Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша


ЖОБАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҒЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ



бет4/10
Дата30.07.2022
өлшемі82,32 Kb.
#37987
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
kz 73673 1469757 1656566327

3. ЖОБАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҒЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1) жобаны әзірлеудің алғышарттары
Техникалық - инженерлік бағыттардағы соңғы жетістіктердің физика пәнімен байланысы жоғары екендігін есепке алсақ, жоба тақырыбына сай физиканы STEM негізінде оқытуды жүзеге асырудың өзектілігіне көз жеткіземіз. STEM – білім берудің негізгі ұстанысдарының бірі - әдістемелік жағынан күрделі болып табылатын оқушылардың тәжірибе мен зерттеу әдістерін игеруі болып табылады. Зерттеушілер STEM тәсілін игеру мен мұндай тәжірибенің нәтижесінде алынған білім, басқа тәжірибелерге қарағанда маңызды болатындығын көрсеткен. Екінші маңызды мәселе - инженерлік бизнесті дамыту, яғни өндірістің тапсырмаларына жауап ретінде жаңа идеяларға қол жеткізу. Осы ұстаным аясында оқушы нақты міндеттердің шешімін табуды және оны құруды меңгереді.
Осы аталған бағытта Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінің «Физика» кафедрасында шетелдік ғалымдармен бірлескен жұмыстар жалғасуда. Кафедрада осы зерттеу бағыты бойынша ұсынып отырған жоба жетекшісінің ғылыми кеңесшілігімен екі докторантпен төрт магистрант диссертациялық зерттеу жұмыстарын қорғады.
Ұсынылып отырған жоба жетекшісінің басшылығымен «Болашақ физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін «Механика» пәнін ағылшын тілінде оқыту негізінде дамыту» және «Мектеп экспериментінің техникасы» курсы негізінде болашақ физика мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдіру» тақырыптары бойынша зерттеулердің нәтижелері оқу үдерісіне ендірілді [1-4].
Сонымен қатар, физиканың кейбір бөлімдерін білімді ақпараттандыру жағдайында оқытуда білімгерлердің креативтілігін қалыптастыру бойынша авторлық зерттеу нәтижелері бар [5-6].
«Physics Handbook» қосымшалары іске түсті, 3D-принтинг арқылы робототехниканың кейбір элементтері әзірленді, STEM кабинеттерінің кейбір жабдықтары әзірленді. Басқа да цифрлық ресурстар мен оқу – әдістемелік қралдар баспадан шықты, жарамсыз физикалық құрал-жабдықтардың көпшілігі 3D-принтерлердің көмегімен жаңартылып іске қосылды.
Бұл аталған жобаның бастамасы екендігі белгілі.
2) жобаның ғылыми жаңалығының негіздемесі және олардың осы жобамен өзара байланысы
Білім және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысында:
- мектептер химия, биология, физика пәндері кабинеттерімен, STEM-кабинеттермен жабдықталатындығы айтылған болатын [7].
Бұл оқушылардың бойында креативтілік көрсеткіштерін дамытуға ықпал етеді. Креативтілік пен оның сипаттамалары, көптеген авторлардың ойларынша, нақты кәсіби іс-әрекеттерде көрініс алатын, тұлғаның қасиеттерінің жиынтығымен байланысты болады [8-9].
Физиканы оқытуда өздігінен білім алушы оқушыларға креативтік үдеріске тиімді қосылу үшін жағдай жасалу керек. Себебі, танымдық іс-әрекетте тұлғаның креативтік әлеуеті дамиды. Мұндағы қиындық креативтік үдерісті ұйымдастыру мен реттеуден тұрады, ол тұлғаның креативтілік дербестігінің түсініктерін қалыптастырады.
Алайда жоба тақырыбына сәйкес оқушылардың креативтілігін дамытуда STEM мүмкіндіктерін пайдаланудың әдістемесі бойынша зерттеулер аздық етеді.
Әсіресе, техникалық – жаратылыстану, инженерлік салаларындағы пәндерді, атап айтсақ физиканы оқытуда оқушылардың креативтілігін дамыту саласындағы нақты дидактикалық жүйелердің жасалынбағандығы, оқытудағы STEM білім беру технологиясының креативтілікпен ұштаспауы алға тартады.
Жапонияның білім беру мекемелерінде STEM бірлескен интегративті көптілді тәжірибесін қарастыру бағытында Д.Ояма М.Моор Д.Китано Й.Фюжита [10] зерттеу жүргізген. Физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды LEGO білім беру карталарын және STEM элементтерін қолдана отырып, Рико Н.А., Аревало Н. [11], ойын-сауық жәрмеңкелерін ұйымдастыру арқылы зерттейді.
Дегенмен, бүгінгі ғылым мен технологиялардың жылдам қарқыны жағдайында, оқушыларды STEAM білім беруді пайдалану арқылы креативтілікті дамыту негізінде оқыту әдістемесі бір жүйеге түспей, жекелеген ұсыныстар деңгейінде қалыптасқандығын көрсетеді.
Ұсынылған Жобаның ғылыми жаңалығы.
STEM білім беру технологиясын оқушылардың креативтілігін дамыту мақсатында қолдану қажеттілігі мен осы қажеттілікті іске асырудағы әдістемелік жүйенің және оқу үдерісін тиімді әдіс-тәсілдер, құралдар негізінде ұйымдастыру мен өткізу бойынша зерттеулердің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтар кездеседі.
Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздеу ғылыми жобаның басты ерекшелігі болып табылады.
Мектеп физика курсы бойынша оқушылардың креативтілігін дамыту негізінде оқытудың дидактикалық жүйесі айқындалады; STEM білім беру технологиясы негізінде оқытудың құралдары әзірленеді және олардың қолдану жағдайлары дамытылады.
Осы жоба негізінде алынған нәтижелер заманауи білім беру жағдайында бүкіл әлемге тиімді қайнар көз болып табылатындығына күмән келтірмейміз.
3) жоба нәтижелерінің маңыздылығын негіздейтін ғылыми және технологиялық қажеттіліктер
Дамыған елдердің білім беру жүйесінде де жаратылыстану, техникалық-инженерлік сала пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелері маңызды орын алып отыр.
Ғылым бір орында тұрмайтындығын, қазіргі білім берудің мазмұны да соған сәйкес өзгеретіндігін ескерсек, оқушы тек ақпаратты пассивті тыңдап, есте сақтап қана қоюы жеткіліксіз екендігі айқындалады. Оқушы пән бойынша жаңа шешімдерді өз бетінше құру, қолда бар деректерді сыни тұрғыдан қайта қарастыру, техниканың бұрын пайдаланылмаған мүмкіндіктерін ашуға қабілетті болуы маңызды. STEM технологиялары осы қабілеттіліктерді дамытуға, мектеп түлектерінің оқу орындарында және одан әрі кәсіби қызметінде білімдерін тиімді қолданып, креативті идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік берелі.
Жоба нәтижесінің маңыздылығын мемлекет деңгейіндегі инновациялардағы көшбасшылық үшін жаңа серпін алуға деген қажеттілігімен, STEM пәндері бойынша білім беру мекемелерінің дәрежесін көтеру, еңбек нарығы және бизнес, жоғары технологиялық өндіріс тарапынан білімге қойылатын жаңа талаптарды орындауға, STEM білім беру негізінде оқытудың әдістемелік жүйесін республикалық деңгейде оқу үдерісіне ендіру арқылы түлектердің болашақ қызметі мен бизнесте, жұмыс берушілердің талаптарын орындаудағы қабілеттіліктерін дамыту қажеттіліктерімен сипатталады.
Сонымен қатар, барлық STEM бағдарламаларына қол жетімділікті жақсарту арқылы ауылдық немесе шалғайдағы тұрғындар перспективалы білім алуға мүмкіндік беру қажеттілімен сипатталады.
Жобаның нәтижелері жаратылыстану-техникалық пәндерді, атап айтсақ, мектеп физика курсын STEM негізінде оқытудың дидактикалық жүйесінің жасалуы арқылы:
- адами капитал сапасын жақсарту мүмкіндіктерін арттыруға, инновациялық технологияларды оқу үдерісіне қолданысқа енгізу негізінде жоғары технологиялық өнімді құруға мүмкіндік береді.
4) алынған нәтижелердің ғылым мен технологияны дамытуға ықпалы және күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер;
Жоба нәтижесінде оқу процесіне ендірілген оқу-әдістемелік құралдар, STEM құрал – жабдықтар, цифрлық білім беру ресурстары оқушылардың креативтілігін дамытуға айтарлықтай үлесін қосады. Нәтижесінде әлемдік және отандық ғылым мен технологияның дамуына, экономикалық талаптардың орындалуына зор ықпал етеді.
Аталған зерттеу тақырыбының төңірегінде іске асырылып жатқан мәселелер бар болғанымен, бұл жұмыстар тиімді іске асырылу үшін қолдауды, қосымша қаражатты қажет етеді. Оқушылардың креативтілігін дамытуда STEM білім берудің ерекшеліктерін, білім беруді цифрландыру жағдайын ұтымды пайдаланудың және оқу үдерісін тиімді іске асыру, қосымша озық технологиялы жабдықтар мен құралдарды сатып алу қажеттігі туындайды.
4. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
Жобаның негізгі ғылыми мәселелері:
- Физиканы оқытуда STEM білім беру жүйесінің алатын орны ерекше болғанымен, орта білім беру мекемелерінде STEM білім беру арқылы оқушылардың креативтілігін дамыту негізінде оқыту әдістемесі теориялық тұрғыдан жеткіліктсіз негізделген.
- STEM кабинеттеріне қажетті жабдықтардың аздығы, физикалық құрал-жабдықтардың жарамсыз күйге жетуі оқытудың дидактикалық жүйесін әзірлеуге және оны енгізуге кедергілер келтіреді.
- STEM білім беру технологиясы арқылы оқытудың құралдары жоқтың қасы.
Жобаның ғылыми болжамдары:
Егер, жалпы білім беретін орта мектептерде STEM арқылы оқушылардың креативтілігін дамыту негізінде оқыту әдістемесі теориялық тұрғыдан негізделсе, оқытудың кез келген формасында STEM технология элементтері арқылы оқытудың әдістемесін дамытып, оқытудың тиімді құралдарын әзірлеп, оларды қолдансақ, онда оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау қабілеті, креативтілік көрсеткіштері дамиды.
Жобаны орындау барысында келесі зерттеу әдістері қолданылады:
Теориялық әдістер; Эмпирикалық әдістер; Зерттеудің сандық және сапалық әдістері.
- философиялық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;
Осы әдістерді қолдану негізінде оқушылардың креативтілік көрсеткіштері айқындалады, STEM негізінде креативтілікті дамытудың дидактикалық жүйесі жасалынады; эксперименттік жұмыстар ұйымдастырылады, тренингтер мен сабақ процесі ұйымдастырылады және жүргізіледі, нәтижелері бойынша жалпы ұсыныстар беріледі.
Ұсынылатын ақпараттардың шынайылығы және қайталанбайтындығына, зияткерлік адалдықтың жоғары старндарттарын сақтай отырып, жасалынған білім беру ресурстары бойынша тіркеу нөмірін бере отырып РСТ (Патенттік кооперация туралы шарт) рәсіміне сәйкес патентті өнертабысқа халықаралық өтінімді беру, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» өнертабысқа өтінім, ҚР БжҒМ тарапынан зияткерлік меншікті қорғау бойынша куәлік алуға өтінім берілетін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет