отырмыз. Біз орыс тілінде жазылған өте үлкен көлемдегі
әдебиеттерді, тіпті оқулықтарды да көріп отырмыз. Бұл
әрине, тұрғындардың еуропалық бөлігі үшін өте жақсы.
Бұл қажет нәрсе, бірақ кейде шамадан тыс өрістетіліп,
өте көп қаржы еуропалық мектептерге жұмсалады. Мен
Түркістандағы өз тәжірибемнен білетіндей, орыс тілінде
оқытатын университет ашылған кезде, оған тек орыс тіліндегі
гимназияларды бітіргендер ғана түсуге мүмкіндік алды, ал
144
қажетті кітаптар мен құрал-жабдықтардың жоқтығынан
оған түздік тілде оқығандар түсе алмайды. Орыс тілінде
сан алуан газет болса, түздіктердің тілінде өте аз. Мұндай
практика, әрине дұрыс емес. Сіздер бұл мәселеде шаруалар
бұқарасына көмектесулеріңіз керек»
406
.
Әзірбайжан Коммунистік партиясының ІІІ съезінде Т.
Рысқұлов делегаттардың сеніміне ие болып, республика
партия ұйымының атынан РКП (б)
Х съезіне баратын
Әзірбайжан делегациясының құрамына кіргізілді.
РКП (б)
Х съезі өз жұмысын 1921 жылы 8 наурызда
бастап, 16 наурызда аяқтағаны белгілі, ал съезд алдында
және съездің алғашқы күндері төрт күн бойы, яғни 6-9
наурыз аралығында Мәскеуде РКП (б)
Орталық Комитетінің
шешімімен
съезге келген түркі халықтары коммунистерінің
ІІ кеңесі болып өтеді
407
. Кеңесті ұйымдастырушы РКП (б)
Орталық Комитеті жанындағы Түркі халықтары ортасында
үгіт пен насихат жүргізетін Орталық бюро болды. Кеңеске
РКФСР-дің ішкі губернияларынан, барлық түркі тілдес ұлт
республикалары мен облыстарынан өкілдер қатынасады.
РКП (б)
Орталық Комитеті Түркі халықтары
коммунистерінің ІІ кеңесінде ұлт мәселесі бойынша
жасалатын негізгі баяндаманы Кремльдің Түркістандағы
эмиссарлық органы – Түрікбюроның мүшесі Г.И. Сафаровқа
тапсырады (Г.И. Сафаров – нағыз фамилиясы Сафарян,
бірақ «Сафаров», «Егоров», «Володин» деген лақап
аттарымен танымал болған, әкесі армян, шешесі поляк
қызы, 1920 жылы арнайы тапсырмамен Ташкентке келіп,
Түркістандағы жалпытүркілік азаттық қозғалысын басып-
жаншу, Т.Рысқұлов ұйымдастырған Мұсылман Бюросы
мүшелерін қуғындау, жергілікті түркі-мұсылман және қазақ
қызметкерлерінің өзара қырқысын ұйымдастыруда аса
белсенділік танытқан адам).
Кеңесте Г.И.Сафаровтың ұлт мәселесі бойынша жасаған
баяндамасын талқылауға түркі республикаларынан
145
келген көптеген коммунистер қатынасқан, бірақ олардың
көпшілігі өз ойларын ашық айтпай, жалпылама пікірлермен
шектелген. Түркістанда жүргізіліп жатқан ұлттық саясатқа
қатысты баяндамашымен ымыраға келмейтін көзқараста
болған Т.Рысқұлов, Г.И.Сафаровтың ұлт мәселесі бойынша
жасаған «теориялары» мен тұжырымдарына қирата соққы
береді. Т.Рысқұлов баяндамадағы жалғандықты ашып
көрсетеді.
Т.Рысқұловтың Түркі халықтары коммунистерінің ІІ
кеңесінде сөйлеген сөзінде уақыт өте келе тарихи дамудың
өзі дұрыстығын мойындатқан кесек-кесек ойлар бар.
Бұл ойлардың маңыздылығына байланысты, оны кеңірек
талдау қажет. «Ұлт мәселесін әр түрлі көзқарас тұрғысынан
қарастыруға болады, – дейді Т. Рысқұлов сөзінің басында.
Ұлт мәселесі біздің партия съезінде қарастырылатын
қырынан алғанда, әрине жалпы мәселе болып табылады.
Мұнда, түрік коммунистерінің кеңесінде біз ұлт мәселесінің
Шығыс бөлігін ғана қарастырамыз, әрі десеңіз баяндамашы
негізінен осы бөлігін қамтыды. Жалпы ұлт мәселесінің
Шығыс бөлігін қарастыруға мен де ынталымын және осы
бағытта өз ойымды білдірем»
408
.
Одан әрі Т. Рысқұлов РКФСР ішіндегі ұлт мәселесінің,
әсіресе түркі халықтарына қатысты саясаттың қазіргі таңда
ерекше зор маңызы бар екеніне көңіл аударады. «Шығыс
коммунистері арасында азды-көпті белсендірек болып
жүрген біз, түрік коммунистері, – дейді Т. Рысқұлов, –
әлемдік революция көсемдері мен әлемдік революцияның
басқарушы ұйымдарының қазіргі таңда Шығыста
қалыптасқан жағдайы түсініп, Шығыс ісі мен Шығыстағы
міндеттерді жүзеге асыру жолында бізге тосқауыл келтіріп
отырған кедергілерді жою үшін сөз жүзінде ғана емес іс
жүзінде де қолғабыс жасап, тірек болуына мүдделіміз»
409
.
Т. Рысқұлов Г.И. Сафаровтың ұлт мәселесін шешуде
Түркістанды басқа аймақтар үшін үлгі етіп көрсетуге
146
тырысқан әрекетіне соққы берді. «Ол (Сафаров) Түркістан
тәжірибесі жалпы барлық Шығыс аймақтары үшін даяр
тәжірибесі болуы мүмкін деп ойлайды. Мен бұл қате деймін.
Шығыс бөліктегі ұлт мәселесіне Түркістан тұрғысынан
қарау мүмкін емес. Егер Түркістанның жарасы - отарлық
мәселе, яғни жергілікті қаналаушыларды жергілікті орыс
қанаушыларымен теңестіру болса, ал Азияда бұл мәселе
басқаша жағдайда тұр... Сондықтан да, Түркістан тәжірибесі
барлық аймақтар үшін үлгі бола алмайды»
410
.
Шын мәнісінде, Орталық Азияны басқа аймақтар үшін
үлгі етіп көрсету барып тұрған сорақылық болатын, өйткені
патша өкіметінің отарлау саясаты мен Түркістанға арнайы
миссиямен келген Түріккомиссия мен Түрікбюроның тап
күресі саясатының салдарынан жергілікті халқы сұмдық
қырғынға ұшырып, үш миллионнан аса адамға азайған,
тәркілеу мен басқа да озбырлықтың құрбандығына
айналып, босқыншылыққа ұшыраған, туған өлкесінде өмір
сүріп отырса да, «екінші дәрежелі» халықтар қатарына
жатқызылған, «басмашылық» атты большевиктік айдар
тағылған орасан зор ұлт-азаттық қозғалысы өрттей лаулаған,
қағаз жүзіндегі ұлттық республикаға ие болса да, бірақ
оның негізгі мемлекеттік тұтқаларына ие бола алмаған
өлкенің жағдайын және оның еуропалық эмиссарлардың
басшылығымен «бақытты өмір кешіп жатқан» жергілікті
халықтарының жағдайын басқа аймақтар үшін үлгі етіп
көрсету сорақылықтан басқа ештеңе де емес еді.
Т.Рысқұлов Г.И.Сафаровтың Түріккомиссия мен
Түрікбюроның Орталық Азияда жүргізген ұлт саясатын
ақтау мақсатында айтқан сөздерін бұлтартпас дәлелдермен
жоққа шығарады. Т. Рысқұлов РКП (б) Орталық Комитетінің
түркі халықтарына қатысты ұлт саясатын «қызыл
империализм» деп айыптаған. «Түріккомиссия Түркістанда,
бір жағынан, отаршылармен, қоныс аударушы кулактармен,
Ресей капиталының қалдықтарымен, шенеуніктерімен,
147
екінші жағынан, феодалдық қатынастармен, яғни жергілікті
қанаушылармен күрес саясатын жүргізгеніндей, жолдас
Сафаров Түркістан мәселесіне шектен тыс тоқталды.
Бірінші кезекте, жергілікті коммунистерге, түздіктерге
қарсы күрес жүргізілді. Жолдас Сафаров, өзінің бір жылдық
қызметімен Түріккомиссия жұмақ орнатты деп ойлайды.
Мен Түркістан үлгісі мен тәжірибесі нағыз сорақы
тәжірибе, нағыз сорақы мәселе болды деп айтамын, ол тек
Мәскеудің алдында, партияның Орталық Комитетінің күн
тәртібінде ғана тұрған жоқ, сондай-ақ РКФСР-дің сорақы
саясаты ретінде, қызыл империализм ретінде өз шешімін
күтіп Лондон конференциясында да және біздің Түркиямен
келіссөздерімізде де тұр»
411
, – дейді Т. Рысқұлов. Өзі саяси
қуғындалу жағдайында жүріп және Мәскеуде, РКП (б)
көсемдерінің қарсы алдында тұрып, оның жүргізіп отырған
саясатын «қызыл империализм» деп айыптау кез келген
саясатшының батылы жетер шаруа емес болатын.
Т. Рысқұлов РКП (б)
Түріккомиссия мен Түрікбюроның
ұлт саясатын әшкерелей отырып былай дейді: «Мен отарлау
мәселесіне тоқталып өтем... Мен Жетісу облысында
туылдым, кедей қазақтардың ортасынан шықтым,
кулактардың талай зорлығын көрдім және соған қарамай-
ақ, жергілікті коммунистер осы отарлаушы элементтермен,
отарлаушыдардың езгісімен күрес жүргіздік, бірақ
оларды құрта алғанымыз жоқ, барлық үмітті Орталық
өкілдеріне, Түріккомиссияның алғашқы құрамына арттық.
Түріккомиссияның алғашқы құрамы отарлаушылармен
күрес, келімсектер мен жергілікті халықтың жағдайын
теңестіру және кеңес өкіметіне қарсы бас көтерген орыс
кулактары мен орыс-казактардан жасақталған қызыл
әскерлерді тарату туралы бақандай бес қаулы қабылдаумен
тынды, бірақ бұл қаулылардың бәрі де тек қағаз жүзінде
қалды. Сондықтан да, жергілікті коммунистер Түріккомиссия
жергілікті кулактарға арқа сүйеп, соларды пайдаланады
148
деп мәлімдеуге тура келді. Орасан зор Түркістан майданы
кулактарға қарсы іс жүзінде ешқандай шара қолданбады.
Түріккомиссияның алғашқы құрамына тағылған айып – бұл
ұлт мәселесі бойынша тағылған айып болатын»
412
.
Бұдан әрі Т.Рысқұлов Түріккомиссияның екінші
құрамының қызметін сынайды. «Ал, енді біз
Түріккомиссияның екінші құрамынан нені көріп отырмыз.
Кулактарды талқандаймыз, жер мәселесін теңестіреміз
деп Түркістан газеттері жазып, қаулылар қабылданып
жатқанмен де, іс жүзінде ештеңе атқарылған жоқ. Біз, жолдас
Сафаровтың қазақтарға бір адым да жер қайтармағанын
жақсы білеміз»
413
.
Т. Рысқұлов Түрікбюроның Түркістанда жүргізіп жатқан
әскери саясатын қатты сынға алады. «Әскери мәселені
алайық, – дейді Т. Рысқұлов. Ұзақ арпалыстан соң Түркістан
қайраткерлері Қызыл армияға 30000 мұсылманның
шақырылуына қол жеткізді. Мәскеуден мұсылмандардың
ешқандай міндеткерлік атқармауы туралы ескертілді. 30000
адам шақырылды, олар лагерьлерде орналастырылды.
Бірақ кейінірек біз нені көрдік, осы армиядан не шықты?
Біз жалаңаш тобырды, өлесі ашыққандарды көрдік және
осы 30 000 адамның жартысы өз ауылдарына қашап барып,
қарапайым қара жұмысшыға айналып жатыр. Ал, қағаз
жүзінде бізде қазақ бөлімшесі, өзбек бөлімшесі дегендер
бар. Міне, әскери мәселенің жағдайы»
414
.
Кеңесте сөйлеген сөзінде Т. Рысқұлов әскер мәселесіне
арнайы тоқталып, Орталық Азиядағы қоныс аударушы
орыс кулактары мен жергілікті халықтың жағдайын
теңестіру үшін, кеңес өкіметін мойындамай отырған
орыс-казак атты әскерін талқандау үшін неліктен қару
қолданылмайтындығын түсіндіруді талап етеді. «Мен
неліктен қару пайдаланылмайды, неліктен қазақтардан
олардың өз құқықтарын өздері қорғай алатынын дәлелдеу
үшін армия жасақталынбайды деп сұраймын. Өйткені,
149
отарлау мәселесі ұлттық кемсітушілікке айналды. Мен
басқа аймақтарға бұл жолмен жүруге болмайды деп кеңес
берем. Солтүстік Кавказда отарлау мәселесі басқаша
жолмен шешілді. Онда жергілікті халықтардың қолында
қару болды және олар орыс-казактарының революцияға
қарсы бас көтерулерінің тас-талқанын шығарды. Ал, біздің
жолдастар (Түркістан майданы басшылары) қолдарында
100 000 армиясы болса да, отарлау мәселесін жоя алмай
отыр»
415
, – дейді Т. Рысқұлов.
Т. Рысқұлов Г. Сафаровтың Түріккомиссияның Орталық
Азияда жүргізіп отырған тіл саясатын мадақтау мақсатында
айтқан пікірлерінің жалғандығын әшкереледі. «Жолдас
Сафаров, – дейді Т.Рысқұлов, – орыс тілінің орнына
жергілікті халықтардың тілін дамытып жатырмыз деп
айтқанымен де, біз керісінше, жергілікті халықтар үшін
керегі шамалы декреттердің, Лениннің суреті салынған
барлық қаулылар мен декреттердің орыс тілінде шығарылып
жатқанын, оларға өзін-өзі жарнамалау үшін Кагановичтің
қол қоятынын көріп отырмыз»
416
.
Түріккомиссияның
экономикалық
саясатын
да
назардан тыс қалдырмады. «Түріккомиссияның өмірі сүріп
отырғанына бір жылдан асты, ол мылжыңдықпен айналысты,
бірақ мақта шаруашылығын толығымен күйретті. Мақта
мәселесі толығымен күйреді, жолдастар, енді Түркістан
Мәскеуден нан сұрауға мәжбүр. Астық салығы орталықта
70-80 пайызға орындалған кезде, ол Түркістанда не бәрі
20 пайызға жетер жетпес ғана орындалды және бұл астық
тек Түркістанда өмір сүріп отырған армияны асырауға ғана
жетеді. Мұндай саясатпен айналысуға, Түркістанды үлгі
етіп көрсетуге болмайды»
417
. Т. Рысқұлов атап көрсеткен,
Түркістанда астық салығының не бәрі 20 пайызға ғана
орындалуының өзіндік себебі бар еді, өйткені астық салығы
негізінен астық өсіріп, егіншілікпен шұғылданатын келімсек
орыс қоныс аударушыларынан алынатын, сондықтан
150
да, Түріккомиссия бұл салық жоспарының толығымен
орындалуына мүдделі болған жоқ. Ал, толығымен күйреу
дәрежесіне жеткен мал және мақта шаруашылықтарымен
Түркістанның жергілікті халықтары айналысатын. Кеңес
өкіметі жергілікті халыққа тек салық объектісі ретінде ғана
қарады. «Біз кеңес өкіметінің пайдалы екенін іс жүзінде
дәлелдеген жоқпыз»
418
, – дейді Т. Рысқұлов.
Т.Рысқұловтың Түркі халықтары коммунистерінің
ІІ кеңесінде сөйлеген сөзінің ең тұжырымды жері –
«пантүрікшілдік» деген құбылысқа берген бағасы болды.
Түркі халықтардың табиғи жақындасуына жол бермеу
мақсатында әдейі сорақы етіп уағыздалынып отырылған,
яғни «пантүрікшілдік» деген атауға ие болған қозғалысқа
басқаша көзқарас тұрғысынан қарау керек дейді.
«Пантүрікшілдік» идеясының түрік тілдес халықтар үшін
орасан зор пайдасы бар екенін атап көрсетеді. «Менің
пантүрікшілдік мәселесіне тоқталып өткім келіп тұр, – дейді
Т. Рысқұлов. Еуропалық империалисттер суреттегендей
пантүрікшілдік өмірде болған емес, оның басқа түрі бар.
Біздің айтайын дегеніміз Түркия, империалистік Түркия,
ол енді жоқ. Шығыстың орасан зор халқын соңынан ертетін
жаңа Түркия бар. Біздің қолымызда Кавказда, Азияда,
Түркістанда бұқараны кеңес құрылысына тартуда орасан
зор маңызы болған Кемалдық қозғалыстың тәжірибесі
бар. Бұған көз жұмуға болмайды, әрі пантүрікшілдікті ескі
көзқарас тұрғысынан қарастырудың қажеті жоқ»
419
РКП (б)
тарихында, оның өткізген ірі басқосуларының
бірде-бірінде, мейлі ол съезд болсын, не конференция
болсын, не кеңес болсын, «пантүрікшілдікті» жақтап ешкім
Т. Рысқұловтай ашық сөйлеген емес.
Жоғарыдағы ойларын қорытындылай келе, Т. Рысқұлов
РКП (б)
Х съезінен соң партияның Орталық Азия
халықтарына қатысты саясатын түбірімен өзгерту қажеттігін
151
атап көрсетеді. «Мен партия съезінен соң саясатты өзгерту
қажет деп ойлаймын», – дейді Т. Рысқұлов.
Түркі халықтары коммунистерінің ІІ кеңесі мен РКП
(б) Х съезі аяқталғаннан кейін Т. Рысқұлов 1921 жылы
19 наурызда В.И. Ленинге Түркістанда патша өкіметінің
отарлау саясатының зардаптарын жою үшін тез арада
жергілікті халықтың мүддесіне сай келетін жер-су
реформасын жүргізудің қажеттігін дәлелдеп хат жолдайды.
Т. Рысқұловтың Түркі халықтары коммунистерінің ІІ
кеңесіндегі сөзімен және өзіне жолданған жер-су реформасы
туралы хатымен мұқият танысқан соң В.И. Ленин 1921 жылы
көктемде РКП (б) Орталық Комитеті мен БОАК алдына
Түркістанда жер-су реформасын тездетіп өткізу туралы
арнайы тапсырма береді. Т. Рысқұловтың ұсынуымен және
В.И. Лениннің қолдауымен Жетісуда жақсы басталған жер-
су реформасы Түрікбюро мүшелерінің жергілікті орыстар
мен қазақтар арасында қасақана жанжалдар ұйымдастыруы
салдарынан аяқсыз қалды
420
.
1921 жылы көктем-жаз айларында Орталық Азияда аса
ауыр жағдай қалыптасқан болатын. Азамат соғысынан енді
ғана ес жия бастаған Орталық Азияда аумағына сұрапыл
ашаршылық жайлаған Еділ бойы республикаларынан
жүздеген мың аш-жалаңаш басқындар ауып келген еді. Өлім-
жітім салдарынан жұқпалы індет кең тарайды
421
. 1920 жылы
көктемде Т. Рысқұлов пен Н. Хожаевтың бастамасымен
Мұсылман армиясын құру идеясы
422
Орталық Азия
мұздай қаруланған қызыл орыс армиясын басқарып келген
М.В. Фрунзе тарапынан тұншықтырылып, құрбашылар
армиясының
қолбасшысы
Мадаминбек
өлтірілген
соң
423
, 1921 жылы жаңа қолбасшы Шермұхамедтің
424
басшылығымен Ферғана алқабында қарлы қозғалыс
барынша өрістеді.
Т.Рысқұлов ұлт республикаларындағы қайшылықты
саяси процестерді зерттеп, назарында жіті ұстайды.
152
Ол 1921 жылы 11-20 тамызда аралығында Ташкент
қаласында өткен ТКП VІ съезінің
425
жұмысына қатынасады.
Түрікбюро алғашында бұрынғы мұсбюрошылардың съезге
қатынасуына үзілді-кесілді қарсы болғанымен де, артынан
райынан қайтуға мәжбүр болған еді, өйткені ТКП VІ
съезіне келген делегаттардың арасында Т. Рысқұловтың
Түркістанда атқарған қызметін аса жоғары бағалайтын,
оның идеяларын қызу қолдайтын жастар көп болатын.
Жастар республиканың егемендігі үшін күрес жүргізген
мұсбюшылардың саяси қуғындалуын тоқтатуды талап ете
бастаған.
ТКП VІ съезінің мандат комиссиясы 1921 жылы 14
тамызда съезге қатысу құқына ие болу үшін түрліше
ұйымдар мен жекеленген адамдардан келген өтініштерді
қарайды. Түрікбюроның нұсқауымен комиссия осындай
өтініш түсірген Т. Рысқұлов пен Н. Қожаевтың тілегін
қанағаттандырып, съезд жұмысына қатынасуға ресми түрде
құқық береді
426
.
ТКП VІ съезі басқа мәселелермен қатар сол жылы
наурыз айында Мәскеу қаласында болып өткен РКП (б) Х
съезінің шешімдерінің орындалу барысын талқылайды. Т.
Рысқұлов съездің 12 тамыздағы мәжілісінде сөз сөйлейді.
Мұсбюро мен Түріккомиссия арасында әскери және жер
мәселелері бойынша орын алған келіспеушіліктердің мәнін
ашып көрсетеді. Мұсбюро қайраткерлерінің Түркістанда
отаршылдықты жойып, ұлт мәселесі бойынша дұрыс
саясат ұстану үшін Түріккомиссиямен және РКП (б)
Орталық Комитетімен ауыр саяси күрес жүргізуілеріне
тура келгенін баяндайды. Мұсбюрошылардың «өз
қателіктерін мойындап, жеңілгендігі» туралы жалған аңыз
таратушыларды айыптайды. «Ешкім бізді қуа алған жоқ,
біз өзіміз кеттік», - дейді Т. Рысқұлов. Түркістанның тек
қағаз жүзінде ғана егеменді республика аталмай, барлық
салада: әскери, пошта-телеграф байланысы, темір жол,
153
қаржы, сыртқы дипломатия, мәдениет және оқу-білім беру,
сот мәселелерінде егеменді болуы үшін күрескен Мұсбюро
қайраткерлерін «ұлтшылдар», «пантүрікшілдер» деп
кінәлауға ешқандай негіз жоқ
427
.
Одан әрі Т. Рысқұлов ТКП Орталық Комитетінің Жетісу
облысында жүргізіп жатқан әлеуметтік саясатын жергілікті
халықтың болмысына сай келмейтін, әділетсіз саясат ретінде
сынайды. «Біз, – дейді Т. Рысқұлов, – Жетісуда жергілікті
халық арасынан таптық, жіктеліс тудыруға ұмтылып жатқанын
көріп отырмыз, бірақ орыс тұрғындарын таптық, жіктеліске
түсіруге тырысқан ешқандай әрекет байқалмайды. Түркістан
Коммунистік партиясының Орталық Комитеті қазақтарды
таптық жіктеліске түсіру принципін ұстанып отыр, бірақ
оны басқа тұрғындарға қатысты қолданған жоқ». Түрікбюро
мен ТКП Орталық Комитетінің Жетісудің жергілікті халқын
қолдан таптық жіктеліске түсіріп, олардың арасында жасанды
түрде тап күресін өршіту саясаты облыста қалыптасқан
саяси-әлеуметтік, экономикалық ахуал жағдайында барып
тұрған сорақылық болатын, өйткені 1916 жылғы ұлт-
азаттық көтерілісі, 1917 жылғы әлеуметтік революциялар,
аштық, қатігез азамат соғысы жылдарында қан майданда
қарсыласушы ақтар пен қызылдардың қорғансыз көшпелі
қазақтардың мал-мүліктерін заңсыз және құнсыз бопсалап,
тәркілеуі, большевиктік режим белсенділерінің түрліше
салықтарынан жеріне жете тоналған жергілікті халықты
жасанды түрде әлеуметтік жіктеліске түсіру саясаты
сорақылықтан басқа ештеңе де емес еді.
Қазақтар арасындағы тап күресі саясаты қазақ халқына
ештеңе бермегенін қазір жақсы білеміз. Сондықтан да,
Т.Рысқұловтың бұл сорақы саясатқа тыйым салуды талап
етуі заңды, әрі әділетті болатын. «Бізге, – дейді Т. Рысқұлов,
– қазір осы қатынасты мәмлесіз түрде талқылап алу керек.
Түркістандағы негізгі еңбекшілер бұқарасын шаруалар
құрайтынын, ал жұмысшылар болмашы ғана топ екенін,
154
сондықтан да бізге Түркістандағы жаңа өмірді шаруалардың
жағдайына икемдеп құру қажет екенін, өйткені оның
шешуші рөл атқаратынын айтуымыз керек».
Т. Рысқұловтың ТКП VІ съезінде сөйлеген сөзінде көп
көңіл бөлген мәселесі – әскери мәселе болды. Әскери мәселе
бұл съездің күн тәртібіне кіргізілмеген болатын. Съездің
күн тәртібін белгіленген Түрікбюро мүшелері әскери
мәселені талқылауға жатпайтын, Мәскеудің құзырындағы
мәселе деп санаған еді. Ал, әскери мәселенің Орталық азия
үшін орасан зор маңызы болды. Сондықтан да, Т. Рысқұлов
Түрікбюроның саясатқа төзбей, әскери мәселені де съездің Достарыңызбен бөлісу: |