Өзекті ұғымдар: Антика ғылымы – бұл фундаменталдық, имперсоналдық, жетілмеген эмпиризімге бағынатын концептуалдық модельдеуге икемделген ғылыми интенциялардың жиынтығы. Біріншісінің апологиясы – Пифагор, стоиктер мен элеаттардың, Платонның болмыс-логостың бейнесін дамытқан шығармашылықтарында айқын. Платон тек ой арқылы заттарды тану керек деген; сезім-түйсіктер, яғни, адам өзінің көзі, құлағы, жалпы тәнінен алыстап, болмыстың өзін, таза түрде түсінеді. Екіншілердің апологиясы – Аристотельдің шығармаларында көрсетілген; ол білімнің тәжірибелік табиғатына назар аударды; тәжірибесіз алынған, дерексіз, жалпылықты нақтылықсыз тану түбінде қателікке әкеледі, себебі, тек нақтылыққа бет бұрады.
Архаика – рецептурлық-эмпириялық, утилитарлық-технологиялық білім, индуктивтік генерализация мен қолданбалы әдеттер түрінде қызмет етеді. Бұл танымдық формаларды ғылыми деп айтуға болмайды, себебі, жүйесіз, теориялық-номологиялық болған емес. Ғылым фундаменталды жүйелік заңдық дискурсымен өзі оңайланады. Ғылым - ол қарапайым түрінде илеалдандыру кеңістігінде шығарылған заң деп тұжырымдасақ, онда, архаикалық мәдениеттер /майя, Мысыр, Қытай, Үнді, Таяу Шығыс/ ғылымды білмеген деуге болады.
Ежелгі әлемнің архаикалық білімі –ғылымның қарсаны. Нағыз заңдарды білдірмеседе ол ғылымның қалыптасуында маңызды каузалдық байланысты шығаруға бағытталған. Индуктивтік генерализациялар, түбінде, заңдардан алыстататын импликативтік қатынастарға /«ендеше»/ әкеледі. Нормативтік-инструктивтік статусқа ие болған техникалық қабілеттер /субъект пен объектің қызметін үйымдастырады, осында ғылым-технологиясы білім-бейнелеуден ерекше/ реалдылықтың нағыз қатынастарына сүйенгенде эффективті болуы мүмкін. Жалпы осы әлемнің заңдылық қасиеттерін жаңғыртуға бағытталған ғылыми ұстанымның прогресіне себепші болады. Тарихи уақытта осы гносеологиялық процесс ежелгі шығыс мәдениетінің өркендеуімен сәйкес.