7-кесте – Іске асыру жөніндегі жұмыстардың жоспары
Р/с
№
Міндеттердің және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың атауы
Орындау мерзімі
Жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер (міндеттер мен іс-шаралар бөлінісінде), аяқтау нысаны
Басталуы
(ай)
Аяқталуы
(ай)
2022 жыл
1
STEM білім беру негізінде оқушылардың креативтілігін дамытудың теориялық негіздерін айқындау.
Қыркүйек
Желтоқсан
Бұл міндетті іске асырудың нәтижесінде STEM технологияны қолданудың, креативтілікті дамытудың теориялық негіздеріні айқындалады. Жоғары рейтингті журналдарда жарық көркен ғылыми әдебиеттерге, оқы практикаға ие оқу құралдарына талдау жасалынады; Түркістанға қарасты ауылдық және қалалық мектептерде физика пәні мұғалімдерінен, оқушылардан сауалнама және тест сияқты бақылаулар жүргізіледі, STEM технологиясының қажеттілігі және оқушылардың креативтілік көрсеткіштерінің бастапқы деңгейі анықталынады.
2
STEM технологиясын пайдаланып оқушылардың креативтілігін дамыту негізінде оқытудың дидактикалық жүйесін айқындау;
Қыркүйек
Желтоқсан
Аталмыш міндет бойынша зерттеу жұмыстарының нәтижесі – мектеп физика курсын STEM технологиясы негізінде оқытудың әдістері, формалары және құралдары жасалынып, оқу үдерісіне енгізіледі. Оқушылардың креативтілігін дамытуға баса назар аударылып, STEM кабинеттерін ұйымдастыруға және эксперименттік мектептердегі демонстрациялық құрал жабдықтардың кемістігін реттеу бойынша жоспарлар жасалынады;
2023 жыл
3
Мектеп физика курсын STEAM білім беру негізінде креативтілікті дамытуға оқытудың мазмұнын айқындау;
Қаңтар
Маусым
Физика пәні бойынша оқушылардың креативтілік көрсеткіштері айқындалады; эксперименттік мектептерде STEM кабинетіне қажетті қондырғылар, құрал-жабдықтар оқу үдерісіне ендіріледі; дидактикалық жүйеге сәйкес физика сабақтарын оқушылардың креативтілігін дамыту негізінде ұйымдастыру және өткізудің мазмұны анықталады. Оқушыларға өндірісте және еңбек нарығында, бизнесте қолдануға болатын қондырғыларды өз қолымен жасап көруге, практика жасауға және жаңа идеяларға өз бетінше жетуіне бағытталады.
4
«STEM және Креативтілік» электрондық порталын іске қосу (web сайт); STЕM білім беруге арналған десонстрациялық құрал-жабдықтарды жетілдіру, мини жобаларға қажетті жабдықтарды әзірлеу; «STEM және Креативтілік» саласы бойынша оқу құралдарын шығару, физиканы оқыту үдерісінде қолдану;
Сәуір
Желтоқсан
Нәтижесінде - оқушыларға шектеулі бюджетпен физикалық кіші жобаларды орындауға және сол арқылы олардың креативтілік көрсеткіштерін дамытуға, қолда бар жарамсыз материалдарды іске қосуға, жаңа идеялар бойынша топтық жұмыстар атқаруға мүмкіндік береді. Роботатехника элементтері, цифрлық оқыту ресурстары зерделенеді; STEM жабдықтарды жасауға және жарамсыз құрал жабдықтарды іске қосуға қажетті 3D негізді бағдарламалар сараланады; STEM кабинеттер құрылады, инновациялық өнімдер жасауға мүмкіндік туады.
2024 жыл
5
Түркістанның қаласына қарасты мектептерде физика пәні мұғалімдерінің STEM білім беру бойынша біліктілігін арттыру тренингтерін, семинарларын, жәрмеңкелерді ұйымдастыру;
Қаңтар
Сәуір
Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты мектептердің 40 жасқа дейінгі физика пәні мұғалімдері жоғары практикалық жұмыстармен негізделген тренинг курстарынан өтеді. STEM кабинеттерді қолдануды, веб-сайтпен жұмыс жасауды, сонымен қатар, факультативтік сабақтардың мазмұнымен танысады.
6
Жалпы физика курсы бойынша жасалған цифрлық білім беру ресурстарын, оқу құралдарын, веб-сайттардың республикалық мектептердің оқыту үдерісіне ендіруге мүмкіндік жасау. Эксперименттік мектептерде тәжірибелік жұмыстардың нәтижелерінің тиімділігін негіздеу, тесттерді құру, математикалық-статистикалық әдістерді қолдану.
Қаңтар
Желтоқсан
Зерттеудің нәтижесінде жасалынған дидактикалық материалдармен тұтынушылар толық қамтамасызданады.