Марксизмнің неміс классикалық философиясымен тығыз бай- ланысы Маркстің шығармашылық өмірбаянында ерекше айқын көрінеді. Берлин университетінің студенті болып жүрген кезінде- ақ, яғни 1837 жылы ол Гегель философиясымен танысып, А.Руге мен Б.Бауэр басқаратын жас гегельшілер үйірмесіне қатысады. Бұл кезеңде Маркс неміс классикалық философиясының көптеген қағидаларын құптайтын. Басқа гегельшілер сияқты, ол да философияны рухани, яғни қоғамға даналық пен парасат енгізуге, сол арқылы қоғамдық- тарихи прогреске ықпал етуге арналған негіз, нағыз мән (квинтэссен- ция) депсанайды. Маркстің белсенді қоғамдық қызметке «Рейн газетінің» журналисі және редакторы ретінде енуі нақты өмірмен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді. Бұл оның гегельдік философияның бастапқы идея- ларынан теріс айналуына себеп болды. 1843-1844 жж. Маркс Фейер- бах ұстанымы жағына шықты. Ол кезде Маркске адам бойындағы сезім бастауларын қалпына келтіруді, адамның табиғат берген да- рындарын толық іске асыруын, адамның табиғатқа және адамның адамға адамгершілік көзқарасымен қарауын жақтайтын Фейербах материализмінің адамгершілік ұстанымы көбірек ұнайтын. Фейербах болашақты адамдардың жалпыға бірдей бауырластығы ретінде көріп, оны«коммунизм»(лат.–communis–жалпығаортақ)депатаған. Маркс – экономика ғылымының көрнекті теоретигі. Оны ол Фей- ербах гуманизмі және сынға қатысты әлеуметтік талдаумен біріктіру жолымен құрған. Оның аса нанымды көрінісі – «1844 жылдың экономикалық-философиялық қолжазбалары» атты еңбегі болып табылады. Еңбектің негізгі мақсаты – жеке меншік қоғамында адамды шеттету, жат ету идеясы және алдағы коммунистік қоғамда шеттетуді жою идеясы.