«Ғылыми қазына» Қазақстан республикасы білім жәНЕ


І ТАРАУ.  РЕВОЛЮЦИЯ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АПАТ



Pdf көрінісі
бет2/25
Дата29.01.2017
өлшемі2,28 Mb.
#2952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

І ТАРАУ

РЕВОЛЮЦИЯ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АПАТ. 

АШАРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕС.

1916 жылы жазда қазақ даласын патша өкіметіне қарсы 

ұлт-азаттық  көтеріліс  оты  шарпыды.  Көтеріліс  патша 

өкіметінің отарлау саясатының табиғи нәтижесі болатын. 25 

маусымдағы майданның қара жұмысына жұмысшы алу ту-

ралы патша жарлығы

57

 көтеріліс отының тұтануына сылтау 



ғана болды. Жарлық Түркістан өлкесінде 8 шілде күні жа-

рияланды. Патша өкіметі түздіктерді тегін күш деп санады. 

«Орыс  қаруының  алдында  түздіктердің  қауқарсыздығына 

сенімді  болған  патша  әкімшілігі  жұмысшыларды  жинауға 

шұғыл түрде кірісіп кетті»

58

, – деп еске алады Т. Рысқұлов 



көтеріліс тарихы туралы еңбегінде. Бірақ жер-жерде патша 

жарлығына наразылық басталады. 

Түркістан өлкесінен қара жұмысқа алынуы тиісті 220 000 

адамды  генерал-губернатор  Н.А.  Куропаткин  өз  әмірімен 

облыстар бойынша былайша бөлді: Сырдария облысынан – 

60 000, Самарқант – 32 407, Ферғана – 51  233, Жетісу – 43 

000  және  Закаспий  –  13  830.  Мақта  өсіретін  аудандардың 

мүддесін қорғау мақсатында артынан Самарқант пен Сыр-

дария  облыстарынан  алынатын  адам  санын  40  000-ға 

қысқартып, бұл адамдар мақта өсірумен шұғылданбайтын,  

көшпелі  халық  мекендейтін  жерлерден  қосымша  алы-

нуы  тиіс  деп  белгіленеді

59

.  Міне,  сондықтан  да  көтеріліс 



негізінен  көшпелі  аудандарды  қамтып,  мұнда  кескілескен 

сипат алды. 

Әулиеата  уезінен  22  675  жұмысшы  алынуы  тиіс  бола-

тын


60

. Уезд бастығы полковник Суплатовтың басшылығымен 

жұмысшы  жинастырыла  бастады.  Патша  өкіметінің  қара 

халықты  зорлықпен  майдандағы  қара  жұмысқа  жинау 

әрекетіне  қатты  ашынған  халық  арасында  толқулар  ба-


 23

сталып,  ел  қарулануға  көшті.  Өлкеде  Түркістан  генерал-

губернаторының  бұйрығымен  әскери  жағдай  енгізілді. 

Халық  толқуы  қаруланған  көтеріліске  ұласты.  Шошынған 

уезд бастығының нұсқауымен поселкелердің орыс шаруала-

рына қару үлестіріліп берілді. 

Ташкенттен Меркіге келген Т. Рысқұлов көтерілісшілер 

арасында  тез  бедел  мен  сенімге  ие  болып,  көп  ұзамай 

ол 

көтерілісшілердің 



саяси 

басшысына 

айнал-

ды.  Көтерілісшілердің  патша  үкіметінің  жазалаушы 



бөлімдерімен  болмай  қоймас  қақтығыстарын  сезе  білген 

Т.  Рысқұлов  оларды  ұйымдасқан  іс-қимыл  жасауға,  ұсақ 

топтармен  әрекет  істемеуге  уағыздайды,  негізінен  пат-

ша  әкімшілігіне  қарсылық  көрсетіп,  орыс  шаруаларына 

тиіспеуге  кеңес  берді.  Менің  қатты  қауіптенген  нәрсем, 

деп  жазды  кейін  өз  естелігінде  Т.  Рысқұлов,  патша 

әкімшілігінің  орыс  шаруаларын  қазақ  жасақтарына  қарсы 

айдап салар арандатушылығы болды, ал мұндай жағдайда 

көтерлісшілердің жағдайы тіпті шиеленісіп кетер еді

61

. Ол 



көтерілісшілер  көп  шоғырланған  жерлерде  жиын  өткізіп, 

империалистік  елдер  арасында  жүріп  жатқан  соғыстың 

әділетсіздігін  айыптайды,  патша  өкіметінің,  жергілікті 

әкімдердің  саясатын  әшкерелеп,  халықты  түрліше  аран-

датушылардан  сақтандырады.  Т.Рысқұлов  осы  ауданда 

әрекет етіп жүрген халық батыры Ақкөз Қосанұлы бастаған 

көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси 

бағыт-бағдар сілтеді. 

Меркідегі  көтерілістің  өршіген  кезінде  Т.  Рысқұловты 

патша  әкімшілігі  тұтқындайды,  бірақ  оның  іс-әрекетінен 

кінә таба алмай босатып, саяси қызметпен айналысуға тый-

ым салады

62

. Т. Рысқұлов Ташкентке кетуге мәжбүр болады. 



1916  жылы  ұлт-азаттық  көтеріліс  Т.Рысқұловқа  ащы 

болмыстың  қыр-сырын  ашып  берді,  оны  туған  халқының 

тағдыры налытты, азаттық жолындағы күреске белді бекем 

байлап кірісу қажеттігін ой-санасына ұялатты. Ол үшін зор 



24

даярлық, ұйымдасқан күш қажет еді. Енді Тұрар бар күш-

жігерімен  отарлық  бұғаудағы  халқының  саяси-әлеуметтік, 

экономикалық  жағдайын,  мәдени  өмірін  зерттеп  білуге, 

патшаның отарлау саясатын тереңірек тануға кіріседі. 

Қазақ халқының бостандығы үшін күрес жолына түскен 

Т.Рысқұлов  Ақпан  революциясынан  кейін  1917  жылы 

көктемде  Меркіге  оралып,  «Бұқара»  (Қазақ  жастарының 

революциялық одағын) құрады. «1916 жылғы көтерілістен 

күйзелген  қазақ  халқының  ішінде  кулак  террорының, 

байлардың сатқындығы тоқталмай тұрған уақытта біз қазақ 

жастарының революциялық одағын құрдық»

63

, – деп жазды 



Т.Рысқұлов. Одаққа 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 

от-жалынынан  өткен,  саяси  сауатты  30-ға  тарта  қазақ, 

қырғыз және орыс жастары бірікті. 

«Бұқара»  одағы  бағдарламасы  мен  жарғысы  бар, 

күрес  жолы  анық  саяси  ұйым  ретінде  құрылған  бола-

тын


64

.  Бағдарлама  мен  жарғыдан одақ мүшелерінің  Ақпан 

революциясының  сипаты  мен  мән-мағынасын,  әлеуметтік 

қайшылығын  айқын  түсіне  білгендігі  көрінеді.  Орыс  от-

аршылары  мен  жергілікті  үстем  тап  өкілдерінің  халыққа 

қарсы іс-әрекеттерін сынай келе және қарапайым еңбекші 

бұқараның  мұң-мұқтажын,  талап-тілегін  қорғайтынын 

білдіре  отырып,  одақ  мүшелері  өздерінің  іс-әрекеттерінің 

басты  мақсаты  ретінде:  «Уақытша  үкіметтің  жергілікті 

комитеттері  мен  орыс  кулактарының  озбырлығына  қарсы 

күресу»

65

 жолын таңдап алады. 



1917 жылы 25 қазанда   (ескіше)  Петроградта  жеңіске 

жеткен  Қазан  төңкерісі  Уақытша  үкіметті  құлатып,  сая-

си  билік  басына  кеңес  өкіметі  мен  большевиктер  партия-

сын әкелді. Партияның жоспарына сәйкес Ресейде жеңіске 

жеткен  революция  келешекте  дүние  жүзілік  социалистік 

революцияларға ұласуы керек еді. Ал, Ресей империясының 

отар аймағы ретінде Түркістан өлкесінің бұл жолмен жүруі 

сөзсіз міндетті саналды. 



