Ғылым тарихы және философиясы


Тарихи және логикалық (қисынды) зерттеу



бет139/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Тарихи және логикалық (қисынды) зерттеу. Ғылыми танымда тарихи және логикалық зерттеу әдістері бірге қолданылады. тарихи әдіс бір немесе басқа құбылыстың қалай пайда болғанын, даму бары- сында қандай сатылардан өткенін, осы жолда басқа үдерістер арқылы қалай бұрмаланғанын анықтауға мүмкіндік береді. Аталған әдіс әсіресе қоғамдық ғылымдарда кеңінен пайдаланылады. Мысалы, тәуелсіздік алғаннан кейін республика қандай кезеңдерден өтті, оның жолында қандай кедергілер болды, қазір ол қандай күйде және т.с.с. логикалық зерттеу, компьютер тілімен айтқанда, заттың дамуының ішкі бағдарламасын немесе, Аристотельдің сөзімен айтқанда, оның «эн- телехиясын» анықтайды. Демек, логикалық зерттеу – қысқартылған тарихи зерттеу, ал соңғы – логикалық зерттеудің басқа болмысы.

  • Дерексіздіктен нақтылыққа өрлеу. Дерексіздіктен нақтылыққа өрлеу – танымның ең күрделі әдістерінің бірі. Бұл әдістің мәнін анықтау үшін, алдымен «сезімдік нақтылық» және «ойша нақтылық» деген ұғымдарды түсініп алу керек.

    Күн сайын біз айналамыздағы көптеген заттарды көреміз. Оларды біз әлдебір тұтастықтар деп қабылдаймыз. Оларды табиғаттың «сезімдік нақтылық» денелері деп белгілей аламыз. Алайда олардың ішкі мәнінің
    не екені туралы біз ештеңе білмейміз. «Ойша нақтылықты» танып білу барысындағы жетістіктеріміз заттың ішкі логикасын түсінуге анық көмектеседі. Бірақ ол жолдың өзі – өзгеше күрделі және қиын жол.
    «Ойша нақтылықты» түсіну үшін, «сезімдік нақтылықтан» жал- пы түсініктерге өту керек. Ол үшін, жоғарыда көрсетілген әртүрлі әдістерді пайдалана отырып, жеке алғанда белгілі бір топ заттарының тектік қасиеттерін білдіретін әртүрлі әдістер құру қажет. Нәтижесінде, бір немесе басқа ғылымның санаттық (ұғымдық) жиынтығы қалыптасады. Алайда оның негізгі кемшілігі дерексіздікте жатыр. Мы- салы, қазіргі заманғы саясаттануда демократияның абстракциялық теориясы бар. Ал егер біз оны нақтыласақ, онда әлемнің әр елдерінде демократияның түрліше көрінісін табамыз, өйткені әр елдің көпжылдық өзіндік даму жолы, шаруашылық жүргізу тәжірибесі және қоғамдық өмірді ұйымдастыру әдісі бар. Сондықтан, мысалы, қазақстандық демократияның «ойша нақтылық» үлгісін жасау үшін, қазіргі заман саясаттануының санаттық жиынтығын пайдалана оты- рып, оның елімізде көрініс беруінің формасын айқындауға тиіспіз. Бұл жағдайда біз «ойша нақтылыққа» өрлеуді жүзеге асырамыз. Сон- да қоғамымыздың демократия жолындағы қозғалысының өзгешелігі бізге түсінікті болмақ. Бұл айтылғанды ғылымның басқа саласына да көшіруге болады.

      1. Идеализация (мақсат-мұратқа сай ету). Идеализация теориялық танымның маңызды әдістерінің біріне жатады. Идеализацияның табиғаты және идеалды нысандар туралы біз алдында айтқанбыз. Дегенмен табиғатта мақсат-мұратқа сай, яғни мүлтіксіз нысандар болмайтынын, олардың бар-жоғы теориялық ойлаудың нәтижелері екенін еске түсірейік. Онда олар ғылымға не үшін керек? Олар біздің іс жүзіндегі қызметімізді қателіктер жібермеу мақсатында мұратты мән-мағыналармен өне бойы салыстырып отыру үшін, соларға барын- ша жақындай түсу және дұрыс нәтижелерге (биік құрылыстар салуда, өзгеше дәл техника мен ғылыми аспаптар жасауда) жету және т.б. үшін қажет.



      2. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   185




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет