А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
У.А.ҚАМБАРОВА
А.Нұрмаханов атындағы ОҚО ОРДБЖСМ-нің дәрігері
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ СПОРТТЫҚ ІРІКТЕУДЕ
МЕДИЦИНАЛЫҚ-БИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
В этой статье рассматриваются особенности применения медико-биологических показателей в
спортивном отборе и их прогностически учитываемые признаки.
This article deals with peculiarities of employment of medical and biological indicators in the sport selection of
children.
Көпжылдық
жаттығу
барысында
балалар
мен
жасөспірім
спортшылардың денсаулығын сақтай білу спорттық дәрігер мен бапкердің
негізгі борышы болып саналады.
Мақсатқа бағытталған көпжылдық дайындық және жоғары дәрежелі
спортшыларды тәрбиелеу сапасы – көп факторлармен анықталатын күрделі
процесс. Осы факторлардың бірі – дарынды балалар мен жасөспірімдерді
іріктеу, ол спорттың бағдары.
Спорттық іріктеу – баланың спорт түріне бейімділігін анықтайтын
шаралар жиынтығы.
Спорттық іріктеу - әр түрлі зерттеу әдістері (педагогикалық,
медициналық-биологиялық, психологиялық, социологиялық және т.б.) ұзақ,
көпсатылы процесс [1].
Медициналық-биологиялық әдістердің негізінде құрылымдық-қызметтік
ерекшеліктер, дене дамуының дәрежесі, спортшы организмінің талдағыштар
жүйесінің жағдайы, денсаулық жағдайы анықталады.
Спорттық іріктеу мектеп жасындағы балалардан басталады және төрт
кезеңнен өтеді.
Іріктеудің бірінші кезеңінде 6-10 жастағы балаларға олардың спорт
түріне шұғылдануына бағдар беру мақсатында жалпы тексеру жүргізіледі.
БЖСМ-нің бастапқы дайындық тобына белгілі спорт түріне анықталған
жасына сәйкес балалар қабылданады. Спорттық бағдардың критерийлеріне
дене тәрбиесі мұғалімінің нұсқауы, медициналық тексеру мәліметтері,
антропометриялық көрсеткіштері және оның бағасы жатады.
Бірінші кезеңде белгілі спорт түріне мамандану үшін қажетті
құрылымдық, қызметтік және психологиялық сапаларды біріктіретін типтегі
балаларды анықтау мүмкін емес. Дененің дамуы кезіндегі жеке ерекшеліктер
бұл міндетті шешуді едәуір қиындатады. Сондықтан іріктеудің бұл
кезеңіндегі мәліметтерді бағдар ретінде қолдану керек.
БЖСМ-не жас спортшыларды жаппай іріктеу кезінде ескеретін
болжамдық мәнді медициналық-биологиялық белгілер төмендегі түрде
берілді:
273
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Қамбарова У.А.
Балалар мен жасөспірімдерді спорттық іріктеуде медициналық-биологиялық...
Белгілері
Жаппай тексеру
Оқу-жаттығу
топтарына іріктеу
Бой ұзындығы
+
+
Дене салмағы
+
+
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
+
+
Кеуде шеңбері
-
+
Саусақ динамометриясы
+
+
Табан ұзындығы
-
+
Сынама жүргізу
-
+
Координациялық қабілеті
+
+
Іріктеудің екінші кезеңінде БЖСМ-не спорттық жетілдіру, оқу-
жаттығу топтарын жинақтау үшін спорттық дарыны бар мектеп
жасындағы балалар анықталады. Іріктеу бастапқы дайындық тобында
соңғы оқу жылы ішінде келесі бағдарлама бойынша жүргізіледі:
денсаулық жағдайын бағалау, әрбір спорт түріне құрастырылған бақылау-
өткізу нормативтерін орындау, антропометриялық өлшеулер, спорттық
нәтижелері мен дене сапаларының өсу қарқынын анықтау.
Іріктеудің бұл кезеңіндегі негізгі әдістер антропометриялық тексеру,
медициналық-биологиялық зерттеулер, педагогикалық бақылаулар,
бақылау сынамалары, психологиялық және социологиялық тексерулер
болып табылады.
Іріктеудің үшінші кезеңінде ОРДБЖСМ, ЖОР және олимпиадалық
дайындық орталықтарына жіберу және жетістігі бар спортшыларды іздеу
мақсатында жүргізіледі. Бұл кезеңде спортшыларды жарыс кезінде
тексеру және республикалық жарыстар кезінде сынамалардан өткізу
жүргізіледі.
Іріктеудің төртінші кезеңінде оқу-жаттығу жиындарында спорттың
әрбір олимпиадалық түрінде тексеру жүргізіледі.
Спорт түріне іріктегенде басты назарды баланың денсаулығына бөлу
керек: спортпен тек дені сау балалар ғана шұғылдануға болады. Бұл –
спорттық медицинаның мызғымас талаптарының бірі.
Сонымен спорттық іріктеу – жан-жақты қаралатын күрделі мәселе
және медициналық көрсеткіштері де аз емес. Олар:
1)
бала денсаулығы;
2)
құрылымдық және қызметтік көрсеткіштердің бастапқы деңгейі
мен даму қарқыны;
3)
спорт түрінде күш түсетін физиологиялық мүшелер мен
жүйелердің қызметтік мүмкіншіліктері және олардың жаттығу барысында
жетілу сатысы;
274
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Қамбарова У.А.
Балалар мен жасөспірімдерді спорттық іріктеуде медициналық-биологиялық...
4)
жаттығуға төзімділік;
5)
жыныстық жетілу дәрежесі мен дененің даму ерекшеліктері [2].
Қорыта айтқанда, біз мақаламызда іріктеу кезеңдерінде ескерілетін
медициналық-биологиялық көрсеткіштерді қарастырдық. Оған қосымша
педагогикалық, психологиялық және социологиялық көрсеткіштер де
ескеріледі. Балалар мен жасөспірімдерді іріктеу кезінде осы мамандардың
біріге отырып жұмыс жасауы спорттық тәжірибе үшін маңызды
мәселелердің бірі және спортшылардың жақсы нәтижелерге жетіп, ұзақ
жылдар бойы спорттық шеберліктерін сақтауға себепкер болады. Алдағы
уақытта осы медициналық-биологиялық көрсеткіштердің іріктеу кезінде
жүргізілуін және нәтижелерін анықтауды жұмысымыздың мақсаты етіп
қойдық.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Кун Л. Всеобщая история физической культуры и спорта: Пер: Свенгер. М.: Радуга, 1982.
2.
Оливова В. Люди и игры. У истоков современного спорта. –М.: ФиС, 1985.
275
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
ЭКОНОМИКА
Қ.АЙТАХАНОВ
экономика ғылымдарының докторы
СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕР: ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
В статье рассматриваются проблемы орошаемых земель и пути повышения их
экономической эффективности.
This article deals with some problems of irrigated lands and with the ways of improvement of their
economic efficiency.
Елбасының үстіміздегі жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық
өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған
Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін серпінді дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Жолдауда алдағы бес жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешен өнімділігін екі есе
арттыру және азық-түлік тауарлары ішкі нарығының 80 пайыздан астамын
отандық тамақ өнімдерімен толықтыру, аграрлық саланың экспорттық
әлеуетін 80 пайызға дейін ұлғайту секілді нақты міндеттер қойылды [1].
Бұл міндеттерді орындау суармалы жерлерді тиімді пайдалануға тікелей
байланысты. Өйткені, суармалы жер кепілді түрде мол өнім береді. Бүгінде
сырттан әкелінетін азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі, атап айтқанда, қант,
өсімдік майы, көкөніс, жемістер мен жүзім және мал мен құс шаруашылығы
өнімдерін өндіруге қажетті жоғары белокты жемшөп дақылдары суармалы
жерлерде өндіріледі.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ауыл шаруашылығын басым бағыт ретінде
айқындап, 2003-2005 жылдарға арналған «Мемлекеттік Азық-түлік
бағдарламасын» ұсынғалы, салаға мемлекеттік қолдау жыл санап өсіп келеді.
Агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты Жер, Су кодекстері және
бірнеше заңдар қабылданды. Солардың ішінде ауыл шаруашылығында
мемлекеттік реттеудің жүйесін қалыптастыра бастаған «Агроөнеркәсiптiк
кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы»
және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік
қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Заңдарды ерекше атап өткен жөн.
Республикада суармалы егіншілікті ағын сумен қамтамасыз ету
мақсатында ірі су қоймалар күрделі жөндеуден өтті, бірнеше су тоспалары
мен тораптары салынды. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен ауыл
шаруашылығының егіншілік саласы тек суармалы жерлерде орналасқан
Қызылорда облысын су тасқынынан қорғайтын, жазда таза ағын сумен
қамтамасыз ететін «Көксарай» су реттегішінің құрылысы аяқталуға жақын.
Дегенмен, еліміздегі суармалы егін шаруашылығында шешуді талап ететін
мәселелер де жеткілікті. Соңғы жылдары суармалы жерлердің құнарлығы
276
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Айтаханов Қ. Суармалы жерлер: проблемалары, экономикалық тиімділігін арттыру жолдары
мен өнімділігінің төмендеп, мыңдаған гектар жер ауыл шаруашылығы
айналымынан шығып, халық тығыз орналасқан өңірлердің жағдайы қиындай
түсуде.
Жер ресурстарын басқару агенттігінің ақпаратына қарағанда елімізде
2010 жылы 1991 жылмен салыстырғанда суармалы жерлер көлемі 298 мың
гектарға азайып, 2 миллион 82 мың гектарды құрады. 575 мың гектар
суармалы егістік жер ауыл шаруашылық айналымынан шығып,
пайдаланылмай жатыр. Осы жылдары босалқы жерлердің көлемі 8 еседен
астамға ұлғайып, 423 мың гектарға жеткен. 20 мың гектар суармалы жер
жеке меншік үй, жол, өндіріс орындарын және тағы басқа мақсаттарға
берілген [2]. Ал пайдаланылып жатқан суармалы жерлер тұзданып,
батпақтанып, құнарлылығы мен өнімділігі төмендеуде, ауыспалы егіс жүйесі
жоқтың қасы, егістік құрылымдары жетілдіруді қажет етеді.
Жекешелендіру барысында шаруашылықтар майдаланып, бұрынғы ішкі
шаруашылық каналдар мен кәріздік жүйелер, тік дренаж скважиналары
шаруашылықаралық объектілерге айналып, көпшілігі иесіз қалды.
Ұсақ шаруа қожалықтарында қаржы, техника болмай су және кәріз
жүйелері уақтылы тазаланбай ұйық басып, су тарту қабілетінен айырылып,
жер асты суларының көтерілуіне, жердің сорлануына, батпақтануына
әкелуде. Суармалы жерлерге ағымдағы және күрделі тегістеу жұмыстары
көптен бері жүргізілмеген. Бұл – суды пайдалануда ысырапкершілікке жол
бергендік.
2379
2228
2105
2081
0
400
800
1200
1600
2000
2400
1991 ж.
2000 ж.
2005 ж.
2010 ж.
1969
1371
1426
1394
Барлық суармалы жерлер
Пайдаланудағы суармалы егістік көлемі
мың га
1-сурет
Республика бойынша барлық суармалы жерлер мен еігістік көлемі
277
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Айтаханов Қ. Суармалы жерлер: проблемалары, экономикалық тиімділігін арттыру жолдары
Екінші деңгейдегі банктер суармалы жерлерді кепілдікке алып, шаруа
қожалықтарына несие берудің орнына, несиені сауда-саттық саласына беріп,
еліміздің дүкендерін сырттан келетін көкөніс, жеміс-жидек, жүзім, т.б.
тауарлармен толтырып, шетелдік тауар өндірушілерді қолдауда.
Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына берілген кредит ресурстары
суармалы өңірлерге жетпей отыр. 2009 жылы республикалық бюджеттен
бөлінген 68 миллиард теңге несие ресурстарының, суармалы жерлердің 85
пайызы орналасқан Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан
облыстарына не бары 1,5 пайыз ғана берілген.
Үкімет тарапынан суармалы жерлерді пайдаланудың тиімділігін
арттыруға бағытталған қолдау мен инвестиция тартуды ынталандыру
шаралары өз дәрежесінде емес.
2-сурет
Суармалы жерлердің егін шаруашылығындағы үлесі, %
90-шы жылдары еліміздегі суармалы жер көлемі барлық егістіктің 6
пайызын құрап, егіншілік өнімдерінің 30 пайызы өндірген болса, бүгінде бұл
көрсеткіш екі есеге жуық төмендеп кеткен [3].
Халқы тығыз, негізінен суармалы егіншілікпен айналысатын Алматы,
Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында суармалы жерлердің
15-33 пайызы пайдаланылмайды. Ал қолданыстағы суармалы жерлердің
өнімділігі 25-50 пайызға төмендеген.
Басқа облыстарда да жағдай мәз емес. Елорда халқын азық-түлікпен
1991 жыл
2009 жыл
Көлемі бойынша
Көлемі бойынша
Көлемі бойынша
Өнімділігі бойынша
Өнімділігі бойынша
Тәлімі жерлер
Суармалы жерлер
Суармалы жерлер
Тәлімі жерлер өнімі
Суармалы жерлердің өнімі
Тәлімі жерлер өнімі
Суармалы жерлердің өнімі
83%
17%
94%
6%
Тәлімі жерлер
30%
70%
6%
94%
278
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Айтаханов Қ. Суармалы жерлер: проблемалары, экономикалық тиімділігін арттыру жолдары
қамтамасыз етуге толық мүмкіндігі бар Ақмола облысында 38,5 мың гектар
суармалы жердің не бары 2,4 мың гектары, немесе 6,2 пайызы ғана
пайдаланылуда. Кезінде өзін-өзі көкөніспен қамтамасыз етіп отырған облыс
бүгінде азық-түлік өнімдерінің көбін сырттан тасымалдайды. Бұл мемлекет
басшысының халық саны тез өсіп келе жатқан Астана қаласына азық-түлік
белдеуін жасау жөніндегі тапсырмасының өз деңгейінде орындалмай
отырғанын көрсетеді.
Соңғы жылдары елімізде егіс көлемі ұлғайып, ауыл шаруашылығының
жалпы өнімі өскен. Алайда, отандық тауарларды экспорттау құрылымы
өзгермеді, халыққа қажетті көкөніс, қант, өсімдік майы, жеміс-жидектердің
едәуір бөлігі сырттан әкелінуде.
Соған қарамастан, осы дақылдар өсірілетін суармалы жерлердің көлемі
жыл өткен сайын азаюда. Елімізді азық-түлік өнімдерінің барлық түрлерімен
қамтамасыз етуге (лимон, апельсин, бананнан басқа) біздің жағдайымыз
толық жетеді. Ол үшін суармалы жерлерді интенсивті пайдаланып,
мемлекеттік қолдау мен инвестиция тарту шараларын күшейтуіміз керек.
Бірінші кезекте суармалы жерлерді, оның гидромелиорациялық
инфрақұрылым жүйелерін (су қоймалары, каналдар, кәріздер, тік дренаждар
т.б.) толық түгендеуден өткізіп есебін алып, меншік иелерін анықтау керек.
Қазіргідей иесіз объектілер болмауы керек.
Пайдаланылмай жатқан 575 мың гектар суармалы жерлерді бюджеттен
қаржы бөлу, инвестиция, заем тарту және жеңілдетілген несиелер беру
арқылы кезең-кезеңмен ауыл шаруашылығы айналымына қайтаруымыз
керек. Сонда біз әр гектар суармалы жерден орта есеппен 250-300 мың
теңгенің өнімін өндіргенде еліміз бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін 150-
180 миллиард теңгеге арттырамыз.
Ал, қолданыстағы 1,4 миллион гектар суармалы жерлердің өнімділігін
көтеру үшін олардың мелиоративтік жағдайын жақсартуға қомақты субсидия
бөлу керек.
Себебі, суармалы жерлер тәлімі жерлермен салыстырғанда гектарына 2-3
есе артық қосымша мелиоративтік жұмыстарды (жерді күрделі және
ағымдағы тегістеу; арықтар мен кәріздерді тазалау, тік дренаж
скважиналарын жөндеу, электр желілерін пайдалану, сор шаю т.б.) атқаруды
қажет етеді. Бұл үшін қосымша қаражат керек ал, аз ғана жерін егуге тұқым,
жанармай алуға, техника жалдауға қаржы таппай отырған шаруалардың
жоғарыда аталған мелиоративтік шараларды атқаруға шамалары келмейді.
Нәтижеде, шаруалар өз мәселелерімен өздері болып, суармалы жерлер істен
шығып, құнарлылығы мен өнімділігі төмендеуде.
279
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Айтаханов Қ. Суармалы жерлер: проблемалары, экономикалық тиімділігін арттыру жолдары
1-кесте
Су пайдалану мен егін өнімділігінің салыстырма көрсеткіштері
Көрсеткіштер
Дамыған елдерде
Қазақстанда
1 текше метр суды
пайдаланудан алынатын
өнім (кг)
2,5-6,0
0,4 – 0,8
1 кг өнім өндіруге
жұмсалатын су (литр)
165-600
1200-2500
Суармалы жер шаруашылығында ағын суды үнемдеп пайдалану мен
гектар өнімділігін көтеру – басты міндеттердің бірі. Елімізде 1 гектар
суармалы жерге ағын су нормадан артық жұмсалады, су пайдалану
коэффициенті төмен. Республика бойынша су пайдалану коэффициенті 0,72
болса, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында ол 0,6-ғана
болып отыр. Егер еліміз бойынша су пайдалану коэффициентін 0,82-ге
көтерсек, 127 000 гектар жерді суландыратын 1 272 милион текше метр су
үнемделеді екен. Дамыған елдерде 1 м³ суға 2,5-6,0 кг. ауыл шаруашылығы
өнімдері өндірілсе, бізде небары 0,4-0,8 кг. ғана немесе 6-7 есе есе аз
өндіріледі. Ал, 1 кг. өнім өндіруге дамыған елдерде 160-400 литр су
жұмсалса, бізде 1200-2500 литр ағын су жұмсалады [4].
Ағын су тапшылығы жыл өткен сайын өзекті болып отырған елімізде су
пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге
асырылуы керек. Олар: суару және дренаж жүйелерін қайта құру, су
пайдаланушылардың ауылдық тұтынушылар кооперативтерін лизинг
арқылы керекті техникалармен (скрепер, тегістегіш т.б.) жабдықтап,
материалдық базасын жақсарту, суарудың озық тәсілдері тамшылатып және
жаңбырлатып суару әдістері, су үнемдегіш және ауыспалы егіс танаптарын
ендіру, егіс құрылымын жетілдіру, мамандар мен сушылар даярлау, олардың
біліктіліктерін арттыру болып табылады.
Осы міндеттерді орындауға бағытталған халықаралық банктің гранты
негізінде 2005 жылғы 2 тамыздағы №804 Үкімет қаулысымен бекітілген
«Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының – 2 кезеңі»
(ИДЖЖ-2) іске асыруды тездетуіміз керек.
Бұл жоба еліміздің оңтүстік шығыс және оңтүстік өңірлеріндегі
трансшекаралық өзендер бассейндеріндегі суармалы жерлердің 220 мың
гектарын қайта қалпына келтіруді, олардың құнарлығын арттыруды көздейді.
Үкімет бұл өте маңызды жобаның 1 – кезеңін орындауда орын алған
кемшіліктерден қорытынды шығара отырып, тиісті халықаралық ұйымдармен
келісімді тездетіп, оны Парламентте бекітуге ұсынуы тиіс. Парламент
депутаттары елімізде азық-түлік молшылығын жасауға арналған бұл жобаны
толығымен қолдайды деп ойлаймын.
280
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Айтаханов Қ. Суармалы жерлер: проблемалары, экономикалық тиімділігін арттыру жолдары
2-сурет
Қызанақты тамшылатып және жай суару кезіндегі суландыру нормасы және өнімділігі
(«ЖАҢА АҚДАЛА» агрофирмасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, көлемі 500 га, 2009
жыл.)
Қызанақты тамшылатып суарудың артықшылықтары:
егістік жердің құнарлылығын арттырады және табысты молайтады;
отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
етеді;
суаруға жұмсалатын суды 2,8 есе үнемдеуге мүмкіндік береді;
егін өнімділігін 3,5 есе арттырады;
өндірістік шығындарды 40-50 пайызға қысқартады;
тыңайтқыштарды 30-40 пайыз үнемдейді.
Оңтүстік Қазақстан облысы «Жаңа Ақдала» агрофирмасының тәжірибесі
көрсетіп отырғандай су үнемдеу технологиясының ең озық түрі – егістікті
тамшылатып суару әдісі. Бұл тәсіл суды 2-3 есе үнемдейді, тыңайтқыштарды
пайдалану коэфиценті 2 есеге, гектар өнімділігі 3-4 есеге өседі, нәтижеде
еңбек өнімділігі артады. Суарудың осы тәсілін өндіріске ендіру үшін
жеңілдетілген несие беру мәселесі шешілуі керек.
2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |