Ғылым тарихы және философиясы



бет17/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   185
«парменид» және басқалары. Платонның көзқарастарының қалып- тасуына Сократтан басқа: Әлемнің мәңгі қалыптасуы туралы идеяла- рымен Гераклит; мүлтіксіз, ақылға қонымды Болмысымен Парменид және математикалық идеяларымен Пифагор оң ықпал етті.
Философия саласында Платон іске асырған төңкеріс – оның идея- лар әлемін ашуы болды, өйткені жер бетіндегі: сезіммен ашылатын, ағымдық, тұрақсыз дүние оны қанағаттандырмады. Бұл жерде ба- сты мәселе – түсініктердің және заттардың өздерінің сәйкессіздігі айқын көрінді. Міне, сондықтан да бізге ұлы Абай: «Адам бол!» – деді. Былайша айтқанда, бәріміз де – адамбыз. Бірақ тән мен қаннан жаралған адамның жақсы қасиеттерімен қатар, әрдайым Адам ұғымына толықтай сай келе бермейтін біршама кемшіліктері де бар. Сол себепті Платон ұғымдардың шығатын қайнар көзі – шынайы бол- мыста, яғни идеялар әлемінде деп жорамалдады. Демек, екі әлем бар: бірі – жер бетіндегі материалдық, өтпелі, залалды, ал екіншісі – мәңгі, өзгермейтін, жетілген, мүлтіксіз мақсат-мұратқа сай. Платонның ойы бойынша, идеялар заттардың терең мәнін құрайды, парадигмасын (грекше paradeigma – үлгі, қалып) қалыптастыра отырып, оларды тиісті түрге (формаға) келтіреді.
Идеяларының кеңінен түсінікті болуы үшін, Платон үңгір туралы миф құрастырады. Үңгірдегі аяқ-қолдары байлаулы адамдарды көз алдымызға елестетіп көрейік. Жоғарыдан қабырғаға жарық түсіп тұр. Ал жер үстінде керуен жылжып, адамдар әлдебір заттарды әрі-бері та- сып, бір-бірлерімен сөйлеседі. Олардың көлеңкесі үңгірдің қабырғасына
түсіп тұр, адамдар ол көлеңкелерді көріп, қатаң дыбыстарды естиді. Жер үстіндегі нақты өмірді білмегендіктен, үңгірдегі адамдар нағыз өмір осы деп ойлайды. Бірақ ұзақ ойланыстан кейін олардың біреуінің көлеңкелер әлемінде өмір сүріп жатқанын түсінуі мүмкін болса, ал екіншісі аяқ-қолын босатып алып, жер бетіне шығуы, ал көздері жарыққа үйренген соң, нақты адамдарды, ал содан кейін Күннің өзін көруі мүмкін. Бұл мифтен қандай философиялық қорытынды шығады?

  1. Болмыстың әртүрлі деңгейлерінің болуы. Егер үңгірдегі көлеңкелерді сезімдік болмыс деп қарасақ, онда жер үстіндегі адамдар мен заттар – шынайы болмыс, Ал Күн – мақсат-мұратқа сай Игілік.

  2. Танымның әртүрлі: сезімдік, ұғымдық және, ақыр соңында, түйсіктік деңгейлерінің мүмкіндігі арқылы болмыстың соңғы негіздемелеріне қол жеткізу.

  3. Құндылық тұрғысынан бағалау мүмкіндігі: сезімдік болмыста өмір сүру – үңгірде өмір сүруге тең, рухани биіктерге көтерілу – шы- найы болмыстағы әртүрлі мағыналы өмірге парапар, ал Күн – Жоғарғы Игіліктің нышаны.

Сөйтіп, Платон Әлемнің объективтік-идеалистік түсінігін дүниеге келтірді. Бірақ ол үшін ең қиыны осы екі: заттар мен идеялар әлемін ұштастыру болды. Іс жүзінде идеялардың материалдық емес әлемі заттардың сезімдік материалдық әлемін құра ала ма? Платон бұл мәселені келесідей жолмен шешті: материя – ол ежелден келе жатқан, бейберекеттік жағдайындағы инерциялы нақтылық. Идеялар әлемінің парадигмалары (үлгілері) бойынша, Демиург (грек мифологиясының ұста-Құдайы) бейберекеттікті әлдебір ұйымдасқан тәртіпке келтіре отырып, инертті материядан табиғат заттарын және денелерін жа- сап шығарады. Идеялар әлемі – парадигма – мәңгі, кемеліне жеткен болып саналады. Демиург та, Құдай сияқты, мәңгі жасампаз болып та- былады, ал сезімдік тән әлемі – шынайы болмыстың көшірмесі сияқты өтпелі, жетілмеген, идеялар әлемінің өзіндік «көлеңкесі» іспетті.
Платонның грек мифологиясына жүгінуі, әлбетте, оның филосо- фиясының осал жағы болды, сол үшін оны кезінде: «Платон – досым, бірақ шындық – қымбатырақ», – деп Аристотель сынға алған.
Қазіргі заманғы білім деңгейімен мәселе келесідей түрде көрінеді. Нақты өмірде болатын әрбір зат бұл дүниеге өзінің қайталанбас, өзіне тән болмысымен келеді. Бұл әлемде бір-бірінен ажырата алмайтын екі құм қиыршығы немесе қылтанақ та болмайды. Бірақ сонымен қатар олардың көптеген ортақ жақтары, сапалары да бар, соларға бола олардың өзара әрекеттесуі орын алады. Танып-білу барысында адам
олардың осы ортақ жақтарын жалпылай (абстракциялай) отырып, зат- тар туралы түсініктерді қалыптастырады және тіл арқылы жеткізеді. Мысалы, адам деген ұғым бүгінгі таңда Жер бетінде өмір сүріп жатқан 6,7 млрд адамды қамтиды. Нақты тірі адам ерте ме, кеш пе, өледі, ал адам ұғымы қалады. Бірақ, егер бұл тірі адамдар өмір сүрмесе, адам ұғымы да болмас еді. Әңгіме Платонның мақсат-мұратқа сай Әлемі туралы емес, жиынтығында әлдебір мұрат-мақсатқа сай әлемді құратын ұғымдар туралы болып отыр. Платонның еңбегін одан кейін ғана түсінік-ұғымдардың, олардың табиғатының, бір-бірімен өзара әрекеттесуінің ерекше егжей-тегжейлілікпен зерттеле бастағанынан көруге болады.
Платонның таным теориясына келсек, онда оның негізінде анам- нез (грекше – anamnesis – еске түсіру) жатыр. Адам тәннен және жаннан тұрады. Бірақ жан жердікі емес, ол идеялар Әлемінен шыққан. Жерге, яғни нақты бір адамның денесіне түсіп, ол көгілдір аспанның шексіз- шетсіз көкжиектеріне тұңғиық тереңнен көз сүзетін тұтқынды еске түсіреді. Мысалы, оқушы бір математикалық есепті шығарып отыр дейік. Ол зердесіне күш салады, ал егер оның жаны идеялар әлемінде математикалық теңбе-теңдіктердің қалай болғанын еске түсірсе, онда оқушының басына есептің шешімі келе қалады.
Сезімдік таным көбіне-көп алдамшы, өйткені бұл тән әлемінің өзі тұрақсыз, өтпелі. Сондықтан Платон оны докса (грекше doxa – пікір) деп атайды. Бірақ, егер сезімдік тәжірибенің деректері түсініктерге негізделсе, онда ғылым қақпалары (грекше episteme – жазу, ғылым) ашылады.
Алайда бізді идеялар әлемімен жақындастыратын ғылым ғана емес. Одан да әлеуеттірек күш бар – ол Эрос, яғни сүйіспеншілік. Олар екі әлемді байланыстыратын көпірлер іспетті. Даналықты сүю деп түсінілетін философияның өзі шындыққа, жақсылыққа және әсемдікке деген сүйіспеншілік болып шығады.
Платонның ойынша, сүйіспеншіліктің алғашқы баспалдағы жыныстық махаббат, тән сұлулығына ұмтылу, сонымен қосылу болып табылады, соның нәтижесінде жаңа өмір бастауы пайда болады, адам- зат тегінің ажалсыздығы қамтамасыз етіледі.
Екінші сатыда сүйіспеншілікті ары қарай асқақтату, енді адамның тәніне емес, жанына ұмтылу орын алады. Қазіргі заманғы термин- дер тілімен айтқанда, бұл – оларды өзара байытып тұратын басқамен терең байланыс орнатуға талпыну. Нәтижесінде, адамның жанына
Шындықтың, Жақсылықтың, Әсемдіктің ұрықтары себіліп, білімдерге, өнерге, әділеттілікке ұмтылу пайда болады.
Үшінші сатыда сүйіспеншілік жанымызды Ғажайыппен және Игілікпен біріктіре отырып, бізді Идеялар әлеміне жеткізеді.
Платон әлеуметтік, саяси философия саласында да айтарлықтай із қалдырды. Ойшыл қоғамды түсіндіруге жеткілікті дәрежеде терең мағына береді. Егер жан-жануарлар өздеріне қажеттілердің барлығын табиғаттың өзінен дайын күйінде табатын болса, ал адамдар өз мұқтаждықтарын жалғыздан-жалғыз қанағаттандыра алмайды, адам үшін қажеттінің бәрі бірдей табиғатта дайын күйінде табыла бермейді. Сол себепті адамдар бір-бірімен өзара әрекеттесе, еңбек өнімдерін ай- ырбастай отырып, еңбектенеді, қоғам құрады. Бір адамдар егін ексе, екіншілері құрылыс салады, үшіншілері етік тігеді, төртіншілері оқытады, бесіншілері емдейді және т.с.с.
Өз заманындағы қоғамның дағдарыс жағдайын қанағат тұтпаған Платон мақсат-мұратқа сай мемлекет құру идеясын ұсынады. Онда тең құқықты адамдардың қоғамдық тобының (сословие) негізгілері үшеу: басқарушылар, тәртіп сақшылары және қатардағы қауым- дастар. Бұлайша жікке бөлуді ол ақыл, ерік және құмарлықтар орын алатын адам жаны құрылымына сүйеніп жасаған. Мемлекетті жан дүниелерінде даналық басым адамдар басқаруға тиіс, өйткені басқарудың өзі әділеттілік және ізгілік негізінде жүзеге асырылады. Демек, қоғамды философтардың басқарғаны дұрыс. Жауынгерлердің жаны құмарлыққа толы болуға тиіс, ал жұртшылықтың басым көпшілігінің жаны құмарлыққа, ләззатқа құштар.
Бірақ ең қызықтысы билеушілер мен жауынгерлердің жеке мен- шігі болмауға тиістігі болып отыр. Олар толықтай мемлекет тара- пынан қамсыздандырылады. Олай болмаған жағдайда билеушілер заңдарды өз пайдасына қарай өзгерте бастайды, ал жауынгерлер қаруларын өз азаматтарына қарсы кезейтін болады. Бірақ меншік қай жерде ұялайды? Отбасында. Демек, бұл топтардың отбасылары да, ба- лалары да болмауға тиіс. Әрине, бұл ақылға сыймайды.
Екі мыңжылдық өткеннен кейін Платонның кейбір идеялары XX ғасырдың тоталитарлық қоғамдарында жүзеге асты. Бұрынғы Кеңес Одағындағы мемлекеттің рөлі, шамасы, платондық мемлекеттегіден тіпті кем болмаған-ау. Барлық экономиканы жаппай мемлекеттендіріп, жеке меншікті жойып, большевиктердің «әйелдерді қоғамдық жа- сауы» ғана қалған-ды. Бірақ әділетті қоғам құруға бәрібір қолдары жеткен жоқ. Мемлекеттің қыспағы астында миллиондаған адамдар
өз мүмкіншіліктерін іске асыра алмай, ішімдік батпағына батты, ал
«билік ұстағандар» «мемлекет атынан» әрекет еткенмен, жағдайдың нақты билеушілері болып шығып, заңдастыра алмаса да, қолдарына елеулі байлық жинап қалды. Сөйтіп, «төмендегі» миллиондаған адамдар және байлықтарын заңдастырғысы келген «ат төбеліндей» билеушілер өмірге бейімсіз бұл қоғамды іштен жарып құртты.
Фашистік Германия туралы айтар болсақ, мемлекеттің бас идеоло- гы Геббельс Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде болашақ «мыңжылдық Рейхтің» билік етуші элитасын қалыптастыру идеясын іске асыру- мен әлек болды. Ол үшін аса батыл неміс офицерлері майданнан кері қайтарылып, санаторийлерде демалуға жіберілді, ол жерлерге
«мыңжылдық Рейхтің» болашақ билеушілерін – тазақанды арийлік- терді дүниеге әкелу үшін, жас неміс әйелдері де жеткізіліп тұрды. Алай- да біраз уақыт өткеннен кейін, бұл әйелдер көбінесе дүниеге кемтар сәбилер әкеле бастады. Ол түсінікті де: өйткені нәресте – кездейсоқ жыныстық қатынастардың емес, сүйіспеншіліктің жемісі. Көп кешікпей, бұл «бағдарлама» жабылды.
Көріп отырғанымыздай, қаншалықты ақылға сыйымсыз болса да, кез келген идея текке кетпейді, ерте ме, кеш пе, оны өмірде іске асырғысы келетін адамдар табылады. Ол тиісті оң немесе теріс нәтиже бере ме, оны «Ұлы Мәртебелі Тарих» көрсетеді.
Ертедегі грек философиясы өз шыңына заманының білімдар ада- мы – данышпан аристотельдің шығармашылығы тұсында жетті. Бұны біз оның: «Органон», «Физика», «аспан туралы», «жан ту- ралы», «жануарлардың дене құрылысы туралы», «алғашқы фи- зика», «никомахов этикасы», «саясат» және басқа кітаптарының атауларынан-ақ байқай аламыз.
Кейіннен «метафизика» деп аталып кеткен «Алғашқы физика» деген еңбегінде Аристотель дүниенің негізін құрайтын материалдық және бітімдік (форма) себептерді бөліп көрсетеді. «Бітімсіз материя жоқ, ал материясыз бітім жоқ», – деп сендіреді ол. Материя – замандар- дан келе жатқан инертті нақтылық (шындық). Ал бітім қайдан шықты?
«Барлық бітімдердің бітімі – Құдай», – дейді ойшыл. Органикалық бірлікте ғана олар табиғат заттарын және денелерін құрайды. Де- мек, бар нәрсе – нақты денелер мен заттардан тұрады. Бұл жерде ол Платонның әлемді тануын теріске шығарады: заттармен қатар, ортақ нәрсе идеялардың жеке патшалығы сияқты өмір сүре алмай- ды. Нәтижесінде, бір-бірімен бірігіп кеткен материя мен форма қалай табиғат денесін құрай алады деген тым күрделі сұрақ туады. Оған жа-
уап бере отырып, Аристотель: «мүмкіндік» (грекше – dynamis, латын- ша – potentia) және «шындық» (грекше – energeia, латынша – actus) деген екі жаңа ұғым енгізеді. Материя – бір нәрсеге айналатын мүмкіндік. Форма – ол шынайы, сондықтан ол материямен бірігіп, соңғыны нақты шындыққа, яғни шынайылыққа айналдырады, ол өз кезегінде, өзінің бойынан басқаға айналудың жаңа мүмкіндіктерін та- бады. Пішін-бітімі жоқ мәрмәр кесегі деген не? Іс жүзінде – ештеңе. Бірақ егер мүсінші барлық артық жерлерін шауып тастап, мәрмәрдан Деметраның – молшылықтың әйел-Құдайының бейнесін сомдаса, бұл енді біз назар аударатын, пішініне сүйсіне қарайтын бірдеңе бо- лып шығады. Ал кірпіш деген не? Ол – шынайы саз балшық, сонымен қатар болашақ үйдің мүмкіндігі де. Сөйтіп, кез келген нәрсенің пайда болуы – бір немесе басқа материалдық мүмкіндіктің болмысқа (шындыққа) айналуы. Жоқтан бар жасалмайды.
Оған қоса, Аристотельдің ғылымды үш үлкен тарауға бөлгенін де ерекше атап өткен жөн:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет