«Ғылыми қазына» Қазақстан республикасы білім жәНЕ


IV ТАРАУ.  ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҚИРАҒАН



Pdf көрінісі
бет9/25
Дата29.01.2017
өлшемі2,28 Mb.
#2952
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
IV ТАРАУ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҚИРАҒАН 

ЭКОНОМИКАСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

Кеңес елі азамат соғысынан арылып, жаңа экономикалық 

саясат арқылы қираған шаруашылықты қалпына келтіруге 

жанталасқан шақта Кремль мақта өнеркәсібі шоғырланған 

Орталық Азия сияқты аса маңызды стратегиялық аймақтың 

экономикасын  жандандыру  үшін  Т.  Рысқұлов  сынды 

талантты ұйымдастырушыға зәру болып, оны Түркістанға 

кері  қайтару  туралы  мәселе  қояды.  РКП  (б)  Орталық 

Комитетінің  Орта  Азия  Бюросының  төрағасы  Я.  Рудзутак 

РКП  (б)  Орталық  Комитетінің  Ұйымдастыру  Бюросының 

1922 жылы 25 қыркүйектегі мәжілісінде Түркістанның саяси-

экономикалық жағдайы туралы арнайы баяндама жасайды. 

Орталық Азияның қираған шаруашылығын қалпына келтіру 

үшін  РКФСР  Ұлт  істері  жөніндегі  халық  комиссарының 

орынбасары Т. Рысқұловты Түркістанға қайтару, оны Орта 

Азия  Бюросының  мүшелігіне  өткізіп,  Түркістан  Халық 

Комиссарлар  Кеңесінің  төрағасы  етіп  тағайындау  туралы 

ұсыныс  білдіреді.  Ұйымдастыру  Бюросы  Я.  Рудзутактың 

ұсынысын қабыл алып, Т. Рысқұловты Түркістанға қайтару 

туралы шешім шығарады

493

.

1922 жылдың басында РКП (б) Орталық Комитеті өзінің 



Түркістан  Бюросын  (Түрікбюро)  Орта  Азия  Бюросы  етіп 

қайта құрды. Орта Азия Бюросының құқығы Түрікбюромен 

салыстырғанда  көп  ұлғайтылды.  Енді  Орта  Азия  Бюросы 

Түркістанмен қоса, Хорезм мен Бұқара Республикаларының 

үстінен қарайтын эмиссарлық органға айналды. Орта Азия 

Бюросы  өз  қызметіне  1922  жылдың  ақпан  айынан  бастап 

кірісті.  Бірақ  Түрікбюроны  Орта  Азия  Бюросы  етіп  қайта 

құру процесі тек 1922 жылдың мамыр айында ғана толық 

аяқталды. Оның құрамына РКП (б) Орталық Комитетінің – 


 189

4,  Түркістан  Коммунистік  партиясы  Орталық  Комитетінің 

– 3, ал Бұқара және Хорезм компартияларының бір-бірден, 

барлығы 9 мүше кіргізілді. Олар: Я.Э. Рудзутак (төрағасы), 

Легран,  И.Е.Любимов,  С.М.Соколов,  П.И.Баранов, 

М.С.Эпштейн,  А.Рақымбаев,  Ф.Қожаев  және  Хорезм 

компартиясының бір өкілі. Сонымен, Орта Азия Бюросының 

құрамы  да  бұрынғы  Түріккомиссия  мен  Түрікбюроның 

құрамы  сияқты  негізінен  Орталықтан  келген  еуропалық 

коммунистерден  жасақталынды.  1922  жылы  күзде  бұл 

құрамға Т. Рысқұлов енгізілді

494


.

Өзінің  Орталық  Азияға  қайтатындығына  байланысты 

Т.  Рысқұлов  1922  жылы  22  қыркүйекте  Я.Э.Рудзутакқа 

былай  деп  хат  жазады:  «Мемлекеттің  күші  мен  қаражаты 

негізінен  түздік  халықтың  шаруашылық  құрылысы  мен 

мәдени-ағарту  бағытындағы  істерге  жұмсалуы  тиіс.  Бұл 

аймақта  бар  нәрсені  механикалық  жолмен  сорып  алуды 

қойып,  түздік  шаруашылық  пен  өндірістің  гүлденгені 

федерацияның мүддесіне пайдалы екені туралы көзқарасты 

түпкілікті қалыптастырып, Түркістанға кең түрде идеялық, 

техникалық  және  материалдық  көмек  көрсетілуі  тиіс. 

Мәдени-шаруашылық  тоқырау  патша  құрылысы  кезінде 

болған, енді ондай жағдайдың кеңес өкіметі кезінде болуы 

тиіс емес»

495



1922  жылы  8  қазанда  Түрікатком  төралқасының 



мәжілісінде  Т.Рысқұлов  ХКК-нің  төрағасы  болып 

тағайындалды. ХКК-нің 1922 жылы 11 қазанда жарияланған 

№ 479 қаулысында Т. Рысқұлов былай деп атап көрсетеді:  

«Түрікатком төралқасынаң 8 қазандағы № 142-ші қаулысын 

орындау  үшін,  мен  бүгінгі  күннен  бастап,  Түркістан 

Республикасы  Халық    Комиссарлар  Кеңесінің  төрағасы 

қызметін атқаруға кірістім»

496


1922 жылы 14 қазанда Я.Э.Рудзутак, Т.Рысқұлов және И. 

Қыдыралиев қол қойған «ТКП мүшелері мен барлық жауапты 

кеңес  қызметкерлеріне»  арналған  үндеу  жарияланды. 



190

Үндеуде 


республикасының 

халық 


шаруашылығын 

қалпына  келтіріп,  өркендету  үшін  мынадай  шаралардың 

іске  асырылуы  қажеттілігі  атап  көрсетіледі,  біріншіден, 

басмашылықты толық жою; екіншіден, негізгі күш-жігерді 

және қаржыны әскери салаға емес, шаруашылықты қалпына 

келтіру  шараларына  жұмсау,  жергілікті  халық  пен  қоныс 

аударып келген еуропалықтардың әлеуметтік-экономикалық 

жағдайын теңестіру; үшіншіден, мәдени-ағарту жұмыстарын 

өрістету, сауатсыздықты жою

497


1922 жылы 7 қарашада жергілікті газетте Т. Рысқұловтың 

«Қазан  революциясы және Түркістанның жергілікті халқы» 

деген  мақаласы  жарияланды

498

.  Мақалада  революцияға 



дейінгі,  революция  жылдарындағы  Орталық  Азияның 

саяси  тарихына,  жергілікті  халықтардың  әлеуметтік-

экономикалық жағдайына кең түрде талдау жасалған. 

1922  жылы  2-6  желтоқсан  аралығындағы  Ташкентте 

Түркістан  кеңестерінің  IX  съезі  болып  өтті.  Съезде 

Т.Рысқұлов Халық Комиссарлар Кеңесінің қызметі туралы 

баяндама  жасайды

499


.  «Халық  Комиссарлар  Кеңесі  мен 

Түркістан  Экономикалық  Кеңесінің  белсенді  қызметінің 

нәтижесінде  біз  соңғы  кезде  халық  комиссариаттарының 

жұмысында  белгілі  бір  ұйымдасқандық  пен  жоспарлыққа 

қол  жеткіздік»,  –  дейді  Т.Рысқұлов.  1922  жылы  6 

желтоқсанда  өткен  пленумда  Түрікаткомның  және  Халық 

Комиссарлар Кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Түрікатком 

төралқасының төрағасы болып И. Қыдыралиев, мүшелігіне 

–  Рысқұлов,  Паскуцкий,  Эпштейн,  Әлиқожаев,  Любимов, 

Русанов,  Розенблюм  және  Аралбаев  сайланды.  Халық 

Комиссарлар  Кеңесінің  төрағасы  болып    Т.  Рысқұлов, 

орынбасары – Н.А. Паскуцкий сайланды. Н.А. Паскуцкий 

сонымен  қатар  Түркістан  Экономикалық  Кеңесінің 

төрағасы  болып  бекітілді.  Ішкі  істер  халық  комиссары 

болып – Аралбаев, Әділет – Ұстабаев, Жер шаруашылығы 

–  Қыдыралиев,  Халық  ағарту  –  Қожанов,  Азық-түлік  – 



 191

Троцкий, Еңбек – Бретт, Халық шаруашылығының Орталық 

Кеңесінің төрағасы болып Мамаев тағайындалды

500


Орталық  Азия  республикаларын  (Түркістан,  Бұқара 

және Хорезм) экономикалық жағынан біріктірмей аймақтың 

шаруашылығын, қалпына келтіріп, өркендету мүмкін емес 

болатын. Суландыру жүйелерін қалпына келтіру тек өзара 

күш  біріктіргенде  ғана  іске  асатын  проблемаға  айналды. 

Өзара  ортақ  өнеркәсіп,  сауда,  қаржы  және  көлік  саясатын 

бірігіп жүргізу қажеттілігі – өмір талабына айналды. Осы 

қажеттілік  Орталық  Азияның  үш  республикасын  өзара 

ортақ экономикалық ұйым құруға итермеледі.

Т.Рысқұлов  Орталық  Азия  республикаларының 

экономикалық одағын құруға қызу кіріседі.   ұсынысымен 

Түркістан Республикасында осы бағыттағы істер өрістетіле 

бастады. 1923 жылғы 28 ақпанда Түрікатком Кіші төралқасы 

Ташкент  қаласына  шақырылып  отырған  Орталық  Азия 

республикаларының  І  экономикалық  конференциясына 

баратын Түркістан делегациясының құрамын бекітті, оған 

Т. Рысқұлов, И. Қыдыралиев, Прибытков, С. Асфендияров, 

Қамытханов,  Н.  Айтақов,  А.  Серғазиев,  А.М.  Розенблюм, 

Міржамалов және Лукьянов енгізілді

501



1923 жылы 5-9 наурыз аралығында Ташкент қаласында 



Орталық  Азия  республикаларының    І  экономикалық  

конференциясы 

өтеді. 

Конференция 



төралқасына 

Түркістаннан Т. Рысқұлов пен И. Қыдыралиев, Бұқарадан 

–  Ф.Қожаев,  Хорезмнен  –  Атаджанов,  ал  РКФСР 

атынан  И.Е.  Любимов  енгізілді

502

.  Конференцияның  күн 



тәртібіне: Түркістан, Бұқара және Хорезм республикалары 

басшыларының  баяндамалары;  қаржы  мәселесі;  ауыл 

шаруашылығы  және  суландыру;  мемлекеттік  сауда  және 

кооперация;    транспорт  мәселесі  және  байланыс;  мақта 

шаруашылығы; статистика және есеп мәселелері; жұмысшы-

шаруа  инспекцияларының  баяндамалары;  ұйымдық  мәселе; 



192

республикалардың  шаруашылық  жоспары;  өзара  ортақ 

экономикалық ұйымдар сайлау.

1923  жылы  8  наурызда  конференцияда  ұйымдастыру 

мәселесі  бойынша  Т.  Рысқұлов  баяндама  жасады.  Т. 

Рысқұлов  Орталық  Азия  республикаларының  өзара  ортақ 

белгілерін:  қаржы,  сыртқы  саясат,  ішкі  және  сыртқы 

сауда,  транспорт,  оқу-ағарту  және  мәдениет,  мақта 

шаруашылығы,  ирригация,  аймақтағы  су  ресурстарын 

ортақ  пайдалану,  экономикалық  аудандастыру  мәселелері, 

орман  шаруашылығын  қорғау  және  дамыту,  жер  саясаты 

және  жер-су  реформасын  аяқтау,  өндіріс  пен  мемлекеттік 

сауда, кооперация мәселелерін бірігіп шешу, біртұтас ақша 

айналымы  аумағына  кіру,  біртұтас  салық  жүйесін  құру, 

сондай-ақ тағы басқа да аса маңызды салалар мен істерде 

осы республикаларға тән ортақ мүдделер мен жағдайларды 

атап көрсетті. Т. Рысқұлов өзара ортақ экономикалық саясат 

жүргізу  үшін  Орта  Азия  Экономикалық  кеңесін  құруды 

ұсынады.  Республикалардың  экономикалық  күш-қуатын 

біріктіру,  жалпы  шаруашылық  жоспарын  жасап,  біртұтас 

экономикалық саясат жүргізу, сауда, тауар айналымы және 

қаржы саласында келісімді іс-қимыл жасау, бірыңғай салық 

және  несие  саясатына  көшу,  ауыл  шаруашылығының,  оның 

ішінде,  мақта  шаруашылығының,  суландыру  мәселелерін 

бірігіп  шешу,  қатынас  жолдары,  байланыс,  есеп  пен 

бақылау  мәселесінде  барлық  істі  бір  орталықтан  жүргізу,  

республикалар  арасындағы  кедендік  жүйені  жою,  жалпы 

мемлекеттік шекараны Бұқара-Ауғанстан шекарасы арқылы 

өткізу, РКФСР Ішкі істер халық комиссариатының Орталық 

Азиядағы  тұрақты  өкілдігінің  жанынан,  орталығы  Бұқара 

қаласында  орналасатын  лицензия  бөлімін  ұйымдастыру, 

біріккен  Мемлекеттік  сауда  басқармасын  құру  туралы 

ұсыныс жасады

503


Тұрақты  өткізу  көзделіп  отырған  конференциялар 

арасында  атқарушы  орган  ретінде  төралқа  жұмыс 


 193

істейтін  болды.  Төралқа  құрамына  10  мүше,  олардың 

4-і  Түркістанның,  3-і  Бұқараның,  2-і  Хорезмнің  және  1-і 

РКФСР-дің өкілі болды. Конференция төралқасы жанынан 

осы  төралқа  мүшелері  мен  республикалардың  сыртқы 

сауда,  қатынас  жолдары,  байланыс,  қаржы  комиссиялары 

мен орталық статистикалық басқармаларының төрағалары 

кіргізілген  Орта  Азия  Экономикалық  Кеңесі  (ОАЭК) 

ұйымдастырылды

504


.  Оның  құрамына:  Т.  Рысқұлов, 

И.Қыдыралиев,  Н.А.  Пацкуцкий,  Прибытков  (Түркістан), 

Якубов,  Сәрсенбаев  (Бұқара),  Атақожаев  (Хорезм)  және 

И.Е.    Любимов  (РКФСР)  енді.  ОАЭК-тың  құзырына: 

шаруашылық  жоспарларын  жасау,  үйлестіру  және  бекіту, 

жалпы заңдардың жүйесін әзірлеу, сауда мен қаржы саясатын 

біріктіру,  азық-түлік  саясатын  белгілеу  және  халыққа 

қажетті  күнделікті  тұтынатын  өндіріс  тауарларын  өндіру 

жоспарын  даярлау,  республикалардағы  шикізат,  отын-

жанармай қорын бақылауға алу, әлеуметтік қамсыздандыру 

және қорғау шараларын белгілеу міндеті берілді. Орта Азия 

Экономикалық Кеңесінің жанынан: сыртқы сауда, қатынас 

жолдары,  байланыс,  статистикалық  басқарма  және  қаржы 

бөлімдері ұйымдастырылды.

Орталық  Азия  республикаларының  І  экономикалық 

конференциясының 

үш 

республиканың 



халық 

шаруашылығын  қалпына  келтіріп,  өркендетуде  зор 

маңызы  болды.  Конференциядан  соң  республикалардың 

экономикалық  күш-қуатын  біріктіру  мақсатында  үлкен 

жұмыстар басталып кетті. 

Т.Рысқұлов    Түркістан  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің 

төрағасы болып сайланған соң, басқа да негізгі шаралармен 

қатар, мемлекеттік басқару аппаратын қысқарту және оның 

үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселесіне көңіл 

бөлді. 1922 жылы күзде республиканың түрліше деңгейіндегі 

басқару  аппаратында  110  000  адам  қызмет  атқарған. 

1922  жылы  желтоқсан  айында  республика  ұйымдары 



194

мен  комиссариаттарының  штаттары  қайта  бекітілді.  Т. 

Рысқұловтың басшылығымен Түркістан Штат комиссиясы 

1923  жылы  1  қаңтардан  бастап  республикадағы  басқару 

аппараттарының штат санын 11 170 адам деп белгіледі

505


.

Мемлекеттік  аппаратты  қысқартумен  қатар,  оның 

біліктілігін  арттыру  және  аппаратты  жергіліктендіру  де 

кезек  күттірмес  мәселеге  айналды.  Мемлекеттік  аппарат 

Түркістанның  ерекшелігіне,  оның  халқының  тұрмыс 

жағдайына бейім болуы шарт еді. Аппараттың құрамында 

жергілікті халықтардың тілін, салт-дәстүрін, шаруашылық 

жағдайын жақсы білетін, басшылықты осы ерекшеліктерге 

сай  жүргізетін  қызметкерлердің  отыруы  керек  болатын. 

Қызметкерлердің  ұлттық  құрамы  да  ерекше  рөл  атқарды. 

Түрікаткомның  1923  жылғы  дерегі  бойынша,  Түркістанда 

жалпы  саны  7  200  мың  адам  болған  20-дан  аса  ұлттың 

өкілдері тұрды. Олардың ішінде: өзбектер – 3 384 000 (47%), 

қазақтар мен қырғыздар – 2 232 000 (31%), орыстар – 720 

000 (10%), түркімендер – 360 000 (5%) және басқалары – 504 

000 (7%) болды

506

. Түркістанда ұлт мәселесінің бір түйіні – 



мемлекеттік басқару аппаратында түрліше ұлт өкілдерінің 

қаншалықты  дәрежеде  қамтылу  мәселесінде  жатты.  1923 

жылы республикалық  дәрежедегі партия қызметкерлерінің 

саны  –  252,  облыстық  –  518,  уездік  –  486  адам  болса,  ал 

барлығының  саны  –  1  256  адам  болды

507


.  Оларды  ұлттық 

белгілері  бойынша  анықтаған  кезде,  мынадай  қорытынды 

шықты: орыстар – 745, еврейлер – 79, басқа еуропалықтар – 

88, өзбектер – 141, қазақтар мен қырғыздар – 70, түрікмендер 

–  21,  тәжіктер  –  16,  татарлар  –  64,  және  басқалары  –  23 

адам  болды.  Сонда  өлке  тұрғындарының  10%-ын  құраған 

еуропалықтар республиканың партия қызметкерлерінің 60%-

ға жуық бөлігін құрады. Ал, жалпы партия қызметкерлерінің 

76,2%-ы еуропалықтар болса, жергілікті халық өкілдері не 

бәрі – 27,4% болды. Жергілікті халықтың ішінде: өзбектер 

–  41%,  қазақтар  мен  қырғыздар  –  20%,  татарлар  –  18%, 


 195

тәжіктер – 8% болды. Республиканың орталық партия мен 

мекемелерінде еуропалық қызметкерлер – 85,7%, жергілікті 

халық өкілдері не бәрі – 14,3% еді

508



Бұл  деректер  республиканың  партия  ұйымдарының 



басқару  аппаратында  жергілікті  халық  өкілдерінің  тым  аз 

екенін көрсетеді, ал республикалық кеңес және шаруашылық 

салалардың  басқару  аппараттарындағы  жағдай  да  осыған 

ұқсас  болатын.  Сондықтан  да,  басқару  аппараттарын 

жергіліктендіру аса маңызды іс болды.

Т.  Рысқұлов  мемлекеттік  басқару  аппаратын  қысқарту, 

жинақтандыру,  жергіліктендіру  мақсатында  1923  жылы  17 

қаңтарда Халық Комиссарлар Кеңесінің «Кеңес мекемелерін 

жинақыландыру туралы» № 14-ші қаулысына қойды. Қаулы 

бойынша республиканың комиссариаттары мен ұйымдары, 

екі аптаның ішінде, өздерінің құрамын қайта қарап, артық 

адамдарды  қысқартуға,  бірақ  жергілікті  халықтардың  маман 

қызметкерлерін  мүмкіндігінше  сақтап  қалуға  және  өздері 

жайласқан  үйлердегі  аппараттың  орналасу  мүмкіндіктерін 

қайта  қарап,  босаған  үйлер  мен  бөлмелерді  мемлекеттік 

өндіріс  орындары  мен  жұмысшыларына  босатып  беруге 

міндеттелінді

509


.

Халық Комиссарлар Кеңесінің қызмет ауқымы күн өткен 

сайын  барынша  кеңейе  түсті,  бұл  жағдай  Т.  Рысқұловты 

оның  қызметін  жаңаша  ұйымдастыруға  итермеледі. 

1923  жылы  20  ақпанда  Т.  Рысқұлов  қол  қойған  «Халық 

Комиссарлар  Кеңесінің  Кіші  Кеңесін  құру  туралы»  №  40 

қаулы  жарияланды.  Қаулы  бойынша  Халық  Комиссарлар 

Кеңесі  жанынан  Үлкен  және  Кіші  Кеңес  құрылды.  Кіші 

Кеңестің  міндетіне:  а)  Үлкен  Кеңестің  талқылауына 

ұсынатын  барлық  мәселелерді  әзірлеу  және  оларға  алдын 

ала  заңдық  тұрғыдан  анықтама  беру,  мәселе  түпкілікті 

қабылданған  соң,  оның  орындалу  барысын  қадағалау;  б) 

барлық комиссариаттар мен ұйымдардың ХКК-не жіберген 

баяндамалары мен құжаттарын қабылдап, оларды алғашқы 



196

талқылаудан  өткізген  соң  Үлкен  Кеңеске  ұсыну;  в)  егер 

құжаттар  мен  есеп-қисаптар  шала  даярланған  жағдайда, 

оларды  кері  қайтару  және  тағы  басқа  мәселелермен 

айналысу кірді. 

Кіші  Кеңестің  құрамын  Үлкен  Кеңес  бекітеді.  Үлкен 

Кеңес  Кіші  Кеңес  даярлаған  барлық    қаулылар  мен 

шешімдерді соңғы рет талқылаған соң бекітеді

510

 

1923 жылы 21 ақпанда Т. Рысқұлов  Түрікаткомның Кіші 



төралқасының  мәжілісінде  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің 

Кіші Кеңесін құру мәселесі бойынша баяндама жасады. ХКК-

нің Кіші Кеңесі Н. Айтақов (төрағасы), мүшелері – Азарх, 

М. Бисеров, Б. Аралбаев және А.С. Киселев енген құрамда 

құрылды.  Мәжілісте  Т.  Рысқұлов  Халық  Комиссарлар 

Кеңесінің  жанынан  Қаржы  Комитетін  ұйымдастыру  және 

Ішкі сауда халық комиссариатын құру мәселелері бойынша 

баяндама  жасады.  Қаржы  Комитетінің  төрағасы  болып 

–  Т.  Рысқұлов,  орынбасары  –  Н.  Паскуцкий,  мүшелері  – 

Н.  Айтақов,  Иевлев,  Қамытханов  құрамында  бекітілді. 

Ал,  жаңадан  тағайындалған  Ішкі  сауда  халық  комиссары 

болып  –  Н.А.  Паскуцкий,  орынбасары  –  Розенталь, 

мүшесі  –  Қамытханов  болып  бекітілді

511


.  Т.  Рысқұловтың 

басшылығымен  іске  асырылған  Халық  Комиссарлар 

Кеңесінің  құрамындағы бұл қайта құру шаралары, басқару 

аппараттарының  барынша  үйлесімді  жұмыс  істеуіне  зор 

ықпал етті.

Т.Рысқұлов  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  қызметін 

жақсарту  үшін  оның  орталық  басқару  аппаратының 

құрамында  сала  бойынша  түрліше  комиссиялар  мен 

комитеттер  ұйымдастырып,  басына  білікті  мамандарды 

тағайындады.  Мысалы,  1923  жылы  Халық  Комиссарлар 

Кеңесінің құрамында мынадай комиссиялар мен комитеттер 

жұмыс істеді: Түркістан Экономикалық  Кеңесінің Арбитраж 

комиссиясы;  Тұрмыстық  баспана  мәселесі  бойынша 

комиссия;  Қытайдағы  қазақ  және  қырғыз  босқындарын 



 197

қайтару  комиссиясы  (1923  жылы  23  сәуірде  құрылды. 

Төрағасы  –  С.Асфендияров);  Мемлекеттік  аппараттың 

жұмысын  бақылау  комиссиясы;  Республиканы  аудандарға 

бөлу  комиссиясы  (1923  жылды  27  қарашада  құрылды. 

Төрағасы  –  Т.  Рысқұлов);  Қаржы  Комитеті  (1923  жылы 

21  ақпанда  құрылды.  Төрағасы  –  Т.  Рысқұлов);  Одақтың 

және  республикалық  заңдарды,  кодекстерді,  қаулыларды 

және  бұйрықтарды  жергілікті  тілдерге  тәржімелейтін 

және  жинақтап,  басып  шығаратын  комиссия  (құрамында 

Х.  Досмұхаметов  бар);  Ғалымдардың  тұрмысын  жақсарту 

комиссиясы;  Ресми  істерді  жергілікті  тілдерге  тәржімелеу 

комиссиясы (1923 жылы 15 тамызда құрылды. Төрағасы – 

В. Көшербаев). Бұлардан басқа да үкімет құрамында 30-ға 

тарта түрліше комиссиялар мен комитеттер жұмыс істеді

512


.

Т.  Рысқұловтың  ұйымдастырушылық  талантының 

арқасында Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі барынша 

ықшам,  үйлесімді  де  білікті  жұмыс  аппаратына  айналды. 

Халық  Комиссарлар  Кеңесі  республиканың  халық 

шаруашылығын  қалпына  келтіру  және  өркендету  ісіне 

басшылық жасай алатын қабілетке ие болды.   

1923 жылы 11-16 наурыз аралығында Ташкент қаласында 

болып өткен ТКП VII съезінде Т. Рысқұлов  партияда жоқ 

жастар  арасындағы  жұмыс  туралы  баяндама  жасайды

513



1923 жылы 16 наурызда ТКП Орталық Комитетінің пленумы 



Атқару Бюросының жаңа құрамын бекітті. Оған: Ю. Алиев, 

О. Жандосов, Ш. Исламов, Д.И. Манжара, Т. Рысқұлов, В.И. 

Соловьев және М.С. Эпштейн енді, ал кандидаттыкқа – С. 

Асфендиаров, А.М. Розенблюм және А.А. Цехер сайланды. 

ТКП Орталық Комитетінің хатшысы болып М.С. Эпштейн 

бекітілді

514

.

Т. Рысқұлов 1923 жылы 17-25 сәуір аралығында Мәскеу 



қаласында  болып  өткен  РКП  (б)  XII  съезіне  қатынасып, 

И.В.  Сталиннің  ұлт  мәселесі  бойынша  баяндамасын 

талқылау  барысында  баяндама  жасайды.  Бұл  кезде  жаңа 


198

экономикалық  саясат  күш  ала  бастаған  болатын.  Сауда 

еркіндігінің  жасалуына  байланысты  ақша-тауар  қатынасы 

жедел  өрістеді.  Бұл  жағдай  шаруашылықтың  жандануы 

үшін  серпіліс  туғызды,  әрі  ұлттық  жұмысшы  тобы  әлі 

де  қалыптаса  қоймаған,  тұрғындарының  негізі  шаруалар 

болып табылатын республикаларда отарлық элементтерінің 

қайта  бас  көтеруіне  жағдай  жасалған  да  еді.  Сондықтан 

да,  Т.Рысқұлов  ұлт  мәселесін  шешудің  тәсілі  ретінде 

экономикалық  тетіктерді  пайдалану  керек  екенін,  «ұлт 

мәселесі  күнделікті шаруашылық және кеңес кұрылысында, 

экономикада,  экономикалық  түйіндердің  шешілуінде»

515

  

тұрғанын атап көрсетеді.



Т.Рысқұлов 

экономикалық 

саясатқа 

тоқталады. 

«Атап  көрсететін  ерекше  сәт,  –  дейді  ол,  –  ол,  өндіріс 

құрал-жабдықтарын  шикізат  көзіне  жақын  орналастыру. 

Осындай  жағдайда  өндіріс  құрал-жабдықтарын  жергілікті 

жерлерге көшіру экономикалық аудандастыру принципімен 

үндеседі».  Т.  Рысқұловтың  баяндамасында  мынадай  бес 

түрлі  ұсыныс  бар:  біріншіден,  одақ  пен  республикалар 

аракатынасын  нақты  құқықтармен  заңдастыру;  екіншіден, 

ұлтаралық қарым-қатынастарды заңды түрде реттеп отыру 

үшін  ерекше  өкілеттігі  бар  «ұлттар  палатасын»  құру; 

үшіншіден,  ұлт  мәселесін  шешудің  негізі  экономикалық 

тетікте;  төртіншіден,  жоспарлағанда  даяр  тауар  өндіретін 

өнеркәсіп  орындарын  шикізат  көзіне  жақын  орналастыру, 

себебі бұл шара бір жағынан, жергілікті ұлт жұмысшы табын 

қалыптастырады,  екінші  жағынан,  өнімнің  өзіндік  құнын 

арзандатып, экономикалық тиімді пайда береді; бесіншіден, 

экономикалық  аймақтың  (республиканың)  біртұтас 

шаруашылық жүйесі қалыптасады, әрі бұл әлеуметтік-саяси 

мәні  бар  шара,  себебі  қала  мен  селоның,  жұмысшы  табы 

мен шаруа арасындағы байланысты нығайтады.

РКП (б) Орталық Комитетінің Саяси Бюросы 1923 жылы 

10 мамырда Орта Азия Бюросының жаңа құрамын бекітті, 


 199

оған: Я.Э. Рудзутак (төрағасы), Т. Рысқұлов, А.П.Розентольц, 

И.Е. Любимов, Г. Меерзон, И.И. Михайлов, И.Қыдыралиев, 

Ф. Қожаев және ХКП-нің тағы бір өкілі енді

516



Т.Рысқұлов  1923  жылы  31  шілдеде  ТКП  Орталық 



Комитетінің  II  пленумында    РКП  (б)  XII  съезі  мен 

Ұлт  республикалары  мен  облыстарының  жауапты 

қызметкерлерінің  IV  кеңесінің  шешімдерін  іске  асыру 

мәселесі  бойынша  баяндама  жасайды.  Кеңестердің  XI 

съезінен  бергі  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  қызметіне 

есеп береді. XI съезд үкімет алдына: мемлекеттік басқару 

аппаратын  қысқарту,  оның  жұмысының  үйлесімділігі  мен 

біліктілігін  қамтамасыз  ету,  басқару  аппаратын  жергілікті 

халықтың  тұрмысына  жақындатып,  халық  ортасынан 

өкілдер тарту, ауыл шаруашылығын қалпына келтіру, мақта 

шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту, қаржы мен 

салық жүйесін реттеу, сауатсыздықты жою міндетін қойған 

болатын. Т. Рысқұловтың басшылығымен Түркістан үкіметі 

бұл міндеттерді ойдағыдай шеше алды. Халық Комиссарлар 

Кеңесінің құрамынан Үлкен және Кіші Кеңестер құрылды. 

Түркістан  Экономикалық  Кеңесі  пен  Мемлекеттік  

жоспарлау    комитетінің  құрылымы  жаңа  экономикалық 

саясаттың  талаптарына  бейімделді.  Үкіметтің  құрамынан 

республиканың өз ішіндегі сауданы реттеу үшін Ішкі сауда 

комитеті  ұйымдастырылды.  Мекемелер  мен  ұйымдардың 

ресурстарын, қорлары мен есептерін бақылап отыру үшін 

Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  жанынан  Қор  комиссиясы 

құрылды. Қаржы халық комиссариаты жанындағы Қаржы-

бюджет  кеңесінің  құжаттарын  бекіту,  Халық  Комиссарлар 

Кеңесінің Резерв қорына басшылық жасау, комиссариаттар 

арасында несие бөлу мәселесін шешу үшін Қаржы Комитеті 

ұйымдастырылды

517


Баяндамада Т. Рысқұлов мынадай дерек келтіреді, яғни 

XI съезден бері ХКК-нің Үлкен Кеңесі 24 мәжіліс өткізіп, 

онда  қаралған  403  мәселенің  243-і  шешілген,  қалғаны 



200

қосымша талқылауга жіберілген; Түркістан Экономикалық 

Кеңесінің  10  мәжілісінде  талқыланған  94  мәселенің  80-і 

шешілген; ал Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының 120 

мәжілісінде талқыланған 411 мәселенің 395-і  өз  шешімін  

тапқан


518

.  Бұл  мәжілістерде    республика  өмірі  үшін  аса 

маңызды  мәселелер,  яғни  қаржы,  жер  шаруашылығы, 

өндіріс, еңбек, ішкі сауда, денсаулық сактау, халық ағарту 

және  әлеуметтік  қамтамасыз  ету  мәселелері  талқыланды. 

Талқыланған 

мәселелердің 

арасында 

республика 

комиссариаттары мен ұйымдарының үлесі былайша болған: 

Әділет халық комиссариаты – 5,3 пайыз; Қаржы – 13,6; Жер 

шаруашылығы – 10,8; Ішкі істер – 5,3; Еңбек – 8,8; Халық 

ағарту – 4,1; Әлеуметтік қамсыздандыру – 4,2; Денсаулық 

сақтау  –  4,7;  Ішкі  сауда  –  6,1;    Халық  шаруашылығының 

Орталық Кеңесі – 9,7; Орталық Статистикалық басқарма – 

2,7; Түркістан Экономикалық Кеңесі – 2,0; Байланыс-пошта 

– 3,4; Азық-түлік – 0,7; Мемлекеттік жоспарлау комитеті – 

2,0; Астық саудасы басқармасы – 0,7. Жалпы ұйымдастыру 

мәселесі  бойынша  –  10,2  пайыз.  «Бұл  деректер,  –  дейді 

Т.Рысқұлов, – Халық Комиссарлар Кеңесінің мәжілістерінде 

қандай  мәселелерге  көбірек  көңіл  бөлініп,  қай  халық 

комиссариатына қатысты мәселелердің көбірек шешілгенін 

көрсетеді»

519


.

Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  төрағасы  ретінде 

Т.Рысқұловтың  ерекше  көңіл  бөлген  саласының  бірі  – 

оқу-ағарту  мәселесі  болды.  Республикада  сауатсыздықты 

жоймай халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендету 

мүмкін емес еді. Түркістан кеңестерінің XI съезінің халық 

ағарту  ісіне  мемлекеттік  бюджеттің  30%-ға  дейінгі,  ал 

жергілікті  бюджеттердің  24%-на  дейінгі  бөлігін  босату 

туралы  шешімнің  зор  маңызы  болды

520


.  Республикада 

жалпы білім беретін мектептер мен мектеп жасына дейінгі 

мекемелерді,  кәсіптік-техникалық  оқу  орындары  мен 

жоғары  оқу  орындарын  дамытудың  жоспары  әзірленді. 



 201

Үкімет  ең  алдымен  жұмысшылар  мен  шаруалардың 

балаларын  оқыту  мәселесін  өрістетті.  Мысалы,  1923 

жылы  республикадағы  мектеп  оқушыларының  90%-ы 

жұмысшылар мен шаруалардың балалары болды. Орталық 

Статистикалық басқармасының есебі бойынша 1923 жылы 

республикада 1032 түрліше мектептер жұмыс істеді. Оларда 

85912 оқушы оқыды. Түркістанның қала халқының 32,5%-і 

сауаттылыққа үйренді, ал бұл көрсеткіш 1920 жылы 27,5% 

болатын


521

. Республика үкіметі ауыл мектептеріне мұғалім 

даярлауды жоғары қарқынмен жүргізді.

1923  жылы  республикада  6  оқу-ағарту  институттары 

(оның  1-і  әйелдер  институты)  жұмыс  істеді.  Оларда 

1500  адам  білім  алды.  Ал,  1924  жылы  республикада  7 

педагогикалық  және  11  ауыл  шаруашылық  училищелері 

болды. Оларда 1523 студент оқыды. Студенттердің ұлттық 

құрамы  бірте-бірте  жергілікті  халықтың  пайдасына  қарай 

өзгеріп  отырды.  Мысалы,  7  педагогикалық,  11  ауыл 

шаруашылық  училищелерінің  1523  студентінің  ұлттық 

құрамы мынадай болды: 494 өзбек, 334 қазақ, 252 еуропалық 

халықтардың  өкілдері,  106  түрікмен,  62  тәжік  және  т. 

б.

522



.  Орта  Азия  университетінде  1923  жылы  214  студент 

оқыды


523

. 1924 жылы Ташкент Мемлекеттік университетінің 

6  факультетінде  2353  студент,  сондай-ақ  Шығыс,  Қазақ, 

Өлкелік  Өзбек,  Түркі-татар,  Түздік-еврей  және  Өлкелік 

өзбек әйелдер институтында тағы да 755 студент оқыды

524


.

1923  жылы  22  маусымда  Т.  Рысқұловтың  төрағалық 

етуімен  өткен  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  Үлкен 

Кеңесінің мәжілісінде республикадағы ауыл шаруашылығы 

мектептерінің  жағдайы  талқыланды.  1923  жылы  жазда 

республикада  барлығы  6  ауыл  шаруашылығы  мектептері 

(оның  3-і  Жетісуда,  бір-бірден  Сырдария,  Самарқант, 

Түрікмен облыстарында) болды. Оларда 61 мұғалім сабақ 

беріп, 497 бала оқыды. Оқушылардың негізгі бөлігі еуропалық 

халықтардың  өкілі  болды,  яғни  350-і  еуропалықтар, 



202

ал  88-і  қазақтар  болатын

525

.  1923  жылы  11  қарашада 



Мемлекеттік  жоспарлау  комитетінің  үйінде  оқу-ағарту 

саясаты  туралы  кеңейтілген  мәжіліс  ұйымдастырылды. 

«Жергілікті  халық,  –  дейді  мәжілісте  баяндама  жасаған 

Т.  Рысқұлов,  –  шаруашылық  және  саяси  құрылыстың 

өзгеруіне  байланысты,  оқу-ағартусыз  мәдени  құрылыстың 

мүмкін еместігін түсініп, оқу-ағарту ісіне ден қоя бастады. 

Негізгі көңіл жағдайы өте нашар болып отырған I дәрежелі 

мектептерге бөлінуі тиіс. Түздік халықтың оқу-ағарту ісінің 

негізі осы I дәрежелі мектептерде. Қышлақтағы мектептерді 

ұйымдастыру кезінде оқу құралдары мен педагог мамандар 

мәселесі алдан шығып отыр. Оқу-ағарту институттарында 

оқу ісінің жағдайы талапқа сай емес. Қажетті қаражаттың 

тапшылығына байланысты баспалар қышлақ мектептерінің 

кітапқа деген қажеттілігін өтей алмай отыр»

526

.  


Халық  Комиссарлар Кеңесі республикада сауатсыздықты 

жою  мәселесін  қырағы  бақылауға  алды.  Түрікатком  мен 

Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  1923  жылғы  28  шілдедегі 

№ 13 қаулысына сәйкес, республикада жастар арасындағы 

сауатсыздықты жоюдың соңғы мерзімі ретінде 1924 жылғы 

1  мамыр  белгіленді

527

.  Түркістанда  сауатсыздықты  жою 



мектептерінің саны үздіксіз өсіп, яғни 1923 жылы 1 қазанда 

– 214, 1 қарашада – 235, желтоқсан айының басында – 317-

ге  жетті

528


.  1923  жылы  23  қарашада  Халық  Комиссарлар 

Кеңесінің  Үлкен  Кеңесінде  Т.  Рысқұлов  «Халық  ағарту 

ісіне көмектесу бюросын» құру туралы баяндама жасады

529


Бюроның басшылығын Т. Рысқұлов тікелей өз қолына алды. 

Бюро төралқасына А. Рақымбаев, Н. Айтақов, А. Серғазиев 

сайланды.  Бюроның  жанынан  мәдени-ағарту  қоғамдары 

мен  ұлттық  ұйымдардың  өкілдері  кірген  Мәдени  кеңес 

ұйымдастырылды.  Бюроның  мүшелігіне:  қазақтардан  – 

Аралбаев, оған кандидат ретінде – Көшербаев, өзбектерден 

–  Ахунов,  оған  кандидат  ретінде  –  Мунауар  Қары, 

түрікмендерден  —  Сахатмұратов,  оған  кандидат  ретінде 


 203

–  Иомудский  енгізілді

530

.  1923  жылы  10  желтоқсанда 



Т.Рысқұловтың төрағалық етуімен өткен «Халық ағарту ісіне 

көмектесу бюросы» жанындағы Мәдени кеңестің кеңейтілген 

мәжілісінде оның төралқасына X. Досмұхамедов, Бродский, 

Мунауар Қары, Келдиев және Севастьянов сайланды. 1923 

жылы  18  желтоқсанда  «Халық  ағарту  ісіне  көмектесу 

бюросы»  мен  Мәдени  кеңестің  біріккен  мәжілісінде  алда 

тұрған  міндеттер  талқыланып,  оған  мерзімді  баспасөзде 

мынадай  тақырыптарға  мақалалар  жариялау  тапсырылды: 

ескі  және  жаңа  мектептердің  арасындағы  айырмашылық; 

халық ағарту ісі және елдің экономикасы; техникалық білім 

және өнеркәсіп; білім және бостандық; жеке ынтаның рөлі; 

мұғалім  және  мектеп;  оқулық  және  мектеп;  мектеп  және 

көшпелілердің  міндеттері;  мектеп  және  дехкандардың 

міндеттері;  мектеп  және  «Қосшы»  одағының  міндеттері; 

мектеп және интеллигенция; мектеп және жергілікті билік 

орындарының міндеттері

531

.

Т.Рысқұлов  республика  экономикасы  үшін  білікті 



мамандар  даярлау  ісіне  де  көп  көңіл  бөлді.  Республикада 

халық шаруашылығына техникалық мамандар жетіспейтін. 

Техникалық  білімді  қажет  ететін  салаларда    жергілікті 

халықтың  өкілдері  тым  аз  еді.  Республикада  көптеген 

техникалық  арнаулы  оқу  орындары  ашылып,  онда  

жергілікті    халықтардың  өкілдері  көптеп  қабылданды. 

1922  жылдың  басында  республикада  32  техникалық  және 

техника-экономикалық  арнаулы  оқу  орындарындағы  3170 

оқушының  небәрі  200-і  ғана  жергілікті  халықтардың 

өкілдері  болатын.  Осы  кемшіліктің  орнын  толтыру  үшін 

1922 жылдың екінші жартысы мен 1923 жылдың өн бойында 

стационарлы  оқу  орындары  мен  мекемелердің  жанынан 

көптеген мектептер мен арнайы курстар ұйымдастырылды. 

1923-1924  оқу  жылында   республиканың  жергілікті халқы 

үшін  150  адамдық  кооперативтік,  100  су  шаруашылығы 

мамандығы  бойынша,  Халық  шаруашылығының  Орталық 



204

Кеңесі жанынан 100 адамдық, Орталық Есептеу басқармасы 

жанынан  50  адамдық,  Мақта  шаруашылығы  комитеті 

жанынан  100  адамдық  курстар  ашылды

532

.  1923  жылы 



республикасының орта дәрежелі техникалық оқу орындары 

мен  курстары  белгіленген  мөлшерден  1370  адамды 

артық  даярлап  шықты.  Республиканың  19  фабрика-зауыт 

мектептерінде оқыған 1400 оқушының 700-ден астамы, яғни 

тең  жартысы  жергілікті  халықтардың  жастары  еді.  Олар 

түрліше техникалық мамандықтарды, атап айтқанда: токарь, 

слесарь,  фрезеровщик,  машинист,  электрик,  шофер  және 

тағы басқа да сан алуан мамандықтарды игерді. Бұл курстар 

мен техникумдарда техникалық біліммен қатар жалпы білім 

де  берілетін.  Бұл  оқу  орындарының  оқушылары  әскери 

білімді де игерді, негізгі оқу мерзімі аяқталған сон оларға 

кіші әскери командирлік атақ берілді. Бұл оқу орындарының 

үздік түлектері федерацияның беделді жоғары техникалық 

оқу  орындарына  жіберіліп,  білімдерін  көтеруіне  жағдай 

жасалды. Олардың ортасынан кейінірек көптеген өнеркәсіп 

басшылары  мен  ғалымдардың  шыққаны  белгілі.  Жалпы, 

техникалық  оқу  орындарын  ашып,  бұл  оқу  орыңдарында 

жергілікті  халықтардың  талантты  жастарының  көптеп 

оқуына Т. Рысқұлов көп еңбек сіңірді.

Республикада  қорғансыз,  жетім  балалар  үшін  мектеп-

интернаттар жүйесі дамытылды. Егер 1916 жылы Түркістан 

өлкесінде  балалар  үйлерінің,  селолық  мектептердің, 

I  дәрежелі  мектептер  мен  тағы  басқа  да  балаларды 

қамқорлыққа  алған  оқу-тәрбие  мекемелерінің  саны  688 

болса,  ал  1923  жылы  олардың  саны  2  394-ке  жетті.  1916 

жылы 45 800 бала оқыса, ал 1923 жылы 176 400 бала оқыды. 

Жасөспірімдер мен жастарға арнап ашылған орта дәрежелі 

техникалық оқу орындары 1916 жылы 16 болса, 1923 жылы 

228-ге жетті, ал олардағы оқушылардың саны 1800-ден 6600-

ге  өсті.  1916  жылы  мемлекеттің  камқорлығындағы  жетім 



 205

балалардың саны 1710 болса, ал 1923 жылы ол көрсеткіш 

33 348-ге дейін көтерілді

533


.

Түркістан  үкіметі  республикада  баспасөз  және 

бұқаралық  акпарат  құралдарының  дамуына  ерекше  көңіл 

бөлді.  1922-1923  жылдары  Ташкент  қаласында  өзбек 

тілілде «Түркістан», қазақ тілінде «Ақ жол», орыс тілінде 

«Туркестанская правда» және т.б. көптеген республикалық 

газеттер  мен  өзбек  тілінде  «Инқилоб»,  түрікмен  тілінде 

«Түрікмен или», қазақ тіліңде «Шолпан» және т. б. айына екі 

рет шығатын журналдар жарияланып тұрды. 1924 жылдың 

басында  республикада  46  газет  және  22  журнал  шығып 

тұрды. Сол жылдарда республикада барлығы 123 кітапхана 

(кітап қоры – 616 мың дана), 117 клуб, 13 театр, 18 кинотеатр, 

4 мұражай және т. б. көпшілік мәдени орталықтар жұмыс 

істеді.


Т.  Рысқұловтың  ғылым  мен  өнерді  дамытуда  қосқан 

үлесі  де  елеулі.  Республикада  беделді  ғылыми-зерттеу 

орталықтары  мен  институттарын  ашу,  ғалымдарды 

әлеуметтік  жағынан  қорғау  мәселелерін  назарда  ұстады. 

1922  жылдың  желтоқсанында  Ташкент  қаласында  қазақ 

мәдениетін өркендету, көркейту мақсатымен «Талап» қоғамы 

құрылған  болатын.  Оның  жұмысына  X.  Досмұхамедов, 

А.Э. Шмидт, И. Тоқтыбаев, М. Есболов, М. Тынышпаев, М. 

Әуезов, Қ. Тыныстанов белсене араласты. 

Т.  Рысқұловтың  қызметінің  бір  бағыты  студенттермен 

жұмыс  мәселесін  қамтыды.  Ол  республикадағы, 

федерацияның орталық қалаларындағы және шет елдердегі 

оқу орындадарында оқып жүрген түркістандық студенттерге 

мүмкін болған жәрдемін жасап отырды. 

Мәскеу  қаласында  оқып  жүрген  түркістандық 

студенттердің  арызымен  танысқан  соң  Т.  Рысқұлов  1923 

жылы  ақпанда  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  арнайы 

қаулысын  жариялайды.  Ол  бойынша,  Мәскеу  қаласында 

оқып  жүрген,  әлеуметтік  көмекке  мұқтаж  350  студенттің 


206

150-не (90-ы жергілікті халықтардың, 60-ы басқа ұлттардың 

студенттері)  стипендия  тағайындалды.  Стипендиялардың 

көлемі  Мәскеудегі  өкілеттіктің  қызметкерлерінің  12-ші 

дәрежелі  жалақысымен  теңестірілді.  Түрікаткомның  Кіші 

төралқасы 1923 жылы 7 шілдеде республиканың Германияда 

оқып  жүрген  студенттеріне  стипендия  тағайындау 

мәселесін  талқылады.  Студенттері  Германияда  оқып 

жатқан комиссариаттар мен шаруашылық ұйымдары оларға 

ақшалай  көмектесіп  отыруға  міндеттенілді.  Германиядағы 

түркістандық  студенттердің  жағдайымен  танысып  қайту 

масатымен 1923 жылы тамызда Т. Рысқұлов басқарған үкімет 

делегациясы  ұйымдастырылды.  Т.  Рысқұлов  Германияға 

Мәскеу  арқылы  1923  жылы  13  қыркүйекте  аттанған. 

Федерация  орталығында  Түркістанға  қатысты  маңызды 

мәселелерді шешеді. Т. Рысқұлов Германиядан 1923 жылы 

22 қазанда қайта оралады. 1923 жылы 30 қазанда Т. Рысқұлов 

Халық Комиссарлар Кеңесінің Үлкен Кеңесіне сапар туралы 

есеп  береді.  Құрамында  Бірімжанов  (төрағасы),  Идрисов 

(мүшесі) және Германиядағы студенттердің екі өкілі кірген 

шет  елдердегі  «Студенттер  ісі  бойынша  уақытша  басқару 

бюросын» құру туралы жобаны бекітті

534

.

Германияда бұл кезде 11 түркістандық (7 өзбек, 4 қазақ), 



47 бұқаралық (35 өзбек, 8 татар, 5 түркімен, 1 еврей), барлығы 

58  студент  оқыды.  Студенттердің  әлеуметтік  тегі,  жасы, 

білімі де әр түрлі болатын. Олардың арасында түркістандық 

студенттердің  жасы  мен  білім  деңгейі  бұқаралықтармен 

салыстырғанда  әлдеқайда  жоғары  болатын.  Бұқаралық 

студенттердің  көбі  жас,  төменгі  дәрежелі  мектептердің 

шәкірттері  болса,  ал  түркістандықтар  ой  тоқтатқан, 

көбі  республиканың  жоғары  және  орта  арнаулы  оқу 

орындарынан іріктелінген студенттер еді. 4 өзбек студенті 

техникалық  академияда,  2  қазақ  ауыл  шаруашылығы 

академиясында,  2  қазақ  Растенбург  қаласындағы  тері 

өңдеу  зауытында  практикада,  2  өзбек  (біреуі  қыз  бала) 



 207

–  біреуі  гимназияда,  екіншісі  университеттің  медицина 

факультетінде  оқиды.  Ал,  бұқаралық  студенттердің  7-і 

Берлин  университетінің  медицина,  философия,  саяси 

экономикалық, құрылыс, электротехникалық, машина жасау 

және ауыл шаруашылығы факультеттерінде оқиды, олардың 

біреуі  биыл  Дрезден  қаласындағы  Жоғары  техникалық 

мектептің  машина  бөлімшесіне  түседі.  Тағы  бір  студент 

қыз  қыздарды  тәрбиелеп,  оқытатын  институтта  жүр. 

Куслин, Белбад және Дрезден қалаларындағы мемлекеттік 

педагогикалық оқу орындарында 19 бала оқиды. Веденгаузен 

мен  Гельмштадт  қалаларындағы  ауыл  шаруашылығы 

мектептерінде  5  студент,  Фрейборг  қаласындағы  тері 

өңдеу  мектебінде  2  студент,  Лейпциг  қаласындағы  баспа-

типография  мектебінде  2  студент,  Брауншвейг  қаласында 

дәріхана  (аптека)  ісі  бойынша  1  студент,  машина  жасау 

фабрикаларында  6  студент,  орта  дәрежелі  мектептерде 

екі  студент  оқыса,  ал  бір  бала  Хермсдорфе  қаласындағы 

жетімдер үйінде тәрбиеленуде. Бұл оқу орындарында білім 

теориялық сабақтардан гөрі тікелей практикалық жұмыстар 

кезінде  беріледі.  Неміс  тілін  тезірек  үйрену  мақсатында 

студенттердің  барлығы  жұмысшылардың  отбасыларына 

бөлініп жіберілген

535


.

1923  жылы  ақпан  айында  Т.  Рысқұлов  И.В.  Сталинге 

Түркістан  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  қызметі  туралы 

былай деп жазады: «Түркістан Республикасының орталық 

мекемелері  қазірдің  өзінде  шаруашылық  және  кеңес 

құрылысы  бойынша  жоспарлы,  жүйелі  қызметке  кірісіп 

кетті.  Біздің  ең  алдымен  қолға  алған  мәселеміз:  ауыл 

шаруашылығы  (мақта  шаруашылығы,  ирригация,  жер 

шаруашылығы,  мал  шаруашылығы  және  тағы  басқалары), 

оқу-ағарту  және  тағы  басқалар»

536

.  Т.  Рысқұловтың  осы 



аталған  салалардағы  қызметін  көрсету  үшін  оларды  кең 

түрде қарастырмақпыз.



208

Бірінші  дүние  жүзілік  соғыс,  1916  жылғы  ұлт-азаттық 

көтерілісі  және  оны  әскери  күшпен  басып-жаншу,  1917 

жылғы  екі  бірдей  әлеуметтік  революциялар,  тап  күресі 

саясаты, азамат соғысы мен шет ел интервенциясы, сондай-

ақ аса апатты болған басмашылар қозғалысы жылдарында 

өлкенің шаруашылығы толық күйреу  дәрежесіне ұшырады. 

Егер  1915  жылы  Түркістан  өлкесінде  2  млн.  850  мың 

десятина суармалы жер болған болса, ал 1922 жылы күзде 

не  бәрі  1  млн.  500  мың  десятина  қалған  болатын

537

.  1915 


жылы өлкеде 3,5 млн. десятина егістіктің 2 млн. 850 мың 

десятинасы  суармалы  жер  болған  еді.  1900  жылдан  1915 

жылға дейін өлкеде мақта егістігі 229 мың десятинадан 669 

мың десятинаға дейін өскен болса, бұл көрсеткіш 1922 жылға 

қарай 80 пайызға кеміген. 1917 жылы өлкеде 1 млн. 605 мың 

жылқы, 2 млн. 223 мың ірі қара, 11 млн. 604 мың қой, 2 млн. 

538 мың ешкі болған болса, ал 1922 жылы жылқының саны 

43 пайызға, ірі қара мал 65 пайызға, қой 33 пайызға, ешкі 61 

пайызға қысқарған

538


. Осынау қысқа да нақты деректер өлке 

экономикасында,  негізінен  ауыл  шаруашылығы  мен  мал 

шаруашылығында орын алған апаттың орасан зор мөлшерін 

көрсетеді.

Түркістанның экономикасында бұрын да маңызы төмен 

болған өнеркәсіп бұл жылдарда толық күйреген еді. Мысалы, 

1913  жылы  өлкеде  өндірілген  көмір  көлемін  100  пайыз 

деп  алсақ,  онда  1920  жылы  көмір  өндіру  сол  мөлшердің 

14  пайызын,  1922  жылы  22  пайызын,  ал  1923  жылы  23 

пайызын  әзер  құрады

539

.  Өндірістің  басқа  да  аса  маңызды 



салаларындағы  жалпы  жағдай  осы  шамалас  болатын.  Бұл 

деректер бізге Т. Рысқұлов басқарған Түркістан үкіметінің 

халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру  жұмыстарын 

қаншалықты ауыр жағдайда жүргізгенінен мәлімет береді.

Түркістанда  халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру 

жұмыстары  жаңа  экономикалық  саясаттың  жүргізілуімен 

тұспа-тұс 

келді. 


Жаңа 

экономикалық 

саясатты 


 209

республиканың тарихи ерекшелігіне сәйкестендіріп жүргізу 

қажеттігі  туды,  өйткені  Түркістанның  федерациясының 

басқа аймақтарынан тарихи және әлеуметтік-экономикалық 

айырмашылығы,  өзіндік  ерекшелігі  бар  болатын. 

Түркістанда  түрліше  әлеуметтік-экономикалық,  қоғамдық 

даму сатысы мен түрліше өмір салты бойынша өмір сүріп 

жатқан  халықтар  мекендейтін.  Республика  аумағында 

көшпелі,  жартылай  көшпелі  және  отырықшы  халықтар 

араласа тұратын, сондықтан да үкіметтің жүргізер саясаты 

осы халықтардың барлығының да мақсат-мүддесін қамтуы 

тиіс  еді.  Өлкеде  индустриялы  жұмысшы  табы  жоққа  тән 

болды.  Өлкенің  осындай  қоғамдық-тарихи  ерекшелігімен 

қатар діни ерекшелігі де саясатқа ықпал жасады, сондықтан 

да  басқа  аудандарда  табыспен  жүргізілген  саясат,  егер 

жан-жақты  ойластырып,  сақтықпен  жүргізбесе  Түркістан 

жағдайында мүлде теріс қорытындылар беруі мүмкін еді.

Түркістанның  халық  шаруашылығының  негізгі  саласы 

–  ауыл  шаруашылығы  болды.  Революциясынан  соң 

республикада  іске  асырыла  бастаған  негізгі  шаралардың 

бірі – аграрлы реформа. Республика халқының негізгі бөлігі 

шаруалар  болуға  байланысты,  үкіметтің  бұл  әлеуметтік 

тапқа қатысты саясатының дұрыс жүргізілуінің зор маңызы 

бар еді. Түркістанда 1921-1922 жылдары жүргізілген жер-

су  реформасының  саяси,  әлеуметтік  және  экономикалық 

маңызымен қатар, ең алдымен ұлттық мәселе болғаны айқын. 

Реформаның барысында ауыл шаруашылығы саласындағы, 

жер  қатынасы  мәселесіндегі  патша  үкіметінің  отарлау 

саясатының  зардаптарын  жою,  жергілікті  халықтар  мен 

қоныс  аударушы  орыс  шаруалары  мен  орыс-казактардың 

жерді  пайдалану  құқығын  іс  жүзінде  теңестіру  сияқты 

шиеленісті, күрделі мәселені шешуге талпыныс жасалынды. 

Қоныс аудару басқармасы орыс шаруаларына жергілікті 

халықтың ата қоныстарын тартып әперіп, орналастырған еді. 

Түркістанда ерекше құқықтар мен артықшылықтар арқылы 


210

жергілікті халықты қанау жолымен байлыққа кенелген орыс 

шаруалары кеңес өкіметінің аграрлы саясатына жанталаса 

қарсылық  көрсетті.  Реформа  барысында  шиеленісті 

мәселелерді қарудың күшімен шешуге тура келді, яғни сол 

жылдары әскери күштің көмегімен 151 орыс поселкесі, 175 

казак  хуторлары  таратылып,  зорлықпен  салынған  95  елді 

мекен жойылды. Түркістан аумағынан Ресейге аса ықпалды 

орыс  отаршыларының  8084  отбасы  көшірілді

540


.  Орыс 

кулактарынан  тартып  алынған  250  мыңнан  аса  десятина 

шұрайлы жер иелеріне қайтарылды және иесі табылмаған 

12,8  мың  десятина  жергілікті  халықтардың  кедейлеріне 

үлестіріп берілді.

Бірақ  көптеген  объективті  қиыншылықтар  мен 

субъективті қателіктердің кесірінен реформа өз мақсатына 

толық  жете  алған  жоқ.  Реформадан  соң  да  шаруалардың 

37,6  пайызын  тақыр  кедей,  жерсіз  шаруалар  құрады,  ал 

орта  дәрежелі  қожалықтары  бар  шаруалардың  саны  1,4 

пайыздан  аспайтын.  Сондықтан  да,  Т.  Рысқұловқа  үкімет 

басшысы ретінде жер-су реформасын толық аяқтап, жерге 

қоныстандыру  жұмыстарын  соңына  дейін  жеткізу  міндеті 

тиді. 


Бұл  кезде  жерге  қоныстандыру  жұмыстарының  негізгі 

мәселелері  республиканың  Жер  шаруашылығы  халық 

комиссариаты  арқылы  шешілетін    болғандықтан,  Т. 

Рысқұлов 1922 жылы күзде осы комиссариаттың басқарма 

мүшесі  болып  сайланады.  Бұл  оған  республикада  іске 

асырылып  жатқан  жерге  қоныстандыру  жұмыстарының 

барысына тікелей бақылау орнатуға мүмкіндік берді. Жерге 

қоныстандыру жұмыстарын табыспен аяқтау – республика 

үкіметіне  отаршылдықтың  қалдықтарына  шешуші  соққы 

беру  және  жергілікті  халықтың  жерсіз  кедейлерін  жермен 

қамтамасыз  етіп,  шаруашылықпен  айналысуға  мүмкіндік 

ашу сияқты аса маңызды проблеманы шешер еді. Т. Рысқұлов 

жерге жаңадан қоныстанған кедейлерді ауыл шаруашылығы 


 211

техникасымен, еңбек құралдарымен, тұқыммен және үкімет 

тарапынан  берілетін  қаржылай  несиемен  қамтамасыз  ету, 

олардың  құқықтарын  заңды  түрде  қорғау  мәселесіне  де 

ерекше көңіл бөлді.

1922  жылы  желтоқсан  айында  болып  өткен  Түркістан 

кеңестерінің XI съезінде қабылданған

541


 «Жерді пайдалану 

туралы негізгі заңға» сәйкес республикада Т. Рысқұловтың 

басшылығымен  әзірленген  «Жер  кодексі»  қабылданды. 

«Жер  кодексінің»  ережелеріне  сәйкес  1923  жылы 

республикада  жерге  қоныстандыру  жұмыстары  қарқында 

жүргізілді.  Қоныстандыруға  жарамды  жер  қоры  туралы 

мәліметтер  республикасының  ауылдарынан,  селоларынан, 

болыстарынан,  уездерінен,  облыстарынан  жинастырылып, 

біртұтас  деректер  алынды.  Жерге  қоныстандыру 

жұмыстарының тиімділігін аттыру үшін Жер шаруашылығы 

халық  комиссариатының  жанынан  арнайы  басқармалар 

ұйымдастырылды.

1922-1924 

жылдары 


республикада 

жүргізілген 

жерге  қоныстандыру  жұмыстарының  қорытындысында 

декхандар мен көшпелілерге 534 000 десятина, кедей орыс 

шаруаларына 50 552 десятина, коммуналар мен артельдерге 

34 720 десятина жер берілді. Ал, көшпелілердің малдарына 

жайылымдық  үшін  тағы  да  қосымша  40  мың  десятина 

жер үлесі бөлінді

542

. Жерге қоныстандыру жұмыстарының 



табыспен  жүргізілуі  республикада  ауыл  шаруашылығын 

қалпына келтіріп, өркендету ісіне үлкен ықпал жасады.

Түркістанның  ауыл  шаруашылығын  қалпына  келтіру 

үшін    суландыру  мәселесін  шешудің  айрықша  маңызы 

еді. Республика  экономикасы мен ауыл шаруашылығы су 

мәселесіне  тәуелді  болатын.  Сондықтан  да,  1922  жылдың 

күзінен бастап республикада суландыру жүйелерін қалпына 

келтіру  және  жаңадан  салу,  тың  және  тыңайған  жерлерді 

игеру жұмыстары өрістетілді. 1923 жылы жазда Түрікатком 

пленумында  Т.Рысқұлов  суландыру  мәселесінің  халық 



212

шаруашылығы  үшін  маңызына  тоқтала  келіп,  былай  деп 

атап көрсетеді: «Су шаруашылығы және жалпы су мәселесі 

Түркістанның барлық шаруашылық құрылысындағы негізгі 

мәселе  болып  табылады.  Егер  біз  статистикаға  үңілер 

болсақ,  онда  Түркістан  экономикасының  4-тен  3-і  суға 

тәуелді  екенін  көреміз»

543


.  1922  жылы  күзде  Түркістан 

Су  шаруашылығы  басқармасының  бастығы  М.  Рыкунов 

орнынан алынып, төраға болып Т. Рысқұлов сайланады. 

Түркістан  –  федерацияның  негізгі  мақта  базасы 

екенін,  ал  мақта  шаруашылығын  дамыту  үшін  суландыру 

жұмыстарының маңыздылығын Орталық алдында дәлелдей 

білген  Т.  Рысқұлов  федерациялық  қордан  республикадағы 

суландыру  жұмыстары  үшін  6  млн.  сом  алтын  ақшаның 

бөлінуіне  қол  жеткізді

544


.  1922  жылы  республикада  1  180 

000  десятина,  ал  1923  жылы  1  587  352  десятина  жер 

суландырылды. Суландырудың практикалық жұмыстарымен 

қатар ғылыми ізденістері де қатар дамыды.

Республиканың  ауыл  шаруашылығының  негізгі 

саласы  –  мақта  шаруашылығы  болды.  Т.  Рысқұлов  мақта 

шаруашылығын қалпына келтіріп, өрістетуге көп күш-жігер 

жұмсады.  «Өлкенің  ауыл  шаруашылығының,  оның  ішінде 

мақта шаруашылығының құлдырау және тоқырау шегі 1922 

жыл  болды,  ал  содан  соң  оның  интенсивті  өрлеу  кезеңі 

басталды»

545


, – деп атап көрсетеді зерттеуші Р.Х. Каримов. 

Мысалы,  1915  жылы  Түркістан  өлкесінде  20,5  млн.  пұт 

мақта өндірілсе, ал 1922 жылы не бәрі 1 млн. пұт, яғни 20 есе 

аз өндірілді

546

. Бұл апатпен тең құлдырау болатын. Егер 1922 



жылы  52  000  десятина  жерге  мақта  егілсе,  ал  1923  жылы 

170 000 десятина жерге мақта егілді

547

, яғни бұл дерек мақта 



егістігінің бір жыл ішінде 3 еседен аса өскенін көрсетеді. 

Егер  1921  жылы  әр  десятина  мақта  танабынан  25-30  пұт 

өнім  алынса,  1923  жылы  түсім  70-100  пұттан  айналды

548


Осылайша, мақта егістігінің көлемі ғана ұлғайтылып қоймай, 

өнімділігі  де  арттырылды.  Бұған  республика  үкіметінің 


 213

1923  жылы  мақта  өсірушілерді  салықтың  барлық  түрінен 

босатуы  мен  өрістей  бастаған  кооперативтік  қозғалыс  зор 

ықпал  жасады.  Негізгі  жұмыстарды  мақта  кооперативтері 

мен мақта серіктестіктері атқарды.

1923  жылы  ақпан  айында  өткен  I  Жалпытүркістандық 

кооператорлар  съезі  шаруаларды  ауыл  шаруашылығы 

кооперативтері мен серіктестіктеріне біріктіру қозғалысын 

туғызды.  Егер  1921  жылы  республикада  57  мақта 

кооперативтері  болса,  ал  1923  жылдың  соңында  олардың 

саны 471-ге жетіп, 65 771 қожалықты біріктірді

549


. Сол жылы 

1  қыркүйекке  қарай  Сырдария  облысында  жоспарланған 

135  серіктестіктің  орнына  167,  ал  Ферғанада  60-тың 

орнына 95 серіктестік құрылды

550

. Тек Ферғана облысының 



серіктестіктері ғана 1923 жылдың тамызына дейін 150 мың 

сом алтын ақша көлемінде несие алады

551

.

Т.Рысқұлов  республикада  халық  шаруашылығын 



қалпына  келтіріп,  өркендету  ісінде  кооперацияға  ерекше 

көңіл  бөледі.  Түркістанда  халық  шаруашылығын  қалпына 

келтіру кооперацияны дамыту, шаруашылықты коллективтік 

үлгімен  жүргізу  арқылы  іске  асырылды.  Кооперативтер 

–  мақта  шаруашылығындағы  бей-берекетсіздіктермен 

күресудің  құралына  айналды.  Кооперативтер  мен 

серіктестіктер  арқылы  мақта  өнімі  төңірегіндегі 

алыпсатарлықты  жоюға,  шаруалар  мен  мемлекеттік 

өнеркәсіп арасындағы заттай-ақшалай айырбас жасауға кең 

жол ашты. Мақта кооперативтерімен бірге астық, бау-бақша, 

мал  шаруашылығы,  күріш  шаруашылығы  кооперативтері 

дамытылды.  1923  жылы  мамырда  Түркістан  үкіметі  су 

шаруашылығы серіктестіктері туралы ережені бекітті

552


.

Түркістанда  несие  кооперативтері  тез  дами  бастады. 

1923  жылы  Орта  Азия  ауыл  шаруашылығы  банкісі  бұл 

кооперативтерге  822  605  мың  сом  алтын  ақшамен  несие 

берді.  Ол  несиенің  32  пайызы  тұқым  сатып  алуға,  ал  45 

пайызы жұмыс малын сатып алуға жұмсалды

553

. 1923 жылы 



214

5  тамыздан  бастап  Жалпыресейлік  кооператив  банкісінің 

бөлімшелері  несие  бере  бастады.  Бұл  бөлімшелерге 

тіркелген кооперативтердің саны 52-ге жетті, олардың 24-і 

тұтыну, 23-і ауыл шаруашылық несие  кооперативтері, ал 3-і 

қолөнер кооперативтері болды. 10 ай ішінде бұл банк 4 015 

мың сом алтын ақша көлемінде несие береді.

1923 жылы 214 серіктестікке біріккен 58 мың шаруалар 

110 242 десятина жерге мақта өсіріп, сол жылы мемлекетке 4 

млн. пұт мақта сатты. 1923 жылы мақта шаруашылығының 

82%-ы  кооперативтерге  біріктірілген  болатын.  Сол  жылы 

республикада  32  997  десятина  егістік  жері  бар  67  совхоз 

ұйымдастырылды

554


.

Түркістанда  шаруаларды  кедейлер  комитеттеріне 

біріктіру  ісіне  1920  жылы  құрылған  «Қосшы»  одағы  зор 

көмек  керсетті.  «Қосшы»  одағы  –  құрамына  өз  еңбегімен 

жер  өңдейтін  шаруаларды  біріктірген  одақ  болды.  Одаққа 

басқаның еңбегі арқылы күнелтуші элементтер кіргізілмеді. 

Одаққа  кіру  үшін  одақтың  екі  мүшесінің  кепілдігі  талап 

етілді. Мүшелер жалпы жиналыста қабылданды. Мүшелер 

кіру  жарғысы  мен  ай  сайын  жарна  төлеп  отырды.  1923 

жылы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің директивалық 

ұйымдарының  шешімімен  «Қосшы»  одағынан  Түркістан 

Ауыл  шаруашылығы  одағы  және  Түркістан  Мақта 

шаруашылығы  одағы  бөлініп  шықты.  «Қосшы»  одағы 

қышлақтар  мен  ауылдарда  кооперацияның  көптеген 

түрлерінің  дамуына  зор  ықпал  жасады.  Одақ  сонымен 

бірге  шаруалар  арасында  ауыл  шаруашылығы  несиесін, 

еңбек  құралдарын,  жұмыс  күшін,  тұқым  мен  малды  бөлу 

жұмыстарын  да  ұйымдастырып  отырды.  1923  жылы 

мемлекеттік  ауыл  шаруашылығы  қоймаларынан  316  294 

мың  сом  алтын  ақшаның  еңбек  құралдары  шаруаларға 

таратылып берілді. 1923 жылы көктемде Жер шаруашылығы 

халык  комиссариаты  Жетісу  облысының  кедейлеріне  32,4 

мың  тонна,  Сырдария  облысының  кедейлеріне  1,2  мың 


 215

тонна, ал Самарқант облысының кедейлеріне 1,3 мың тонна 

тұқымдық астық үлестіріп берді

555


1922 жылы күзде «Қосшы» одағының мүшелері Сырдария 

облысында  90 мың, Жетісуда 80 мың, Самарқантта 30 мың, 

Ферғанада  25  мың,  Әмудария  бөлімшесінде  5  мыңдай, 

Закаспий облысында 30 мың, барлығы 260 мыңдай адамға 

жетті.  «Қосшы»  одағының  Орталық  Комитетінен  бөлек 

6  облыстық,  32  уездік,  200-ден  аса  болыстық  және  2  000 

ауылдық бөлімшелері болды

556

.

1923  жылы  республиканың  өнеркәсібі  мен  ауыл 



шаруашылығында қалпына келтіру жұмыстарының түрліше 

қарқынмен  жүргізілуі  өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығы 

өнімдерінің  әр  түрлі  бағалауына  әкеліп  тіреді,  яғни 

өнеркәсіп  тауарлары  өте  жоғары  деңгейде  болса,  ал  ауыл 

шаруашылығы  өнімдері  барынша  төмен  бағамен  сатып 

алынды. Өнеркәсіпте тауардың белгілі бір түрін өндіретін 

өндіріс  орындары  қалыптасқан  жағдайды  пайдаланып  өз 

өніміне монополиялы баға қоюға тырысты. Қала мен ауыл 

арасындағы айналым, айырбас сауда және қаржы айналымы 

ретсіз  дамыды.  Бұл  уақытта  селодағы  сауданың  негізгі 

бөлігі  жеке  адамдардың  қолында  болатын.  Мемлекеттік 

және  кооперативтік  сауда  орындары  шаруалардың  ауыл 

шаруашылық  еңбек  құралдарына,  көлікке,  құрылыс 

материалдарына,  күнделікті  тұтыну  заттары  мен  басқа 

да  тауарларға  деген  мұқтажын  қамтамасыз  ете  алмауына 

байланысты,  олар  бұл  тауарларды  жеке  саудагерлерден 

үстем бағаға сатып алуға мәжбүр болады. Негізгі қиындық 

өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығы  тауарларының  бағасы 

арасындағы  өте  үлкен  айырмашылықта  жатты.  Баға 

қатынасының үлкен болуы шаруаларды өнеркәсіп өнімдерін 

сатып ала алмайтын халге түсірсе, ал өнеркәсіп орындары 

даяр тауарларын өткізе алмай қиындыққа ұшырады. 

Мемлекет өз тарапынан өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы 

өнімдерінің  бағалануындағы  ретсіздікті  біртіндеп  жойып, 



216

ауыл шаруашылығының дамуына жол ашып отырды. Үкімет 

өнеркәсіп орындарының өз тауарларына монополиялы баға 

қоюына  экономикалық  әдістерді  пайдалана  отырып  жол 

бермеуге тырысты, бұл шара қала мен селоның арасындағы 

экономикалық-әлеуметтік 

қайшылықтарды 

біршама 


дәрежеде шешуге мүмкіндік берді. Қала мен ауыл арасында 

тауар  айналымының  өрістеуі  өндірістің  өз  ішіндегі  және 

өндіріс  пен  ауыл  шаруашылығы  арасындағы  ақша-тауар 

қатынасын  жандандырды.  Республикада  бірте-бірте 

жалақыны заттай емес, ақшалай төлеу жүйесі қалыптасты. 

Экономикадағы негізгі төлем ақша жүйесіне келтірілді. 

Республикадағы ішкі және сыртқы сауда операциялары 

Түркістан сауда бірлестігі арқылы іске асырылды. Түркістан 

Сауда бірлестігі 1920 жылы 20 тамызда құрылған болатын. 

1923  жылы  республикада  қала  мен  село  арасында  еркін 

сауда  өрістеді.  Еркін  сауда  ірі  мемлекеттік  өнеркәсіп  пен 

ұсақ  тауарлы  шаруа  шаруашылығы  арасындағы  негізгі 

байланыс  көзіне  айналды.  Мемлекеттік  сауданың  нығая 

қоймағандығына байланысты үкімет жеке меншік сауданың 

дамуына  кең  мүмкіндіктер  ашты.  Жеке  меншік  сауда 

орындары  түрліше  серіктестерге,  компанияларға  бірігіп 

жұмыс жасады. Мысалы, 1923 жылы Ташкент қаласының 

өзінде ғана 30 серіктестік болды. Олардың капитал көлемі 

(1 мыңнан 100 мың аралығында) әр түрлі болатын

557


Мемлекеттік  және  жеке  меншік  сауда  органдарының 

арасында нағыз бәсекелестік өрбіді. Жеке меншік сауданы 

мемлекет  салық  арқылы  реттеп  отырды.  Мемлекеттік 

саудаға қарағанда жеке меншік сауда орындарында түрліше 

қылмыстар  жиірек  жасалатын.  1923  жылы  Түркістанда 

салықтың негізгі үш түрі қолданылды, яғни тікелей, жанама 

және жергілікті.

Т.  Рысқұлов  қаржы  және  салық  саясатына  халық 

шаруашылығына  басшылық  жасаудың  маңызды  және 

шешуші тетігі ретінде қарады. Салық саясатының мақсаты 


 217

халықтың  түрліше  әлеуметтік  топтарының  табысын 

салық арқылы реттеу болатын. Жаңа экономикалық саясат 

жылдарында  қала  мен  ауылдың  арасындағы  сауда  мен 

айырбас  республика  экономикасын  көтерудің  маңызды 

шарасы болды. Т. Рысқұлов салық саясатымен айналысатын 

Мемлекеттік  жоспарлау  комитетінің  жұмысына  бағыт-

бағдар беріп отырды. Салық аппаратының негізгі мақсаты 

мемлекет қазынасын көбейтіп отыру болғанымен де, салық 

комитеттері  негізгі  күш-жігерді  халық  шаруашылығының 

түрліше  салаларының  өзара  пропорциялы  дамуын 

қамтамасыз  етуге  жұмсады.  Мемлекет  қарамағындағы 

денсаулық  сақтау,  оқу-ағарту  және  мәдениет  пен  ғылым 

сияқты салаларға ерекше көңіл бөлінді.

Үкімет төрағасы ретінде Т. Рысқұлов қаржы және салық 

саясатын  үнемі  бақылауға  алып  отырды.  1922  жылы  23 

қарашада  Т.  Рысқұлов  ТКП  Орталық  Комитетінің  Атқару 

Бюросының  мәжілісіне  қатынасып,  онда  республиканың 

қаржы жағдайы және бюджет пен салық мәселелері бойынша 

таяу  арадағы  атқарылар  саясат  туралы  сөз  сөйлейді.  Осы 

мәселелердің барлығын жан-жақты талқылау үшін оларды 

таяуда  өткелі  отырған  Экономикалық  кеңес  съезінің 

күн  тәртібіне  қою  туралы  ұсыныс  енгізеді.  Мәжілісте  Т. 

Рысқұловтың  ұсынуымен  бағаның  өсуінің  себептері  және 

онымен күрес мәселелері де талқыланды

558


.

1922  жылы  24  желтоқсанда  өткен  ТКП  Орталық 

Комитетінің  Атқару  бюросының  мәжілісінде  Т.  Рысқұлов 

баяндама  жасайды.  Баяндама  бойынша  қабылданған 

қаулыда былай деп жазылған: «Түркістан Республикасының 

қаржы  жағдайының  апатты  жағдайын,  мемлекеттің 

басқару аппаратына жалақы төлей алмай отырғанын және 

штаттарды  қысқартуды  1  ақпанға  дейін  жүргізу  мүмкін 

болмай тұрғанын ескере келе, РКП (б) Орталық Комитетінің 

Орта  Азия  Бюросы  арқылы  Орталық  партия  және  кеңес 

ұйымдарынан  Түркістан  Республикасының  үкіметіне 


218

бұрынғы  тоқсандық  және  айлық  бюджетке  қосымша  тағы 

да 300 000 000 сом бөлу өтінілсін»

559


.

Түрікаткомның  Кіші  төралқасының  1923  жылы  5 

сәуірдегі мәжілісінде Т. Рысқұловтың баяндамасы бойынша 

республикасының 1923 жылғы бюджеті бекітілді

560

.

1923  жылы  8  мамырда  КСРО  Орталық  Статистикалық 



басқармасының  П.П.  Попов  басқарған  техникалық 

комиссиясы  Түркістанда  жиналатын  бірыңғай  ауыл 

шаруашылығы салығын талқылап, оның көлемін 18 800 000 

пұт астық бірлігі

561

 деп белгіленді. Т. Рысқұлов 1923 жылы 



10 мамырда техникалық комиссияның шешіміне наразылық 

білдіріп БОАК төралқасына, РКП (б) Орталық Комитетіне 

және Я.Э. Рудзутакқа хат жолдайды. Т. Рысқұлов комиссия 

есебінің  қателігін  дәлелдеп,  бұл  салық  туралы  Түркістан 

Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  көзқарасын  баяндайды. 

Түркістанның 

1923-1924 

шаруашылық 

жылының 

жоспарында,  дейді  Т.  Рысқұлов,  мақтаны,  қызылшаны 

және  үпілмәлікті  есептемегенде,  республиканың  2  146 

000 десятина егіс алқабынан 132 163 000 пұт астық бірлігі 

мөлшерінде  жалпы  өнім  алу  көзделген.  Соңғы  үш  жылда 

Түркістанның  ауыл  шаруашылығынан  мынадай  мөлшерде 

салық алынған болатын: 1920-1921 шаруашылық жылында 

азық-түлік салғырты бойынша 22 000 000 пұт астық бірлігі 

көлемінде  салық  салу  жоспарланып,  ол  12  000  000  пұтқа 

орындалған;  1921-1922  шаруашылық  жылында  азық-түлік 

салығы  бойынша  14  000  000  пұт  астық  бірлігі  көлемінде 

салық салу жоспарланып, ол 7 500 000 пұтқа орындалған; 

1922-1923  шаруашылық  жылында  жоспарланған  11  830 

000 пұт астық бірлігі көлеміндегі салықтың 9 000 000 пұты 

орындалған. Сонымен қатар, бұл жылы республикада еңбек 

салығы  бойынша  тағы  да  500  000  пұт,  ал  ақшалай  салық 

бойынша 1 965 000 пұт, барлығы 11 465 000 пұт астық бірлігі 

көлемінде салық алынады. 



 219

Бірінші  дүние  жүзілік  соғысқа  дейін  өлкеде  ауыл 

шаруашылығынан  алынатын  салық  көлемі  3,1  пайыздан 

аспағанын  айта  келе  Т.  Рысқұлов  қазіргі  экономикалық 

құлдырау мен дағдарыс уақытында, халық шаруашылығын 

қалпына  келтіру  және  қайта  құру  кезеңінде  «алынатын 

салықтың  жоғарғы  шегі  жалпы  өнімнің  10  пайыздық 

көлемінде шектелуі тиіс, мұны ақшаға шаққанда, шамамен 

13 200 000 пұт астық бірлігі көлемін құрайды»

562


, – деп атап 

көрсетеді. 

Т.Рысқұлов  атап  көрсеткен  республиканың  ауыл 

шаруашылығынан  алынуы  тиіс  (1923-1924  шаруашылық 

жылында) бірыңғай ауыл шаруашылығы салығының көлемі 

(яғни,  13  200  000  пұт  астық  бірлігі)  мен  КСРО  Орталық 

Статистикалық  басқармасының  техникалық  комиссиясы 

жоспарлаған  18  800  000  пұт  астық  бірлігі  көлеміндегі 

салықтың  арақатынасы  едәуір  болатын.  Т.  Рысқұловтың 

дерегі  –  Түркістанның  ауыл  шаруашылығын  ауыр  салық 

салмағынан  құтқарып,  еркін  дамуына  мүмкіндік  беру 

мақсатында әзірленген дерек еді. Сондықтан да, Т. Рысқұлов 

республиканың 1923-1924 шаруашылық жылына арналған 

бюджет  жоспарының  негізгі  табыс  және  шығыс  көздерін 

атап көрсетеді: Шығыс: а) мемлекеттік бюджетте отырған 

комиссариаттардың  шығысы  6  млн.  тауарлы  ақша  немесе 

6  600  000  пұт  астық  бірлігі;  б)  жергілікті  мемлекеттік 

бюджеттің шығысы 5 млн. тауарлы ақша немесе 5 500 000 

пұт астық бірлігі; в) мемлекеттің қамқорлығында отырған 

азық-түлік  ұйымдарының  шығысы  3  000  000  пұт  астық 

бірлігі. Барлық шығыс 15 100 000 пұт астық бірлігі. Табыс: 

а) біріңғай ауыл шаруашылығы салығынан 13 200 000 пұт 

астық  бірлігі;  б)  су  салығы  (750  000  тауарлы  ақша)  және 

басқа да салықтар (3 000 000 тауарлы ақша) 3 400 000 пұт 

астық  бірлігін  құрайды.  Сонда  жалпы  табыс  16  600  000 

пұт астық бірлігі болуы тиіс. Яғни, Түркістанның бюджеті 



220

13 200 000 пұт астық бірлігі салығы көлемінде біріңғай ауыл 

шаруашылығы салығын алумен-ақ тосылады.

  Сондықтан  да,  дейді  Т.  Рысқұлов,  жоспардағы  2  146 

000  десятина  егістіктен  (ал,  1922-1923  шаруашылық 

жылында республиканың Азық-түлік халық комиссариаты 

шын  мәнінде  1  150  000  десятина  ғана  егістік  бар  екенін 

анықтады)  артық  көлемде  салық  алудың  ешқандай  қажеті 

жоқ. Егер 13 200 000 пұт астық бірлігі көлеміндегі салықты 

алған  кездің  өзінде  әр  десятинадан  шамамен  9  пұт  астық 

бірлігі салығы алынады, яғни салық жалпы өнімнің 20-25 

пайызын құрайды. Ал, комиссия жоспарындағы 18 800 000 

пұт астық бірлігі көлеміндегі салықты салар болсақ, онда 

әр десятинадан 13 пұт астық бірлігі салығы алынып, салық 

жалпы өнімнің 26-33 пайызына дейін жететін болады. Бұл 

ақылға  қонбайтын  нәрсе.  «Түркістан  Халық  Комиссарлар 

Кеңесі,  –  дейді,  Т.  Рысқұлов,  –  комиссияның  шешіміне 

үзілді-кесілді қарсылық білдіре отырып, жоспардағы 18 800 

000 пұт астық бірлігі көлеміндегі салықты Түркістан үшін 

мүлдем  шама  келмейтін  көлемдегі  салық  деп  есептейді,  

сондықтан  да,  жолдас  Поповтан  комиссияның  шешімін 

қайта қарап, алынатын салықты 13 200 000 пұт астық бірлігі 

көлемі етіп белгілеуді талап етеді»

563


1923 жылы 13 маусымда Түрікатком «1923-1924 жылдарға 

арналған  ТАКСР-дегі  бірыңғай  ауыл  шаруашылығы 

салығы  туралы»  декрет  қабылдады

564

.  Декрет  бойынша, 



ауыл  шаруашылығы  дақылдарының  көптеген  түрлерін 

өсірушілер, мысалы, тары, қант қызылшасы, мақта, жас бау-

бақша,  тәжірибе  станциялары  мен  алқаптарында  өсіріліп 

жатқан  дақылдардың  барлық  түрі  ауыл  шаруашылығы 

салығынан  босатылды.  Салықтан,  сондай-ақ  шаруалар 

комитетінің  қоғамдық  егістері  мен  табиғат  апатына 

ұшыраған немесе басмашылар шапқыншылығынан зардап 

шеккен  шаруалықтар  да  босатылды.  Мүгедектер  мен 



 221

қызыл  әскерлердің  отбасыларына  көптеген  жеңілдіктер 

жасалынды.

1923  жылы  28  маусымда  Т.  Рысқұловтың  төрағалық 

етуімен  өткен  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  Үлкен 

Кеңесінің  мәжілісінде  «Түркістан  Республикасының  мал 

шаруашылықтары  қожалықтарынан  алынатын  салық 

мөлшерін  төмендету»  мәселесі  талқыланды.  Мәжіліс 

қаулысында  былай  деп  атап  көрсетілген:  «Түркістан 

Республикасының  соңғы  жылдарда  құлдырай  бастаған 

мал  шаруашылығын  қалпына  келтіру  үшін  ұсақ 

шаруашылықтарды салықтың барлық түрінен толық босату, 

ал  ірі  шаруашылықтардан  алынатын  салық  мөлшерін  50 

пайызға кеміту қажет деп саналсын»

565



Республика 



бюджетінің 

негізгі 


бөлігі 

ауыл 


шаруашылығынан 

алынатын 

салықтан 

тұратын. 

Біртұтас  ауыл  шаруашылығы  салығын  дер  кезінде 

жинап  алу  республиканың  өмір  сүруінің  кепілі  еді.  Ауыл 

шаруашылығын,  өндірісті  қалпына  келтіру,  суландыру 

жұмыстарын жүргізу, халықтың сауатын ашып, білім беру, 

сауда мен өнеркәсіпті, темір жол мен байланыс құралдарын 

дамыту,  денсаулық  сақтау  ұйымдарының  жұмысын  жолға 

қою республикада біртұтас ауыл шаруашылығы салығының 

дер кезінде және толық жиналуына тәуелді болатын. Ауыл 

шаруашылығы  салығын  жинау    мемлекеттік  маңызы  бар 

іске айналды.

1922   жылы  жаз-күз   айларында Түркістанда  түрлі жұқпалы 

аурулар кең тарады. «Халық қасіреті» деген мақалада былай 

деп жазылған: «Түркістанда ашыққан босқындардың безгек 

ауруы  тараған  жерлерге  орналастырылуына  байланысты 

безгек ауруы ұлғайып барады және бұл ауру өлкенің кейбір 

аудандарында  халық  қасіретіне  айналды.  Бетпақ  дала 

уезінде  халықтың  100  пайызы  безгек  ауруымен  ауырады, 

Ферғанада,  Қоқан  аймағында  тұрғындардың  60  пайызына 

дейінгі  бөлігі  ауру.  Безгек  ауруының  асқынған  түрімен 


222

ауырған адамдар ауруханаларға жеткізілген соң есін жинай 

алмай 4-5 сағаттың ішінде қайтыс болады. Безгек аурулары 

тараған  аудандарда  халықтың,  әсіресе  балалардың  ауруға 

ұшырауы орасан көп. Халық безгек жайылған аудандардан 

қашып  жатыр»

566

.  Ал,  Жетісу  облысының  көшпелі  халқы 



арасында  жұқпалы  аурудың  тағы  бір  түрі  –  аса  қауіпті 

тырысқақ ауруы кең тарады. 1923 жылы шілдеде бір ғана 

Лепсі  уезінде  тіркелген  459  ауру  адамның  128-і  қайтыс 

болған


567

.

Т.Рысқұлов  үкіметі  аса  қауіпті  жұқпалы  ауруларды 



жою  үшін  орасан  зор  күш-жігер  мен  қаражат  жұмсады. 

1922  жылы  25  қазанда  Т.  Рысқұлов  Халық  Комиссарлар 

Кеңесінің  №  213-ші  «Міндетті  түрде  шешекке  қарсы  егу 

туралы»  қаулысына  қол  қойды.  Республикада  кең  түрде 

таралып  отырған  жұқпалы  аурулармен  күресті  табысты 

жүргізу  және  шешекке  қарсы  егу  жұмыстарын  жақсарту 

үшін  қаулыда  мынадай  шаралардың  атқарылуы  талап 

етілді:  яғни,  бір  жасқа  толмаған  сәбилердің  барлығына, 

жетім  балалар  үйлерінің  тәрбиеленушілеріне,  барлық 

үлгідегі оқу орындарының оқушылары мен студенттеріне, 

өнеркәсіп орындары мен ұйымдарының жұмысшылары мен 

қызметтеріне  және  түрмедегі  қылмыскерлерге  шешекке 

қарсы егу жүргізу міндеттелді

568


Т.Рысқұлов  үкіметтің  қызметін  ұйымдастыра  жүріп, 

республиканың  түрліше  аудандарына  іс  сапарларға  жиі 

шығып тұрды. 1923 жылы тамыз айында Мырзашөл уезін 

аралайды. Мұнда көлемі 10 000 десятина аумақта мақта өсіріп 

отырған  ірі  шаруашылықтың  жағдайымен  танысады

569



Т.  Рысқұлов  1923  жылы  10  тамызда  Мәскеуге  аттанады. 



1923  жылы  20  тамызда  Мәскеуден  жіберген  №  4248-ші 

жеделхатында Т. Рысқұлов былай деп хабарлаған: Ташкент 

Мемлекеттік және Коммунистік университеттерінің жарты 

шығыны бұдан былай федерациялық бюджет пен Орталық 

Азияның  үш  республикасы  арасында  теңдей  бөлінеді; 


 223

студенттердің негізгі құрамы жергілікті халық өкілдерінен 

іріктелінеді;  федерация  Түркістанның  494  ауылдық,  150 

қалалық  мектептері  мен  30  арнайы  интернаттарының 

шығынын өз мойнына алады; БОАК-тың жанынан құрылып 

жатқан Мәдени-ағарту қорының қаражаты бірінші кезекте 

Түркістанға  бөлінеді;  д)  Түркістан  баспасы  Орта  Азия 

мемлекеттік  баспасы  болып  қайта  құрылып,  оның  жарты 

шығынын  федерация,  жартысын  Орталық  Азияның  үш 

республикасы  өзара  бөліседі

570

.  Одан  әрі  Т.  Рысқұлов 



мақтаның сатылу бағасы мен мақта шаруашылығы бойынша 

құрылған  Федерациялық  басқарманы  Түркістан  өкілінің 

басқаруы мәселелерінде талас болып жатқанын хабарлайды.

1923  жылы  26  тамыз  –  20  қазан  арасындағы  Мәскеу 

қаласында Бүкілресейлік ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді. 

Көрмеде Орта Азия павильоны да жұмыс істеді. 26 тамызда 

павильонның  ашылу  рәсіміне  орай  салтанатты  мәжіліс 

ұйымдастырылды.  Орта  Азия  павильонының  жұмысын 

Орта Азия Көрмелер комитетінің төрағасы профессор Димо 

басқарды.  Орта  Азия  павильонының  маңызы  туралы  Т. 

Рысқұлов пен Г.В. Чичерин сөз сөйлейді

571


.

1923  жылы  27-28  тамызда  Т.  Рысқұлов  бастаған 

Түркістан  делегациясы  Я.Э.  Рудзутак  комиссиясымен 

бірігіп  республиканың  экономикасы  туралы  мәселелерді 

талқылайды.  Т.Рысқұловтың  28  тамызда    Мәскеуден 

Ташкентке  Түрікатком,  ХКК-і  және  ТКП  Орталық 

Комитетіне  жіберген  жедел  хатында  бұл  талқылау 

барысында мынадай мәселелердің шешілгені хабарланған, 

яғни:  1924    жылғы  наурызға  дейін  Түркістанға  3  млн. 

сом  алтын  ақша  көлеміндегі  ауыл  шаруашылығы  несиесі 

беріледі; Түркістанның мемлекеттік бюджеті федерациялық 

бюджеттің  5  пайызын  құрайтын  болады;  федерациялық 

ұйымдар сауда мәселесін Түркістанның сауда ұйымдарымен 

келісе  отырып  шешеді;  Қытаймен  мал  саудасын  өрістету 

үшін  шекара  мәселесі  реттеледі;  Мәскеуде  Түркістанның 


224

қатынасуымен  Мақта  серіктестігі  орталық  басқармасы 

құрылады;  Түркістанда  жүзеге  асырылып  жатқан  жерге 

қоныстандыру  шараларының  шығынын  анықтап,  толық 

төлеу КСРО Қаржы комиссариатына тапсырылды; бірқатар 

өнеркәсіп  орындарын  Орталықтан  Түркістанға  көшіру 

мәселесі  шешілді;  Федерация  Боз  су  электр  станциясын 

салу үшін 300 000 мың сом алтын ақша босатады; Жетісу 

темір  жолын  салу  мәселесі  талқыланды;  Түркістанға 

бөлінетін  бюджеттің  көлемін  5  пайыздан  7  пайызға  өсіру 

туралы ұсыныс БОАК төралқасының талқысына жіберілді; 

Түркістанның  шаруашылық  жоспарын  федерацияның 

біртұтас шаруашылық жоспарына біріктіру мәселесі БОАК-

тың төралқасына жіберілді және тағы басқа

572



Т. Рысқұлов делегациясы Я.Э. Рудзутак комиссиясымен 



бірігіп өткізген екі мәжілісте Түркістан үшін үлкен маңызы 

бар  сан  алуан  мәселелерді  талқылап,  шешім  қабылдаған. 

Бұл мәселелердің толық және республика үшін аса тиімді 

тұрғыда  шешілуіне  Т.  Рысқұловтың  ұйымдастырушылық 

қабілеті, іскерлігі, табандылығы мен саяси беделі шешуші 

ықпал еткені талас тудырмайды.

Өнеркәсіп – Түркістан халық шаруашылығында қосалқы 

маңыз атқарған сала болатын. Сонда да болса, Т. Рысқұлов 

үкіметі өнеркәсіпті дамытуға көп көңіл бөлді. Республика 

өнеркәсібін  қалпына  келтіру  ісінде  Халық  Комиссарлар 

Кеңесінің жанында жұмыс істеген Экономикалық  кеңестің 

зор  маңызы  болды.  Түркістан  Экономикалық  кеңесінің 

жандануына ТЭК-нің 1922 жылы 26-30 қараша аралығында 

Ташкент  қаласында  өткен  II  съезінің  айрықша  рөлі 

болды.  Съезде  облыстық  экономикалық  кеңестердің  есебі 

тыңдалып,  өнеркәсіпті  дамыту  мәселелері  талқыланды. 

Орталық  Азия  республикаларын  экономикалық  жағынан 

біріктіру  мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлінді.  РКФСР-дің 

өнеркәсіпті  аудандарымен  байланысты  күшейту  үшін 

Мәскеудегі  Түркістанның  тұрақты  өкілдігі  жанынан  ТЭК-

нің бөлімшесін ашу туралы шешім қабылданды

573




 225

Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  1923  жылы  ақпанда 

қабылдаған  №  42-ші  қаулысына  сәйкес  ТЭК-нің  жанынан 

«Мемлекеттік қорды жүзеге асыратын және есепке алатын 

комиссия»  құрылды.  Комиссияға  мемлекеттік  мүлікті, 

ақшалай  және  заттай  қорларды  есепке  алу,  мемлекеттік 

қорды  мемлекеттік  және  кооперативтік  ұйымдар  арқылы 

жүзеге  асыру,  мемлекеттік  мекемелердің  қоймаларын 

тексеру  және  т.б.  міндеттер  жүктелді

574


.  Түрікатком  мен 

Халық Комиссарлар Кеңесінің 1923 жылғы 24 наурыздағы 

№  47-ші  қаулысында  сәйкес  Түркістан  Экономикалық 

кеңесінің  жанынан  Өнеркәсіп  пен  сауданы  реттейтін 

комитет құрылады.

1923  жылы  12  қаңтарда  Түрікаткомның  кіші  залында 

өндірістік конференция ұйымдастырылды. Конференцияда 

қираған өнеркәсіпті қалпына келтіру мәселелері кең түрде 

талқыланады

575


.

Т.Рысқұлов  үкіметінің  орасан  зор  күш-жігерінің 

арқасында  шаруашылық  есеп  пен  өзін-өзі  қаржыландыру 

принципіне  келтірілген  мемлекеттік  өнеркәсіп  орындары 

мен шаруашылық ұйымдары нақты белгіленген прогрессивті 

салық  жүйесінің  арқасында  өндірісті  жылдамдатып 

қалпына келтіріп, одан әрі өркендету процесіне тартылды. 

Өнеркәсіп  орындары  өздеріндегі  шикізатты,  құрал-

жабдықты,  қаражатты  үнемдеп,  тек  тиімді  бағыттар  мен 

істерге ғана жұмсау және ұлғайып кеткен басқару аппаратын 

қысқарту арқылы өндірістің тұрақтануына және бірте-бірте 

шығынсыз  алға  жылжуына  қол  жеткізді.  Мысалы,  1922 

жылы Түркістанда өнеркәсіп пен сауда айналымы 59 млн. 

сом  болса,  ал  1923  жылы  бұл  көрсеткіш  133  млн.  сомға 

ұлғайды

576


.  Кейбір  зерттеушілер  айналым  мөлшері  1923 

жылы  293  млн.  сомға  жетіп,  5  есе  өскенін  баяндайды

577



Халық  шаруашылығының  Орталық  Кеңесінің  жұмысы  да 



жанданды

578




226

Ташкентте металл өңдеу зауыты мен тоқыма фабрикасы, 

Ферғанада  жібек  фабрикасы,  Ашхабадта  шыны  зауыты 

салынды.  1920  жылы  Ташкентте  419  өнеркәсіп  орны 

болса,  1923  жылы  оның  саны  1519-ға  жеткен.  Қаладағы 

сауда  ұйымдарының  саны  1845-ке  дейін  өскен.  1924 

жылдың  басына  қарай  Орталық  Азияда  520  шақырым 

темір  жол  салынды  немесе  қайта  жөндеуден  өткізілді

579



Бұл  деректер  үлкен  қиындықтарға,  ұйымдастырушылық 



үлгілердің тұрақсыздығы, оны қайта-қайта өзгертіп отыруға 

мәжбүрлік,  ақша  рыногының  тұрақсыздығы,  айналым 

қорының  жетіспеушілігі,  өнеркәсіпті  жаңа  технологиямен 

жарақтандыру  мәселелері,  рынок  жағдайының  күн  ілгері 

болжап болмайтын ауытқуларына  қарамай-ақ, өнеркәсіпті 

қалпына келтіріп, дамыту саясатының табысты жүргізілгенін 

дәлелдейді.

1922-1923  жылдары  Түркістанның  көмір  және  мұнай 

өнеркәсібі  қалпына  келтіріліп,  біркелкі  ырғақпен  жұмыс 

істей  бастады.  Саланың  ұйымдық  мәселелерін  шешу, 

техникалық  жарақтандыру,  кәсіпорындардың  жұмысын 

қалыпты  жүйеге  келтіру,  жөндеу  жұмыстарың  жүргізу 

және  т.б.  мәселелерді  ұйымдастыруға  тура  келді.  1923 

жылы 12 қаңтарда КСРО Қорғаныс Кеңесінің қаулысымен 

Түркістанның  көмір  және  мұнай  өнеркәсібін  қалпына 

келтіріп,  өркендету  үшін  федерациялық  қордан  пайызсыз 

125  мың  алтын  несиеге  берілді

580


.  Түркістанға  көп 

мөлшерде металл, металл өнімдері, ағаш және т.б. бөлінді

581



1923  жылы  мұнай  өндірісі  60  пайызға  өсті



582

.  «Санто» 

өндіріс  орнында  1923  жылы  орталық  электр  станциясы 

қайта  жарақтандырылып,  жаңадан  47  мұнай  бұрғысы  

орнатылды

583


. 1923-1924 жылдары мұнай бірлестігінде 621 

мың пұт мұнай өндірілді

584



1923-1924 жылдары республикада ұн өндіру 60 пайызға, 



шарап  өндіру    70  пайызға,  ал  қант  өндіру    90  пайызға 

артты


585

.


 227

1923  жылы  маусымда  әзірленген  типтік  келісім  үлгісі 

бойынша  Түркістан  базарларында  арендаға  берудің  жаңа 

тәртібі белгіленді

586



1922  жылдың  соңынан  бастап  жеке  меншік  капиталға 



негізделген  серіктестіктер,  атап  айтқанда,  «Интифан», 

«Түркістан»,  «Экспорт-импорт»,  «Уч-баш»,  «Посредник», 

«Экспедитор»,  «Идеал»,  «Караван»  және  т.б.  құрылып, 

жұмыс істей бастады.

Экономиканы өркендетудің бір жолы – республикадағы 

қолөнер  және  ұсақ  тауарлы  шаруашылықтарды  дамыту 

болатын.  Жеке,  үйлестірілмеген  қолөнер  өнеркәсібін 

кооперативтік  ұйымдарға,  бірлестіктерге  біріктіру  қажет 

еді.  Үкімет  тарапынан  атқарылған  шаралардың  негізінде 

1922  жылдың  соңында  республикада  1331  ұсақ  тауарлы 

артельдер  ұйымдастырылып,  олардың  құрамына  38  840 

қолөнерші жұмыс істеді

587

.

1922  жылы  16  қазанда  ескі  Ташкент  қалалық  атқару 



комитетінің  залында  қолөнерші-былғаршылар  өндірістік 

одағы мүшелерінің жалпы жиналысы болып өтеді. Жиналысқа 

одаққа  мүше  1000-ға  жуық  қолөнерші-былғаршылар  мен 

оларға  жақын  мамандықтың  жұмысшылары,  одаққа  кірмеген 

жекелеген  етікшілер,  барлығы  2,5  мың  адам  қатынасады. 

Жиналыста  Т.  Рысқұлов:  «Жаңа  экономикалық  саясат, 

халық шаруашылығын өркендету ісіндегі кеңес өкіметінің 

міндеттері  және  бұл  өркендетудегі  қолөнершілердің 

рөлі  туралы»  баяндама  жасады.  Лық  толған  аудитория 

Т.  Рысқұловтың  баяндамаларын  аса  ыждаһаттылықпен 

тыңдап, баяндама бойынша бір ауыздан қарар қабылдады: 

«Қолөнерші-былғаршылар  одағының  жалпы  жиналысы 

жолдас Рысқұловтың кеңес үкіметінің жаңа экономикалық 

саясат туралы баяндамасын тыңдап,  былай деп қаулы етеді: 

1) кеңес өкіметінің республиканың халық шаруашылығын 

өркендетуге  арналған  экономикалық  саясатын  жаңа 

үлгіде  жүргізу  бағыты  –  дер  кезінде  қабылданған  және 


228

дұрыс  бағыт  деп  саналсын;  2)  жалпы  жиналыс  жолдас 

Рысқұловтың  өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығының 

дамуын  тежеп  отырған  басмашылықты  жою  қажеттігі 

туралы  пікірімен  толық  келісе  отырып,  өлкедегі  барлық 

қолөнершілер  арасында  Түркістан  еңбекшілерінің  жарасы 

–  басмашылықты  жою  мақсатында  кең  түрде  үгіт  жүргізу 

қажет  деп  санайды;  3)  жолдас  Рысқұловтың  қолөнерші-

былғаршылар одағына мемлекеттік ұйымдар тарапынан іс 

жүзінде  көмектесуі  мәселесіне  ықпал  жасауды  өтінеді;  4) 

жалпы жиналыс өлке өнеркәсібін дамыту үшін өз тарапынан 

мүмкін  болған  көмектің  бәрін  жасауды  қасиетті  іс  деп 

санайды»

588


.

Т.Рысқұлов  1923  жылы  жазда  Әуе  флотына  көмектесу 

туралы комиссия ұйымдастырған апталықтың жиналысына 

қатынасып, сөз сөйледі

589

. 1923 жыл – Орталық Азияда әуе 



флотының құрылған жылы болды.

 229



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет