Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша



бет9/10
Дата30.07.2022
өлшемі82,32 Kb.
#37987
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
kz 73673 1469757 1656566327

9. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР


1) Шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жариялау:
- Scopus деректер базасында CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала жарияланады. Зерттеу нәтижелері (1. European Journal of Teacher Education (процентиль – 96; Q1); 2. Interactive Technology and Smart Education (процентиль – 88; Q1) журналдарында жарияланады деп күтілуде.
- БҒСҚК ұсынған отандық басылымдарда кем дегенде 5 (бес) мақала немесе шолулар жарияланады.
2) Шетелдік және (немесе) қазақстандық баспалар кітаптарында монографияларды, кітаптарды және (немесе) кітаптардағы тарауларды жариялау:
«STEM және креативтілік» атты бір оқу құралы жарық көреді. «STEM негізінде оқушылардың креативтілігін дамытудың әдістемелік жүйесін бағалау» атты 6 б. п. кем емес монография жарыққа шығады.
3) шетелдік (еуропалық, америкалық, жапондық) патенттік бюролардан, қазақстандық немесе еуразиялық патенттік бюродан патенттер алу;
Зерттеу бойынша алынған нәтижелерге тіркеу нөмірін бере отырып РСТ (Патенттік кооперация туралы шарт) рәсіміне сәйкес патентті өнертабысқа халықаралық өтінімді беру, ҚР БжҒМ тарапынан зияткерлік меншікті қорғау бойынша куәлік алуға өтінім берілетін болады.
4) ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу;
Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ғылыми-техникалық әзірлемелер негізінде ғылыми-техникалық проблемалардың теориялық және практикалық шешімін, олардың нәтижелерін өндіріске енгізуді көрсететін барлық құжаттар мемлекеттік стандартқа сай жасалынатын болады.
5) әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қоғамдастығы және қалың жұртшылық арасында жұмыс нәтижелерін тарату;
Жобаны орындау нәтижесінде алынған материалдар, құралдар жоғары оқу орындарында, мектептерде және біліктілікті арттыру институттарында қолданысқа енеді.
Мақсатты тутынушылардың саны орасан үлкен болуы айқын, себебі, жобаның нәтижелері еліміздегі ғылым мен білім, техника, инженерия саласын дамытуға зор ықпал етеді.
6) конкурстық құжаттаманың талаптарына және жобаның ерекшеліктеріне сәйкес басқа да өлшенетін нәтижелер;
Күтілетін нәтижелердің әрқайсысының қолданылу саласы және нысаналы тұтынушылары.
- STEM негізінде орта мектептерде физика курсын оқытудың теориялық негіздерінің айқындалуы білім ордаларында оқу нәтижелерін жақсартуға және оқушылардың креативтілігін дамытуда маңызды орын алады;
- оқытудың дидактикалық жүйесін жасау және оны оқу үдерісіне енгізу орта мектептерде жаратылыстану және техника, инженерия бағытында оқушылардың нәтижелі білім алуға қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік береді;
- «STEM және Креативтілік» порталы түркі дүниесі университеттерінің, шетелдік бірнеше университеттердің қолданысына еніп, қазақстандық ғылыми потенциалын арттыруға және оны әлемге танытуға мүмкіндік туғызады.
- STEM негізінде оқытуға арналған демонстрациялық құрал-жабдықтардың жарамдылығын жақсарту арқылы мектептердің материалдық базасы жетілдіріледі.
Күтілетін нәтижелердің ғылым мен технологиялардың негізгі ғылыми бағыты мен сабақтас салаларын дамытуға әсері.
Жобаны іске асыру нәтижесінде оқу үдерісіне енгізілген дидактикалық материалдар оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін, креативтілік көрсеткіштерін дамытуға зор үлес қосары анық. Осылайша, еліміздегі ғылым мен технологияның ілгері жылжыуына, экономикалық сұраныстардың артуына себепші боларына күмән келтірмейміз.
Алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың қолданылымдығы және (немесе) мүмкіндігі.
Зерттеу нәтижесінде алынған білім беру ресурстары коммерцияландыруға енгізілетін болады. Жобаны орындау мерзімі аралығында үш жалпы орта мектептердің «сату және сатып алу» бөлімдерімен келісілген түрде STEM-кабинеттер әзірленеді.
Негіздемесі бар жоба нәтижелерінің әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, мультипликативтік және (немесе) өзге де әсері.
Материалдық – техникалық базалары төмен мектептерде эксперимент ұйымдастырылады, соның нәтижесінде оқушылардың физикалық білімді меңгеруіне, инженерлік, техникалық салада бәсекеге қабілетті маман болып шығуына, сол арқылы еліміздегі өнеркәсіп саласының дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді.
Сапалық және сандық көрсеткіштеріне байланысты жобаның басқа да тікелей және жанама нәтижелері.
Мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды ғылыми-техникалық салада қызмет етуге қабілеттіліктерін арттыру арқылы инженерлік, техникалық салаларда білікті мамандардың тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері халықаралық деңгейде жаңашылдығымен ерекшелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет