Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша



бет2/10
Дата30.07.2022
өлшемі82,32 Kb.
#37987
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
kz 73673 1469757 1656566327

2. Түсіндірме жазба
1. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
1.1 Жоба тақырыбының атауы: Мектеп физика курсында STEM білім беру технологиясын пайдалана отырып оқушылардың креативтілігін дамыту.
1.2 Өтінім берілетін ғылым дамуының басым бағытының атауы: 8. Білім және ғылым саласындағы зерттеулер
1.3 Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы, зерттеу саласы мен түрі: 8.1.2 Білім беру және лингвистика саласындағы өзекті мәселелер, Әлеуметтік ғылымдар, Іргелі.
1.4 Жоба басталатын және аяқталатын болжамды күні, оның айлармен көрсетілген ұзақтығы:
Басталуы – 09.2022, аяқталуы – 12.2024. Ұзақтылығы – 28 ай.
1.5 Гранттық қаржыландырудың сұратылатын сомасы (жобаның бүкіл іске асырылу мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңгеде).
Жобаны жүзеге асырудың барлық мерзіміне – 18020799 мың теңге;
жылдар бойынша:
2022 жылға – 2427610 мың теңге;
2023 жылға – 7719438 мың теңге;
2024 жылға – 7873751 мың теңге;
1.6. Сарапшыларды іріктеу үшін өтінімнің саласы мен бағытын сипаттайтын түйін сөздер: STEAM білім беру, мектеп физика курсы, цифрлық білім беру ресурстары, 3D басып шығару, оқыту үдерісі, креативтілік.
2. ЖОБАНЫҢ ЖАЛПЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
2.1 Кіріспе бөлімі
Жоба идеясының, өзі шешуді көздейтін проблеманың қысқаша сипаттамасы:
Жоба идеясы STEM негізінде мектеп физика курсын оқытуда оқушылардың алған білімдерін одан әрі өндірісте қолдануға, еңбек нарығы мен бизнесте тиімді қолдана алуға, басқа дамыған елдердің мектеп түлектерімен бәсекеге түсуге қабілетті, креативтілігі дамыңан тұлға даярлау.
Жобаны іске асыру барысында Түркістан қаласына қарасты ауылдық мектептердегі STEM кабинеттердің жұмысын жетілдіру, мектептерде жәрмеңкелер ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, эксперимент ретінде алынған мектептерде физиканы оқытудың істен шыққан демонстрациялық құрал жабдықтарын жөнге келтіру, оқушыларды мини жобаларды орындай алуға және жаңа идеяларға бастама жасай алуға даярлау, креативтіліктерін дамыту сияқты өзекті мәселелер өз шешімін табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет