Ғылым тарихы және философиясы


«біз әртүрлі тілдерде сөйлеп тұрмыз»



бет81/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

«біз әртүрлі тілдерде сөйлеп тұрмыз», – дейміз.
Алайда, егер пайдаланылатын ұғымдардың орнықтылығын да- ралайтын болсақ, олар өзінің қарама-қайшылығына айналып, бізді схоластикалық теориялауға келтіреді. Гегельдің ойынша, бұл бос мылжыңдықты, зерттелетін заттарға үстірт қарауды тудырады. Мы- салы, кісі өлтірген адамды жазаға тартуға әкеле жатқанда, алаңға жиналған адамдар оны қылмыскер ретінде қабылдайды, кейбіреулері базарда айтылатын боғауыз сөздермен балағаттап, тас лақтырады. Ал біреу сонда: «Ол неткен жас, сымбатты, ержүрек еді!» – дейді өкініш пен аяныш аралас сезіммен. Сол кезде жұрт: «Қалайша?! Қылмыскер сымбатты бола ала ма? О, бұл не заман, не ғұрып! Сіз, сірә, анадан оншалықты ұзап кетпеген боларсыз...» – деп, жаңағы сөзді айтқан адамға тап береді. Гегель бұдан дерексіз ойлаудың үлгісін көре білді,
өйткені жұрт сотталған адамның басқа да мүмкін болатын қасиеттері туралы білместен, оған тек қылмыскер деп қарайды. Бұл жағдайға Г.Гегель ойлаудың метафизикалық тәсілі деген анықтама береді.
Дерексіздендіру, әлбетте, ойлау үдерісінде қажетті баспалдақ болып табылады. Бірақ ойлаудағы дерексіздіктен нақтылыққа қарай өрлеуді жүзеге асыра отырып, ары қарай қозғалу қажет.
Бізді қоршаған нақты болмыстың өзі диалектиканың тамаша үлгілерін көрсетеді, өйткені бұл дүниеде кез келген зат шектеулі, бірақ орнықтылықпен бірге онда ішкі қарама-қайшылықтар туғызған тұрақты өзгерістер болып жатады, олар, ақыр соңында, оны шектерінен шығарып, оның өзі енді басқа бір затқа айналады. Сөйтіп, диалектика ойлау үдерісіне ғана емес, сондай-ақ тұтас объективтік әлемге де тән болып табылады. Мысалы, дараланған дерексіз құқық қорқынышты әділетсіздіктерге әкеледі; мораль саласында «тәкаппарлық құлдырауға жеткізеді»; өткір нәрсенің мұқалуы да тез» т.с.с.
Сондықтан еш жерде – Аспанда, Жерде, Табиғатта және қоғамның рухани өмірінде: «не – осы, не – басқасы» дейтін тұрпаттағы дерексіз ойлаудың анықтамасына сәйкес келетін ештеңе жоқ. Кез келген бар нәрсе – нақты нәрсе, демек, онда өзгешеліктер де, қарама-қайшылықтар да бар. Зат өтпелі, өйткені оның сыртқы нақты, өзгеріп тұратын бол- мысы ішкі орнықты мазмұнына сай емес. Қарама-қайшылық, міне, бұл әлемнің шынайы қозғаушы күші – осы, оны ойлауға болмайды деудің өзі күлкілі.
Сөйтіп, танымның диалектикалық әдісін құра отырып, Гегель философияның мәртебесі мен маңызын бұрын-соңды болмаған биіктікке көтерді. Ол марксистік философияның қалыптасуына ерек- ше күшті ықпал етті, ол туралы алдағы параграфта айтатын боламыз. Алайда әрбір адам сияқты, оның да осал жақтары болған-тын.
Егер Кант адамды ең жоғарғы құндылық деп жарияласа, ал Гегельдің философиясында адам құрал, яғни Дара идеяны танып білудің құралы болып табылады. Бүгінгі күні Гегельдің Шығыс халықтарының рухына берген төмен бағасы теріске шығарылған – Жапония, Сингапур, Малайзия, Қытай және басқалары жаңа технологиялардың жоғарғы үлгілерін және сонымен қатар өзіндік ерекшеліктерін, өздерінің ұлттық мәдениеттерінің жоғары деңгейін көрсетіп үлгірді.
Егер Кант болашақ әлемдік тарихта «Мәңгі әлемнің» орнығатынына сенсе, ал Гегель соғыстар халықтардың қандарын жаңартатынына сенді. Әлемдік тарихтағы немістердің рөлін асыра көрсетіп, ол XX
ғасырдың бірінші жартысында германияның содан кейінгі қасіретті дамуына да ықпал етті. Оның: «Барлық ақылға қонымды нәрселер – шынайы, ал шынайылардың бәрі – ақылға қонымды» деген тезисі кейіннен әртүрлі озбырлық режимдерді ақтау үшін қолданылатын «ай- ырбас мәнетіне» айналды. Шамасы, ұлы адамдардың да «қателесуге құқы» бар болғаны ғой.
Гегельдің өлімінен кейін оның ізбасарлары мен шәкірттері тез арада екі партия құрды. Француз парламентарийлерінің лексикасын пайдала- нып, неміс теологы және солшыл жас гегельшілердің бірі Д.Ф.Штраус (1808-1874) гегельшілерді оңшылдар және солшылдар деп атады.
Оңшылдарға сәйкес, Пруссия мемлекеті Рух рационализмін ба- рынша жүзеге асырушы болды. Солшылдар диалектика атынан сол уақытта болған барлық мемлекеттердің өмір сүруге деген құқын теріске шығарды.
Сондай-ақ, діни қарама-қайшылықтар да орын алды. Еске түсірсек, Гегель философия мен діннің: яғни философия – ұғымдар түрінде білдіретін, ал дін көріністер түрінде беретін сәйкестігін дәлелдеді. Оң және сол гегельшілдіктің қарама-қарсылығы нақ осыдан пайда бол- ды. Христиандықтың гегельдік философиямен үйлесімдігін дәлелдеу мүмкін бе? Оңшылдар сенімді түрде: «Иә», – деп жауап қатты. Ал солшылдар Құдай жолдауларын тікелей адамдық өлшемдерге сайып, қатаң қарсы болды.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет