Ғылым тарихы және философиясы



бет79/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   185
субъективті рух, яғни адамның ой-түсінігі және сана-сезімі;

  • объективті рух, яғни мемлекет, құқық, мораль, адамгершілік, от- басы;

  • дара, дербес рух – өнер, дін және философия.

    субъективті рухты Гегель оның антропологиясында, феноменоло- гиясында және психологиясында қарастырады.
    «антропологияда» Гегель тән мен жанның арақатынасы тура- лы сұраққа жауап табуға әрекеттенеді, ол үшін адамдардың нәсілдік ерекшеліктерін, олардың мінез-құлықтары мен қызуқандылығын, адамдардың әртүрлі өмір сатыларынан өту барысында қалай өзгеретінін және т.б. зерттейді. Ойшылдың пікірінше, өмірдің басқа формаларынан адамның маңызды айырмашылықтарының бірі – оның тік жүретіндігі. Адам өмірінің кезеңдерін қарастыра келе, Гегель адам жас шағында ғана қоғамдағы кейбір тәртіптерге қарсы шығатынын, ал ересейгенде оның бірдеңені бұзу, өзгерту түйсіктері сөнетінін және оның тәртіпті сақтауды және жемісті шығармашылық еңбекті жақтайтынын растайды.
    Гегель ашық нәсілшіл болған жоқ, бірақ сонымен бірге нәсілдік топтар арасындағы болашақта да сақталатын өзгешеліктер туралы ай- татын. Бұл өзін-өзі айқындаудың әртүрлі кезеңдерінде солар арқылы дара рухтың өткеніне байланысты. Тек «кавказдық нәсіл» деп атала- тын рух қана, оның пікірінше, ең көрнекті болып табылады.
    «Рух феноменологиясында» Гегель адам санасының сезімдік кезеңнен ақыл-ес танымына, ал одан парасатпен пайымдауға секіріс жасайтыны туралы мәселені қарастырады.
    «психологияда» Гегель теориялық және практикалық, яғни іс жүзіндегі парасатты пайымға, сондай-ақ еркіндік мәселесіне талдау жасауға назар аударады. Адам танымның теориялық деңгейіне жет- кен соң, ары қарай білімдерін өзінің еңбек қызметінде пайдалануға ұмтылады. Бұл жолда ол өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін іске асырады. Парасаттың бұл теориялық және практикалық бірлігі еркіндік рухын тудырады. Бұл соңғы өз-өзін тапқан соң, дереу өзінің мазмұнын нысандауға, сыртқы мәнге ұмтылады, нәтижесінде объективті рух патшалығына секіріс орын алады.
    Гегельше, объективті рух қоғамдағы құқықтық және азамат- тық қатынастарды қамтиды. Рухтың терең мәні еркіндікте жатқандықтан, құқықтық қатынастардың өзін өмірге нақты енген еркіндік шамасының болмысы деп қарау керек. Бұл тұрғыда құқық озбырлықтың, тәртіпсіздіктің кез келген түріне қарсы тұрады. Адам бірінше кезекте өз құқықтарын заттарға теліп, оларды өзінікі деп жа-
    риялайды. Нәтижесінде, адам еркіндігі өзінің түпнегізділігін иеленіп, өмірге енеді. Жеке меншік арқылы ғана адамның еркіндігі тұлғаның еркіндігіне айналады. Адам еркінің субъективтілігі (озбырлығы) ақылды тұлғаға орын босатады. Олай болса, жерге деген жеке меншік үшін жеңіспен аяқталған күрестің тарихи ұзақ кезеңі – бұл заңдылық, бұл ақылдың жеңісі.
    Мораль құқыққа қарсы тұрады. Ол саналы еркіндіктің субъективті құқы болып табылады. Содан кейін мораль мен құқық қоғамның отба- сында, азаматтық қоғамда және мемлекетте іске асатын адамгершілік нормаларына ұласады.
    Жоғарыда айтылғандар тұрғысынан алғанда, әлемдік тарих – ол халықтар рухы дамуының тарихы болып табылады. Бірақ бұл объективті рухтың сана-сезімі үшін ғана дұрыс. Ал нақты өмірде нақты өмір сүретін адамдар өздерінің алдарына белгілі бір мақсаттар қойып, соларға қол жеткізуге ұмтылады, бірақ нәтижесінде ғаламдық тұрғыда басқаға жетеді. Бұны Гегель «әлемдік рухтың қулығы» деп атаған. Сөйтіп, адамдар мен халықтар әлемдік рухтың өз мақсаттарында пай- даланатын құралы ретінде әрекет етеді екен.
    Дара рухтың кезеңдеріне тарихи жолмен жеткен соң, дара идея өзін түбегейлі танып болып, енді тыныштала бастайды. Бұл жолда дара рух та үш сатыдан өтеді. Олар: 1. – Өнер; 2. – Дін; 3. – Философия.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   185




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет