелері.
Ғылымның философиялық мәселелері:
Математикалық білімнің табиғаты қандай?
Ықтималды және кванттық механиканың теорияларының философиялық негіздері мен мәні неде?
Ықтималды, детерменизм және индетерминизм дегеніміз не?
Жалпы жүйелердің эволюциясында, сонымен қатар биологиялық жүйелердің дамуында кездейсоқтықтың ролі қанша?
Гуманитарлық танымның өзгешелігі неде?
Ғылым мәселелерінің философиялық өзгешелігі олардың комплекстілігінде /кешен/, яғни өзінің құрамында әр-түрлі когнитивтік элементтерді – философиялық және нақты-ғылыми категорияларды органикалық тұтастықта қамтиды. Ғ.ф.м. шешу үшін ғалым философия мен тарихтын білімін менгеру қажет, профессионалды түрде философиялық тіл мен философиялық ойлау дамыту қажет. Ғ.ф.м. жалпы философияны және нақты ғылымдардын дамуына ықпал етеді. Ғ.ф.м. әйгілі ғалымдар-теоретиктер, жаңа ғылыми концепциялар мен бағыттардың қалаушыларын /Г.Галилей, И. Ньютон, В.И. Вернадский, Д. Гильберт, А. Эйнштейн, В. Гейзенберг, Н. Бор, Н. Винер, П. Капица т.б./ қамтиды.
Ғылым көп қырлы, көп астарлы әлеуметтік феномен ретінде біздің өмірлік қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде енеді. «Ғылым» түсінігінің мағнасын ашу үшін, оның даму барысын қадағалау үшін ғылым мен қоғам, ғылым мен мәдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері негізінде, сол ғылымның өзін нақты тарихи саралау арқылы жүзеге асыруға болады.
Ғылым мәдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарым қатынаста дамиды және де философия ілімін зерттеу дін ілімімен тікелей байланысты. Жалпы философиялық мектептер негізінде адам баласының рухани байлығының, сенімдерінің қатысы мол байқалады.
Дін - қөзқарастың тарихи түрі, адамзат мәдениетінде басқа көзқарас түрлерімен бірге дамиды /философия, қарапайым білім, аңыз, өнер және жартылай ғылым/. Діндік көзқарастың негізінде адамның құдайға деген сенімі. Онтологияық мәселе дін шеңберінде абсолюттың жаратушылық /шығармашылық/ қабілетімен байланысты. Құдай дүниені өзінің бейнесіне ұқсас қылып және өзінің ерік күшімен жаратқан. Философия тарихында дін философиясы және діндік көзқарасы орта ғасырда үстемді түрде дамыған. Адамзат тарихында монотеистік дін бағыттарына христиан, ислам және буддизм жатады. Дүние туралы білім және заңдылықтар, өмір сүрі ережелері қасиетте кітаптарда концентрацияланған, оның ішінде Інжіл, Тора, Құран, Авеста, Трипитака т.б.