 25

1917  жылы 1 қарашада (ескіше) болған қарулы көтерілістен 

соң  Ташкент  кеңесі  өлкедегі  саяси  биліктің  өз  қолдарына 

өтетінін  жариялады.  «Түркістанда,  -  дейді  большевиктер 

басшыларының бірі В.В. Куйбышев, – революциялық про-

цесс жалпылама қозғалыстың нәтижесі болмай, революция 

телеграф  бойынша  формальды  түрде  қабылдап,  барлығы 

да тек сырттай сипатта өтті. Түркістандағы Қазақ төңкерісі 

Орталық  Ресейдегі  өкіметтің  түріне  бейімделу  ғана  бол-

ды»


66

Сол жылы 25 қарашада жаңадан құрылған үкіметтің, яғни 



Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесінің құрамы жариялан-

ды. Құрылған пролетарлық үкіметтің құрамына жергілікті 

мұсылман  халықтарының  бірде-бір  өкілі  кіргізілмеді

67



Патша  заманында  жергілікті  халықтар  өкілдерінің  үкімет 

құрамына  өтуіне  бұратана  болғандығы  сылтау  болса, 

енді  кеңес  үкіметінің  құрамына  енгізілмеуіне  пролетар 

еместігі желеу болады. Бұл жағдай ұлттардың теңдігі мен 

өзін-өзі басқару құқылығы туралы большевиктердің саяси 

ұрандарының мән-мағынасын жоққа шығарды. 

Қазан  революциясына  Түркістан  халықтары  сая-

си  сенім  білдіре  алмады,  жаңа  үкіметтің  құрамы  оларға 

жат,  саяси  бағыт-бағдары  айқын  емес-ті.  Бұл  көңіл-күйді 

Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  төрағасы  Ф.  Колесовтың: 

«Жоғарғы  органға  мұсылмандарды  енгізу  олардың  бірде-

бір  пролетарлық  ұйымы  болмағандықтан  ғана  емес,  со-

нымен  қатар  жергілікті  халықтың  оған  (яғни,  үкіметке) 

деген  көзқарасының  әрқилы  болып  отырғандығынан  да 

мүмкін  емес»

68

,  –  деген  мәлімдемесі  орнықтыра  түсті. 



Бұл  мәлімдемені  Ташкент  қаласында  1917  жылы  19 

қарашада  шақырылған  Түркістан  кеңестерінің  ІІІ  съезінің 

қарары:  «Қазіргі  кезде  мұсылмандарды  жоғарғы  өлкелік 

революциялық өкімет орындарына енгізуге мүлдем болмай-

ды»

69

, – деп заңдастырып берді.  



26

1917 жылы Түркістан өлкесінде 7 668 000 адам тұрған 

болса, оның: 2 155 000 – Сырдария облысында, 2 433 000 – 

Ферғана, 975 000 – Самарқант, 605 000  – Закаспий, 1 500 000 

– Жетісу облысында мекендеді. Өлке халқының 44,36 пай-

ызын – қазақтар мен қырғыздар, 35,77 пайызын – өзбектер, 

6,73  пайызын  –  тәжіктер,  4,98  пайызын  –  түркмендер, 

3,75  пайызын  –  еуропалықтар  (негізінен:  орыстар,  укра-

индар,  белорустар),  2,26  пайызын  басқа  да  халықтардың 

өкілдері  құрады

70

.  Осылайша,  Түркістан  өлкесін  мекенде-



ген халықтардың дені осы аймақтың байырғы тұрғындары 

болатын. Жергілікті халықтардың бірде-бір өкілі кірмеген, 

«халықтың  сан  жағынан  елеусіз  ғана  тобын  біріктірген 

кеңестерге  өкімет  билігінің  өтуі  –  Түркістан  өлкесінің 

жағдайына  жол  беруге  болмайтын  жағдай;  Ташкент 

жұмысшы,  шаруа  және  солдат  депутаттары  кеңестерінің 

атқару комитетінің билікті күшпен тартып алуы – көпшілігі 

мұсылмандар  болып  табылатын  өлкедегі  халық  еркін 

тізгіндегендік деп есептеледі»

71

, - деп жазды жергілікті га-



зетте. Бұл жергілікті халықтардың өкіметтің түр-сипатының 

өзгергенімен де, ішкі мәнінің жергілікті халықтар үшін жат 

күйінде  қалып,  ұлыдержавалық  пиғылда  құрылғандығына 

деген наразылығын білдіреді. 

Ташкенттегі саяси оқиғалардың ықпалымен 1917 жылы 

6 қарашада (ескіше) Әулиеата уезіндегі саяси билік уездік 

солдат  және  жұмысшы  депутаттары  кеңестерінің  қолына 

өтті


72

.  Бірақ  ұзақ  уақыт  бойы  уездік  кеңес  қызметі  қала 

мен уездің еуропалық тұрғындары мекендеген болыстарын 

ғана қамтыды. Ал, уездің мұсылман халқының өмір салты, 

тіршілігі  олар  үшін  жат,  түсініксіз  күйінде  қалып,  негізгі 

қарым-қатынас тек қарудың күшімен ғана жүргізіле берді. 

Қалыптасқан  саяси  жағдайда  Т.Рысқұлов  жергілікті 

халықтардың  саяси-әлеуметтік  жағдайын  жеңілдетіп, 

мүдделерін  қорғау  үшін  бірден-бір  тактикалық  дұрыс 

жолды  таңдай  білді,  ол  жол  –  өз  маңына  топтасқан  саяси 



 27

қайраткерлерді ұйымдастыра отырып, саяси билік пен әскери 

күшке ие болып отырған уездік кеңестің құрамына өту және 

оның қызметіне ықпал жасау жолы болатын. «Еңбекшілердің 

қолдауымен,  –  дейді  Т.  Рысқұлов,  –  мен  уездік  атқару 

комитетіне  сайландым.  Белсенділігімнің  арқасында  көп 

ұзамай орыс солдаттары мен жұмысшыларының да сеніміне 

ие болдым, сол үшін солдат бұқарасы мен орыс жолдастар 

мені ұдайы бірауыздан қолдап отырды»

73

.



1917-1918 жылдардың қысы аса ауыр жағдайда өтті. 1917 

жылдың күзіне таман басталып, 1918 жылдың қыс айларын-

да  үдей  түскен  ашаршылыққа  ең  алдымен  уездің  көшпелі 

халқы  ұшырады,  ал  уездің  отырықшы  орыс  шаруалары 

мұндай  ауыртпалықты  басынан  кешірген  жоқ.  Мысалы, 

уездің бірі ғана Гродеково селосындағы орыс шаруаларының 

қамбаларындағы  астықты  тексергенде  мынандай  жағдай 

анықталды: 84 отбасында (653 адам) 5 185 пұт бидай, 533 

пұт  ұн  сақталған,  яғни  жан  басына  шаққанда  шамамен  9 

пұт шамасында астық болған

74

. Орыс шаруаларының артық 



астықтарын  базарда  үстеме  бағаға  сатуға  мүмкіндіктері 

бар  еді.  1917  жылдың  соңында  Әулиеата  уездік  кеңесінің 

өкілдері – Хоменко мен Жужин уездің халқы үшін Ақмола 

облысынан  100  мың  пұт  астық  сатып  алады

75

,  бірақ  бұл 



астық уездегі ашыққан көшпелі халыққа берілмей, негізінен 

орыс жұртшылығы мен әскери бөлімдерге таратылды. 

Әулиеата  уезіндегі  көшпелі  халық  арасында  аштық 

қатты етек ала бастады. Түрліше жұқпалы аурулар – сүзек, 

іш  аурулары,  тырысқақ,  құрқұлақ,  оба,  тері  аурулары  тез 

тарап  жатты.  Аш-жалаңаштықтан,  індеттен  қырылған 

адамдардың  өлігі  ит-құсқа  жем  болып  далада  шашылып 

қалды,  оларды  жинап,  жерлеуге  мекемелерінің  күш-қуаты 

жетпеді, қырсыздық мүмкіндік бермеді

76

.



Саяси  белсенді  іс-әрекетімен  таныла  бастаған 

Т.Рысқұлов депутаттардың ұсынуымен 1918 жылы сәуірде 

Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитетінің төрағасының 


28

орынбасары болып сайланды

77

. Саяси билікке қол жеткізген 



Т. Рысқұлов өз күш-жігерін ашыққан халықты төніп тұрған 

ажал  тырнағынан  арашалап  қалуға,  орыстар  мен  қазақтар 

арасындағы  қарым-қатынасты  реттеуге,  кеңестерде 

жергілікті  басшылардың  көбеюіне  жұмсады.  Бүкіл 

Түркістан  өлкесінде  алғаш  рет  уездік  төтенше  комиссия 

ұйымдастырып,  қарулы  отрядпен  уезді  аралап,  ұлтаралық 

қырқысты  тыйюға,  контрибуция  ретінде  тартып  алынған 

қазақтардың  бұйымдарын,  малдарын  өздеріне  қайтарып 

бергізуге тырысты. «Дәл осы сәттен бастап, – деп еске ала-

ды  Т.Рысқұлов,  –  уездегі  200  мың  қазақ  халқына,  әсіресе 

кембағалдарға, мен және менің қызметкерлерім езілгендерді 

құтқарушылардың нағыз өздері болып көріндік»

78

.

Т.Рысқұловтың  ықпалымен  Әулиеата  уездік  кеңесінің 



құрамы  мен  жұмыс  тәсілі  тез  өзгере  бастады.  1918  жылы 

21  сәуірде  уездік  кеңестің  мүшелігіне  қазақтар  арасы-

нан депутаттар сайлау мақсатымен Әулиеата қаласында Т. 

Рысқұлов  ұйымдастырған  қазақ  жұмысшыларының  үлкен 

жиыны  болады.  Ашық  дауысқа  түскен  9  адамның  арасы-

нан  кеңестің  мүшелігіне  4  адам  өтті

79

.  Осылайша,  1918 



жылдың  сәуір  айының  аяғында  Әулиеата  уездік  кеңесінің 

26 мүшесінің 15-і, ал атқару комитетінің 14 мүшесінің 3-і 

жергілікті халық өкілдері болуына қол жеткізеді

80

. Құрамына 



жергілікті халықтардың әлеуметтік жағдайын жақсы білетін 

мүшелердің  көптеп  енуіне  байланысты    Әулиеата  уездік 

кеңесінің  атқару  комитеті  дұрыс  бағытта  жұмыс  істей  ба-

стады. 


Күн  өткен  сайын  асқына  түскен  ашаршылық  пен 

жұқпалы ауруларға қарсы күреске Т. Рысқұлов қатты күш-

жігер жұмсады. Науқастарды емдеу, ауруханалар ашу және 

жұқпалы аурулардан сақтандыру өте қиынға түсті. Қалада 

не бәрі 4-ақ маман дәрігер ғана бар еді. Уездік кеңес 1918 

жылы  23  сәуірде  жұқпалы  аурулармен  күрес  шаруаларын 

белгіліп,  жұмысты  үйлестіру  үшін  санитарлық  комиссия 


 29

тағайындайды

81

.  Әулиеата  қаласының  маңына  қоғамдық 



тамақтандыру  орындары  ұйымдастырылып,  онда  20  000 

адамға дейін ашыққан қазақтар тамақтандырылды

82



Аштықты ауыздықтау үшін басқа да шаралармен қатар, 



көктемде егіс жұмыстарын ұйымдастыру, ауыл еңбекшілерін 

тұқыммен, құрал-сайманмен қамтамасыз ету сияқты кезек 

күттірмейтін аса қиын проблемаларды шешуге тура келді. 

Түркістан  үкіметінің  Әулиеата  уезіне  бөлген  тұқымдық 

астығын  қабылдап  алу,  оларды  әділетті  түрде  бөлу  ісі  де 

оңайға  соқпады.  Бұл  істе  де  мемлекеттік  мекемелердің 

шалағайлығы мен қазақ жұртшылығының егіншілікпен та-

ныс еместігі көп қолбайлау болды. Сондықтан, 1918 жылы 

29 сәуірде Т.Рысқұловтың ұйымдастыруымен өткен уездің 

қазақ  тұрғындары  өкілдерінің  жиыны  егіс  мәселесін  кең 

түрде талқылап, жеткізілген тұқымды қазақтар мен орыстар 

арасында  әділетті  түрде  теңдей  бөлу  ісін  қадағалау  үшін 

арнайы  комиссия  тағайындайды

83

.  Комиссия  30  сәуірдегі 



қаулысында  тұқымдық  астықты  талан-таражға  ұшыратпау 

үшін  оны  жеке  адамдарға  емес,  ауыл  тұрғындарының 

бірлестіктеріне,  ұйымдарына  бөліп  беру  туралы  шешім 

шығарады


84

. Бұл шаралар көктемгі егістік жұмыстарының 

ұйымдасқан түрде өтуіне үлкен қолғабыс жасады.

1918 жылы 7 мамырда Т.Рысқұлов Әулиеата уездік ко-

миссары  мен  уездің  кеңестің  төрағасымен  бірге,  Үлкен 

Алмалық  болысында  орналасқан  №  41-ші  қоғамдық 

тамақтандыру  орнын  тексеріп,  жағдайымен  танысады. 

Тексеру барысында комиссия орын алып отырған түрліше 

кемшіліктердің  сырын  ашып,  жағдайды  сақтандыру  үшін 

нақты  шаралар  белгілейді.  Асхананың  орыс  басшылары 

аштарға  бөлінген  азық-түлікті  талан-таражға  түсіріп,  аш, 

ауру  адамдарды  ұрып-соққаны  анықталынды

85

.  Қоғамдық 



тамақтандыру  орнында  бұрын  қазақ  азық-түлік  секция-

сы  басшылық  жасап  келген  болса,  соңғы  кезде  басқару 

жергілікті  орыс  комитетінің  қолына  беріліп,  олар  аштар-


30

ды тамақтандырудың орнына, ойларына келгенін жасаған. 

Т.Рысқұлов  асхана  меңгерушісін  орнынан  алып,  қолынан 

іс келетін басқа адам тағайындайды. Комиссияның арнайы 

тапсырмасымен аурулар үшін қосымша тағы да 10 киіз үй 

тіктіріліп,  әр  үш  адамға  тәулігіне  1  бөлке  нан  беріле  ба-

стады

86

.  Тексеру  барысы  Т.  Рысқұловтың  аса  ауыр  өмір 



шындығымен етене таныстыра түсті.

Қазақ  жастарын  саяси-мемлекеттік  істерге  белсе-

не  араластыру  мақсатымен  1918  жылы  11  мамырда 

Әулиеата  қаласында  Т.Рысқұлов  пен  Федоров-Завадский 

ұйымдастырған  қазақ  өкілдерінің  уездік  съезі  ашылады. 

Съезде  Т.  Рысқұлов  төрағалық  етеді

87

.  Бұрынғы  кеңестің 



таратылуына байланысты, құрамына төралқаны қоса есеп-

тегенде 28 мүше кірген жаңа қазақ депутаттарының уездік 

кеңесі  құрылады.  Төралқа  тұрақты  жұмыс  істейтін  болып 

шешілді, ал кеңестің съездерін ай сайын, Әулиеата уездік 

солдат, жұмысшы, шаруа және қазақ депутаттарының кеңесі 

съездерімен бір мезгілде өткізіп отыру көзделді. 

Съезде  саяси  жағдай,  конституция  мәселелері,  қазақ-

орыс  шаруаларының  арақатынасы,  ашаршылықпен  күрес 

шаралары  талқыланды.  Ашаршылықтың  қауырттығы 

мен  ауқымдылығы  онымен  күресті  қиындатып  отырғаны 

және қолда бар күш пен мүмкіндіктің мұншама көлемдегі 

аштықпен күресуге мардымсыз екендігі ескеріліп, өлкелік 

басшылықтан  1  000  000  сом  қаржылай  көмек  сұралды. 

Ашыққан  қазақтардың  шарасыздығын  пайдаланған 

алаяқтар олардың бар дүние-мүліктері мен киім-кешектерін 

болмашы бағаға сатып алып, артынан үстеме бағаға қайта 

сатып,  арамтамақтықпен  күн  көруге,  баюға  кіріскен  бола-

тын. Егер дәл осы сорақы істің алдын алмаса, онда күз келіп, 

қыс түскен кезде бар мүлкі мен жылы киім-кешегінен, киіз 

үйлері мен малдарынан айырылған, ауру мен індеттен әбден 

діңкелеген  аш,  босқын  халықтың  баудай  түсетіні  айқын 

еді. Сондықтан да, съезде Т. Рысқұлов бұл мәселеге қатты 



 31

көңіл  бөліп,  қарулы  бөлімшелердің  көмегімен  алыпсатар 

саудагерлерді тұтқындап, арамза жолмен өмір сүрушілердің 

бар мүлкін тәркілеп, оларды қазақтарға қайтарып беру тура-

лы ұсыныс білдірген кезде, съезд делегаттары ұсынысты бір 

ауыздан қолдады

88



Қазақтардың  орыс  шаруаларымен  арақатынасы  да  бұл 



мезгілде  асқына  түскен  болатын.  Орыс  шаруаларының 

қарулы  отрядтары  қазақ  ауылдарына  жасаған  қанды 

жорықтарын  үдете  түсті.  Бұл  онсыз  да  ашаршылықтан 

қасірет шегіп отырған қазақ көшпелілерінің жағдайын одан 

әрі асқындырып жіберді. Өлтірілгендер мен мертіккендердің 

саны күн сайын көбейіп, қиратылған шаңырақ пен тоналған 

мүлікте есеп болмады. Осы мәселелерді талқылай келе съезд 

Т. Рысқұлов даярлаған қаулы жобасын қабылдады, онда: 

а) сәуір айында өткен өлкелік кеңестердің V съезінің ре-

спубликада сот реформасы басталғанға дейін ескі сот және 

тергеу  органдары  сақталынады  деген  қаулысын  Әулиеата 

уезінің  халқына  таныстыру,  осы  арқылы  жауапкершілікті 

арттырып,  орыс  шаруаларының  қарулы  бөлімшелерінің 

қазақ  ауылдарына  жасап  келген  шабуылдарын  тоқтату, 

ұрлықпен айналысқан аш, ауру көшпелілерді  орыстардың 

өз бетімен жазалау фактілеріне тыйым салу

б)  орыс  шаруалары  мен  қазақ  көшпелілерінің 

арақатынасын өркениетті дәрежеде шешіп отыру үшін ар-

найы өкілеттігі бар комиссия тағайындау, қылмыс жасалған 

болыстарға барып, жағдайды жергілікті жердің өзінде зерт-

теп білу; 

в) орыс шаруаларының зорлық-зомбылығын тыю үшін 

Ташкентке, өлкелік өкімет орындарына өкілетті екі өкіл ат-

тандырып, олардан қасында әскери күші бар тексеру, тергеу 

комиссиясын жіберуді сұрау

г)  қазақтардың  өз  арасындағы  түрліше  арандатушы 

элементтерді  ымырасыз  ауыздықтау  және  т.б.  шаралар 

белгіленді

89



32

Т.  Рысқұлов  орыс  шаруаларының  қазақ  шаруаларына 

жасап  келген  зорлық-зомбылықтарын  астыртын  қолдап, 

ұйымдастырып отырған уездің ресми мекемелерінің кейбір 

қызметкерлерін  қатаң  сынға  алды

90

.  Осындай  оспадарсыз 



істерімен  әшкере  болған  Мерке  бөлімшесінің  комиссары 

В. Лобцовты, Әулиеата уездік кеңесінің іс басқармасының 

меңгерушісі Рубинді орнынан алып, жауапқа тарту туралы 

Т. Рысқұловтың талабы уездік кеңеске жіберілді

91



1918  жылы  10  маусымда  Әулиеата  қаласына 



кеңестердің  (уездік  кеңес  пен  уездік  қазақ  депутаттары 

кеңесінің) бірлескен съезі шақырылды. Т. Рысқұлов уездік 

комиссарларға жіберген бұйрығында съездің күн тәртібіне 

қазіргі  кезде  уезде  қалыптасып  отырған  әлеуметтік-

экономикалық  жағдайды  талқылау  және  азық-түлік 

мәселелерін  реттеу  жолдарын  қарастыру  сияқты  маңызды 

мәселелердің  кіргізілгенін  хабарлайды

92

.  Алдағы  съезге 



даярлану  мақсатымен  сол  күні  өткізілген  уездік  кеңестің 

мәжілісі бұрынғы төраға  С.А.Федоров-Завадскийдің есепті 

баяндамасын  талқылайды.  Онда  уездегі  кедей,  ашыққан 

халықтың мұқтажы үшін тұрғындардың ауқатты бөлігінен 

заттай-ақшалай  салық  алудың  барысы  қаралды.  Уездің 

түздік  ауқатты  тұрғындарынан  10  млн.  сом,  ал  Әулиеата 

қаласының  ауқатты  орыс  тұрғындарынан  300  мың  сом 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет