Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет10/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47

 
құсын  қияға  ұшыратын  шабыттың  шақпақ  оттарының  бірі»  [3.29]  дейді  
тебірене. Ақын пікірін қуаттай отырып, табиғат деген үлкен ұғымның аясына 
мол мағына сыйғызған  жазушы шеберлігін аңғарамыз.   
«Ақпанның  сақылдаған  сары  аязында  ақын  жігіт  тағы  да  аңыратып, 
көктем  туралы  жыр  оқып  келе  жатты»  деген  жолдар  Төлеген  ақынның  
«Аппақ  қарды  омбылап,  көктем  іздеп  келемін»  деген  жыр  жолын  еске 
түсіреді.  Жазушы  кейіпкерлері  жайында  толғанғанда  «Менің  де  өз 
творчествомнан  жақсы  көретін,  соларды  жырлағандығым  үшін  қуанатын 
әңгіме,  повестерім,  сол  әңгіме  повестерімнің  кейіпкерлері  бар»  [4.120]  деп 
«Бұлақ» әңгімесіндегі  Қошқарбайды атайды.  
«Ақын  жайлы  айтады  қызықты  аңыз»  деп  жырлаған  Мұқағали  жырына 
таныс    қалың  оқырман  Т.Нұрмағамбетовтің  «Бұлақ»  әңгімесінен  ақын 
табиғаты  мен  оның    ішкі  әлемін,  сондай-ақ  адам  мен  қоғам  арасында  
үздіксіз жүріп жататын тартыс табиғатын   таниды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Тоқбергенов Т. Үш тоғыс. -Алматы: Жазушы, 1988.  
2.
 
Нұрмағамбетов Т. Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс.  -Алматы: Жазушы, 2006.  
3.
 
Мәуленов С.  Үркер төбеде тұр.  Естеліктер. -Алматы: Жазушы, 1971. 
4.
 
Тарази Ә., Мұсалы Л. Көркемдік құпиясы.  -Алматы:  Ғылым, 2000. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

71 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
З. ЖАНТАСОВА 
филология ғылымдарының кандидаты 
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет 
 
ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮН ЖЫРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДА 
ЖЫРЛАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
В  статье  рассматриваются  художественные  особенности  поэмы  «Лайли-Мажнун»  в  казахском 
фольклоре. 
 
This article presents some artistic peculiarities of the poem “Leily and Mazhnun” in the Kazakh folklore. 
 
Қазақ  әдебиетінде  ғашықтық  цикліндегі  дастандар  XIX  ғасырдан 
жырлана  бастағандығы  белгілі.  «Ләйлі-Мәжнүн»  дастанының  Шәкәрім 
Құдайбердіұлы жырлаған нұсқасынан да басқа бірнеше варианттары болған. 
Оны  жазба  ақындарынан  бөлек  халық  ақындары  да  жырлағандығы 
турасында  деректер  кездеседі.  Мысалы,  профессор  Қ.Саттаров  өзінің 
«Қазақтың  халық  романдық  эпосы»  атты  монографиясында  мынадай 
деректерді  келтіреді:  «Қазақ  тіліндегі  «Ләйлі-Мәжнүн»  жырының  версиясы 
әзірбайжан  халқының  классик  ақыны  Физулиден  аударылған.  Бұл  нұсқа 
латын  әрпімен  жазылған.  Барлығы  22  бет  болып  аяқталмай  қалған. 
1605/OFK/ санды папкада сақтаулы. «Ләйлі-Мәжнүн» жырының бұл нұсқасы 
Орталық Қазақстаннан жазып алынған. (Жазып алған – Ғажам Дайрабайұлы. 
Араб  әрпімен  жазылған  83  беттік  қолжазбада  923/OFK/  санды  папкада 
сақтаулы).  «Ләйлі-Мәжнүннің»  қазақша  бір  варианты  –  Әмудария 
құйылысындағы  қазақтар  арасынан  жазып  алынған  нұсқа  /340.ӘӨИ/.  Бұл 
нұсқаны  Қарлыбай  Қалжанов  жырлаған.  Жазып  алғандар    Б.Ысқақов, 
Т.Қанағатов,  Т.Бекқожиналар.  Бүгінгі  күнгі  қазақ  әрпімен  жазылған 
қолжазба  сегіз  бет  болып  аяқталмай  қалған.  Он  бір  буынды  қара  өлең 
үлгісімен  жырланған.  «Ләйлі-Мәжнүн»  романдық    эпосының  Ғылым 
академиясының кітапханасында 2001 санды  папкада араб әрпімен сақтаулы 
тұрған  осы  нұсқасын  ең  жақсы  жазылған  нұсқаларының  бірі  деуге  болады. 
Бұл нұсқаны жазып алған – Еркеғали Есенжолов» [1.31]. Бұдан бөлек Қазан 
университеті  баспасынан  1902  жылы  шыққан  «Ләйлі-Мәжнүн»  дастаны  да 
бар.  Бұл  нұсқа  да  «Таһир-Зуһра»  дастанының  алғашқы  нұсқасына  ұқсас, 
көбіне  қара  сөзбен  баяндалып  отырады.  Өлеңдететін  тұстары  шағатайшаға 
жақын. Алғашқы басылған ғашықтық дастандардың  көпшілігінің көркемдік 
деңгейі  төмен  болғандықтан,  халық  ақындары  ол  шығармалардың  сюжетін 
ала  отырып,  қайта  жырлап  отырған.  Сондай  шығармалардың  қатарына  
«Ләйлі-Мәжнүн»дастанын жатқызамыз. Қазақ арасында  жырланған «Ләйлі-
Мәжнүн»  дастаны  басқа  шығыстық  дастандарға  қарағанда  анағұрлым  кең 
көлемде  танылғандығы  анық.  Оны  Қазақстанның  әр  аймағында  жырлаған 
ақындардың шығармаларынан көруге болады [2.203]. 
Ләйлі  мен  Мәжнүнді  үлгі  еткен,  олардың  аттарын  әнге  қосқан  Абай, 
Шәкәрімнен  бастап  Ақан  сері,  халық  ақындары  Шегебай  Бектасұлы, 
Қарлыбай  Қалжанов,  т.б  есімдерін  тізе  беруге  болады.  Бұдан  Ләйлі  мен 
Мәжнүн туралы  аңыз  бен ол туралы айтылатын жырдың қазақ арасына кең  
 
 

72 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Жантасова З.  Ләйлі-Мәжнүн жырының қазақ фольклорында жырлану ерекшелігі 
 
 
тарағандығын  аңғарамыз.  Бұрын  аңыз  күйінде  жеткен  «Ләйлі-Мәжнүн» 
дастаны ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың  басы аралығында 
ел ішінде  жырлана бастаған.  
Қазақ  арасына  тараған  «Ләйлі-Мәжнүн»  жыры  алдымен  фольклорлық 
үлгіде  таралғандығын  белгілі  ғалым  Ш.Сәтпаева  былайша  түсіндіреді: 
«Лейли  и  Меджнун»  -  этот  фольклорный  и  письменный  памятник 
народов Передней, Средней и Юго-Восточной Азии, занимает видное место в 
истории  мировой  литературы.  Как  известно,  основу  памятника 
составляют  древнеарабские  легенды  и  предания  о  трагической  любви  юного 
поэта   Кайса   ибн  Муада,   прозванного  Меджнуном   (то   есть одержимым), 
жившего якобы в конце VІІ- начале VІІІ в., позднее составлено «Собрание 
стихов  Меджнуна»  («Диван  Меджнун»).  Но  не  его  поэтический  талант,  а 
история  трагической  любви  к  Лейли  стала  сюжетом  массы 
произведений.  Из  разрозненных  письменных  и  фольклорных  материалов 
Низами  создал  поэму  «Лейли  и  Меджнун»,  завершив  ее  в  1181  г.  В 
дальнейшем,  подражая  Низами,  создали  свои  поэмы  «Лейли  и  Меджнун» 
поэты  Амир  Хосров  Дехлеви,  Абдурахман  Джами,  Алишер  Навои,  Физули. 
Распространена была поэма «Лейли и Меджнун»  и  среди  казахов.  Вначале 
сюжет расказывался прозой, а затем стали появляться вольные стихотворные 
переложения  его.  Как  и  в  поэмах  персоязычных  (Низами)  и  тюркоязычных 
(Навои) авторов, в казахском переводе-переложении «Лейли и Меджнун» 
в  центре  –  любовная  коллизия.  Сюжет  излагается  в  стиле  казахских  лиро-
эпических поэм, в форме одинадцати-сложника» [3.76-77]. 
Ш.Сәтпаева  бұл  еңбегін  ертеректе  жазғандықтан  дастаннан  үзінділер 
келтіре  отырып  талдағанымен,  бұл  дастанның  авторы  Шәкәрім  екендігін 
айта  алмаған.  Сондықтан  «Ләйлі-Мәжнүн»  дастанын  халық  шығармасы 
ретінде  түсіндіреді.  Шығыс  әдебиетінен  келген    ғашықтық  дастандары 
кезінде  Шығыс  әдебиетінде  «хамса»  жанры  бойынша  бір-бірімен  жарысқа 
түскен  ақындардың  назирагөйлік  салт  бойынша  жырлаған  шығармалары  
болғандығы  анық.  Бұл  салт  XIX    ғасырдан  бастап  қазақ  әдебиетінде  де 
көрініс  таба  бастады.  Қазақ  ақындары  Шығыс  әдебиетінің  үлгілерін  алып, 
бірінен-бірі асыра жырлауға ұмтылды. Алайда Шығыстың классик ақындары 
жырлаған  «хамса»  жанры  бойынша  назирагөйлікті  дамытқан  жоқ.  Сол 
ақындар жырлаған дастандарды жеке-жеке жырлады.  
Қазақ  арасына  кең  тараған,  Қазан  қаласынан  1902  жылы  басылып, 
«Мәшһүр  ғашық  мағшұқ  Ләйлі  мен  Мәжнүн  хикаясы»  деген  атпен  кітап 
болып шыққан нұсқасынан кейін ел арасына мейлінше кең тарап, халықтың 
жаттап  алып  айта  бастаған  нұсқасы  Ш.Құдайбердіұлының  жазған  дастаны 
болғандығы белгілі. Көркемдік жағынан өте жоғары әрі халықтың жүрегіне 
жол  табуда  басқа  нұсқалар  дәл  Шәкәрімдікіндей  деңгейге  жете  алған  жоқ. 
Мысалы,  «Ләйлі-Мәжнүн»  дастанының  Білім  және  ғылым  министрлігінің 
орталық  ғылыми  кітапханасының  қолжазба  орталығында  латын  әрпімен 
жазылған,  көлемі  24  беттік  қолжазбасы  сақталған.   Оның   кімнен  жазып  
 
 

73 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Жантасова З.  Ләйлі-Мәжнүн жырының қазақ фольклорында жырлану ерекшелігі 
 
 
алғандығы  және  кім  жазып  алғандығы  туралы  дерек  сақталмаған.  Сол 
қолжазбаны  Шәкәрімнің  қолжазбасымен  салыстырған  кезде,  кезінде 
Шәкәрім  жырлаған  «Ләйлі-Мәжнүн»  дастанының  халық  ішіне  кең  тараған 
нұсқасының бір варианты екендігіне көз жеткіздік. Латын әрпінде жазылған 
қолжазбада  Шәкәрімнің  шығармасынан  тек  кейбір  сөздердің  ғана  орны 
ауысып  отырған.  Сонымен  қатар  Шәкәрімде  жоқ  кейбір  шумақтармен 
толықтырылған. Мысалы, латынша қолжазбасының басталуында: 
     Арабта бір бай болған дәулеті асқан, 
     Саудасы әр патшамен араласқан. 
     Құдайдан бір мирасқор бала сұрап
    Малының  садақаға  көбін  шашқан  [4.1]  деп  келетін  болса,  ол 
Шәкәрімде: 
     Арабта бір бай болды дәулеті асқан, 
     Саудасы әр патшамен араласқан. 
     Құдайдан бір мирасқор бала сұрап, 
     Малының  садақаға  көбін  шашқан  [5.384]  болып  жырланады. 
Екеуіндегі  айырмашылық  онша  көп  емес.  Алайда  М.О.Әуезов  атындағы 
Әдебиет және өнер институты шығарған (құрастырушысы Ү.Субханбердина) 
«Ғашықтық  дастандар»  атты  1994  жылғы  жинаққа  енген  Шәкәрім 
Құдайбердиевтің  «Ләйлі-Мәжнүн»  дастанында  жоқ  шумақтар  латынша 
жазылған  қолжазбада  бар.  Дастанның  алғашқы  бетінде  Шәкәрімде  жоқ 
мынадай шумақтар кездеседі: 
      Шырқырап бала жылап зарланады, 
      Анасы уата алмай сандалады. 
      Емізген, тербеткенге болмаған соң, 
      Салды деп қандай науқас таң қалады. 
 
       Төрт болып екі көзім көріп едім
       Құдайым тілегенге беріп едің. 
      «Көл, - деген, - көп тілегін» мақалдайын, 
       Жалғанға нәсіп болып келіп едің. 
 
       Ашылар күн жоқ екен біздің басқа, 
       Халық та тілеп еді бізден басқа. 
       Жалғанды жұмақ қылған қонағым-ай, 
       Естіген жан шыдамас зарлы сөзге [5.2]. 
     Осы үш шумақ Шәкәрім дастанында түсіп қалған. Сондай-ақ жылай 
берген  баланы  даяшы  қыз  далаға  алып  шыққанда  көшеде  бала  көтеріп 
жүрген  тағы  бір  даяшы  қызды  көргенде  Мәжнүн  жылағанын  қоя  салатын 
эпизод бар. Автор нәрестенің ішкі монологын бергендей етіп: 
 
 
 
 
 

74 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Жантасова З.  Ләйлі-Мәжнүн жырының қазақ фольклорында жырлану ерекшелігі 
 
 
                 Дегендей  айтқаныма жаңа жеттің, 
                   ............................................................... 
                   Кісісіне кездесетін мезгіл емес, 
                   Ісіне таң қаласың құдіреттің  – дейді. 
Латынша  қолжазбада  сақталған  осы  бір  шумақ  та  Шәкәрімнің 
дастанында  көрінбейді.  Алайда  жиырма  төрт    беттік  қолжазба  Шәкәрім 
шығармасының  толық  көшірмесіне  жатпайды.  Қолжазбаны  салыстыра 
қарастырғанымызда, Шәкәрім  дастанының  көптеген  шумақтары  қолжазбаға 
енбей қалғанын байқаймыз. Соған қарағанда бұл дастан кезінде құймақұлақ 
қариялардың  жаттап  алып,  халық  ішінде  айтылып  жүрген  бір  нұсқасына 
ұқсайды.  Қолжазбаны  аяқталмай  қалған  десе  де  болады,  дегенмен 
жеткізушілер  бұл  дастанды  өзінше  жырлап,  жырды  ортасынан  тоқтатып, 
қысқа  жырға  айналдырғандығы  көрініп  тұр.  Қолжазба  Мәжнүннің  әке-
шешесін  Меккеге  арқалап  апарып,  өз  қарызын  өтеген  соң,  ел-жұртымен 
қоштасатын жерінен аяқталады. 
Көріп  отырғанымыздай,  Шәкәрімнің  «Ләйлі-Мәжнүн»  дастаны  кезінде 
халық  арасына  кең  тарағандығы  байқалады.  Шәкәрім  1922-1923  жылдары 
«Шолпан»  журналына  жариялаған  «Ләйлі-Мәжнүн»  дастанын  кейін  Сәкен 
Сейфуллин  1935  жылы  өзінің  алғы  сөзімен  Қазақ  мемлекеттік  көркем 
әдебиет  баспасында  жеке  кітап  етіп  жариялағандығы  белгілі.  Көп  жылдар 
бойы  шығармаларын  оқуға  тиым  салғандығына  қарамастан,  халық  өзінің 
сүйікті  шығармаларын  жаттап  алып  ауыздан-ауызға  таратып  отырғанға 
ұқсайды. 
Шәкәрім «Ләйлі-Мәжнүн» тақырыбына тектен-тек бармаған. Өмір бойы 
дін жолын ұстап, қажылыққа барған ақынның сопылық жолды ұстанғандығы 
мәлім. «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын екі түрлі түсінуге болады. Оның бірі – екі 
жақтың  бас  бостандығына  ұмтылып,  өздерінің  адал  махаббаты  жолындағы 
күресін  сипаттаса,  екінші  дәл  Мәжнүнше  ғашық  болып,  бұл  дүниенің 
қызығынан баз кешіп кету – тек сопылық әдебиетке тән дүниелер. Мысалы, 
Шәкәрімде Ләйлі үйде отырып, шам мен көбелекке қарап мұңын шағады:  
        Көбелек сен де мендей шамға ғашық
        Боласың қайтып  ғашық менен асып. 
        Күйсең де өлмесеңші мен сықылды, 
        Өлесің екі айналмай мұнша сасып... 
Ләйлінің шам мен көбелекке қарап, сырласып отырған ішкі монологында 
Мәжнүн туралы бір ауыз сөз жоқ. «Сүйікті досым – бейнет, жауым – рақат» 
деген  автор  сөзінің  өзі  –  сопылық  сарын.  Сопылық  әдебиетте  көп  
қолданылатын  термин  «шам  мен  көбелек»  екендігі  белгілі.  «Шам  мен 
көбелек»,  «Шам  мен  нан»  сияқты  терминдер  Аллаға  деген  шексіз 
махаббатты  білдіреді.  Бұл  сөздер  көптеген  сопылық  шығармаларда  орын 
алған.  Ол  туралы  Қожа  Ахмет  Иасауиден   де  табуға  болады.   Мысалы,  
 
 
 
 

75 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Жантасова З.  Ләйлі-Мәжнүн жырының қазақ фольклорында жырлану ерекшелігі 
 
 
«Астым, міне...» деген хикметінде Иасауи бабамыз өзінің жаратушыға деген 
шексіз сүйіспеншілігін мынадай сөздермен жеткізеді: 
      ... Зікірді тәмам қылып, диуана болдым, 
      Хақтан өзге бос сөзді сөйлемедім,  
      Шамға қарап, шәкірт болдым пәруанаға, 
      Күл-шоқ болып, күйіп-жанып өштім, міне  [6. 232]. 
       Мұндағы  «пәруана»  сөзі  парсы  тілінен  аударғанда  «көбелек»  деген 
мағына  береді.  Жалпы,  Мәжнүннің  ғашықтық  отына  шыдамай  дала  кезіп, 
Хақты, шындықты, махаббатты іздеп, сахара кезіп, даладағы аңдармен бірге 
өмір  сүруі,  желмен,  тау-таспен,  жалпы  табиғатпен  сырласуы  және  Ләйліні 
іздеп  келгенде  қойлардың  арасында  қой  терісін  жамылып  бару  секілді 
мотивтер  –  сопылық  әдебиетке  тән  дүниелер.  Осы  «Ләйлі-Мәжнүнді» 
жырлаған  Шығыстың  шайырларының  барлығы  да  сопылық  жолды  ұстаған 
діндар  адамдар  болғандығы  шындық.  Ләйлі  мен  Мәжнүн  туралы  аңыз 
қазақтар  арасында  X-XI  ғасырларда-ақ  мәлім  болған.  Ол  кездегі  халық  пен 
оқымысты  сопылар  «Ләйлі-Мәжнүн»  дастанын  сопылық  жыр  деп  ұғынған 
болуы керек. Қожа Ахмет Иасауидің өзі «Диуани хикметтерінде» Мәжнүнді 
таза сопы деп ұғынады. «Ғашық бол!» атты хикметінде: 
        Құл Қожа Ахмет, дегдар болма, ғашық болғын, 
       Бұл жолдарда бейбақ болмай, садық болғын, 
       Ләйлі-Мәжнүн, Фархад-Шырын, Уамық болғын, 
       Ғашық болмай Хақ дидарын көріп болмас [6. 107]. 
    Ахмет  Иасауи  Хаққа  жету  үшін  Ләйлі  мен  Мәжнүндей,  Фархад  пен 
Шырындай шынайы, таза, пәк те батыл, махаббаттан басқа ештеңеге мойын 
бұрмайтындай,  тек  ғашықтықтың  жолында  жанын  пида  еткен  жандар  ғана 
Алланың  дидарын  көре  алмақ  деп,  біз  зерттеп  отырған  кейіпкерлерді  өзіне 
ұстаз, үлгі тұта сөйлейді. Немесе тағы да «Махаббатың тұтқын қылды» атты 
хикметін тыңдап көрелік: 
       Махаббатың тұтқын қылды мені, барлық әлем білді мені
       Қайғым сенсің күндіз-түні, маған тек сен керексің, 
        Алла тағала мәннің мәні, сен жараттың тән мен жанды, 
       Құлдық қылам күндіз-түні, маған тек сен керексің. 
 
    Көзімді аштым, сені көрдім, бар көңілді саған бердім, 
    Туыстарымды тәрк еттім, маған тек сен керексің. 
     Сөйлесем тілімдесің, көрсем көзімдесің, 
     Көңілімдесің, жанымдасың, маған тек сен керексің. 
     
     Құрбан болсын саған, жаным, төгер болсаң, міне, қаным, 
     Мен құлыңмын, Сен сұлтансың, маған тек сен керексің. 
    Ғалымдарға кітап керек, суфилерге мешіт керек
    Мәжнүндерге Ләйлә керек, маған тек сен керексің [6. 132]. 
 
 
 

76 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Жантасова З.  Ләйлі-Мәжнүн жырының қазақ фольклорында жырлану ерекшелігі 
 
 
Қожа Ахмет Иасауи хикметтері ішінде Ләйлі мен Мәжнүн бірнеше жерде 
кездеседі. Әрине, Иасауи Мәжнүнді жайдан-жай алып отырмағандығы анық. 
Кезінде Мәжнүнді ғашықтықтың символы деп қараған.  
   Шәкәрімді  де  таза  реалист  ақын  болды  деу  қисынға  келмейді. 
Шәкәрімнің  «Ләйлі-Мәжнүн»  дастаны  Физули  нұсқасына  жақын 
болғанымен,  (Физули  де  сопылық  әдебиеттің  өкілдерінің  бірі),  Мәжнүннің 
даланы кезіп, жартаспен, желмен, жаңғырықпен айтысып, өз махаббатын өлі 
табиғаттан да  қызғануы, Ләйлінің түнде отырып, шам мен көбелекке мұңын 
айтуы  сияқты  эпизодтар  қазақтың  дәстүрлі  әдебиетінде    қолданылатын 
эпитеттерден гөрі сопылық әдебиетке көбірек келетіндігі байқалып тұрады. 
Қазақ  даласында  ислам  діні  орныға  бастаған  кезден  бастап,  сопылық 
ағымның  күшті  дамығандығы  байқалады.  Сопылық  әдебиеттің  де  қазақтың 
фольклорына тигізген ықпалы аз болған жоқ. Соның басында алдымен Қожа 
Ахмет Иасауидің хикметтік өлеңдерінің маңызы зор болғандығы белгілі. Ол 
әдебиет  кейін  шәкірттері  Сүлеймен  Бақырғани,  Ахмет  Игүнеки  арқылы 
жалғасты.  Хандық  дәуірдегі  жыраулардың  шығармаларында  да  діни 
сарындар 
жиі 
ұшырасып 
отыратындығы 
анық. 
Қазақ 
халқы 
мұсылманшылықты  Алтын  Орда  тұсынан    қабылдай  бастағандығын 
ескерсек,  Құтб  жазған  «Хұсрау  уа    Шырын»  дастаны  мен  Алтын  Орда 
тұсында жанданған әдебиеттің әсері халық ауыз әдебиетінде де ұзақ жылдар 
бойы сақталғандығы күмәнсіз. Мысалы, осы «Ләйлі-Мәжнүн» мен «Фархад-
Шырын» дастандары жырланбастан алдын ол туралы аңыз, әңгімелер қазақ 
арасында бұрыннан болған. Бұл аңыздар сопылық әдебиеттер арқылы қазақ 
даласына жеткен.    
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Саттаров Қ. Қазақтың халық романдық эпосы. -Алматы: Сөзстан, 1992. 238б. 
2.
 
Ғашықтық  жырлар. Лиро-эпос. 2-том. -Алматы: Ғылым, 1979. -203 б. 
3.
 
Сатпаева Ш.К. Казахская литература и Восток (Из истории литературных связей).  -Алма-Ата: 
Наука, 1982. - 200с. 
4.
 
«Ләйлі-Мәжнүн» Білім және ғылым министрлігі, Орталық ғылыми кітапханасының Қолжазба 
орталығында нөмірі 1605 папкада латын әрпімен жазылған қолжазба. Көлемі 24б.  
5.
 
Ғашықтық дастандар.  -Алматы: Ғылым, 1994. -440б. 
6.
 
Зейбек Н.К. Қожа Ахмет Йасауи жолы және таңдамалы хикметтер. Балғат/Анкара, Ахмет Ясауи 
қоры, «Ай» баспа кітаптары, 2003. 255б. 
 
 
 
 
 
 
 
 

77 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
М.К.ӘЙТІМОВ 
филология ғылымдарының кандидаты 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ СИПАТ 
(Жазушы С.Елубайдың  «Ақ боз үй» роман-трилогиясы негізінде) 
 
В статье представлен анализ романа С.Елубая «Белая юрта» в плане раскрытия исторической 
правды через художественное отражение традиций, обрядов казахского народа. 
  
S. Yelyubay’s novel «The White Yurta» has been presented in the article as revealing the historical 
truth through the artistic reflection of customs, traditions and ceremonies of the Kazakh people.  
 
Қазіргі  қазақ  прозасының  роман  жанры  шығармаларында  тарихи 
шындық  пен  көркемдік  шешім  мәселелері  қаламгерлердің  әр  түрлі 
ізденістері  арқылы  жүзеге  асырылып  келеді.  Прозалық  романдардың  кең 
көлемді  эпикалық  түрі  әлем  халықтары  әдебиеттерінде  орта  ғасырлардан 
бастап  кең  өрістей  келе,  қалыптасу,  даму  жолдарында  өзіндік  поэтикалық 
сипатпен  даралана  айқындалды.  Әлем  өркениетіндегі  прозалық  романдар 
жазу шығармашылығы үздіксіз даму, жетілу құбылыстарымен ерекшеленеді. 
Қазақ  әдебиеті  дамуының  XX  ғасыр  белестеріндегі  қаламгерлердің 
романдары ұлттық сөз өнері шығармашылығының классикалық үлгілерімен 
үндестігін айқындады. 
XX  ғасырдың  80-90-жылдары  және  XXI  ғасырдың  басындағы  қазақ 
романистикасында 
тарихилық 
пен 
психологиялық 
сарындылықты 
тұтастандыра  жазу  үрдісі  өрістеді.  Романдардың  мазмұны  мен  пішінінде 
халық  тарихының  күрделі  қайшылықты  оқиғалары,  жеке  тұлғалардың 
тағдырлары, 
адамдар 
қарым-қатынастарындағы 
және 
мінез-құлық 
сипаттарындағы  қарама-қайшылықты  психологиялық  ерекшеліктер,  т.б. сан 
алуан  мәселелер  қаламгерлердің  дүниетанымы  деңгейіне  қарай  көркемдік 
шешіммен  жазылды.  Академик  3.Қабдоловтың  теориялық  қисыны  аясында 
қазіргі  қазақ  романының  мазмұны  мен  пішіні  сипатының  поэтикалық 
болмысын елестетеміз: 
«...эпостың  бұл  түрінде  жазылған  шығармалар  шындықтың  жекелеген 
эпизодтарын  суреттеумен  тынбайды,  әдеби  шығармаға  арқау  болған  адам 
мен  қоғам  тіршілігін  мейлінше  кең  қамтып,  алуан-алуан  даму  кезеңдерімен 
тұтас жүйелеп, толассыз қимыл-қозғалыс қалпында жан-жақты жинақтайды. 
Адам  мен  қоғам  өмірдің  қандай  ақиқаты  болсын  мұнда  бүкіл  тамыр-
тереңімен  қопарыла  көрсетіледі  де,  оқырманның  көз  алдында  өзгеше  бір 
әлем,  бүтін  бір  тіршілік  дүние  пайда  болады.  ...Ал  дәуірлік  шындықты 
көркем  жинақтау  үшін  жекелеген  адам  тағдыры  жеткіліксіз,  әр  алуан 
әлеуметтік  топтардың  қым-қиғаш  күрделі  қарым-қатынастары,  олардың 
мақсат-мүдделеріндегі 
бірліктер 
мен 
қарама-қарсылықтар, 
өмір 
тіршіліктеріндегі  өзекті  оқиғалар  мен  кезеңді  құбылыстар  кең  қамтылып, 
терең  тұтастандырылуға,  сол  арқылы  жалпы  қоғамдық  дамудың 
заңдылықтары танытылуы тиіс. Романның көлемі үлкен, мазмұны қат-қабат, 
 
 
 

78 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет