Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


гуманитарлық ғылымдар өз ішінде де бөлінеді



бет78/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер (1)

гуманитарлық ғылымдар өз ішінде де бөлінеді: тарих, археология, экономикалық теория, саясаттану, мәдениеттану, экономикалық география, әлеуметтану, өнертану және т.б.

Қанша ғылымдар бөлінсе де, бірақ «ғылым өзі біреу, бірыңғай, ғылымның өсу санына қарамай, жаңа түрлері пайда болады, - олар бәрі тұтас ғылыми құрылысты құрастырады және логикалық тұрғыдан бір-біріне қайшы емес».
Әр ғылыми білім ойлаудың рационалды кезеңдегі іс-әрекетің нәтижесі болғансон ұымдық түрде айқын. Бұл ереже тікелей тек теориялық емес, эмпириялық деңгейге де қатысты. В.А. Смирнов осы мәселеге бойынша, «сезімдік-рационалдылық» және «эмпириялық-теориялық» оппозицияға қажетті назар аударуға шақырды. Сезімдік пен рационалдылықтың қайшылығы сананың жалпы гносеологиялық айырмашалағы, бір жағынан, сезімдік таным іс-әрекетінің нәтижесі /сезу, қабылдау, елес/, екінші жағынан, ойлаудың қызметі /анықтама, пікір, ой қорыту/. Ал «эмпириялық-теориялық» оппозициясы дегеніміз, рационалды білімнің ішіндегі айырмашылыққа қатысты. Бұл деген, сезім нәтижелері қанша көп-түрлі және адаптивті-маңызды болсада әлі ғылыми білім деп аталмайды. Толық түрде ол тек ғылыми бақылау мен эксперимент нәтижелеріне, қоса олар ойлау қортудан өтіп, тілдік түрде жарияланғанда қана ғылыми деп аталады. Ғылыми білім пәндік сананың нәтижесі. Эмпириялық танымды алсақ, бұл ереже күмәнсіз, себебі, ол сезім-түйсік арқылы қабылданған заттар мен сананың қатысы. Теориялық танымда пәнділікке жақын /идеалды-пәндік/. Эмпириялық танымның нәтижелері рационалды танымның операционалды деңгейімен – ақыл-парасатпен тығыз байланысты. Соңғы, сезім материалдарын абстракциялау, анализ, салыстыру, жалпылау, индукция, эмпириялық заңдардың болжауын ұсыну, дедуктивтік қорытынды, дәлелдеу әлде жоққа шығарудан өткізеді.
Яғни, эмпириялық білімнің табиғатың түсіну үшін, оның үш түрлі сапалы тұрғыдан пәндік типін көрсету қажет:

  1. заттар өзгеше / «объекттер»/;

  2. олардың сезімдік түрдегі /«сезімдік объекттері»/ елестері /репрезентациялар/;

  3. эмпириялық /абстрактілі/ объекттер.

Санамен «сезімдік объектілердің» мазмұның «өзіндік заттармен» сенсорлық байланыс негізі арқылы шығару көп факторлармен байланысты:

        1. танылып жатқан объектілердің мазмұнына;

        2. зерттеудің мақсаттық ұстанымынан /психологияда дәлел алған/; /мақсаттық ұстаным - ол бір өзгеше фильтр, «мендікке» қажетті бағдарламаны таңдап, «өзіндік заттың» сана арқылы көруі/;

3. ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде фильтр ролін атқаратындарға келесі жатады:

  1. танымдық пен практикалық ұстанымдар;

  2. ойлаудың /ақыл-парасаттың/ операционалдық мүмкіндіктері;

  3. тілдің қажеттіліктері;

  4. эмпириялық білімнің жиналған қоры;

  5. ғылыми теориялардың интерпретативті мүмкіндігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет