Ғылым тарихы және философиясы


Фейербахтың материализмі. сүйіспеншілік философиясы



бет82/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   185

Фейербахтың материализмі. сүйіспеншілік философиясы




Людвиг Фейербах (1804-1872) – неміс классикалық философиясының оқшау тұрған өкілі. Негізгі еңбегі – «Христиандықтың мәні». Германияның одан бұрынғы философтарынан айырмашылығы: Фейер- бах – материалист және, оған қоса, «жүрек қанымен», құлшыныспен және шабытпен жазатындығы.
Кезінде сұңғыла ойшыл Гегельдің дәрістерін тыңдағанмен, бәрібір гегельші болмады. Оның үстіне, ол Гегельдің философиялық жүйесін күйрете соққы беріп сынады. Фейербах бойынша, кез келген идеа- лизм, – оның ішінде гегельдік те бар, – бар-жоғы шындыққа (болмысқа) деген нәзік діни көзқарас қана болып табылады. Гегельдің философиялық жүйесіндегі Табиғаттан бұрын бар болып келе жатқан логикалық санаттар – Жаратушының басқа сөздермен білдірілген идея- лары. Дүниеде материалдық әлемнен ажырап өмір сүретін таза ойлау
жоқ, ойлау қабілетіне ие тіршілік иелері – адамдар ғана бар. Материяны рух тудырмайды, керісінше, материя тарихи тұрғыда рухты жаратады. Адамның ойлау қабілеті қаншалықты ғажап болса да, оның миының қызметі ғана болып табылады. Адам тәнінен ажыратылып алынған, оның шектеулі және ақырғы өмірінен азат етілген рух Құдайға ай- налады. Мән – бар-жоғы ұғым ғана. Оны адамның денесінің тұрқын құрайтын сүйектерімен салыстыруға болады. Алайда тірі адамның тәні, миы, қан айналысы мен жүйке жүйесі бар. Бірақ гегельдік фило- софияны сүйектермен ғана қоректеніп жүре беретін қорқау қасқырға теңеп, Фейербах өзінің ұстазының философиялық жүйесін келеке, мазақ етті.
Егер осылай болса, онда философия сондай болып табылатын бол- мыс ұғымынан емес, өмірге қанық болмыстың өзінен басталуға тиіс қой. Бұл жағдайда біз заңды түрде барлық философиялық санаттарды дарадан, жалқыдан шығаруға тиіспіз, өйткені кез келген нақты бол- мыс – ол қазір, осы жерде немесе ана жерде бар, өмір сүретін әлдене. Егер болмыс жалқы, бірегей заттардан тұрса, онда ойлау жалпыны ту- дырады. Ойлардың осындай желісі, дау жоқ, тартымдырақ болмақ, өйткені өмірдің өзінен, бардан шығады.
Адамның қоршаған әлемді танып білуі үдерісін қарастыра келе, Л.Фейербах агностицизмді1 қатаң сынға алады. Адамның сезінуі бізді Табиғаттан алшақтатпайды, керісінше, бізді онымен байланыстыра- ды. Бұл жерде ол Інжілдің (Евангелие – ізгі жаңалық) діни ұғымдарын пайдаланады. Сезінулер бізге әлем туралы ізгі жаңалықтарды әкеледі.
Фейербах қозғалысты материяның өмір сүру тәсілі деп санайды, ал ол кеңістіксіз және уақытсыз мүмкін болмайды. Табиғаттың себебі оның өзінде. Оны ешкім тудырған жоқ, ол мәңгі өмір сүріп келеді. Табиғат ойлай алмайды, бірақ адамды тудырып, ол өз-өзін сезінуге дейін көтеріледі. Адам ғана қоршаған әлемді өзгерте отырып, оған өзінің санасын телиді.
Олай болса, рух – тірі адамның, оның өмірлік ақыл-ой белсенділігінің туындысы, ал ми оның тәніне жатады. Сондықтан
«адамды Құдай жаратқан» деген миф: Оған өзінің барлық мән- мағыналы күшін беріп, «Құдайды адамның өзі жаратқан» деген ғылыми негізделген оймен ауыстырылуға тиіс. Ары қарай Л.Фейербах жоғарыда аталған тезисін дәлелдеу үшін, өзінің барлық күш-жігерін сарп етті.



1 Агностицизм – нақты дүниені және оның заңдылықтарын танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын идеалистік философиялық ілім.
Адамдардың Құдіретті Құдайға деген сенімінің терең бастаулары, ойшылдың пікірінше, адам жанының құпия сандықтарында жатыр. Олардың ішіндегі ең бастысы – табиғаттың белгісіз дүлей, алапат күші алдындағы үрей, сондай-ақ соларға тәуелділік. «Құдайларды үрей тудырған». Сол құдіретті үрейдің өзін кім тудырды? Ойшыл жасаған қорытынды: ол – адамдардың бақытқа жету жолындағы үздіксіз талпынысы. Құдіретті немесе мейірімді Құдайлар адам құмарлықтарының тұңғиығынан және оның қажеттіліктерінің шатасып-бытысқан ортасынан пайда болады. Сонымен, адамның сан- сыз қажеттіліктері және соларды қанағаттандыру үшін тынымсыз әрекеттенуі – пайда болатын діннің арғы тегі болып табылады.
«Адамның надандығы түбі жоқ тұңғиық болса, қиялы да шексіз». Надандықтың кесірінен түп-тамырынан ажырап қалған Табиғат адамның таусылмайтын шексіз қиялымен біріккенде, құдіретті Құдайларды тудырады.
Сондай-ақ Фейербах діннің психологиялық тамырларын терең ашып көрсетеді. Бұл – адамның ажалсыздыққа ұмтылысы және соның нәтижесінде жанның өлмейтініне, «басқа тамаша аспан әлемінің» бар екеніне сену. Адам өмірінің соңы, шарасыздық, шектеулі өмір сүретіні және келешектегі өлімнен қашып құтылудың мүмкін еместігі тура- лы біледі, ал бұл оны терең күйзелістерге түсіріп, діннен сая іздеуге итермелейді.
Дінді ұғыну, ойшылдың пікірінше, «адамның Құдай туралы ойлай- тынын» түсінген кезде мүмкін болады, ал бұл – «адамның өзін жете түсінгені». Демек, дін – тек қана адамға тән ерекше құбылыс.
Фейербах діннің тарихи қалыптасқан екі формасына талдау жа- сайды. Алғашқысы – ол Табиғаттың мистикалық күштері (пұтқа табынушылық). Екіншісі – адамды «бейнелеп және өзіне ұқсатып» жаратқан Құдай идеясы.
Бұл тұрғыда құдіретті және шексіз Құдай мәні – дербес өмір сүреді- міс деп көрсетілетін адамның рухани мәнінен басқа ештеңе де емес. Ойшыл христиандықты бейшара күйге түскен адамдардың күш- жігерлерін осы дүниедегі зұлымдықты жоюға бағыттаудың орнына, оларды мүсіркеп, ана дүниеде жұмақ болатынына уәде беретіні үшін жазғырады. «Мен Құдайды жоққа шығарамын, сол арқылы адам- ды терістеуді терістеймін», – дейді Фейербах Гегель терминология- сын пайдалана отырып. Өйткені «о дүниені» теріске шығару – «бұл дүниені» растау дегенді білдіреді. жарқын болашақ – ол сенімнің мәселесі емес, адамның парызы мен міндеттерінің мәселесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет